«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті
атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды
1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің басшысы, E-3 санаты (№01-1-12), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 102436,96 теңгеден 138248,26 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлу және басшылық етуді іске асыру; бөлім қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және басшылықтың қарауына енгізу; іс жүргізуде мемлекеттік тілді енгізуді және құжат айналымының нақты жүйесін енгізуді қамтамасыз ету; басшылыққа келіп түскен хат - хабарларды алдын ала қарау және қарарлардың жобасын дайындау; құжатты көбейтуге және басылып шығарылуына қолы мен бұрыштама қояды; қала әкімдігі отырыстарын дайындап, өткізуді ұйымдастыруды, қала әкімдігінің отырыстарының хаттамаларын және қала әкімі тапсырмаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді, өткен кезеңдегі атқарушылық тәртіп жағдайы мен құжат айналымына талдау жасайды; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге қатысты жұмыстарды, қала әкімінің, оның орынбасарларының, әкім кеңесшісінің және аппарат басшысының жеке қабылдаулар жүргізуін үйлестіреді және бақылайды, бақылау жасайды, «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс, қаланың атқарушы органдарындағы және ауылдық аймақтағы іс жүргізу үдерісінің жай –күйіне қатысты практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; бөлім қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді және бақылайды, қала әкімі мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (құқық саласында, білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында, қызмет көрсету саласында).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес*;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы*.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы, Е-R–1 санаты (№02-10-01), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 142412,36 теңгеден 192381,61 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін үйлестіру және басшылық ету; шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларына ықпалдасу және іске асыру; шағын және орта кәсіпкерліктің, нарықтық экономиканың талабына сүйене отырып сауда жүйесінде және халыққа қызмет көрсету саласында өңірлік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік туғызады; тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіру. Нарық конъюнктурасы мен тұтыну бағаларының динамикасын жүйелі зерделеу, кәсіпкерлікті дамытуға және тұтынушы тауарлардың, қызмет көрсету нарығында бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды әзірлеу және жүзеге асыру. Азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу және бөлімнің құзыретіне сәйкес өтініштерді қарастыру; жедел және ағымдағы сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару; бюджеттік бөлінген қаржыны тиімді игерілуіне және мемлекеттік сатып алуларды жүргізуге бақылауды жүзеге асыру; бөлім мамандарының қызметтік міндеттерін, өкілеттіктерін анықтау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында: педагогика және психология, математика, информатика, құқық және экономика негіздері; қазақ тілі және әдебиет; құқық саласында: құқықтану, халықаралық құқық; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында: экономика, қаржы, мемлекеттік жергілікті басқару).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) ғылыми дәрежесінің болуы;*
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*
3. «Екібастұз қаласы әкімдігің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшының орынбасары-жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және көріктендіру секторының меңгерушісі, E-R-2 санаты (№ 02-3-03-1), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 127421,55 теңгеден 172393,91 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Сектордың қызметін үйлестіру және жетекшілік ету. Мекеменің перспективті жоспарын құрастыру: 015-«Елді мекендер көшелерін жарықтандыру»;016-«Елді мекендерде тазалықты қамтамасыз ету»;
017-«Жерлеу орындарын және туғандары жоқтарды жерлеуге арналған орындарды күтіп-ұстау»;018-«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»;021-«Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету»;023-«Автомобиль жолдарын қызмет етуін қамтамасыз ету»;024-«Поселкеішілік (қалаішілік), қала сыртындағы және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру»,458-065-000 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құру және жоғарлату» қалалық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Жетекшілік ететін бағдарламаларды орындау бойынша мердігерлік ұйымдармен жедел жұмыстар атқару. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жиналыстарға, қала бойынша жиындарға, объектілерді тексеруге қатысу (қажеттілікке байланысты). Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау кезінде Заңнама нормаларын сақтау бойынша жұмыс жүргізу және бақылау, оларды шешу. Бөлім басшысының міндетін атқару. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын, қарарын орындау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; құқық саласында).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда үш жылдам кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, ЕR-3 санаты (№ 02-10-02), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 96607,22 теңгеден 129920,05 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Сектор мамандарының қызметін үйлестіру; «ЭКСПО-2017», «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай мемлекеттік бағдарламаларына ықпалдасу және іске асыру, Мемлекеттік-жеке серіктестік жөніндегі жұмыс, 2016-2020 жж. арналған Екібастұз қаласының аумағын дамыту жоспарын іске асыру, «Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» базасын жүргізу: бөлім сайтын жүргізу; сауда және қызмет көрсету саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ақпаратын жинақтау және талдау жүгізу; кәсіпкерлікті дамытуға және тұтынушы тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды әзірлеу және іске асыру. Бірінші басшы болмаған жағдайда, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу, бөлімнің құзыреті шегінде азаматтардың өтініштерін қарастыру; бөлінген бюджеттік қаржының тиімді игерілуіне және мемлекеттік сатып алуларды жүргізуге бақылауды жүзеге асыру; бөлім мамандарының қызметтік міндеттерін, өкілеттіктерін анықтау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім (білім саласында: педагогика және психология, математика, информатика, құқық және экономика негіздері; қазақ тілі және әдебиет; құқық саласында: құқықтану, халықаралық құқық; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында: экономика, қаржы, мемлекеттік жергілікті басқару).
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты (№02-5-04), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 96607,22 теңгеден 129920,05 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту секторының жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау. Қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру.Бекітілген стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды ұйымдастыру және жүргізу. Жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтудың белсенді формаларымен қамтуға жіберілген іс-шараларды іске асыру үшін арналған қаражаттардың жыл сайынғы қажеттілігін анықтау. Сектордың бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттар игерілуінің ай сайынғы мониторингі. Белгіленген іс-шараларды іске асыру талдауы, мониторингі, олардың орындалуы бойынша ақпарат дайындау. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақыларын төлеуге ведомстволардың уақытында және сапалы құруына бақылау. Экономика саласындағы кешенде тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құрудың болжамды, жұмыспен қамту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын, қаланың жұмыспен қамту картасын әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг. Кәсіпорындардан қызметкерлердің босатылуы туралы мәліметтерді қалыптастыру. Әлеуметтік серіктестік бойынша үш жақты келісім бойынша комиссия хатшысының міндетін атқару, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына аталған комиссияның жұмысы туралы ақпарат ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жасау. Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын өткізу. Сектордың құзырына қатысты мәселелер жөнінде жоғары тұрған органдарға және түрлі мекемелерге, БАҚ-қа, жиналыстарға ақпарат дайындау. Өз құзыры шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін кәсіпорындармен, ұйымдармен, әкімдіктің мемлекеттік мекемелерімен, Бөлімнің басқа секторлар мамандарымен және ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлерімен өзара жұмыс жасау.Кадрларға қажеттіліктерді анықтау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру. Жеке тұлғалардың өтініштерін «Еңбек нарығы» ААЖ уақытында енгізу.Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды іске асыру үшін жұмысты және бақылауды ұйымдастыру. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушыларымен жұмыспен қамту орталығы атынан әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға бақылауды ұйымдастыру. «Түлек» базасының құрылымына бақылауды қамтамасыз ету және түлектердің жұмысқа тұруының мониторингі. Сектор мамандарымен тоқсан сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік статистикалық есептерді дайындауға, жаңа жұмыс орындарын құру, босатылу мониторингі бойынша тоқсан сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік статистикалық есептерді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсыруды бақылау. Өз құзыры шегінде жұмыс барысында пайда болған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шара қабылдау. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; қызмет көрсету саласында).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;*
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің бар болуы.*
6. «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты (№ 01-2-05), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 69956,95 теңгеден 94108,76 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Шаруашылық кітабын жүргізуге жауапты, сонымен қатар жарты жылда бір рет мал санағын ұйымдастырады және «ЭШБЕ» базасына енгізеді. Егістік пен жер учаскесі бойынша тексеріс жүргізеді. Салықтың барлық түрін жинауды ұйымдастырады. Статистикалық, ауылдық округтердің ауыл шаруашылық дамуының мониторингі, поселкенің әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша есептер мен дауыс берушілердің қозғалысы туралы тоқсандық есептерді дайындайды. Шаруашылық кітап бойынша анықтама береді. Поселке әкімінің басқа да тапсырмасын орындайды.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік экономика және бизнес ғылым саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету саласында; ветеринария саласында).
7. «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты (№ 01-3-02), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 69956,95 теңгеден 94108,76 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Заңды және жеке тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерінің орындалуын уақытылы тапсырылуына жауапты. Аз қамтамасыздандарылған тұрғындармен жұмыс жасап, мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек пен балалар жәрдемақыларын тағайындау жөніндегі комиссияға басшылық етеді. Екібастұз қаласы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған тұлғалардың белгіленуін қамтамасыз етеді. Жаңа жұмыс орындары бойынша мәліметтер базасы мониторингін жасайды. Ауылдық округтің барлық зейнеткерлерін, мүгедектерін, жалғыз басты аналарын, толық емес отбасыларын, оралмандарының мониторингін құрып, базасын жүргізеді. Нотариалдық іс-әрекеттер жасау бойынша жұмыс жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде есеп дайындауды және уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; жаратылыстану ғылымдары саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызмет көрсету саласында).
8. «Екібастұз қаласының Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты (№ 01-3-04), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 69956,95 теңгеден 94108,76 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратында регламент бойынша жұмыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Кадр жұмысы бойынша құжаттамаларға жауап береді. Қала мен ауылдық округі әкімдерінің тапсырмаларын, ақпараттық – жауаптардың уақытында дайындалуын, орындалуын және өткізілуін ұйымдастыруын қадағалайды. Ауылдық округі әкімі аппаратының кадрлық қызметі жөніндегі, сонымен қатар штаттан тыс қызметкерлер құжаттары бойынша жауап береді. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу бойынша комиссияның отырысын өткізеді. Мемлекеттік наградалар, құрмет атағын беру, ауылдық округ және қала әкімдерінің ынталандырулары бойынша материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалауды дайындап, тапсыруды қамтамасыз етеді. Аймақтық сайлаушылар тізіміне жаңа деректер базасы бойынша салыстырып тексеру және олар бойынша есептілік жүргізеді. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының паспортын жасайды және азаматтардың алдында есеп беру үшін ақпараттық материалдар жинайды. Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал етеді. Ауылдық округте өткізілетін күнтізбелік іс- шараларды дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелердің шешімін қамтамасыз етеді. Аппарат қызметкерлеріне жұмыс орнынан анықтамалар дайындап береді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде есеп дайындауды және уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технологиялар саласында; жаратылыстану ғылымдары саласында; құқық саласында; гуманитарлық ғылым саласындар; ауыл шаруашылық ғылым саласындар; қызмет көрсету саласында).
9. «Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты (№ 01-3-02), 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 69956,95 теңгеден 94108,76 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, қоғамдық пікірді зерделеу. Округ аумағында конфессиямен әрекет ететін қоғамдық құрылымдармен өзара ықпалдасу. Бақылауда тұрған тапсырмаларды уақытылы орындау және ақпарат беру. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс. «Айқын» жобасымен жұмыс. Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты жүргізу.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік, экономика және бизнес ғылым саласында; ауылшаруашылық ғылым саласында; қызмет көрсету саласында; техникалық ғылым және технология саласында; денсаулықты сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, тіл табысқыштық, талдағыштық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес*;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы*.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған атқарған қызмет тізімі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |