Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ


Сурет салу Заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру. Мүсіндеу



бет26/37
Дата08.09.2023
өлшемі59.7 Kb.
#476960
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
садик док пер....

Сурет салу
Заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру.
Мүсіндеу
Бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуге, оларды дұрыс біріктіріп, негізгі бөлігіне қысу арқылы дұрыс қосуға үйрету.
Музыка
Әуенді дұрыс бере білу, соңын мұқият әндетіп айтуға үйрету. Музыка әуені бойынша аяқты жоғары көтеріп жүгіруге жаттықтыру. Музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, қол орамалды баяу бұлғау қимылдарын жетілдіру.




Наурыз. Тақырыбы: «Салттар мен фольклор»




Қазақстанның салттары мен дәстүрлері
(І апта)

Дене шынықтыру
1. Шашырап жүру және жүгіру. Затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5–2 м арақашықтықтан және көлденеңінен (2–2,5 м арақашықтықта) оң, сол қолмен лақтыру. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, орындықтың шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу.
2. Жай қарқында үздіксіз жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, орындықтың шетінен ұстап, қолмен тартылып еңбектеу. Допты екпінмен лақтыру және доп қимылының бағытын сақтап, көз мөлшерін дамыту.
3. Тепе-теңдікті сақтап бөрене үстімен жүру.Допты екпінмен лақтыру және доп қимылының бағытын сақтап, көз мөлшерін дамыту. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру.



Сөйлеуді дамыту
Қазақ халқының салттары мен дәстүрлері туралы білімін кеңейту. Халық өнеріне, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне қызығушылығын дамыту. Қазақ халқының салттарына, дәстүрлеріне бейімдеу.


Көркем әдебиет
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу. Балалардың әңгімелеу барысында сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту.


Драма
Адамгершілік нормалары туралы түсінік беру. Өз ойын білдіріп, басқалардың пікіріне құлақ асып, ұлдар мен қыздарға тән мінез-құлық ерекшелігін талқылау.

ҚМҰҚ
Топтарды салыстыру. Шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыру дағдыларын жетілдіру.


Жаратылстану
Бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру.



Сурет салу.
«Киіз үйді өрнектейік» Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру, ұлттық ою-өрнектерді, қазақы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру. Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Аппликация
Балаларға шаршының бұрыштарын дұрыс дөңгелету тәсілімен шеңберді кесуге, бұрышты екіге бөлуге, бөліктерден шеңберді, жартышеңберді жіңішке жолақтан ашылған және ашылмаған гүлдердің суретін салуға үйрету. Жапсыру барысында бір түстің екі реңкін қолдану, мұқият жапсырудың тәсілдерін бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет