Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз



бет8/13
Дата01.07.2016
өлшемі1.62 Mb.
#170766
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз
кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есенің
кемістігінен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс
жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға
сотталған адаммен некені бұзуды тіркеу туралы

өтініш
_____________________________________ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймын

(аты, әкесінің аты, тегі)



_____________________________________ сотының шешімі/үкімі негізінде
            (сот атауы)
______________________________ туралы 20__ жылғы «___»________________
№ _________
Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:







ЕР

ӘЙЕЛ

1.

Аты





2.

Әкесінің аты (болған жағдайда)





3.

Тегі: бұзуға дейін







бұзудан кейін





4.

Туған күні





5.

Жасы

___ жасқа толды

___ жасқа толды

6.

Ұлты





7.

Азаматтығы





8.

Заңды мекенжайы





9.

Қай жылдан бастап тұрады





10.

Білімі





11.

Қайда және кім болып жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, өмір сүру көздерін көрсету)





12.

Нешінші некеде отырды





13.

Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазуының нөмірі мен күні)





14.

Өндіріліп алынатын мемлекеттік баж сомасы





15.

18 жасқа дейінгі балалар (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі





16.

Жеке тұлғаны растайтын құжат (нөмірі, қашан және кім берді)




Пошталық мекенжай


_____________________________________________________________________
(сотталған жұбайының, әрекетке қабілетсіз жұбайының,
_____________________________________________________________________
хабар ошарсыз кеткен жұбайының мүлкі қорғаншысының
_____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты, тегі, нақты мекенжай көрсетуіледі)
Өтінішке мыналар қоса беріледі _______________________________________
Өтініш берушінің қолдары:
ЕР_______________                   ӘЙЕЛ ___________________
20 ___ ж. «___» _____________

«Қазақстан Республикасының шетелдегі

азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


9-қосымша
Нысан

________________________________________


________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші атауы)
________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
мекенжайы:
________________________________________
________________________________________
№ тел. _________________________________
Тегін, әкесінің атын өзгертуді мемлекеттік тіркеу туралы
(керегінің астын сызу)

өтініш
Менің _______________________________________________________________
     (қандай өзгерістер енгізу керектігін көрсету)
_______________________________байланысты ____________________________________
(таңдалған аты, әкесінің аты, тегі) (аты, әкесінің аты, тегі өзгеру себебі)
өзгертуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. Аты, әкесінің аты, тегі __________________________________________
2. Туылған күні _____________________________________________________
3. Туылған жері______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты, тегі және туылған жерлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат _________________________________
9. Жұмыс орны туралы деректер _______________________________
10. Әскери қызметке қатысы: әскери міндетті немесе әскери міндетті емес
                                          (керегінің астын сызып қою)
а) қайда тіркеуде тұр _______________________________________________
б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _________________________
_____________________________________________________________________
11. Тергеуде, сотта тұрған не өтелмеген соттылығы немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда, ол туралы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініштің қабылданғаны туралы мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жіберу үшін көрсету
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) ______________________________ 3)_________________________________
2) ______________________________ 4)_________________________________
Жалған мәліметтер хабарлағаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді

20__ ж. «___» _____________


_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаушы лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі)
Журнал бойынша № ____
---------------------------------------------------------------------
                     (кесу сызығы)
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш 20__ ж. «___» _____
қарауға қабылданды.

Қарау нәтижелері 20__ ж. «___» _________________ хабарланатын болады.

Маман _______________________________________________________________
                          (аты, әкесінің аты, тегі)

«Қазақстан Республикасының шетелдегі

азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына


10-қосымша
Нысан

               


______________________________________
______________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші атауы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
тел. № _______________________________
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуіңізді сұраймын:
_____________________________________________________________________
      (қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
_____________________________________________________________________
            (қайтыс болған адамның туған күні)
_____________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның соңғы тұрған жері)
_____________________________________________________________________
               (қайтыс болған адамның отбасылық жағдайы)
_____________________________________________________________________
               (қайтыс болған адамның қайтыс болған күні)
____________________________________________________________________
                 (қайтыс болған адамның өлімінің себебі)
Өтінішке қоса беріледі:____________________________________________
20___ жылғы «_____» _____________            Қолы ______________________

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының

2015 жылғы «8» мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

5 - қосымша



«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасына кіруге визалар беру, олардың мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) жұмыс күндік мерзімде жазбаша түрде хабарлай отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

J1 и J2 санаттағы визаларға - 5 (бес) ай.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ресімделген шақыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

1) Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

2) республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар мен өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

5) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

6) шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына түсіністік қағидаты негізінде келетін шетелдіктерге;

7) 16 жасқа дейінгі балаларға;

8) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін тегін көрсетіледі.

8 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасының визасын алу:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі растаухаттың 3-ші данасының көшірмесі немесе, көрсетілетін қызмет алушы, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар болған жағдайда вербалдық нота;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жол жүру құжаты;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес визаны ресімдеуге арналған сауалнама;



адамның беті анық, көзілдіріксіз және бас киімсіз алдынан қарағанда бейнеленген мөлшері 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі - см) бір дана ақ-қара немесе түрлі-түсті фотосурет, егер де бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болса, адамның осындай бас киіммен жол жүру құжатында бейнеленген фотосуреті және азаматтың құжатты ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуы тиіс;

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

«D1», «D2» және «D3» санаттардағы визалар үшін қосымша құжаттар ретінде жіберуші/іссапарға жіберуші ұйымнан виза беру туралы қолдаухат ұсынылады.

«H1» санаттағы визалар үшін қосымша құжаттар ретінде бару еліне келуге құқық беретін виза немесе қолдаухат ұсынылады.

«J1» санаттағы виза үшін қосымша:

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 3-тармағында көзделген деректерді көрсете отырып, еркін нысанда оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш - сауалнама;

жеке басын куәландыратын құжатында ұлты туралы жазба болмаған кезде, өтініш берушінің ұлтын растайтын құжат;

оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш жасаған адамның отбасы құрамын растайтын құжаттар;

оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге басым тәртіпте құқық беретін құжаттар (егер бар болған жағдайда);

өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) бекітілген Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесінде көрсетілген аурулардың жоқ екені туралы анықтама;

өтініш берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелеріне қатысты соттылықтың бар не жоқ екендігін растайтын құжат ұсынылады.

«J2» санаттағы виза үшін қосымша:

көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері берген өтініш-сауалнама;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – шақырушы тарап) өтініш берушінің шақырушы тараптың жеке меншік құқығына жататын тұрғын үй-жайына тұрақты тіркеуге рұқсат беруі;

шақырушы тараптың Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ жеке меншік құқығына жататын тұрғын үй-жайы туралы құжаттарының көшірмелері;

өтініш берушінің азаматтығы бар мемлекеттің немесе тұрақты тұрып жатқан жердің құзыретті органдарымен берілген шетелге тұрақты шығуға рұқсат беретін құжаты;

белгіленген үлгі бойынша Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеті бар екендігін дәлелдейтін құжат (бұл Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын Қазақстанның немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы азаматтығында тұрғандарға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты емес);

өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) бекітілген Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесінде көрсетілген аурулардың жоқ екені туралы анықтама;

сотталғаны не сотталмағандығын растайтын құжат.

Мемлекеттік қызметті көрсетуде осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қызметті алушылар растаухаттан босатылады.



2) Қазақстан Республикасының визасын ұзарту келесі құжаттарды ұсынылған кезде жүзеге асырылады:

«А1», «А2» және «В1», «В2» санаттардағы визалар үшін шетелдік мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің, консулдық мекемесінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің вербалдық нотасы негізінде ресімделген визалық қолдауы бар болған кезде;

«С1» санаттағы визалар үшін Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі құзыретті органның қолдаухаты болған кезде. Ұзартылу мерзімі 1 жылға дейн;

«D1», «D2» және «D3» санттардағы визалар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы аумағына келген адамдар үшін – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде ұзартылады. Визаны қолдануды 180 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды жол жүру құжаты;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес визаны ресімдеуге арналған сауалнама;



адамның беті анық, көзілдіріксіз және бас киімсіз алдынан қарағанда бейнеленген мөлшері 3,5х4,5 см. бір дана ақ-қара немесе түрлі-түсті фотосурет, егер де бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болса, адамның осындай бас киіммен жол жүру құжатында бейнеленген фотосуреті және азаматтың құжатты ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуы тиіс;

шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, консулдық мекемелерінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері паспортының көшірмесі;

алғашқы визаның көшірмесі;

шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, консулдық мекемелерінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің қызметкерлері мен оған теңестірілген адамдарына, сондай-ақ отбасы мүшелеріне Министрлікпен берілген аккредитациялық куәліктің көшірмесі;

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.



3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет