Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінің құқығына сауда-саттықтарды (конкурстарда, аукциондарда) ие болу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінің құқығына сауда-саттықтарды (конкурстарда, аукциондарда) ие болу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші мен порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
сауда-саттықтың конкурстық нысаны кезінде жер учаскесін жалдау туралы шарты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
сауда-саттықтың аукциондық нысаны кезінде – жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу туралы шарты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық нұсқада әзірленеді, қағазға басылып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі;
2) порталда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сауда-саттықтың конкурстық нысаны кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
заңды тұлғалар үшін
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе жер учаскесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасы;
3) кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
4) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі;
5) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпараттарды ұсынуға болады;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:
1) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауылшаруашылық дақылдар өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары көрсетілген ерікті түрде дайындалған жер учаскесін пайдалану бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі;
2) білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаяны;
3) қатысушыға, конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтауда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпарат ұсынуға болады.
порталға:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі;
2) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспардың немесе жер учаскесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасының электрондық көшірмесі;
3) кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының электронды көшірмесі;
4) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың электрондық көшеірмесі және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының электрондық көшірмесі;
5) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпараттарды ұсынуға болады;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға электронды өтініш;
2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:
1) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспардың немесе ауылшаруашылық дақылдар өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары көрсетілген ерікті түрде дайындалған жер учаскесін пайдалану бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының электрондық көшірмесі;
2) білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаянының электрондық көшірмесі
3) қатысушыға, конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтауда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпарат ұсынуға болады.
сауда-саттықтың аукциондық нысаны кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініш;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініш;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Порталға:
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініштің электрондық көшірмесі;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініштің электрондық көшірмесі;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоғы, жер учаскесінің құқығын растайтын және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
порталда «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
1) егер конкурстық өтініштің әрекет етуінің қысқа мерзімі көрсетілген жағдайда (конкурстық өтініштері бар конверттер ашылған күнінен бастап конкурстық өтініштің әрекет ету мерзімі 30 күннен кем болмауы керек);
2) егер конкурстық өтінішінде, қателерді түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, қатысушының грамматикалық немесе арифметикалық жол арасында қосымша жазылған қосулары, өшіру немесе қосып жазуы болған жағдайда;
3) егер қатысушының конкурстық өтініші «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165 және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлесіп бекітілген бұйрығының 27 тармағында көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда; 4) егер конкурсқа немесе аукционға қатысушы ұтылған болып танылған жағдайда.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оны лауазымды тұлғасының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;
шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;
2) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлға үшін оның тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлға үшін оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.
«Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінің құқығына сауда-саттықтарды (конкурстарда, аукциондарда) ие болу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
нысан
(Кімге) ___________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен ) _________________________________________________________
(қатысушының атауы)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
(заңды тұлғалар үшін)
Рассмотрев Конкурсную документацию по проведению конкурса по предоставлению земельных участков сельскохозяйственного назначения в аренду для ведения сельскохозяйственного производства, получение которой настоящим удостоверяется,
______________________________________________________________________________________________________________________________________,
(наименование участника)
участвует в конкурсе по следующим лотам: ____________________________________________________________________
(подробное описание по лотам)
Настоящая конкурсная заявка состоит из:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
7. _______________________________________________________________
8. _______________________________________________________________
9. _______________________________________________________________
10. ______________________________________________________________
Настоящая конкурсная заявка действует в течение ______________ дней со дня
вскрытия конвертов с конкурсными заявками. До момента заключения договора аренды земельного участка настоящая конкурсная заявка, вместе с Вашим уведомлением о признании ее выигравшей, будет выполнять роль обязательного договора между нами.
______ «__»_______20 ___года, ________________________________________
(подпись, дата) (должность, ф.и.о. (при его наличии) М.П.
имеющий все полномочия подписать конкурсную заявку от имени и по поручению __________________________________________________
(наименование участника)
Приложение 2
к стандарту государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, на торгах (конкурсах, аукционах)»
форма
(Кому) _____________________________________________________________
(наименование организатора конкурса)
(От кого) ___________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество участника)
ЗАЯВКА НА УЧАСТИЕ В КОНКУРСЕ
(для физических лиц)
Рассмотрев Конкурсную документацию по проведению конкурса по предоставлению земельных участков сельскохозяйственного назначения в аренду для ведения сельскохозяйственного производства, получение которой настоящим удостоверяется,
__________________________________________________________________________________________________________________________________________,
(наименование участника)
участвует в конкурсе по следующим лотам: ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(подробное описание по лотам)
Настоящая конкурсная заявка состоит из:
1. ____________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________
3. ____________________________________________________________________
4. ____________________________________________________________________
5. ____________________________________________________________________
6. ____________________________________________________________________
7. ____________________________________________________________________
8. ____________________________________________________________________
9. ____________________________________________________________________
10. ___________________________________________________________________
Настоящая конкурсная заявка действует в течение ___________ дней со дня вскрытия конвертов с конкурсными заявками. До момента заключения договора купли-продажи или права аренды земельного участка настоящая конкурсная заявка, вместе с Вашим уведомлением о признании ее выигравшей, будет выполнять роль обязательного договора между нами.
______ «____»______ 20 ___ год_____, __________________________________
(подпись, дата) (ф.и.о. (при его наличии)
Приложение 3
к стандарту государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, на торгах (конкурсах, аукционах)»
форма
(Кому) _____________________________________________________________
(наименование организатора аукциона)
(От кого) ___________________________________________________________
(наименование участника)
ЗАЯВКА НА УЧАСТИЕ В АУКЦИОНЕ
(для юридических лиц)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________,
(наименование участника)
участвует в аукционе по следующим лотам: ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(подробное описание по лотам)
Настоящая аукционная заявка состоит из:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
7. _______________________________________________________________
8. _______________________________________________________________
9. _______________________________________________________________
10. ______________________________________________________________
______ «__»_______20 ___года, ________________________________________
(подпись, дата) (должность, ф.и.о. (при его наличии) М.П.
имеющий все полномочия подписать аукционную заявку от имени и по поручению __________________________________________________
(наименование участника)
Приложение 4
к стандарту государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, на торгах (конкурсах, аукционах)»
форма
(Кому) _____________________________________________________________
(наименование организатора аукциона)
(От кого) ___________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество участника)
ЗАЯВКА НА УЧАСТИЕ В АУКЦИОНЕ
(для физических лиц)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________,
(наименование участника)
участвует в аукционе по следующим лотам: ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(подробное описание по лотам)
Настоящая аукционная заявка состоит из:
1. ____________________________________________________________________
2. ____________________________________________________________________
3. ____________________________________________________________________
4. ____________________________________________________________________
5. ____________________________________________________________________
6. ____________________________________________________________________
7. ____________________________________________________________________
8. ____________________________________________________________________
9. ____________________________________________________________________
10. ___________________________________________________________________
______ «____»______ 20 ___ год_____, __________________________________
(подпись, дата) (ф.и.о. (при его наличии)
Достарыңызбен бөлісу: |