Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата09.06.2016
өлшемі158.14 Kb.
#123834

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123257

166564

С-О-5


83282

112430


I. Көлік комитетінің «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 050062, Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11 анықтама үшін телефон: 8 (727) 243-71-31, факс: 8 (727) 243-74-17, E-mail: i.almaty@mid.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы «С-О-5» санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат береді. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар береді. Шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркейді. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік береді. Қазақстан Республикасы аумағы бойынша қалалардың шекараларындағы немесе өзге де елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарындағы көлік бақылау орындарында автокөлік құралдарының жүрістеріне бақылау жүргізеді. Автокөлік құралдарының жүруін, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Техникалық тексеру операторларының тізілімін жүргізуге және техникалық тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық тексеруден өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көліктік бақылау органдарына бекітілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (көлік, көліктік техникасы және технологиялар) саласындағы немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) саласындағы жоғары білім. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес осы бұйрық Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу.



II. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, анықтама үшін телефон: (727) 375-21-88 электронды почта N.Smaiуlova@economy.gov.kz «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2017 жылдың 18 қарашасына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).



Функционалды міндеттер: Бастапқы банк құжаттарының негізінде дұрыс бухгалтерлік есептілікті, бухгалтерлік жазуларды жасау, есептілікті белгіленген мерзімде ұсыну, банк операцияларын күн сайын есепке алып тұру, қазынашылық арқылы төлеу құжаттарын ресімдеу, 1С-бухгалтерия бағдарламасында, «Диалог-ақпарат», «Еңбекақы». «Зейнетақы» бағдарламаларында жұмыс істеу, жұмысақыны есептеу, табыс салығын есептеу, еңбекақының 10%-ын зейнетақы қорына аудару, деректерді дайындап, зейнетақы қорындағы техникалық деректер сақтаушыларына енгізу, еңбекақы туралы деректерді, еңбекақыны банкоматтар арқылы алу үшін, Халық Банкіне жолдау, банк үшін төлем шоттарын дайындау, ақысы төленетін қызметтер көрсету туралы шарттарды жасау, ақшалай қаражаттар мен тауарлы-материалдық құндылықтардың кем шығуын және заңсыз жұмсалуын алдын алатын іс-шараларды дайындауға қатысу; еңбекақының пластикалық карточкаларға аударылуын, пошта арқылы аударымдарды және дербес шоттарға қосылуын бақылау, салыстырып тексеру туралы актілерді дайындау және қызметтер жеткізіп берушілерімен өзара есеп айырысуларды, белгіленген еңбекақы аудару ережелерінің сақталуын бақылау; бухгалтерлік құжаттардың сақталушылығын қамтамасыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақталуын заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

2. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының басшысы (С-О-3 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттер: Басқарма жұмысына басшылық ету, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай талдауын жүргізу, экономикалық шолулар мен басқа да статистикалық материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды, экономикалық талдау үшін кешенді жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыруға қатысу, пайдаланушыларды белгіленген тәртіппен дұрыс және объективті деректермен қаматамасыз ету, талдау жұмыстары жоспарларын қалыптастыру және бақылау, статистикалық ақпаратты, статистикалық жинақтарды және бюллетендерді дайындау және шығару, БАҚ-қа баспасөз хабарламаларын дайындау, ай сайынғы статистикалық жұмыстар жоспарын дайындау, жекелеген салалық статистика басқармалары бойынша департамент жұмысының нәтижелері туралы материалдарды дайындау, жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға статистикалық деректердің толықтығы, уақытымен ұсынылуы және растығы жөнінде статистикалық әдіснама қоятын негізгі талаптарды түсіндіру, Web-сайтта материалдардың орналастырылуын және тұрақты жаңартылуын бақылау; департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшелер қызметі мәселелері жөнінде өзара әрекет ету; бағынышты қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыра білу және оны бақылау, жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

3. Респонденттермен жұмыс басқармасының басшысы (С-О-3 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттер: Басқарма жұмысына басшылық ету, жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, «бір терезе» қағидасы бойынша электронды хабарламаларды өңдеу, жалпы мемлекеттік статистикалық байқауларды әдістемелік нұсқаулықтар мен нұсқауларға сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету, респонденттермен жұмыс істеу үшін материалдарды қалыптастыру, бекітілген әдістемеге сәйкес респонденттерден бастапқы статистикалық ақпаратты жинауды қамтамасыз ету, респонденттерге оқыту және консультация жүргізу, статистикалық есептілікті ұсыну тәртібін бұзған жағдайда жұмыс жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін статистикалық көрсеткіштердің растығы мен объективтілігін, болып жатқан әлеуметтік және экономикалық процесстерін талдау, олардың экономикалық қызметі түрлерінің даму үдерісіне сәйкес қамтамасыз ету, нақты заңды тұлғаға қағаз түрінде немесе электронды тасығышта статистикалық есептілік нысанының тізімін беруге бақылау жүргізу, мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сауалдары бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау, бағынышты қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыра білу және оны бақылау, жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

4. Респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2017 жылдың 04 маусымына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).



Функционалды міндеттер: Бастапқы статистикалық есептілікті қабылдау; бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдағанда келу тәртібімен қағаз жүзінде қабылдау туралы белгі қою, лауазымдық тұлғаның жеке мөртаңбасын, қолын және қабылдау күнін статистикалық нысан көшірмесі мен респондеттің данасында қойылуы болып табылады; респонденттерді статистикалық нысандар мен оларды толтыру нұсқаулығымен қамтамасыз ету; респонденттерге бастапқы статистикалық мәліметтердің толық, уақытылығына, растығына және құпиялығына қойылатын негізгі талаптарды және статистикалық байқаудың әдістеріне түсіндірме беру; есептіліктің статистикалық нысанының тізбесін белгілі бір заңды тұлғаға қағаз түрінде немесе электронды нысанда немесе электронды поштаға жіберуді жүзеге асыру; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақталуын заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

5. Құрылыс, инвестициялар және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 2 бірлік (негізгі қызметкердің 2018 жылдың 04 наурызына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттер: Серпінділік қатарларын бақыланатын көрсеткіштер бойынша жүргізу, экономика салаларының дамуы туралы деректерді экономикалық талдау негізінде талдау жазбахаттарын, баяндамаларды, жинақатарды, статистикалық ақпаратты дайындау, жергілікті басқарушы органдар үшін, жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша материалдарды дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен статистикалық ақпаратты әзірлеу әдіснамасы мәселелері жөнінде өзара әрекет ету; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығының сақталуын заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

6. Қызмет көрсету саласының статистика басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 2 бірлік (негізгі қызметкерлердің 2018 жылдың 14 қыркүйегіне және 2018 жылдың 22 қарашасына дейінгі бала күтімі демалыстары кезеңлеріне).

Функционалды міндеттер: Серпінділік қатарларын бақыланатын көрсеткіштер бойынша жүргізу, экономика салаларының дамуы туралы деректерді экономикалық талдау негізінде талдау жазбахаттарын, баяндамаларды, жинақатарды, статистикалық ақпаратты дайындау, жергілікті басқарушы органдар үшін, жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша материалдарды дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен статистикалық ақпаратты әзірлеу әдіснамасы мәселелері жөнінде өзара әрекет ету; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығының сақталуын заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

7. Құрылымдық статистика басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 2 бірлік (негізгі қызметкерлердің 2018 жылдың 13 қазанына және 2018 жылдың 21 қыркүйегіне дейінгі бала күтімі демалыстары кезеңдеріне).

Функционалды міндеттер: Серпінділік қатарларын бақыланатын көрсеткіштер бойынша жүргізу, экономика салаларының дамуы туралы деректерді экономикалық талдау негізінде талдау жазбахаттарын, баяндамаларды, жинақатарды, статистикалық ақпаратты дайындау, жергілікті басқарушы органдар үшін, жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша материалдарды дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен статистикалық ақпаратты әзірлеу әдіснамасы мәселелері жөнінде өзара әрекет ету; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; жеке компьютерде жұмыс істей білу; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияның, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығының сақталуын заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет