Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-2
|
204041
|
275664
|
С-3
|
154071
|
208205
| С-4 |
138248
|
186551
|
I. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (010000, Астана қ., Солтүстік жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 7 кіре беріс, анықтама телефондары: 8 (7172) 74-30-35, 74-38-72, e-mail: M.Mashrapova@economy.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, санаты С-3, 1 бірлік (01-1-5).
Функционалды міндеттері: Министрдің нұсқауларын орындау. Ішкі бақылау нәтижелері туралы Министрге есеп дайындау; және ішкі рәсімдерді жақсарту бойынша ұсынымдар мен Министрдің басқа да тапсырмаларын орындау. Министрде өтетін кеңес хаттамаларын жүргізу, Минитсрге келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарларды алдын ала қарауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және/немесе құқық, мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
II. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, анықтама үшін телефондар: 555-870, e-mail: onalbaeva.a@minagri.gov.kz, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Тамақ қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне) (санаты С-2), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру; саланы дамыту бойынша ұсыныстар енгізу, ветеринария, фитосанитария, техникалық реттеу және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру; ветеринария, фитосанитария, техникалық реттеу, тамақ қауіпсіздігінің қауіпсіздігі салаларындағы мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу; ветеринария, фитосанитария, техникалық реттеу және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы Ауыл шаруашылығы министрілігінің стратегиялық жоспарының және басқа да салалық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу; сонымен қатар ветеринария, фитосанитария, техникалық реттеу сұрақтары бойынша таяу шығыс және алыс шығыс елдерімен, Өсімдіктерді қорғау және карантині бойынша халықаралық конвенциясымен, Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымымен (Халықаралық эпизоотиялық бюромен) ынтымақтасу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: биотехнология немесе стандарттау сертификаттау және метрология (салалар бойынша) немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңделетін өнеркәсіптің технологиясы (салалар бойынша) немесе ветеринария саласында: ветеринарлық медицина немесе втеринарлық санитария (ветеринария немесе мал дәрігері) немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласында: агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе әлеуметік ғылым, экономика және бизнес саласында: экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласында: құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім.
2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Дамыту стратегиясы басқармасының басшысы (санаты С-3), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сапалы және уақытылы орындауды ұйымдастыру; мал шаруашылығы және тауарлы балық өсіру саласындағы стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, шебер-жоспарларды және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; мал шаруашылығы және тауарлы балық өсіру саласындағы заңнамаларды жетілдіру, мал шаруашылығы және тауарлы балық өсірудегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарын және мал шаруашылығы мен тауарлы балық өсіру саласындағы өзге де салалық бағдарламаларды әзірлеу және көрсеткіштерін түзету; мал шаруашылығы және тауарлы балық өсіру саласында халықаралық байланыстарды дамытуды және кеңейтуді ұйымдастыру;. Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары саласында: мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе ветеринария саласында: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария (ветеринария немесе мал дәрігері) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технология саласында: технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)мамандығы бойынша жоғары білім.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
3. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Мониторинг және талдау басқармасының басшысы (санаты С-3), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру; мал шаруашылығы мен балық өсіруді дамытудың тиімділігін қолдауға және арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарға мониторинг жүргізу және үйлестіру; мал шаруашылығы мен балық өсіру салаларында мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын тетіктерді реттейтін заңнама актілерін жетілдіру, мал шаруашылығы мен балық өсіру салаларындағы қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері мен нысандарының тиімділігін арттыру, жаңаларын енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары саласында: мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе есеп және аудит немесе ветеринария саласында: ветеринариялық медицина ветеринариялық санитария (ветеринария және мал дәрігері) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)мамандығы бойынша жоғары білім.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
4. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті Техникалық және жеміс-жидек дақылдарын өндіру мен өңдеуді дамыту жобалары басқармасының басшысы(санаты С-3), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру қайта өңдеу саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқа жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласына талдау және мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыммен қамтамасыз етуге және инновациялық технологияларды дамытуға жағдай жасауға қатысу; өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық құжаттарды, әзірлеуге қатысу; Еуразиялық экономикалық одақ аясында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру қайта өңдеу саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласында құқықтық мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында: агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе жеміс-көкөніс шаруашылығы немесе су ресурстары және суды пайдалану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласы: құқықтану немесе халықаралық құқық мамандығы бойынша жоғары білім.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
5. Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (санаты С-3), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар мен құжаттандыру және құжаттаманы басқару жөніндегі басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Министрлік Регламентін әзірлеуге қатысу; үлгілік іс номенклатурасын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмысын ұйымдастыру; директивалық құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; электронды ішкі құжат айналымының жұмысын ұйымдастыру; Министрлік алқасының отырыстарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; алқа қаулылары мен кеңес хаттамаларын бақылауға алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Министрліктің ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары бланкілерінің жобаларын әзірлеу, құжаттандыру және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинарлар мен консультациялар ұйымдастыру; азаматтарды қабылдау кестесін және азаматтарды қабылдау бойынша есептерді жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; құжаттарды сақтауға іріктеп алу және жою мақсатында ведомстволық мұрағаттың және құжаттар құндылығы жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесініңактілері мен тапсырмаларының, Министрліктің алқа қаулыларының уақытылы орындалуына бақылау жасау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
6. Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаменті Экономикалық интеграция және хаттама басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне) (санаты С-4), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Халықаралық интеграциядағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу; халықаралық интеграция мәселелері бойынша халықаралық нормативтік құқықтық актілерді талдау; бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, үкіметтік комиссиялардың жұмысына, Дүниежүзілік сауда ұйымы және Кеден одағын құру мәселелері жөніндегі келіссөздерге қатысу; Дүниежүзілік сауда ұйымының, Кеден одағының және бірыңғай экономикалық кеңістіктің сәйкес халықаралық ынтымақтастық бойынша келісімдер, халықаралық интеграция мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның мониторингін жүргізу және талдау; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу; нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысу; халықаралық интеграция мәселелері бойынша қорытындылар және Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бөлігінде өзге қорытындылар дайындау; агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы халықаралық интеграция мәселелері бойынша жұмысты жетілдіру және оны нормативтік қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар енгізу; басшылыққа және жоғары тұрған органдарға қажетті ақпарат дайындау мен ұсыну, анықтамалар мен басқа да құжаттар жасау; Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылым саласында: халықаралық қатынастар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) немесе биотехнология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе әлемдік экономика немесе құқық саласында. құқықтану немесе халықаралық құқық немесе кеден ісі немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында: жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
7. Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Бюджетті орындау мониторингі басқармасының бас сарапшысы(негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне) (санаты С-4), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Қаржыландыру және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қаржыландыру мәселелеріне қатысты салалық департаменттер әзірлеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес басқа мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік актілер жобаларын қарау; тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджетін атқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқа отырысына материалдарды дайындауға қатысу; ведомстволық тиістілігі бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекемелер анықтамалығының қалыптастырылуын және қажеттілігіне қарай жыл ішінде көрсетілген Анықтамалыққа өзгерістер енгізілуін бақылау; бекітілген стратегиялық жоспарларға (жартыжылдық, жылдық) сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық Департаменттерімен (Комитеттерімен) бірлесіп орындауға талдау жүргізуді жүзеге асыру; бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберу; мынадай есептілік түрлерін жинау, қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдау: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептік деректері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы есеп; республикалық бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы есеп, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын орындау бойынша есептілік жасау; алдағы айға республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) күтілетін игерілімі туралы ақпарат;жарғылық капиталды ұлғайтуға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ай сайынғы ақпарат; бюджеттік инвестициялық жобалардың (жартыжылдық, жылдық) іске асырудың мониторингі және бағалау; тиісті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп; жылдық жоспардың іске асырылу барыс туралы тоқсандық есеп; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі министрліктермен, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі», Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Президент Әкімшілігі Талдамалық кешенінің (АШМ-4 (к) нысаны бойынша) деректер базасын жүргізу, қатысу; өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе маркетинг мамандығы бойынша жоғары білім.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
8. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Құқықтық қамтамасыз ету, шарт және қуыным жұмысы басқармасының бас сарапшысы(негізгі қызметкердің жүктілік және босану жөніндегі демалыс кезеңіне) (санаты С-4), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Құқықтық мәселелер жөнінде мемлекеттік органдарда Министрліктің мүддесін білдіру; шарттардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуді құқықтық қамтамасыз ету; басшылықтың тапсырмасы бойынша соттарда белгіленген тәртіпте Министрліктің мүддесін білдіру; Министрліктің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның жұмысына қатысу; шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттарға, келісім-шарттар жобаларына және қуынымдық өтініштерге бұрыштама қою; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобаларын дайындау; Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау; құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу; Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсіндірмелер беру; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласында: құқықтану немесе халықаралық құқық мамандығы бойынша жоғары білім.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
9. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Заңнама басқармасыныңбас сарапшысы (негізгі қызметкердің жүктілік және босану жөніндегі демалыс кезеңіне) (санаты С-4), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі даярлаған нормативтік құқықтық актілер жобаларына (Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарғыларының, заңнамалық актілерінің жобалары, сондай-ақ басшылықтың тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық бұйрықтар жобалары) сараптама жүргізу; нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындылар дайындауға қатысу; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға құқықтық баға беру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, өзге мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің құқықтық сипаттағы хаттары бойынша қорытындылар дайындауға қатысу; нормативтік құқықтық бұйрықтарды қоспағанда, заңжобаларын, Үкімет қаулылары мен басқа да нормативтік актілерді дайындауға және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісуге қатысу; нормативтік құқықтық бұйрықтарды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді немесе құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу; министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің заң жобалау жұмыстары жоспарларын және заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды қалыптастыруын және орындауын жалпы бақылау, олардың осы бағыттағы қызметіне әдістемелік басшылық жасау және бұл үшін қажетті ақпараттық және құқықтық көмек көрсету; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласында: құқықтану немесе халықаралық құқық мамандығы бойынша жоғары білім.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.Келесі құзыреттер болуы тиіс:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
10. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Нормативтік құқықтық актілер мониторингі, жүйеге келтіру және есепке алу басқармасыныңбас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне) (санаты С-4), 1 бірлік.
Функционалды міндеттер: Министрлік қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, нормативтік актілер жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысу, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; агроөнеркәсіп кешен саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құрылымдық бөлімшелердің мониторингті жүзеге асыруын үйлестіру; Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқыту ұйымдастыру; келіп түскен нормативтік құқықтық бұйрықтарды жүйелендірілген есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру, Департамент, Министрлік басшысының тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктер; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласында: құқықтану немесе халықаралық құқық мамандығы бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
III. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (010000) Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 3-қабат, 340 кабинет, анықтама үшін телефондар: (7172)74-24-52, электронды пошта: s.urkumbaieva@mid.gov.kz, s.esengeldinova@mid.gov.kz, «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Жобаларды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) № 31-4-3, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне.
Функционалды міндеттері: Ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау бойынша Қазақстан Республикасы ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жасау жобаларының іске асырылуының мониторингі және бақылау жүргізу; Комитет стратегиялық құжаттарына тиісті іс-шараларды құруға және сүйемелдеуге қатысу; жетекшілік ететін жобалар бойынша ақпараттар, есеп берулер, аналитикалық материалдар дайындау; ғарыш қызметіндегі бюджет бағдарлама жобаларына ұсынымдар дайындау; ғарыш қызметіндегі аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау рәсімдерін орындау және қатысу; ғарыш техникасы және технологиялары дамуының әлемдік үрдістерін есепке ала отырып, перспективалық ғарыш жобаларының дамуын болжау және талдауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (ғарыш техникасы және технологиялары; ұшатын аппараттарды ұшуда пайдалану; авиациялық техника және технологиялар; автоматтандыру және басқару; ұшатын аппараттарды сынау, авиациялық қаруланудың робототехникалық жүйелері; авиациялық және зымыран-ғарыштық техникасы; ғарыштық ұшу аппараттары және үдеткіш блоктар; тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері және ұшу аппараттарын қорғау,ұшу динамикасы және қозғалуды басқару; авиациялық және зымыран-ғарыштық жылутехникасы; ұшу аппараттардың және қозғалтқыштардың техникалық пайдалануы; гидрогеология, инженерлік геология және геоэкология; ақпараттық жүйелер; есептеу техникасы және бағдарламалақ қамтамасыз ету; математикалық және компьютерлік модельдеу; геодезия және картография; машина жасау; көлік, көліктік техника және технологиялар; аспап жасау; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; техникалық физика; технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша); стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша); ғарыш аппараттарын өндіру, ақпараттық-өлшеу техникасы және технологиялары); жаратылыстану ғылымдары (математика,физика, ядролық физика, информатика, механика, астрономия), әлеуметтік ғылымдар (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |