«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Бүгін менің туған күнім. Мен тоғыз жасқа толдым. Үйге менің достарым келді. Анам оларға кең дастарқан жайды. Оған дәмді тағамдар қойды. Менің достарыма бауырсақ пен шырын өте ұнады. Достарым маған сыйлық берді. Марат қонжық әкелді. Алуа гүл сыйлады. Мен достарыма рақмет айттым.
Мәтін бойынша кестені толтыр.
-
Кейіпкерлер
|
Іс-әрекеті (не істеді?)
|
Анасы
|
|
Достары
|
|
Қандай? қашан? қайда? сұрақтарының біреуін пайдаланып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр.
____________________________________________________________
2-тапсырма
-ғы/-гі + келеді формасын қолданып, сұрақтарға жауап жаз.
1) Cен туған күніңе кімдерді шақырғың келеді? 2) Қандай сыйлықтар алғың келеді?
Достарыңызбен бөлісу: |