Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға



Дата01.07.2016
өлшемі189.66 Kb.
#169094


«Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер стандарттарын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы 201 жылғы « »



бұйрығына

1-қосымша


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы «03» сәуірдегі

№ 307 бұйрығына

4-қосымша

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға

және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы

жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту

жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына

және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі Министрлік) әзірледі.



3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz веб-порталы;

  2. «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

  3. www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  1. көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 15 (он бес) жұмыс күні;

  2. құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жобаның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық ноормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау объектінің аумақтық орналасу принципі бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

3) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш жасаған кезінде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

объектіні орналастыруға және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;

объектіні орналастыруға және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің реконструкциялау, күрделі жөндеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;

объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалардың және нормативтік құжаттаманың электрондық көшірмесі;

4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

жобалау құжаттамалары, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеудің және сулардың сапасының қорытындысы;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

жобалау құжаттамаларының, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеу және сулардың сапасының қорытындысының электрондық көшірмесі;

5) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасы;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жобаның, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;

6) қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылыс салуларының бас жоспарлары, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылыс салуларының бас жоспарлары, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобалары;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысы салуларының бас жоспарларының, елді мекендер құрылыс салуларын жоспарлау жобаларының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде:

жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);

өкіл өтініш жасаған кезде – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін – сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі, заңды тұлға үшін – заңды тұлға сенімхатының көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады).

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды сканерлейді және оларды электрондық өтінішке қоса тіркейді, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін және (не сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

сұраудың нөмірі мен қабылданған күні;

сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттардың берілетін күні;

құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.



Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың

лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның

және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне,

әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сонымен бірге поштамен келіп түскен шағымдарды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін

қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып

қойылатын өзге де талаптар
13. Белгіленген заңнамалық тәртіпте өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алу қабілеті мен мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне шыға отырып Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен жүргізіледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

Министрліктің: www.economy.gov.kz;

көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz;



Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.




«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

нысан


_____________________________

мемлекеттік органның атауы

_____________________________

өтініш берушінің Т.А.Ә.

_____________________________

жеке немесе заңды тұлғаның аты,

мекенжайы

____________________________

(ЖСН/БСН)

_____________________________

өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш
Сізден___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(жобаның атауы)

жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.


Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

Қолы


күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

1.

2.



3.
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

нысан
__________________________________

(Т.А.Ә., не көрсетілетін қызметті алушы

ұйымының атауы)

______________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) ____________________________;

2) ____________________________;

3) …


мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір данадан 2 данада жасалды.


Т.А.Ә.( Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. _____________

Тел.________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы


20 __ жылғы «____ » _______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет