Айтуар негізгі мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!»
5-сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ
Педагог-психолог: Бокушева А.Н.
Сабақтың мақсаты:
5-сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету.
Сабақтың міндеті:
5-сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;
Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;
Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;
Қажетті құралдар: дәптер, қалам, карандаш, жұмсақ ойыншық немесе доп.
Жұмыс жоспары:
Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».
Топтық ереже қабылдау.
«Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
«Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».
7. «Дос іздеймін» жаттығуы.
Кері байланыс. Қорытындылау.
9. Үйге тапсырма.
Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата-аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |