кандидатурасына конкурстық іріктеу өткізу туралы
хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы атынан (бұдан әрі – Филиал) (150000, СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Коституциясы к., 6-үй) мемлекеттік тіл курстарын оқытушы кандидатурасына конкурстық іріктеу өткізу (бұдан әрі –қызмет көрсету) туралы хабарлайды.
1. Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;
2) қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;
3) ғылыми дәрежесі (құпталады).
2. Осы хабарламаның 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі:
1) жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;
2) жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (псих – және нарко – диспансердің анықтамалары);
3) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) ұсынымдар (бар болған жағдайда);
5) білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге (біліктілікті арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгендігі, санаттың болуы, ғылыми жарияланымдар, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қатысты құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).
Құжаттар топтамасын толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз бола алады.
3. Құжаттарды қабылдау мына мекенжайда өтеді: 150000, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6-үй, 3-қабат, 314-бөлме. Кандидат құжаттар топтамасын желімделген конвертте қолма-қол ұсынуына немесе почтамен не petro_33 @nationalbank.kz. мекенжайы бойынша электронды түрде жіберуіне болады.
4. Құжаттар топтамасын ұсыну мерзімінің басталуы – 2016ж. 09 ақпанда сағат 9:00-ден бастап, құжаттар топтамасын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2016ж. 15 ақпанда сағат 18:00.
5. Конкурс өткізу және оның жеңімпаздарын анықтау мемлекеттік тіл курстарына оқытушыларды конкурстық іріктеу жүргізу Тәртібіне сәйкес филиалдың конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады (қоса беріледі).
6. Ақы төлеу мөлшері, талаптары және тәртібі, сондай-ақ Қызмет көрсету Мерзімдері елеулі талаптары көрсетілген, мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша өтемақылы қызмет көрсету шартының қоса берілген жобасында көрсетілген.
7. Қосымша ақпарат пен анықтаманы филиалдың жауапты тұлғасы - Людмила Ивановна Антясовадан мына мекенжай бойынша алуға болады: 150000, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6-үй, 314-бөлме, телефоны: 8(7152) 46-93-97 факс 8(7152) 46-42-07, petro_33 @nationalbank.kz. электронды почта.
Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысын
конкурстық іріктеуден өткізу тәртібі
1. Осы Мемлекеттік тілді оқыту курсының оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 151 қаулысына сәйкес әзірленген және Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің мемлекеттік тілді тиімді және нәтижелі игеруі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкте (бұдан әрі –Ұлттық банкі) мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік тілді оқыту курстарының оқытушысын конкурстық іріктеу (бұдан әрі - конкурстық іріктеу) тәртібімен анықталады.
Конкурстық іріктеу келесі іс-шараларды қамтиды:
1) конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
2) Тәртіптің 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тілді оқыту курстарының оқытушыларын конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қабылдау;
3) конкурстық іріктеуге1 қатысушылардың құжаттарын конкурстық комиссияның қарауы.
4) конкурстық комиссия өткізетін әңгімелесуге рұқсат берілген конкурстық іріктеу қатысушыларымен (бұдан әрі – қатысушылар) әңгімелесу;
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
3. Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарламаны жауапты тұлға оны Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ҚРҰБ ЗСТД жібереді және ол келесі ақпараттан тұрады:
1) құжаттарды қабылдау күні мен орны;
2) конкурстық іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар:
а) «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;
б) қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;
в) ғылыми дәрежесі (құпталады);
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі:
а) жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі;
б) жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын және азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың (псих – және нарко – диспансердің анықтама) көшірмелері;
в) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
г) ұсынымдар (бар болған жағдайда);
д) білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (еңбек кітапшасының көшірмесі, еңбек шарттары, анықтамалар және басқалары): біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер (бар болған жағдайда);
4) мемлекеттік тіл курстарын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары;
5) филиалды жауапты адамының орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефондары мен факс нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары көрсетілген байланыс деректері.
Хабарландыруда сонымен қатар, құжаттар топтамасын толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болатыны атап көрсетіледі.
Хабарландыруда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпарат болуы мүмкін.
4. Тәртіптің 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды жауапты тұлға конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, почта арқылы немесе электрондық түрде қабылдайды және мемлекеттік тілді оқыту курстарын оқытушыларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
5. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушылар ұсынған құжаттарды толық және тиісті түрде ресімделуін қарайды.
6. Конкурстық іріктеу қатысушыларының біліктіліктерін бағалау және конкурс жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық комиссия қатысушыларға мынадай өлшемдер (балл бойынша жүзеге асырылатын баға) қолданады:
1) білімі;
2) қазақ тілін оқыту тәжірибесі;
3) ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда).
Білімінің академиялық дәрежесі мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия белгілейді:
5 балл – «бакалавр» дәрежесі болса;
15 балл – «магистр» дәрежесі болса;
25 балл – «доктор» дәрежесі болса.
Оқытушы тәжірибесінің бар-жоғы мәселесін қарау кезінде конкурстық комиссия оқыту саласындағы жұмыс тәжірибесін қарайды, 5 жылдан артық тәжірибесі болғанда әр жыл үшін 1 балдан.
Ғылыми дәрежесі бар болғанда қатысушыға белгіленеді:
5 балл – ғылым кандидаты;
10 балл – ғылым докторы.
Ғылыми дәрежесі бар болғанда қатысушыға белгіленеді:
5 балл – қауымдастырылған профессор (доцент);
10 балл – профессор.
7. Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушылардың құжаттарының Тәртіптің талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы және әңгімелесуге қатысуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әңгімелесуді жүргізу күні, уақыты және орны қатысушыларға рұқсат беру бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуі керек, оған отырысқа қатысушы барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.
8. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде, хабарлайды:
- әңгімелесуге жіберілген конкурстық іріктеуге қатысушыларды әңгімелесу өткізу күні туралы (рұқсат беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде);
- конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешімімен хабардар етеді.
9. Конкурстық комиссия қатысушылардың кәсіби қабілеті мен жеке басының қасиеттерін бағалау мақсатында әңгімелесу өткізу кезінде:
- мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын білуін;
- тілдерді оқытуда заманауи инновациялық әдістемелер мен технологияларды меңгеруін тексереді.
10. Әңгімелесу нәтижелері туралы филиалдың конкурстық комиссиясының хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық қатысушылары, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орталық аппаратының жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) келісілуге жіберіледі.
11. Филиалға Хаттаманы келісу/келіспеу туралы жауапты бөлімшеден шешім түскеннен кейін конкурстық комиссия қорытынды отырыс өткізеді.
12. Конкурстық комиссияның хатшысы әңгіме өткізілген конкурстық іріктеу қатысушыларына жауапты бөлімшеден келісу алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсты қіріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.
13. Конкурсты комиссия мына жағдайларда конккурстық іріктеуді өткізілмеді деп танылады және қайтадан конкурстық іріктеу жүргізу туралы шешім қабылдайды:
1) егер конкурстық іріктеуге Тәртіпте белгіленген талаптарға сәйкес келетін екі қатысушыдан кем қатысса;
2) егер конкурстық комиссия әңгімелесу нәтижесінде конкурс жеңімпаздарын анықтамаса;
3) егер жауапты бөлімше филиалдың конкурстық комиссиясының хаттамасын келісуден бас тартса.
14. Конкурстық комиссияның шешімін конкурстық комиссия хатшысы Ұлттық Банктің интернет-ресурсына конкурстық комиссияның қорытынды отырысын өткізу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.
Мемлекеттік тілдің курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету
2016 жылғы «____» _____________ № _________ҰБ/________ ШАРТЫ
(ҚРҰБ -да қол қою/ тіркеу күні) (ҚРҰБ қол қою/ тіркеу күні)
Петропавл қаласы 2016 жылғы «____» _______________
(Жеткізушінің қол қою/тіркелу күні)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бұдан әрі - Тапсырыс беруші деп аталады, филиал туралы Ереже мен 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 15 Бас сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Ж.О. Қажырахымов арқылы бір жағынан және азамат _____________, қазақ тілінің оқытушысы, _____ж._______ берілген жеке бас куәлігінің № _____________, бұдан әрі - Жеткізуші деп аталып, екінші жағынан, бұдан әрі бірге - Тараптар деп атала отырып, мемлекеттік тілдің курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету жөнінде осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады және төмендегі жайында келісімге келді.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Шартта көзделген мерзімде және жағдайда Қосымшада көрсетілген саны, Қызмет бірлігінің бағасына сәйкес, Тапсырыс беруші тапсырады және ақысын төлейді, ал Жеткізуші Тапсырыс берушінің қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту қызметін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсету міндеттемесін өзіне қабылдайды.
2. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕСУ ТӘРТІБІ
2.1. Шарттың жалпы сомасы Жеткізуші көрсететін қызметінің құны есебіне сәйкес анықталған (Шартқа қосымша) және Қазақстан Республикасының заңнамасына (бұдан әрі-Шарттың жалпы сомасы) сәйкес салық сомаларын ескере отырып, _____________ (_____________) теңгені құрайды және өсу жағына қарай өзгеріске түспейді.
2.2. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мөлшерде ұсталатын жеке табыс салығының сомасын есепке алып, Жеткізушінің нақты орындаған уақытына 1 (бір) сағатқа 2447 (екі мың төрт жүз қырық жеті) теңге ақы төленеді.
2.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауда есептесу мерзімі қызмет көрсетілген күнтізбелік ай болып табылады.
2.4. Көрсетілген қызмет туралы актіге (бұдан әрі –Акті) Тапсырыс берушінің өкілі мен Жеткізуші қол қойған күннен бастап 10 (он) операциялық күн ішінде ай сайын Тапсырыс беруші ақшаны Жеткізушінің банктік шотына (карт-шотына) аудару арқылы көрсетілген қызметке ақы төлеуді жүзеге асырады.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жеткізуші міндеттеледі:
1) Шартта көзделген мерзімде, Шарт қосымшасына және Бағдарламаға сәйкес тиісті (жоғары) сапалы, толық көлемде Қызмет көрсетуге;
2) көрсетілген қызмет туралы акт жасау үшін есептесу мерзімінен кейінгі айдың 5 -не дейін нақты орындаған уақыты туралы есепті (қатысуды есепке алу журналын) Тапсырыс берушіге ұсынуға;
3) оқыту курсы аяқталғаннан кейін тиісті материалдарды ресімдеп, қорытынды тест жүргізуге;
4) Қызмет көрсету кезінде Тапсырыс берушінің қызметкерлеріне мемлекеттік тіл мәселелері бойынша қосымша кеңес беруге;
5) осы Шарттың қолданылу мерзіміне қарамастан, оған Тапсырыс берушідегі жұмыс кезінде мәлім болған және қызмет бабында пайдалануға арналған барлық мәліметтерді құпия сақтауға және жария етпеуге;
6) Тапсырыс беруші белгілеген кіру тәртібі ережесін сақтауға;
7) Шарттың 6 тарауында анықталған тұрақсыздық көлемі төленеді, Шарт бойынша Жеткізуші өз міндеттемесін тиісті орындау және (немесе) орындамауына байланысты бір жақты тәртіпте Тапсырушының талабы бойынша Шарт бұзылу жағдайында;
8) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттері толық немесе жекелеген қандай да бір бермеу.
3.2. Жеткізуші:
1) Шарт жағдайына сәйкес Қызмет көрсету үшін төлемді тапсыруға;
2) Шарттың 3.4. тармағына сәйкес Шарт жойылған жағдайда, бұзу күні Шарт бойынша бұзумен байланысты нақты шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Шарт бойынша Жеткізуші өз міндеттемелерін тиісті орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға;
2) осы Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтердің ақысын Жеткізушіге уақытылы және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс беруші:
1) Қызмет көрсетілу барысына және олардың Шарт талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыруға;
2) Шарт бойынша өз міндеттерін Жеткізуші тиісті орындаған немесе орындамаған жағдайда, ол туралы Жеткізушіні жазбаша хабарлай отырып, Шарттың бір жақты тәртіпте бұзуға. Сонымен қатар Жеткізуші 5 тарауына сәйкес жауапкершілікте болады;
3) Шартты кез келген сатыда бір тарапта бұзуға;
- Жеткізуші Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісті орындамаған жағдайда,
- оны одан әрі атқару мақсатсыз болған кезде Шартты бұзу болжалған күніне дейін Жеткізушіні күнтізбелік 15 (он бес) күнде ол туралы жазбаша хабарландыруға.
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
4.1. Қызмет көрсету жалпы мерзімі – 2016 жылғы наурыздан бастап 2016 жылғы желтоқсан айы аралығында, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к. 6, мекенжайы бойынша орналасқан Тапсырыс берушінің ғимаратында Жеткізушімен жүзеге асырылады.
4.2. Тапсырыс беруші Қызмет көрсету тәртібін (өткізу күні, уақыты және сабақтың ұзақтығы) Шарт қосымшасына және Бағдарламаға сәйкес Жеткізушімен келісу бойынша анықтайды.
4.3 Қызметтер Акті тараптарының уәкілетті өкілеттерінің қол қойылған күнінен бастап тиісті үлгіде көрсетілді деп есептеледі.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1. Тараптар өздерінің Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауап береді.
5.2. Жеткізуші өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, ол Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 5 % (бес пайыз) мөлшерінде айыппұл төлейді.
5.3. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша төлемді кешіктіргені үшін, Жеткізушіге төлем мерзімі өткен әрбір операциялық күнге төленбеген сомадан 0,5 % (нөл бүтін оннан бес) мөлшерінде өсімпұл төлейді.
5.4. Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін немесе орындамау салдарынан Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте Шартты бұзған жағдайда, Жеткізушіге Тапысрыс беруші Шарттың Жалпы сомасынан тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) сомасынан төлейді.
5.5. Тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемесін Жеткізуші Шарт бойынша өз міндетін бұзған жағдайда Жеткізушінің келісімінсіз төлемді жүзеге асыру кезінде тұрақсыз (өсімпұл) сомасын ұстауға құқылы.
Тұрасыздықты (өсімпұлды) төлеуден Осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындаудан Тараптар босатылмайды.
5.6 Егер Жеткізушінің кінәсінан емес (Жеткізуші шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамағанда) Тапсырыс беруші Шарты бұзу бастамасы болса, Жеткізуші бұзылған күнге Шарт бойынша бұзумен байланысты нақты шығын үшін ғана төлемді талап ету құқығы бар.
6. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
6.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, егер олар Тараптар алдын ала болжай алмаған және осы Шартты орындауға тікелей кедергі жасаған дүлей күштің тууы: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, табиғат апаты, қоршауда қалу, ереуіл, әскери іс-қимылдары, террорлық әрекеттер және өзге де осыған ұқсас жағдайлардың салдарынан болса, онда жауапкершіліктен босатылады. Дүлей күштің әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдай орын алған уақытқа ұзартылады.
6.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмай қалған Тарап осы Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді, сондай-ақ тиісті уәкілетті мемлекеттік органның растайтын құжатын ұсынады. Мұндайда, жалпыға танымал фактілер дәлелдеуді қажет етпейді.
6.3. Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген жағдайлар үш айға созылса, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұдан әрі орындаудан бас тартуға құқылы. Мұндайда Тапсырыс беруші іс жүзінде көрсеткен Жеткізушінің қызметіне ақы төлеуге міндетті, және осыдан кейін Тараптардың ешқайсысының басқа Тараптан қандай да бір шығындарды талап етуге құқылы емес.
7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1. Тараптар жалпы Шарт талаптарын және ұсынушы Тарап құпия деп белгiлеген барлық ақпаратты бір Тараптың жариялау заңдарда жазылған не соған уәкiлеттi мемлекеттік органдардың ресми сұратуы негiзiнде жүзеге асырылған жағдайлардан басқа кезде басқа Тараптың жазбаша рұқсатынсыз ешқандай үшiншi тұлғаларға жариялауға болмайтынын таниды.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖАҒДАЙЫ
8.1. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіпте реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.
8.2. Егер Тараптар келісімге, дауға келіспесе, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сот тәртібінде қаралады.
8.3Шарт Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі және даулар туындаған жағдайда олар Тапсырыс берушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының сотында қаралатын болады.
9. ШАРТҚА ҚОСЫМШАЛАР МЕН ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ
9.1. Тараптардың тұрған жері және/немесе реквизиттері өзгерген жағдайда тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты жазбаша түрде хабарлайды.
9.2. Шарттағы барлық қосымшалар мен өзгертулер қосымша келісімдермен ресімделеді және Тараптармен қол қойылады.
9.3. Тапсырыс беруші бір жақты тәртіпте Шартты шұғыл бұзуға құқылы, мынадай жағдайда:
1) Шарт бойынша Жеткізуші өз міндетін атқармағанда және /немесе тиісті атқармағанда;
2) Шартты одан әрі орындау мақсатсыз болғанда;
3) Тапсырыс берушіден тәуелсіз себептер бойынша күнтізбелік 15 (он бес) күннен аса, Шарт жағдайларымен көзделген Қызмет көрсету мерзімдерін Жеткізушімен кешіктіру;
4) Жеткізуші қызмет көрсету сапасын сақтамауы;
5) Шартпен көзделген басқа да жағдайлар.
9.4. Шартты бұзуға бастамшылық жасаған тарап Шартты шұғыл бұзу жағдайында басқа Тарапқа Шартты бұзу болжалған күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Шартты бұзу туралы жазбаша хабарландыру жолдайды, тиісті уақыттың өтуі бойынша Шарт бұзылды деп есептейді. Хабарламада Шарты бұзу себебі, шарт міндеттемелерінің жою көлемі, сондай-ақ Шартты бұзу күні көрсетілуі тиіс. Жеткізуші Шартты бұзған жағдайда расталған құжаттардың негізінде Шартты бұзу күніне тек нақты көрсетілген Қызметтері үшін төлемді талап ету құқығы бар.
9.5. Тараптар Шартты шұғыл бұзу жағдайында 15 (он бес) банктік күн ішінде Шартты бұзу күнінен бастап алдыңғы күнде Шартты бұзу, күнге нақты Қызмет көрсету үшін өзара есеп жүргізіледі.
10. ШАРТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНУ ЖАҒДАЙЫ
10.1. Осы Шарт оған қол қойған кезден бастап күшіне енеді және Тараптар ол бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
11. БАСҚА ТАЛАПТАР
11.1. Шарттың қосымшасы оның ажырамас бөлігі болып табылады.
11.2. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болғандығына байланысты.
11.3. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
11.4.Шарт 5 данадан тұрады: бірдей заң күшіне ие, екі мемлекеттік тілде және үш орыс тілінде.
11.5. Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер тоқтатылмайды және олардың құқықтық мұрагерлеріне көшеді.
11. ТАРАПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Тапсырыс беруші
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Солтүстік Қазақстан филиалы, 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конатитуциясы көшесі, 6, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ ЖБК KZ48125KZTTO04100100, ББК NBRKKZKX, БСН 930641000013.
Тапсырыс берушіден________ Ж. Қажырахымов
| Жеткізуші:
Жеткізушіден __________________
Бұрыштамалар:
Филиал директорының орынб. __________
Филиал директорының орынб. __________
БЕБ бастығы – бас бухгалтер __________
Бас маман-заң кеңесшісі __________
Қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі бас маман __________
2016 жылғы «_____» __________
(ҚР ҰБ тіркеген күні)
2016 жылғы «_____» __________
(Жеткізушінің қол қойған/тіркелген күні)
№__________ҰБ/______ шартқа
(ҚР ҰБ нөмірі) (Жеткізушінің нөмірі)
қосымша
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ
ОҚЫТУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚҰНЫНЫҢ ЕСЕБІ
р/б
№
|
Қызмет көрсету мерзімі
(2016ж. ай)
|
Мерзімдегі академиялық сағаттар саны
|
1 сағат үшін төлем құны
(теңге)
|
Мерзімдегі төлем
(теңге)
|
1
|
Наурыз
|
14
|
2447
|
34258
|
2
|
Сәуір
|
14
|
2447
|
34258
|
3
|
Мамыр
|
14
|
2447
|
34258
|
4
|
Маусым
|
14
|
2447
|
34258
|
5
|
Шілде
|
14
|
2447
|
34258
|
6
|
Қыркүйек
|
16
|
2447
|
39152
|
7
|
Қазан
|
16
|
2447
|
39152
|
8
|
Қараша
|
16
|
2447
|
39152
|
9
|
Желтоқсан
|
12
|
2447
|
29364
|
ЖИЫНЫ:
|
130
|
|
318110
|
Тапсырыс беруші
|
Жеткізуші
|
Тапсырыс берушіден __________ Ж.О. Қажырахымов
|
Жеткізушіден ____________
|
Достарыңызбен бөлісу: |