«Мінездеме» тақырыбына арналған тапсырмалар
Оқушыңызға оқуға түсу үшін мінездеме жазыңыз.
Студентке аспирантураға түсу үшін мінездеме жазыңыз.
Жұмысшыңызға прокуратураға жұмысқа тұру үшін мінездеме жазыңыз.
Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз.
Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме жазыңыз.
Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну туралы мінездеме жазыңыз.
Бас маманды жаңа қызметке жоғарылату туралы мінездеме жазыңыз.
«Хабарландыру» тақырыбына арналған тапсырмалар
Студенттердің дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясы болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.
Көңілділер мен тапқырлар сайысының болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.
Белгілі әншінің концерті болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.
Кәсіпорынның тұсаукесер тойы болатындығы туралы хабарландыру жазыңыз.
Кітап дүкеніне жаңа тауарлардың түскені туралы хабарландыру жазыңыз.
Сынақ кітапшаларын деканатқа тапсыру туралы хабарландыру жазыңыз.
Оқудың төлемақысын өтеу туралы деканат тарапынан хабарландыру жазыңыз.
«Баяндау хат» тақырыбына арналған тапсырмалар
1. Оқушылар қабылдау жоспарының орындалуы туралы баяндау хат жазыңыз.
2. Студенттердің сабаққа дұрыс қатыспайтындығы туралы баяндау хат жазыңыз.
3. Философия пәні мұғалімінің орнына басқа мұғалім беруін өтінетіндігіңіз туралы баяндау хат жазыңыз.
4. Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру туралы баяндау хат жазыңыз.
5. Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақ босатқанын мәлімдеп, оқытушы атынан бяндау хат жазыңыз.
6. Қалалық білім беру бөлімінің атына биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
7. Бөлім меңгерушісі атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапасы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |