Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы



Дата04.07.2016
өлшемі114.26 Kb.
#176509



Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен

өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.

  2. Қоса беріліп отырған:

1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;

    1. Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы « » шілдедегі

№ қаулысымен

бекітілген



Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамы



Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы



-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға


Пірматов

Ғалымжан Олжаұлы






Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары


Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары


Қалыбеков

Бекжан Жантөреұлы



-

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы


Әлмәмбетов

Әлімжан Әмірханұлы



-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі


Ысқақов

Жәнібек Сапарұлы





-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушінің орынбасары


Сартбаев

Медет Мақсұтұлы



-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)


Ерғожин

Дәулет Еділұлы



-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі


Мамытбеков

Еділ Құламқадырұлы



-

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі

Бекетаев

Марат Бақытжанұлы



-

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі


Қожахметов

Қуат Бәкірұлы



-

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)


Қанапьянов

Шыңғыс Сержанұлы

-

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)


Омарова

Тамара Таскенқызы



-

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша)


Никитинская

Екатерина Сергеевна



-

«Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)


Солодченко

Роман Владимирович



-

«ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамырың басқарма төрағасы (келісім бойынша)


Тимченко

Андрей Игоревич



-

«Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)


Қарабаев

Дәурен Сапарәлиұлы



-

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

____________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2008 жылғы « » шілдедегі

қаулысымен

бекітілген

Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) туралы ереже Комиссия мақсатын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

2. Комиссияның басты мақсаты қаржылық ұйымдардың, институттар мен баспалардың, сондай-ақ қызметі халықаралық сипатқа ие немесе Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық имиджіне едәуір әсер ететін басқа да қаржылық мекемелердің қоғамдастығы деп ұғынылатын халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпараттарды оған ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.



  1. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

3. Комиссияның міндеттері:



    1. Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін одан әрі арттыру үшін халықаралық қаржылық қоғамдастықпен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

    2. халықаралық қаржылық қоғамдастыққа ақпараттар ұсыну стандарттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

    3. Комиссияның іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамсыз ету болып табылады.

4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:

  1. халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;

  2. сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;

  3. мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпараттар сұратуға және алуға;

  4. өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.



  1. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.

6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төрағаның орынбасарларының бірі өткізеді.

7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.

8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысын өткізу туралы шешімді төраға не оның орынбасары қабылдайды.

9. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.


_____________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы « » шілдегі

№ қаулысымен

бекітілген



Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі

іс-шаралар жоспары



Р/с№

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар

Орындалу (іске асырылу) мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Мемлекеттік органдар мен ҚҚҚ арасындағы халықаралық қаржылық ұйымдармен және институттармен ынтымақтастыққа қатысты ақпарат алмасу

Ақпарат алмасу

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты негізде

2.

Елдің макроэкономикалық жағдайы мен қаржылық секторын шолып, таныстыру материалдарын бірлесіп дайындау, Интернет-

Таныстыру материалдарын дайындау

ЭБЖМ (жинақтау), ҚҚҚ (келісім бойынша) (жинақтау), ҚҰБ(келісім бойынша),

Жарты жылда

1 рет


1

2

3

4

5




сайттарға орналастыру, қажет болған жағдайда материалдарды халықаралық қаржылық институттар мен рейтингілік агенттіктерге тікелей тарату




ҚҚА (келісім бойынша) (жинақтау), Қаржымині, ИСМ, ЭМРМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша)




3.

Қазақстан Республикасындағы даму жоспарлары, құрылымдық реформалар туралы, халықаралық қаржылық ұйымдар өткізетін халықаралық конференцияларда, саммиттерде, семинарларда Қазақстан қаржылық нарық туралы таныстыру өткізу

Тиісті халықаралық қаржы ұйымдарына ақпарат ұсыну

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ЭМРМ, ИСМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты негізде

4.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы секторы үшін халықаралық қаржылық ұйымдар мен институттардың, рейтингілік агенттіктердің, әлемдік қаржылық баспалардың өкілдерін тарта отырып семинарлар, конференциялар өткізу

ЭБЖМ - ге

ақпарат ұсыну



ҚҚҚ (келісім бойынша) (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ҚҰБ (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ИСМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша)

Жарты жылда

1 рет


5.

Мақсатты аудиторияда (халықаралық қаржылық ұйымдар, шетел қаржылық БАҚ) Қазақстан Республикасының инвестициялық

ЭБЖМ

ақпарат ұсыну



ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

1

2

3

4

5




мүмкіндіктері мен тартымдылығына қатысты қоғамдық пікірді талдау. Қоғамдық пікірлердің өзгеруіне мониторинг










6.

Қазақстан Республикасында бейімделу мен пайдалануы мүмкін мақсатында әлемдік қаржылық қоғамдастық алдында тиімді ұстанымдалған елдердің тәжірибесін зерделеу үшін шетел сарапшыларын тарту

Сарапшыларды тарту

ҚҚҚ (келісім бойынша) (жинақтау), ЭБЖМ, ҚҚА (келісім бойынша) (жинақтау), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), Қаржымині

2008 жылғы 1- жарты жылдық

7.

Құрылымдық реформалар процесін, ішкі макроэкономикалық жағдай мен экономиканы дамыту жоспарларын жақсартуды жариялайтын белсенді ақпараттық науқан әзірлеу

Ақпараттық науқанның жоспары

ҚҚҚ (келісім бойынша) (жинақтау), СІМ, ЭБЖМ

2008 жылғы

2-жарты жылдық



7.1

Халықаралық қаржылық ұйымдарға арналған ақпарат (баспасөз релиздер, есептер) ұсыну және тарату кестесін әзірлеу. Халықаралық қаржылық қоғамдастыққа ақпарат ұсыну (тарату)

Кесте

ҚҚҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, СІМ, ҚҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша)

2008 жылғы тамыз

7.2

Интернет кеңістігін қоса алғанда, шетелдік жетекші экономикалық және қаржылық БАҚ-тармен жұмыс жоспарын әзірлеу. Қазақстан Республикасында ұсынылған шетелдік БАҚ- тармен жұмыс жүргізу (брифингтер,

Жұмыс жоспары

ҚҚҚ (келісім бойынша) (жинақтау), СІМ

2008 жылғы тамыз

1

2

3

4

5




кездесулер,баспасөз конференциялар)










8.

Қазақстан Республикасын халықаралық қаржылық нарықтарда, соның ішінде халықаралық іс-шараларда сөз сөйлеуге арналған ұсынудың бірыңғай стандарттын әзірлеу

Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудың өзекті мәселелеріне арналған таныстыру шаблоны мен жауаптар жобасы

ЭБЖМ (жинақтау), ҚҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

9.

Инвестициялық есеп стандарты бойынша Қазақстан Республикасындағы экономикалық және қаржылық жағдайды дамытуға қатысты инвесторлар үшін инвестициялық бюллетень басып шығару

Бюллетень басып шығару

ҚҚҚ (келісім бойынша) (жинақтау), ҚҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, ИСМ, Қаржымині

Жарты жылда

1 рет



Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


ЭБЖМ

Қаржымині

ИСМ

СІМ


ЭМРМ

ҚҰБ


ҚҚА

АӨҚОҚРА
«Самұрық» АҚ


ҚҚҚ

БАҚ


- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы

- Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы

- бұқаралық ақпарат құралдары

_____________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет