Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдермен және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы №414



Дата12.06.2016
өлшемі127.69 Kb.
#129763
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдермен және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 414 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдердің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

В.Школьник

2015 жылғы 11 маусым

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 30 мамырдағы

414 бұйрығына



1-қосымша

 

 



Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және
қадағалауға жататын өнімдердің


тізбесі

 

1. Тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерін пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері.



2. Балаларға арналған тауарлар: ойындар мен ойыншықтар, төсек әбзелдері, киім, аяқ киім, жиһаз, арба, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер және), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, басқа да қағаздан және картоннан жасалған кеңсе тауарлары, кеңсе құралдары немесе балалар ассортименті тауарларын дайындауға арналған жасанды полимер және синтетикалық мектеп материалдары.

3. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және жүзу бассейндеріндегі шайынды суларды тазалау кезінде пайдаланылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар.

4. Парфюмерлік-косметикалық заттар, ауыз қуысы гигиенасының заттары.

5. Өндірістік мақсаттағы химиялық және мұнай-химия өнімдері, тұрмыстық химия тауарлары, лак-бояу материалдары.

6. Құрылыста, көлікте пайдалануға, сондай-ақ жиһаздар мен басқа да үйде тұтынатын заттарды дайындауға арналған полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар; жиһаз; құрамында химиялық талшықтар мен текстиль қосалқы заттары бар текстиль тігін және тоқыма материалдары; киімдер мен аяқ киімдер дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғарылар және текстиль материалдары.

7. Көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімдері.

8. Баспа өнімі: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен көрнекі құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары.

9. Өндіру процесінде өңдеуге (бояуға, сіңдіруге және) жататын табиғи шикізаттан жасалған материалдар.

10. Адамның денесімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқ киім.

11. Иондаушы сәулелену, оның ішінде сәуле шығару көздері болып табылатын өнім, бұйым, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен материалдар.

12. Құрамындағы радиоактивті заттар, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы).

13. Темекі бұйымдары мен темекі шикізаты.

14. Жеке қорғаныш құралдары.

15. Пестицидтер мен агрохимикаттар.

16. Тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдықтар.

17. Ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар.

18. Мұздаққа қарсы реагенттер.

19. 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 Кеден Одағының комиссиясының Шешіміне сәйкес оларға қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілген өзге де тауарлар.

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 30 мамырдағы

414 бұйрығына



2-қосымша

 

 



Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және
қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің
тізбесі

 

1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер:



1) балалар сүт асүйлері;

2) балалардың сауықтыру және санаториялық объектілері (маусымдық, жыл бойғы);

3) барлық түрдегі және типтегі мектепке дейінгі тәрбилеу және оқыту ұйымдары, «мектеп-балалар бақшасы» кешені;

4) балалар мен жасөсіпірмдерді тәрбиелеу ұйымдары және олардың тұратын орындары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары;

5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары;

6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары;

7) арнайы және түзету тәрбиелеу және білім беру ұйымдары;

8) ұйымдастырылған ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары, интернат ұйымдары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, вахталық кенттер, құрылыс алаңдары, өнеркәсіптік және басқа да объектілердегі) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері;

9) кремнен жасалатын кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер;

10) саны 50-ден астам отыратын орны бар тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;

11) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімдерін өндіру объектілері;

12) ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімдерін өндіру объектілері;

13) балық өңдеу объектілері, балықтың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын балық өнімдерін өндіру объектілері;

14) құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын құс етінің өнімдерін өндіру объектілері;

15) май өнімдерін өндіру объектілері;

16) алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді, сыйымдылықтарға өлшеп құйылған ауыз суды (оның ішінде минералды) өндіру объектілері;

17) жемісті өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде соя өнімдерін қайта өңдеу объектілері;

18) мамандандырылған тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру және өткізу объектілері;

19) аспаз және йодталған тұзды өндіру объектілері;

20) ұн тарту объектілері;

21) нанды және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері;

22) қантты өндіру объектілері;

23) сауда алаңы 50 шаршы метрден астам тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп өткізу объектілері, азық-түлік базарлары;

24) тамақ өнімдерін көтерме сақтау объектілері;

25) денсаулық сақтау ұйымдары:

стационарлық көмек көрсететін наркологиялық ауруханалардан (диспансерлер, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтары), психиатриялық ауруханалардан басқа (диспансерлер);

қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын;

амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін;

консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін объектілер;

дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын сақтау және тасымалдау объектілері;

26) стоматологиялық қызметтерді көрсететін объектілер;

27) дәрілік заттарды дайындау объектілері;

28) көліктегі (теміржол, су, әуе және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері;

29) көлік құралдары (теміржол, су, әуе) және жолаушыларды, қауіпті заттарды тасымалдау ұйымдары;

30) радиациялық қауіпті объектілер;

31) терінің және шырышты қабықтардың бұзылуымен көрсетілетін емдеу-косметологиялық объектілері, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтары;

32) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 1 және 2 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларын, табиғи газды өндіру, құрылыс өнеркәсібі, 1 және 2 қауіптілік сыныптарының уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зарарсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 килограмм және одан көп медициналық қалдықтарын жинау, сақтау, тасымалдау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі, радиобайланыс, радиохабар, теледидар, радиолокация және радиобасу стационарлық радиотехникалық объектілері);

33) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар;

34) спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, спорт-сауықтыру бассейндері, сыцымдылығы 20 орыннан асатын моншалар мен сауналар;

35) сауықтыру және санаторлық объектілер (маусымдық, жыл бойғы);

36) вахталық кенттер;

37) су қоймалары, 2-санатты демалыс орындары (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы);

38) су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су жинау орындары;

39) қызмет көрсететін халқының саны 2 мың адамнан асатын орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

40) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

41) санитариялық-сауықтыру ұйымдары, демалыс базалары мен орындары;

42) зертханалардың барлық түрлері.

2. Эпидемиялық маңызы елеусіз объектілер:

1) техникалық және кәсіптік оқыту, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары;

2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту ұйымдары (қосымша білім беру меемелері) - балалар мен жасөсіпірмдердің шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жастар орталықтары, аула клубтары, жас натуралисттер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар, оқу курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар, тамақтандыру ұйымдастырылмаған бала күтуші көрсететін қызметтер;

3) балалар мен жасөспірімдер үшін өнімдерді дайындау, сақтау және өткізу объектілері (аяқкиім, киім, ойыншықтар);

4) тұрғындарға компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;

5) отыратын орын саны 50-ден кем тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;

6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;

7) тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;

8) кремі жоқ кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері;

9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон өнімдерін өндіретін объектілер;

10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіретін объектілер;

11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;

12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері;

13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері;

14) крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіретін объектілер;

15) наркологиялық, медициналық-әлеуметтік оңалту және психиатриялық (наркологиялық аурханалар және диспансерлер, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтары, психиатриялық ауруханалар және диспансерлер) стационарлық медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;

16) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

17) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдары;

18) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме және бөлшектеп сату объектілері;

19) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация денсаулық сақтау ұйымдары;

20) апаттар медицинасы денсаулық сақтау ұйымдары;

21) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;

22) дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілері;

23) дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттары мен препараттарын, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындайтын, өндіретін, қайта өңдейтін, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызметтердің түрлерін көрсететін объектілер;

24) теріні және шырышты қабықты бұзбай косметикалық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар;

25) сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар;

26) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, мәйіттер, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану ұйымдары, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлар меншіктері кооперативтері, қоғамдық дәретханалар, кір жуу, химиялық тазарту, тазарту құрылыстары және өзгелері);

27) қызмет көрсететін халықтың саны 2 мың адамға дейін орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;

28) су құбыры, кәріз, жылу жүйелері, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;

29) кәріздік тазарту құрылыстары мен желілері (оның ішінде жауын шашын);

30) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 1 және 2 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларын, табиғи газды өндіру, құрылыс өнеркәсібі, 1 және 2 қауіптілік сыныптарының уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зарарсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 килограмм және одан көп медициналық қалдықтарын жинау, сақтау, тасымалдау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі, радиобайланыс, радиохабар, теледидар, радиолокация және радиобасу стационарлық радиотехникалық объектілері);

31) спорт-сауықтыру мекемелері;

32) саябақтар;

33) иондаушы сәулелеу көздері бар радиациялық объектілер, ең аз маңызды белсенділігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) бекітілген, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган бекіткен «»Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың 4-тармағында көзделгеннен төмен радиоактивті қалдықтар;

34) тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары (теміржол, автомобиль, су, әуе);

35) парфюмериялық-косметикалық өнімдерді, гигиена құралдарын сақтау қоймалары;

36) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиеналық заттарды өндіру объектілері;

37) көтерме, бөлшектеп сату базарлары және көтерме, бөлшектеп сату объектілері.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет