Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына
ішкі бақылау қорытындысына
АНЫҚТАМА
2015 жылдың 8 -9 қыркүйек аралығы
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 8-9 қыркүйек аралығында, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д.Сағыров және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов, бөлімше инспекторы А.Дабылдина мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.
Ауылдық округтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметтердің 20 түрі бойынша жұмыстары қаралды:
1.Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау;
2.Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау;
3.Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;
4.Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау;
5.Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру;
6.Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою;
7.Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдау.
8.Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;
9.Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
10.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
11. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;
12. Ветеринариялық анықтамалар беру
13. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
14. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
15. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
16. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
17. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
18. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
19. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
20. Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Тексеру барысында Батпақкөл ауылдық округтерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:
1. Батпақкөл ауылдық округі
Ауылдық округ әкімі Ж. Алданиязов
Ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2015 жылғы 17.08. № 69 өкіммен Д.Танірбергенова тағайындалған.
2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары құрылған, бірақ жоспар тармақтарының орындалу барысы туралы ақпараттар жоқ.
2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын орындамағандығы анықталды.
2015 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша ХҚКО арқылы 15 қызмет, ал электронды түрде 37 қызмет көрсетілген.Басқа мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер түспеген. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының 9,10 тармағы тиісті деңгейде орындалмаған.
Ақпараттық таған (стенд) орналастырылған, алайда ҚР Үкіметінің 2014 жылғы бекітілген күші жойылып кеткен стандарттар ілінген. Өтініштерді тіркеу журналы бар, бірақ түгел емес, 8 мемлекеттік қызметтер (Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу) бойынша өтініштерді тіркеуге журнал арналмаған.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалмаған, яғни пандус жоқ. Мекеме басшысы мен мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлға, ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» №88-V Заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.
Қорытындылар:
1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтары орындалмаған.
2.Мекеме басшысы мен мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.
3. Ақпараттық тағандарда мемлекеттік қызметтер стандарттары, регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар орналастырылмаған. Өтініштердің үлгілері, сенім телефон нөмірлері жоқ. Күші жойылған қаулылар орналастырылған.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.
5.Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар Батпақкөл ауылдық округі әкімі отырыстарында немесе лездемелерде қаралмаған.
6.Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалмаған.
Ұсыныстар:
1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде орындау;
2.Мекеме басшысы мен мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейін арттыру;
3.Ақпараттық тағандарды қажетті ақпараттармен толықтыру;
4.Ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру;
5.Мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері талаптарының сақталуын қатаң бақылау;
6.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету,
7.Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.
8. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу.
9.Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган ғимаратында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |