"Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 524-құжат
"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік қызметтiң кадр әлеуетiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк басқару кадрларын iрiктеу кезiнде демократия қағидаттарын бекiту, Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк саяси қызмет резервiнiң мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссия құрылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
3. "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1243 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы
ЕРЕЖЕ
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн жасақтау және осы резервке алынған азаматтардың мемлекеттiк лауазымдарға орналасу мәселелерiн реттейдi.
Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервi
Ескерту. Бөлім жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервi - бұл осы Ережеде айқындалған тәртiппен түзiлген, жүйеленген тiзiмге олар жөнiндегi деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары.
2. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервi бiрiншi және екiншi санаттағы кадр резервiне бөлiнедi. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия) шешiмi бойынша екiншi санаттағы кадр резервiнен бiрiншi санаттағы кадр резервiне ауысу жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттік саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервi - бұл:
1) орталық атқарушы органдардың басшылары;
2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi;
3) өзге де мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн жасақталатын кадр резервi.
4. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервi - бұл:
1) орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары;
1-1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерінің орынбасарлары;
3) алып тасталды
4) қалалар мен аудандардың әкiмдерi;
5) өзге де мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн жасақталатын кадр резервi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
5. Азаматтың мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнде тұруы есепке алынған күнiнен бастап үш жылға дейiн созылады. Осы мерзiм iшiнде азамат ол орналасу үшiн мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервінде тұрған мемлекеттiк саяси лауазымға тағайындалуы мүмкiн.
Қажет болған кезде мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған кандидатураларды ескерместен мемлекеттiк саяси лауазымға тағайындалу жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкілеттi орган) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссиямен келiсiм бойынша мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервiне алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн және басшылары мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне алынуы мүмкiн ұйымдарға (бұдан әрi - ұйымдардың басшылары) қойылатын талаптарды бекiтедi.
7. Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған азамат (бұдан әрi - резервшi) туралы деректер тиiстi тiркеу нысандары толтырыла отырып уәкiлетті орган жасақтайтын жүйеленген тiзiмге енгiзiледi.
8. Мемлекеттік саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiн есепке алынған мемлекеттік саяси қызметшiлер мемлекеттiк басқару органдарында заңнамада белгiленген тәртiппен ротациялаудан өте алады.
9. Резервшiлер мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқуға және бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ уәкiлеттi орган белгілейтiн тәртiппен мемлекеттiк органдарға тағылымдамаға жiберiлуi мүмкiн.
2. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияны құру және оның қызметi
10. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияны Қазақстан Республикасының Президентi құрады және ол Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссия төрағасы мен мүшелерiнен тұрады.
11. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның төрағасы болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиiстi көмекшiсi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды тұлғалар Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның мүшелерi болып табылады.
13. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң кадр саясаты мәселелерiмен айналысатын бөлiмшесi Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
14. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Жоспардан тыс отырыстар Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссия төрағасының шешiмi бойынша қажеттiгiне қарай өткiзiледi. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия отырыстарының, оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңдық күші болады.
15. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия төрағасы:
1) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс жоспарын бекiтедi;
3) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия шешiмдерiнiң iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
16. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссия төрағасы орнында болмаған кезде не оның тапсыруы бойынша төрағаның функциясын Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң бiрi орындайды.
17. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерi оның жұмыс жоспары, отырыстарының күн тәртiбi және мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервiне алу үшiн қосымша кандидатуралар жөнiнде ұсыныстар енгiзуге хақылы.
18. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссияның жұмыс органы оның қарауына қажеттi құжаттар мен материалдар ұсынады, оның жұмыс жоспарларының жобаларын, отырыстарының күн тәртiбiн даярлауды қамтамасыз етедi, оның отырыстарының хаттамаларын ресiмдейдi.
19. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның шешiмдерi ашық дауыс бере отырып жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
20. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның шешiмдерi отырыс өткiзiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төрағаның немесе төрағалық етушiнiң және оның отырысына қатысушы мүшелер қол-қоятын хаттамамен ресiмделедi. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi және екiншi санаттағы кадр резервiне алу туралы Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның шешiмiнде кандидат алынатын нақты мемлекеттiк саяси лауазым көрсетiледi.
21. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне есепке алу үшiн кандидаттарды алдын ала iрiктеу мен екiншi санаттағы кадр резервiн жасақтау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы сарапшы топ құруы мүмкiн, оған Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия осы Ережеде көзделген өз өкілеттiктерiнiң бiр бөлiгiн өзi шешiмiмен айқындалатын көлемде бередi. Сарапшы топ қызметiнiң тәртiбi мен құрамын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.
3. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды iрiктеудi өткiзудiң тәртiбi мен шарттары
22. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар басшылары орынбасарларының, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң орынбасарларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттік саяси қызметшілерiнiң;
2) ұлттық компаниялардың бiрiншi басшыларының;
3) ұйымдар басшыларының;
4) мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiнде тұрған резервшілердiң арасынан жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
23. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссияның жұмыс органы орталық мемлекеттік органдардың басшыларын, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн, ұлттық компаниялардың бiрiнші басшылары мен ұйымдардың басшыларын мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидатуралардың тiзiмдерiн ұсыну мерзiмдерi мен нысаны туралы хабардар етедi.
23-1. Осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн олардың кандидатурасын мемлекеттiк орган алқасының немесе тиiстi әкiмдiк отырысының қарауына енгiзетiн орталық мемлекеттiк органның басшысына немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiне өтiнiш бередi.
23-2. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне есепке алу үшiн кандидаттардың өтiнiштерiн оның отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдық сипаттағы шешiм қабылданатын мемлекеттiк орган алқасы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдігі қарайды. Қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссияның жұмыс органына жолдау туралы түпкiлiктi шешiмдi орталық мемлекеттiк органның басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi қабылдайды.
Мемлекеттiк органда алқа болмаған жағдайда қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органына жолдау туралы шешiмдi осы мемлекеттiк органның басшысы қабылдайды.
23-3. Осы Ереженiң 22-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған тұлғалар мемлекеттік саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органына өтiнiш бередi.
23-4. Осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар арасынан мемлекеттiк саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидатураларды Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның отырысына мемлекеттiк органдардың басшылары, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi ұсынады. Осы Ереженiң 22-тармағының 2) - 4) тармақшаларында аталған тұлғалардың кандидатураларын Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерi ұсынады. Қажет болған кезде кандидаттармен әңгiмелесу өткiзiледi.
23-5. Ұсынылған кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мемлекеттiк саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Президентi хабардар етiлетiн шешiм қабылдайды.
23-6. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн және кандидаттарды хабардар етудi Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр
резервiне алу үшiн кандидаттарды iрiктеудi өткiзудiң
тәртiбi мен шарттары
23-7. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу:
1) осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, А-1, А-2, А-3, В-1, В-2, В-3 санаттарына жатқызылған лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң, департамент басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының, орталық мемлекеттiк органдардың облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлiмшелерi басшыларының, сондай-ақ облыстық маңызы бар қаланың, ауданның, қаладағы аудан әкiмiнiң орынбасарынан төмен емес жергіліктi атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының;
2) осы Ереженiң 22-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, департамент басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарды атқаратын ұлттық компаниялардың лауазымды тұлғаларының;
3) ұйымдар басшыларының арасынан жүзеге асырылады.
23-8. Уәкілеттi орган Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссиямен келiсiм бойынша осы Ереженің 23-7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаларын (мемлекеттік органдардың басшыларын, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларын немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларын, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшыларын), облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн, ұлттық компаниялардың бiрiншi басшылары мен ұйымдар басшыларын мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидатуралардың тiзiмдерiн ұсыну мерзiмдерi мен нысаны туралы хабардар етедi.
Ескерту. 23-8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
23-9. Осы Ереженiң 23-7-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтің екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн олардың кандидатураларын мемлекеттiк орган алқасының немесе тиiстi әкiмдiк отырысының қарауына енгiзетiн оларды қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаға (мемлекеттік орган басшысына, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы орган басшысына) немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiне өтiнiш бередi.
Ескерту. 23-9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
23-10. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне есепке алу үшiн кандидаттардың өтiнiштерiн оның отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдық сипаттағы шешiм қабылданатын мемлекеттiк орган алқасы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi қарайды. Қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды уәкілеттi органға жолдау туралы түпкiлiктi шешiмдi осы Ереженің 23-7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлға (мемлекеттік орган басшысы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы орган басшысы) немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi қабылдайды.
Мемлекеттiк органда алқа болмаған жағдайда қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды уәкiлеттi органға жолдау туралы шешiмдi осы Ереженің 23-7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлға (мемлекеттік орган басшысы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы орган басшысы) қабылдайды.
Ескерту. 23-10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.
23-11. Осы Ереженiң 23-7-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн өтiнiштi тиiстi құжаттар мен ұсынымдарды уәкiлеттi органға ұсынатын ұлттық компанияның бiрiншi басшысына бередi.
Осы Ереженiң 23-7-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш бередi.
23-12. Уәкiлеттi орган құжаттарды тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды тесттен өткiзедi, Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органына құжаттарды енгiзедi. Кандидаттарды тесттен өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша уәкiлетті орган белгiлейдi.
23-13. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның отырысында осы Ереженiң 23-7-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар арасынан мемлекеттік органдардың, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң өкiлдерi мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидатураларды ұсынады. Осы Ереженiң 23-7-тармағының 2) - 3) тармақшаларында аталған тұлғалардың кандидатураларын Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерi ұсынады. Қажет болған кезде кандидаттармен әңгiмелесу өткiзiледi.
23-14. Ұсынылған кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
23-15. Мемлекеттiк саяси қызметтің екiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы мемлекеттiк органдарды, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн және кандидаттарды хабардар етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4-1. Резервшінi мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнен шығару
23-16. Резервшінi мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервiнен шығару:
1) резервшi ол орналасу үшiн мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған мемлекеттiк саяси лауазымға тағайындалған;
2) резервшi мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнен өзiн шығару туралы өтiнiш берген;
3) осы Ереженiң 5-тармағында аталған мерзiм өтiп кеткен;
4) резервшiнiң көрiнеу жалған ақпарат бергенiн айғақтайтын фактiлер анықталған;
5) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабында және 27-бабының 1-тармағында көзделген негiздерде мемлекеттік қызметті тоқтатқан;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайларда жүзеге асырылады.
23-17. Резервшi мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiнен бiрiншi санаттағы кадр резервiне ауысқан жағдайда оның резервте тұру мерзiмi үш жылға ұзартылады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервi
5. Жалпы ережелер
24. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервi - бұл осы Ережемен айқындалған тәртiппен түзілген жүйелi тiзiмге олар жөнiндегi деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - азаматтар).
25. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынған азаматтар бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда және өздерiнiң келiсiмiмен лауазым санатының бiр тобы шегiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санаты лауазымына бiр жыл iшiнде конкурстан өтпей тағайындала алады.
26. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi:
1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервiне алуға ұсыным берген;
2) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен;
2-1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген;
3) кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген;
4) аттестациялаудан өткен және аттестациялық комиссиялар кадр резервiне алуға ұсыным берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтардан жасақтайды.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
27. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервi Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiне сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының әрбiр санаты үшiн жасақталады.
28. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу азаматтардың өз қалауы негiзiнде, Ережеде көрсетiлген негiздемелер болған жағдайда уәкiлеттi органның шешiмiмен жүзеге асырылады.
29. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу жөнiнде шешiм қабылдаған сәттен бастап, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу туралы өтiнiш берген азамат мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынған адам (бұдан - әрi резервшi) мәртебесiне ие болады және оның мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiнде тұруы бiр жылдан ұзақ болмайды.
30. Резервшi жөнiндегi деректердi уәкiлеттi орган жүйелi тiзiмге енгiзедi және оған уәкiлеттi орган бекiткен тиiстi тiркеу нысандары толтырылады.
31. Резервшi үшiн сай келетiн әкiмшiлiк лауазым резервшi жатқызылған санаттағы лауазым болып табылады. Сай келетiн әкiмшiлiк лауазым нақты мемлекеттiк органдағы дәл сол конкурс жарияланған лауазым болуы мiндеттi емес.
32. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiнде болу мерзiмi iшiнде мемлекеттiк орган резервшiнi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға iрiктеп алуы мүмкiн. Резервшiнiң белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әкімшiлiк қызметтiң бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.
33. Резервшiнiң өтiнiшi бойынша ол бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда уәкiлеттi органның оны лауазымдар санатының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасуға мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар.
34. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне жүктеледі.
35. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
6. Конкурстық iрiктеуге қатысқан азаматтар арасынан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн жасақтау
36. Конкурстық комиссияның уәкiлеттi органға конкурсқа қатысушыларды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алуға, бiрақ әрбiр бос лауазым үшiн бiр кандидаттан артық болмайтындай, ұсыным жасауға құқығы бар. Егер конкурстың нәтижесiнде бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысына мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу үшiн ұсыным беріле алмайды.
37. Мұндай ұсыным үшiн негiздеме конкурсқа қатысушының бос лауазым үшiн тиiстi мемлекеттiк орган белгілеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi, бастапқы бiлiм деңгейiне жауап беретiн тестiлеу көрсеткіштерi мен конкурстық комиссия жүргiзген әңгiмелесудiң нәтижелерi болып табылады.
38. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу үшiн ұсыным жасау туралы шешiмдi конкурстық комиссия дауыс беру жолымен қабылдайды.
39. Конкурстық комиссияның шешiмi егер отырысқа оның құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқан және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiгi оны қолдап дауыс берген болса заңды деп есептеледi. Комиссия мүшелерiнiң қатысуы ауысу құқығынсыз жүзеге асады.
Комиссия мүшелерiнiң сырттай дауыс беруiне рұқсат етiлмейдi.
40. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу үшiн конкурс өткiзушi мемлекеттiк орган он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алуға ұсыным жасау жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзiндiнi, конкурсқа қатысушының жеке iспарағын және оның мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынуға жазбаша келiсiмiн ұсынады.
41. Уәкiлеттi орган жетi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу немесе резервке алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Конкурсқа қатысушының осы Ереженiң 37-тармағының талаптарына сай болмауы немесе мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымына орналасуға кoнкуpc өткiзудiң уәкiлеттi орган бекiткен Ережелерiнiң бұзылуы ғана резервке алудан бас тарту үшiн негiздеме болуы мүмкiн.
7. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтардан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн жасақтау
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
42. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен азаматтар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар уәкiлеттi органның шешiмiмен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынуы мүмкiн.
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
43. Осы Ереженiң 42-тармағында айтылған азаматтар үшiн мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң тиiстi санаттары лауазымдарының кадр резервiне алыну құқығы мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған сәттен бастап туындайды.
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
44. Осы Ереженiң 42-тармағында айтылған азаматтарды мемлекеттiк әкімшілiк қызметтiң кадр резервiне алу олар уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен тестiлеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
45. Осы Ереженiң 42-тармағында аталған азаматтар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алыну үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) өтiнiш және уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
2) кадрларды тiркеу жөнiндегi толтырылған жеке iспарағы (нақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы мен телефоны, оның iшiнде байланыс жасау телефоны көрсетiлген);
3) бiлiмi туралы құжаттарының нотариаттық немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзгедей тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек кiтапшасының немесе еңбек қызметiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құжаттың нотариаттық немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзгедей тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
5) денсаулық жағдайы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
6) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң тиiстi санаттағы лауазымдары үшiн белгiленген тесттен өтудiң нәтижелерi;
7) 3x4 см. көлемдегi екi фотосурет.
46. Азаматтар өздерiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейi мен жеке бас сапаларына қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн көтеруi, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар) бере алады. Егер азамат еңбек қызметiн жасамаған жағдайда, еңбек кiтапшасының немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжаттың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
47. Өтiнiш және осы Ереженiң 45-тармағында қарастырылған құжаттар түскен сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң тиiстi санаттары лауазымдарының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
48. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардың тиiстi санатына қойылатын бiлiктiлiк үлгi-талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарының талаптарына сай болмауы немесе осы Ереженiң 45-тармағында көрсетiлген құжаттардың ұсынылмауы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алудан бас тартуға негiздеме болып табылады.
49. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынуға құқық беретiн мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың кезектi күнтiзбелiк жылға арналған мемлекеттiк бағдарламаларының тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
8. Халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге кәсiби дәрежесiн көтеру мақсатында мемлекеттiк органдар жұмысқа жiберген азаматтардан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн жасақтау
50. Халықаралық ұйымдарда немесе басқа мемлекеттерде кәсiби дәрежесiн көтеру мақсатында мемлекеттiк органдардың жолдамасымен жұмыс iстеген және мемлекеттiк органмен еңбек қатынасын тоқтатқан азаматтардың уәкілеттi органның шешiмi негiзiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынуға құқы бар.
51. Осы Ереженiң 50-тармағында айтылған азаматтардың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алыну құқығы азаматтардың халықаралық ұйымдардағы немесе басқа мемлекеттердегi жұмысынан қайтып оралған сәтiнен басталады және қайтып оралғаннан кейiн үш ай барысында сақталады.
52. Осы Ереженiң 50-тармағында айтылған азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу олар уәкiлеттi орган белгiлеген тестiлеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
53. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алыну үшiн азаматтар уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) олардың жұмыстан босатылғаны және халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберiлгенi туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
2) өтiнiш және уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
3) кадрларды тiркеу жөнiндегi толтырылған жеке iспарағы (нақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы және телефоны, соның iшiнде байланыс жасау телефоны көрсетiлген);
4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариаттық немесе Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген өзгедей тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
5) еңбек кiтапшасының немесе еңбек қызметiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құжаттың нотариаттық немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзгедей тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
6) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң тиiстi санаттағы лауазымдары үшiн белгiленген тесттен өтудiң нәтижелерi;
7) 3x4 см. көлемдегi екi фотосурет.
54. Азаматтар өздерiнiң шетелдегi қызметiне, сондай-ақ білiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейi мен жеке бас санаттарына қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн көтеруi, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар) бере алады.
55. Уәкілеттi орган осы құжаттар келiп түскен сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдары тиiстi санаттарының кадр резервiне алу немесе мұндай резервке алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
56. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi санатына қойылатын бiлiктiлiк үлгi-талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарының талаптарына сай болмауы немесе осы Ереженiң 53-тармағында аталған құжаттардың ұсынылмауы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алудан бас тартуға негiздеме болып табылады.
9. Аттестациядан өткен және аттестация комиссиясы кадрлар резервiне алуға ұсыным жасаған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерден мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн жасақтау
57. Аттестация комиссиясының аттестациялаудан өткен және атқаратын лауазымында жоғары кәсiби деңгейге қол жеткiзген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi (бұдан әрi - аттестацияланғандар) олар осы санаттар үшiн бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының жоғары санаты кадр резервiне алу үшiн уәкiлеттi органға ұсыным жасауға құқы бар.
58. Аттестация өткiзген мемлекеттiк орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу үшiн аттестация комиссиясының шешiмi бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға аттестацияланғанның мынадай құжаттарын ұсынады:
1) аттестация комиссиясының шешiмiн бекiту туралы бұйрықтың көшiрмесi;
2) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы қызметшiнiң өтiнiшi;
3) мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iспарағы.
59. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 58-тармағында көзделген құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк әкімшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Аттестацияланғанның жоғары санаттағы лауазымға қойылатын білiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарының талаптарына сай болмауы немесе осы Ереженiң 58-тармағында көрсетiлген құжаттардың ұсынылмауы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алудан бас тартуға негiздеме болып табылады.
10. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынған азаматтардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуы
60. Әкiмшiлiк лауазымның бос орны бар мемлекеттiк орган конкурс өткiзгенге дейiн тиiстi санатқа резервшiлердiң тiзiмiн беру туралы уәкiлеттi органға сұрату жолдайды. Сұрату уәкiлеттi орган бекiткен нысанда жолданады.
61. Уәкiлеттi орган сұратуды алған сәттен бастап екi апта мерзiмде оған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының сұратылған санаты талаптарына лайық резервшiлердiң тiзбесi бар жауап жолдайды.
62. Мемлекеттiк органның резервшiмен әңгiме өткiзуге құқы бар.
63. Мемлекеттiк орган әкiмшiлiк қызметтiң бос лауазымына резервшiнi орналастыру туралы шешiм қабылдаған кезде осы мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша мемлекеттiк қызметтiң кадр резервiне бұрын алынған адамдардың кандидатураларын бiрiншi кезекте қарайды.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiнде лауазымдардың осы санаты бойынша немесе бос лауазымға мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған жағдайда мемлекеттiк органның конкурс өткiзуге құқы бар.
Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы уәкiлеттi органды он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
64. Жоғарыда аталған шешiм туралы жазбаша хабарландырудың негiзiнде уәкiлеттi орган мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне тиiстi өзгерiстер енгiзедi. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк орган таңдап алған резервшiнi хабардар етедi, оның жеке iспарағын мемлекеттiк органға жолдайды.
65. Резервшiнiң мемлекеттiк қызметке кiруi Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртiппен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарында белгiленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiнен шығару
66. Уәкiлеттi орган азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiнен шығаруды мынадай жағдайларда:
1) резервшi мемлекеттiк қызметтiң бос әкiмшiлiк лауазымына орналасқан;
2) резервшi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiнен шығу туралы өтiнiш берген;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе орын алмаған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздемелер туындаған;
4) осы Ереженiң 29-тармағында көрсетiлген мерзiм аяқталған;
5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алудың осы Ережемен белгiленген тәртiбi мен шарттары бұзылған жағдайларда жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1243 Жарлығына
Қосымша
Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi жөнiндегi комиссияның құрамы
Ескерту. Комиссия құрамы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2006.01.05. N 1695 жарлығымен.
Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға
Комиссия мүшелерi:
Имашев Берiк Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң бастығы
Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi
Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
Тәжин Марат Мұхамбетқазыұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары
Тiлеубердин Алтай Абылайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
Достарыңызбен бөлісу: |