Мемлекеттік тіл ұлт бірлігі



бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі7.79 Mb.
#484455
  1   2   3   4   5
Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігі


Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігі
Менлібек Нағима, Серікбай Анилия, Жубатканов Қуаныш, Қайратқызы Жананұр,
Қалдарова Динара
Тіл — халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр..
“Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970 — 80 жылы 6604 тіл , оның ішінде 300 өлі тіл болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. 
Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады. Ал егер бір тілде сөлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 млн. адам сөлейді екен. Ағылшын тілінде – 434 млн., хинди тілінде – 338 млн., испан тілінде – 331 млн. Адам сөйлейді.
«Тілі өлген ел – тірі өлген ел». Халықтың ұлттық сипаты тілінен көрініс табады. Өз тілімізді құрметтейік, өзге тілдің бәрін білмесек те, олар туралы қызықты деректерді біле жүрейік.
  • Әлемде 6500-ге жуық тіл бар. Оның ішінде 2000 тілге құрып кету қаупі төніп тұр.
  • «Ана» («мама») сөзі әлемнің көптеген тілінде «М» әрпінен басталады.
  • Папуа-Жаңа Гвинея тұрғындары 700-ге жуық тілде сөйлейді. Бұл шамамен әлем тілдерінің 15 пайызын құрайды. Ал ауылдағы адамдармен араласу үшін тағы көптеген диалектілер қолданылады.
  • Солтүстік Африкадағы берберлер тілінің жазбаша нұсқасы жоқ.
  • Ағылшын тіліндегі «news» сөзі North, East, West, South, (Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс) сөздерінің бас әрпін біріктіру арқылы құралған.
  • Гавай әліпбиінде тек 12 әріп бар.Бір кездері амперсэнд (&) белгісі ағылшын тілінің алфавитінде әріп ретінде танылған.
  • Адамдар көріскенде қал-жағдай сұрасатыны секілді, Малайзияда көшеде танысын көргенде «Қайда бара жатырсың?» деп айтады. Бұл сұрақ емес, оған кез келген адам «Жай, серуендеп жүрмін» дейді.
  • Ең көне әліпбилерден өзгермей сақталып келе жатқан әріп – О.
  • Басқа елдерге қарағанда Азия мен Африкада әртүрлі тіл көп.
  • Суахили – араб тілі, португал тілі, африка тілінің бірігуінен туған тіл.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет