25.04.2015 редакциясында
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 13.07.2013 ж. № 170 (28109); "Казахстанская правда" от 13.07.2013 г. № 232 (27506); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
-
Қазақстан Республикасының
|
|
Премьер-Министрі
|
С. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді
жекешелендiру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығында тиесілі және коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорына, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлер;
2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
5) тұрғынжай - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
6) тұрғынжайды жекешелендіру - азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғынжайларды немесе тұрғын үй- жайларды (пәтерлерді) меншігіне сатып алуы, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
7) қызметтік тұрғын жай – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын жай;
8) қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жай – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын жай;
9) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
10) тұрғын үйдің қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
11) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш берген тұлға;
12) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт;
13) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;
14) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын жайларға теңестiрiлген тұрғын жайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғын жайды өтеусіз жекешелендіреді.
Қызметтiк тұрғын жайға теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен судьялар, егер олар мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде он жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Қызметтiк тұрғын жай берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын жай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары, егер қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтiк тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте күнтiзбемен есептегенде он және одан да көп жыл болған әскери қызметшiлер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген қызметтiк тұрғын жайды осы Қағидаларда көзделген шарттарда және тәртiппен (жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын үйлердi қоспағанда) жекешелендiруге құқылы.
2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызметте күнтiзбемен есептегенде он бес және одан да көп жыл болған әскери қызметшiлер күнтiзбемен есептегенде әскери қызметтiң жиырма жылы өткеннен кейiн қызметтiк тұрғын үйдi өтеусiз жекешелендiруге құқылы.
Теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма жыл және одан көп ішкі істер органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары он жыл және одан көп және асырауында мүгедек балалары бар қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар.
Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйін өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
5. Қызметін өткерген кезеңде сол елдi мекенде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтегі он жыл әскери қызмет өтілінен кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзiмiне қарамастан, оны (әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық объектiлерде орналасқан тұрғын үй-жайларды қоспағанда) жекешелендiруге құқылы.
Мұндай тұрғын жайларды оның жабық және оқшауландырылған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында орналасуының салдарынан жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайларда, жекешелендіру құқығы басқа жерлерден сатып алу (салу) үшін тиісті тұрғын үйдің құнымен өтеледі.
Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендiруге құқылы.
Қызметтiк тұрғын жайға теңестiрiлген тұрғын жай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.
6. Бірнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
7. Мыналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алады:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда, күнтізбелік есеппен жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың және ішкі істер органдарының қызметкерлері;
7-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, бейбіт уақытта әскери қызмет міндетін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) күнтізбелік есеппен он және одан көп жыл еңбек сіңірген және асырауында мүгедек балалар бар ішкі істер органдарының қызметкерлері;
10) ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;
11) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
12) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, ішкі істер органдарының қызметтен шығарылған және күнтізбелік есеппен жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлері, сондай-ақ күнтізбелік есеппен он және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар және мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
8. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына берiлетiн тұрғын үйді жалдаушы қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
9. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, жекешелендiреді.
10. Мыналар:
1) олардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
2) уақытша құрылыстардағы;
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
5) әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектiлердің аумағында орналасқан;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
7) бұзылуға тиіс;
8) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген;
9) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайтын тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы.
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11-1. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру
тәртібі
12. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді мыналар қабылдайды:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары.
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
13. Тұрғын үйді жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.
14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібінде тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өздері тұратын үй-жайларын жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелері;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің көшірмелері;
4) жалдау (жалға алу) шартын не тұрғын үй ордерінің көшірмелері;
5) аумақтық әділет органының анықтамасы (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы);
6) анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;
7) өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;
8) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат;
9) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
10) тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешегі жоқтығын растайтын құжат;
11) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жеке меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат.
Осы Қағидаларда көзделмеген қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Тұрғын үй комиссиялары өтініш беруші осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.
16. Тұрғын үй комиссиясы мынадай негіздер бойынша:
1) өтініш беруші осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 9 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда тұрғын үйді жекешелендіруден дәлелді бас тартуды шығарады.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту өтініш иесінің осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, тұрғын үй комиссиясына қайта өтініш беруіне кедергі болмайды.
18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғын үйді беретін орган тұрғын үйдің қалдық құнын:
1) мемлекеттiк мекемелер «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына;
2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.
19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғын үйді мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасына сәйкес шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның және коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйді беру күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
20. Тұрғын үйді беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бір мезгілде өтініш берушіге төленуі тиіс сома көрсетілген тұрғын үйдің құны туралы анықтама беріледі.
21. Жекешелендіруге жататын тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында күнтізбелік отыз күннің ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалады.
Ескерту. 21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 № 1132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі.
Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.
23. Тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйдің құнын он жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп төлей алады. Тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеудің кестесі, шарттары және мерзімдері тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бұл ретте, тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғын үйдің құнынан кемінде отыз пайыз мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғын үйдің құнын төлеу кестесінде бөліп-бөліп төлеуді ескере отырып, төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.
24. Бөліп төлеу жолымен тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді белгіленген тәртіпте алғаннан кейін өтініш берушінің жұмыс орнының өзгеруі оның көрсетілген шешім бойынша тұрғын үйді жекешелендіру құқығын одан әрі іске асыруға әсер етпейді.
25. Азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделген төлем кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын алты ай қатарынан төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган азаматтан алынған төлемнің сомасы тұрғын үй құнының жартысынан артық болған жағдайды қоспағанда, сотқа өтініш бергенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлама жолдай отырып, тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты сот тәртібінде бұзады.
Тұрғын үй құнының жартысынан көбін төлеген өтініш беруші кесте бойынша алты айдың ішінде тұрғын үйдің құнын төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты бұзбай сот тәртібінде берешекті өндіріп алады.
26. Өзінің бастамасы бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты бұзған кезде не алты ай қатарынан төлем кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын төлемеген жағдайда, тұрғын үйдің құнын өтеу үшін енгізілген сома өтініш иесіне қайтарылады, одан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемнің сомасы шегеріледі. Осы сома жеткіліксіз болған кезде өтініш иесі тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем сомасындағы айырманы өтейді.
27. Тұрғын үйді жекешелендіру шарты екі данада жасалады, оның біреуі жергілікті атқарушы органда сақталады, екінші өтініш берушіге беріледі.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үйлерді жекешелендiру қағидаларына
қосымша
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы
№ ____ үлгі шарт
______________________________ 20__ ж. «___» ____________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің
және елді мекеннің атауы)
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
бұдан әрі «Меншік иесінің өкілі» деп аталатын _______________________
атынан ______________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын (бұдан әрі «Тараптар»
аталатын) ____________________________________________________ азамат
(Т.А.Ә.)
төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. (Осы тармақ тұрғын үй өтеулі алынған жағдайда толтырылады).
1) «Меншік иесінің өкілі» тұрғын үйге меншік құқығын береді, ал
«Сатып алушы» және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерi, оның
ішінде уақытша болмаған адамдар _____________________________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.)
мынадай мекенжай бойынша орналасқан _________________________________
_____________________________________________________________________
тұрғын үйдің құнын 20__ жылғы «___» ___________________ дейін төлейді
(тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеген жағдайда төлем осы шартқа
қосымшаға сәйкес тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша
жүргізіледі) және ортақ бірлескен жеке меншікке тұрғын үйді сатып
алады.
2) Тұрғын үй мыналардан тұрады:
жалпы алаңы ____ м2, оның ішінде тұрғын алаңы ___ м2, тұрғын
емес алаңы ___ м2.
3) Тұрғын үй меншікке сатып алынғанда «Сатып алушыға»
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес беріледі.
4) Тұрғын үйдің құны __________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
теңге сомасында деп белгіленді.
5) «Сатып алушы» күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйдің
құнына сомасындағы ______________________________ ақысын төлейді, бұл
(цифралармен және жазумен)
20__ жылғы «___» __________ № _____ құжатпен расталады не осы шартқа
қосымшаға сәйкес Тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша тұрғын
үйдің құнын _____________ жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп төлейді.
6) Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген
күнінен бастап пайда болады.
Тұрғын үйге меншiк құқығының пайда болуы үшін негіз осы
тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұрғын үйдің құнын толық төлеу
болып табылады.
2. (Осы тармақ тұрғын үй өтеусіз берілген жағдайда
толтырылады).
1) «Меншік иесінің өкілі» тұрғын үйге меншік құқығын береді, ал
«Сатып алушы» және онымен бiрге тұрақты тұратын барлық отбасы
мүшелерi, оның ішінде уақытша болмаған адамдар ______________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.)
мынадай мекенжай бойынша орналасқан _________________________________
_____________________________________________________________________
тұрғын үйді ортақ бірлескен жеке меншікке сатып алады.
2) Тұрғын үй мыналардан тұрады:
жалпы алаңы ____ м2, оның ішінде тұрғын алаңы ___ м2, тұрғын
емес алаңы ___ м2.
3) Тұрғын үй меншікке сатып алынғанда «Сатып алушыға»
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес беріледі.
4) Тұрғын үйдің құны __________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
теңге сомасында деп белгіленген.
) Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген
күнінен бастап пайда болады.
Осы шартқа Таптардың қол қоюы тұрғын үйге меншік құқығының
пайда болуына негіз болып табылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
1. «Меншік иесінің өкілі»:
1) «Сатып алушыға» сотқа бергенге дейін күнтізбелік отыз күн
бұрын хабарлама жібере отырып, азамат тұрғын үйдің құнын төлем
кестесі бойынша төлемеген жағдайда осы шартты сот тәртібінде бұзуға;
2) осы шарт бойынша төлемнің уақытында және толық аударылуына
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
2. «Сатып алушы»:
1) тұрғын үйдің толық құнын төлей отырып не тұрғын үйді өтеулі
сатып алған кезде он жыл мерзімге дейін бөліп-бөліп төлеу арқылы
жекешелендіруге;
2) тұрғын үйді бөліп-бөліп өтеулі сатып алған кезде
жекешелендірілетін тұрғын үйдің құнын мерзімінен бұрын өтеуге;
3) тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартты жасау мен оны бұзуға
дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін меншік иесінің өкіліне төлемнің сомасын қайтара
отырып, өзінің бастамасы бойынша осы шартты бұзуға құқылы.
3. «Меншік иесінің өкілі»:
1) «Сатып алушыға» сотқа бергенге дейін күнтізбелік отыз күн
бұрын сот тәртібінде осы шартты бұзу туралы хабарлама беруге;
2) осы шарт бойынша, оның ішінде он жылға дейін бөліп-бөліп
төлеу тәртібінде тұрғын үй құнының төлемін қабылдауға;
3) тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеуді көздейтін тұрғын үйді
жекешелендіру туралы шартты бұзған кезде тұрғын үйді жекешелендіру
туралы шартты жасау мен оны бұзуға дейінгі уақыт аралығында
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын
үйдің құнын төлеу үшін төленген соманы шегере отырып, тұрғын үйді
жекешелендіретін азаматтарға тұрғын үйдің құнын өтеу үшін енгізілген
сомасын қайтаруға;
4) тұрғын үйдің құнын толық төлеген кезде мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрып жатқан тұрғын үйді «Сатып алушының» меншігіне беруге
(тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде);
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан тұрғын үйді
«Сатып алушының» меншігіне беруге (тұрғын үйді өтеусіз сатып алған
кезде) міндетті.
4. «Сатып алушы»:
1) тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде төлеуге;
2) тұрғын үйді бөліп-бөліп төлеумен өтеусіз сатып алған кезде
осы шартпен белгіленген тұрғын үйдің құнынан отыз пайыздан кем емес
мөлшерде бастапқы жарна енгізуге, сондай-ақ осы шартқа қосымшаға
сәйкес тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі бойынша тұрғын үйдің құнын
төлеуге;
3) осы шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін үшінші
тұлғаларға бермеуге;
5) «Меншік иесінің өкілі» сұрау салған кезде тұрғын үйдің құны
төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға;
6) тұрғын үйді өтеулі сатып алған кезде тұрғын үйдің құны толық
төленгеннен кейін тұрғын үйді меншікке қабылдауға міндетті.
4. Осы шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс
тілдерінде «Сатып алушы», «Меншік иесінің өкілі» үшін екі данада
жасалады және ол Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
«Меншік иесінің өкілі» «Сатып алушы»
___________________________ ________________________
___________________________ ________________________
(деректемелері), М.О. (деректемелері)
Тұрғын үйді жекешелендіру
туралы шартқа
қосымша
Тұрғын үйдің құнын төлеу кестесі
20__ жылғы
№
|
Төленетін сома
(теңгемен)
|
Төлеудің тиісті мерзімі
(күні, айы, жылы)
|
Төлеудің нақты мерзімі
(төлемді растайтын түбіртектің немесе құжаттың нөмірін көрсете отырып)
|
1
|
|
20 ж. « » қаңтар
|
20 ж. « » №
|
2
|
|
20 ж. « » ақпан
|
20 ж. « » №
|
3
|
|
20 ж. « » наурыз
|
20 ж. « » №
|
4
|
|
20 ж. « » сәуір
|
20 ж. « » №
|
5
|
|
20 ж. « » мамыр
|
20 ж. « » №
|
6
|
|
20 ж. « » маусым
|
20 ж. « » №
|
7
|
|
20 ж. « » шілде
|
20 ж. « » №
|
8
|
|
20 ж. « » тамыз
|
20 ж. « » №
|
9
|
|
20 ж. « » қыркүйек
|
20 ж. « » №
|
10
|
|
20 ж. « » қазан
|
20 ж. « » №
|
11
|
|
20 ж. « » қараша
|
20 ж. « » №
|
12
|
|
20 ж. « » желтоқсан
|
20 ж. « » №
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақ КСР мемлекеттік меншiкті жекешелендірудің купондық тетігі туралы ережені іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы № 667 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 3, 48-құжат).
3. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алған тұрғын үйге азаматтардың меншік құқығын ресімдеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 ақпандағы № 87 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шілдедегі № 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 431-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы № 1043 қаулысы.
6. «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қарашадағы № 1143 қаулысы.
7. «1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 4-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 31 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
10. «Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы № 738 қаулысы.
12. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 тамыздағы № 810 қаулысы.
13. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі № 1173 және 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1148 қаулысының 2-тармағы.
14. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1317 қаулысы.
15. «Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1316 қаулысы.
16. «Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 1560 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 200-құжат).
18. «Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін тұрғын үй салуға үлестік қатысуға және сатып алуға бөлінетін қаражатты пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 294 қаулысының 2-тармағының 4) тармақшасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысына
2-қосымша
Қызмет бабында пайдалану үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
"Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен берілген 2-қосымша "Заң" деректер базасына енгізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |