Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының



бет1/5
Дата29.02.2016
өлшемі258 Kb.
#29500
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 27.05.2013 10:21:02
Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңы

(2012.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 6 баптар)

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

(7 - 10 баптар)

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру

(11 - 14 баптар)

4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап

(15 - 20 баптар)

4-1-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы

(20-1 - 20-3-баптар)

5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру

(21 - 25 баптар)

6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы

(26 - 27 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық

(28 - 29 баптар)

8-тарау. Қорытынды ережелер

(30 бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер



2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «А» корпусы - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;

2) ауысу - мемлекеттік қызметшіні атқарып жүрген қызметінен бір мезгілде босата отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау рәсімі;

3) «Б» корпусы - «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;

4) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға олардың кәсiптiк даярлық деңгейiн, біліктілігін және нақты мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға сай келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;

5) лауазымды адам - билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

6) лауазымдық өкiлеттiктер - мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер;

7) мансаптық жоспарлау - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;

8) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органда кәсіби қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;

9) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым санаты - тиісті біліктілік талаптары бар мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығы;

10) мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi;

11) мемлекеттік қызметтің кадр резерві - бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі;



12) мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

13) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы - мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда, мемлекеттік органдардың актілерінде белгiленген және жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларға негізделген мінез-құлық қағидалары;

14) мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер және лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген құрылымдық бiрлiгi;

15) мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;

16) мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқармауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық;

17) ротация - осы Заңға сәйкес мансаптық жоспарлау шеңберінде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін олардың келісімімен лауазымдық ауыстырулар;

18) тағылымдама - мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы;

19) тәлімгер - мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған адамға бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;

20) уақытша бос мемлекеттік лауазым - аталған лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болуына, сондай-ақ ауыруы салдарынан, егер ауру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімін белгілеуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне енген болса, оның жұмыс орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік лауазым.

 

2-бап. Мемлекеттік қызмет туралы заңдар



Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

3-бап. Мемлекеттік қызметтiң принциптерi

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:

1) заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттік өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;

5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруiнiң ерiктілігi;

7) мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктілігi;

8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;

9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшiлер мен төменгi мемлекеттік органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттілігi;

10) мемлекеттік қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептілігi;

11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

12) мемлекеттік қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;

13) мемлекеттік қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;

14) мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;

15) мемлекеттік қызметшілердiң біліктілігiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.

2. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

4-бап. Осы Заңның қолданылуы

1. Осы Заң барлық мемлекеттік қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актілерінде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Мыналар:

1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды.

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара ); 2011.05.07. № 452-IV (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді



5-бап. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi

1. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттік қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оған мыналар:

1) мемлекеттік қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

2) мемлекеттік қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;

3) мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк біліктілік талаптарын әзiрлеу және бекіту;

4) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi республикалық дерекқорды, оның ішінде автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйінің және мемлекеттік лауазымдардың мониторингін жүргізу;

4-1) мемлекеттiк әкiмшілiк қызметтің кадр резервін қалыптастыру;

4-2) мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын айқындау, сондай-ақ тестілеуді ұйымдастыру;

5) мемлекеттік қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

6) осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, сондай-ақ актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;

7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру;

8) мемлекеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың біліктілігiн арттыруды үйлестiру;



8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келісім беру;

9) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

9-1) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

10) мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткізу тәртібін белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;

10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;

10-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;

10-3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;

11) мемлекеттік органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгізу;

12) мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;

13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;

14) мемлекеттік қызмет мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;

14-1) мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жүктеледi.

2. Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.

Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.

2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.



ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығын қараңыз

 

2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)

1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді;

2) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;

3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді;

5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді;

7) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.

3. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.

Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы



 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет