1-тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына «бай», «байлық» деген сөздерді тиісті тұлғасында қойыңыз да, мәтіннің астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен. - Шіркін-ай, егер менің (1)... көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты. Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. - Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз (2)... адам емессің бе? – дейді.
- Мен (3)... ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай (4)... айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен (5)... — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
1. «тас қашаушы» сөзінің аудармасын табыңыз.
a) строитель
b) сапожник
с) угольщик
d) камнетес
2. Жігіттің негізгі қателігі неде?
a) өмірді тым көңілді өткізуінде
b) өте сараң болуында
с) өзінде барын дұрыс бағаламауында
d) жалқау болуында
3. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
a) Күлме досыңа, келер басыңа.
b) Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
с) Бірінші байлық – денсаулық.
d) Ақылдан артық байлық жоқ.
4. Мәтіндегі негізгі ойды көрсетіңіз.
a) Менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім.
b) Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы
с) Саған не болды сонша жыланып?
d) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
5. Мәтінде қандай синоним сөздер бар?
a) ақша, айырбас
b) кедейлік, байлық
с) жылану, зарлау
d) шошу, таң қалу
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
- Ақнұр, еліміздің тәуелсіздік алғанына да жиырма жыл болып қалды. «Елу жылда ел жаңа» демекші, осы уақытта талай өзгерістердің куәсі болдық-ау.
- Иә, Мақсат, шүкір, еліміздің асығы алшысынан түсіп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің мемлекеттік рәміздері, Конституциясы қабылданды, ұлттық валютамыз айналымға енді. Елордамыз Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Ақмола қаласының аты «Астана» деп өзгертілді. Бүгінде елордамыз Астана қаласы әлем халықтарының ерекше назарында болып тұр ғой.
- Рас, әлем халықтары 130-ға жуық ұлт өкілдері тұратын қазақ жеріндегі ұлтаралық татулық пен келісімге де қызыға қарап отыр.
- Иә, Қазақстан Республикасы – барша Қазақстан халқының Отаны. Тәуелсіз еліміз осы уақыт аралығында 100-ден аса елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты, дүниежүзілік халықаралық ұйымдарға мүше болды.
- Шынымен де осы уақыт аралығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Болашақта да осылай еліміз тыныш, аспанымыз ашық болса екен деп тілеймін.
- Айтқаның келсін.________________________________
«Сәті түсіп, жолы болып тұр» дегенді білдіретін сөз тіркесін табыңыз.
a) еліміз тыныш, аспанымыз ашық
b) әлем халықтарының ерекше назарында
с) еліміздің асығы алшысынан түсіп отыр
d) талай өзгерістердің куәсі болдық
е) қол жеткізген жетістіктері аз емес
2. Мәтіндегі жалпылау есімдігін табыңыз.
a) біраз
b) аса
с) осы
d) рас
е) барша
3. Жасаған бір жақсылығы үшін аллаға алғыс айту дегенді білдіретін сөзді көрсетіңіз.
a) назар
b) рас
с) әлем
d) шүкір
е) барша
4. Осы мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді толықтырыңыз: Тәуелсіз еліміз осы уақыт аралығында 100-ден аса елдермен...
a) бәсекелес болды.
b) дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
с) экономикалық қарым-қатынас орнатты.
d) сауда қарым-қатынасын жасады.
е) ынтымақтастық туралы шартқа отырды.
5. Мәтіндегі бұйрық райдағы сөйлемді анықтаңыз.
a) 1998 жылы Ақмола қаласының аты «Астана» деп өзгертілді.
b) Еліміздің тәуелсіздік алғанына да біраз жыл болып қалды.
с) Осы уақытта талай өзгерістердің куәсі болдық.
d) Конституциясы қабылданды.
е) Айтқаның келсін.
6. Тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді толықтырыңыз: Әлем халықтары 130-ға жуық ұлт өкілдері тұратын қазақ жеріндегі...
a) аса бай пайдалы қазбаларға қызыға қарап отыр.
b) ерекше сұлу табиғатқа қызыға қарап отыр.
с) ұлтаралық татулық пен келісімге қызыға қарап отыр.
d) минералдық шикізат ресурстарына қызыға қарап отыр.
е) нарықты дамыту мүмкіндіктеріне қызыға қарап отыр.
7. Мәтіндегі «біраз» сөзінің синонимін табыңыз.
a) тым көп
b) түк емес
с) аса көп емес
d) аз емес
е) мардымсыз
8. Мәтін бойынша нақты қолданылған сөздермен аяқтаңыз. Ұлттық валютамыз...
a) өзгертілді
b) қабылданды
с) көшірілді
d) әлем халықтарының ерекше назарында болып тұр
е) айналымға енді
9. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің белгісін көрсетіңіз.
a) ұлтаралық татулығы
b) жаңа елордасы
с) табиғаты
d) рәміздері
е) пайдалы қазбалары
10. «тәуелсіздік» сөзіне мағыналас сөздерді жазыңыз. _________________________________________________________________________________________
10 сынып Лексика-грамматикалық
тест 1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз. Ол жақсы оқыса, университетке түседі.
a) қарсылықты
b) шартты
с) себеп
d) мақсат
e) мезгіл
2. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз. ... ! Достар түгел жиналыпты.
a) Қап
b) Бәрекелді
с) Жә
d) Әттеген-ай
e) Әй
3. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысты өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз.
a) Кел
b) Бар
с) Сеп
d) Айт
e) Жүр
4. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.
a) Балам, арыңды жасыңнан сақта.
b) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой.
с) Амал қанша, ақырын күту керек.
d) Арман, сен үйіңе бара ғой.
e) Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады.
5. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
a) Олар, бұлар
b) Менен, одан
с) Ешқашан, ешқайда
d) Мен, сен
e) Кейбіреуге, біреудің
6. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз.
a) көрді
b) көрер
с) көрме
d) көрмекпіз
e) көрген
7. Арман сөзіне тіркес бола алатын сын есімді көрсетіңіз.
a) биік
b) көк
с) таза
d) ширақ
e) ашық
8. ≪Ірі≫ сөзінің антонимін көрсетіңіз.
a) аласа
b) ұсақ
с) аз
d) кішкентай
e) қысқа
9. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз. Менің айтар сөзім-осы.
a) Толықтауыш.
b) Баяндауыш.
с) Бастауыш.
d) Анықтауыш.
e) Пысықтауыш.
10. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
a) Үлкенді сыйлау-асыл қасиет.
b) Тұрмыс құр, балам.
с) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.
d) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.
e) Жаман айтпай, жақсы жоқ .
11. Антонимді көрсетіңіз.
a) алыс – төмен
b) ұсақ – биік
с) жеңіл – биік
d) әлсіз – үлкен
e) сау – ауру
12. Қыстырма сөзді табыңыз.
a) Абылай
b) алақай
с) бәлкім
d) кітап
e) ойбай
13. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.
a) сияқты
b) туралы
с) үшін
d) ғана
e) бірге
14. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз. Оның құлағына гүріл естілді
a) пысықтауыш
b) баяндауыш
с) анықтауыш
d) бастауыш
e) толықтауыш
15. Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.
a) Қорыта айтқанда
b) Бақытына қарай
с) Оның пікірінше
d) Екіншіден
e) Мүмкін
16. Қазақстанның батысында орналасқан қалаларды белгілеңіз.
a) Павлодар, Екібастұз
b) Қостанай, Қарағанды
с) Жезқазған, Астана
d) Түркістан, Шымкент
e) Ақтау, Ақтөбе
17. Қазақстанда Тілдер мерекесі қай айда өтетінін анықтаңыз.
a) қыркүйек
b) маусым
с) қараша
D) қазан
Е) мамыр
18. Қазақстандағы ең тұщы көлді табыңыз.
a) Марқакөл
b) Балқаш
с) Зайсан
d) Алакөл
e) Маралды
19. «Тілашар» тойы қашан өткізілетінін белгілеңіз.
a) Балабақшаға барғанда
b) Бала мектепке барғанда
с) Бала енді жүре бастағанда
d) Жоғары оқу орнына түскенде
e) Мектеп бітіргенде
20. Мемлекеттік тудағы қыран құс ненің белгісі екенін атаңыз.
a) бостандықтың
b) тыныштықтың
с) бейбітшіліктің
d) тазалықтың
e) адалдықтың
10 сынып Эссе тақырыптары
1.Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі
2. Отбасымыздағы құндылықтар
3. Отаным десем, ойыма..
Достарыңызбен бөлісу: |