Құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»



Дата03.07.2016
өлшемі68 Kb.
#173672
түріҚұрамы
10.12.2015 ж.

№ 380



Мемлекеттік рәміздер мен

геральдикалық белгілер мәселелері

жөніндегі сараптама кеңесінің

ережесін және құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының


11-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің ережесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Министр А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы «10» желтоқсандағы

№ 380 бұйрығына

1-қосымша



Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері

жөніндегі сараптама кеңесі туралы

ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды.

2. Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – сараптама кеңесі)Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жанындағы ғылыми-консультативтік орган болып табылады.

3. Сараптама кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүргізеді.
2. Сараптама кеңесінің міндеттері
4. Сараптама кеңесінің негiзгi мiндеттерi:

1) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілерді әзірлеу, пайдалану және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзірлейді;

2) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнiндегі нормативтік құқықтық базаны жетiлдiреді.
3. Сараптама кеңесінің функциялары
5. Сараптама кеңесі осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген міндеттерді орындау үшін келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілерді әзірлеу, пайдалану және жетiлдiру жөнiндегi мәселелерді қарайды;

2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді зерттейді және өзектілігі, мазмұны, жалпы стилистикалық безендірілуі, мағынасы мен көркемдік маңыздылығы жөнінде, оның ішінде мемлекеттік саясат пен жалпы мемлекеттік құндылықтардың басымдықтарына сәйкестігі бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) мемлекеттiк рәміздер мен геральдикалық белгілерді пайдалану мәселелері жөнiндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

4) Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия мен Ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырыстарына талдамалық материалдар әзірлейді;

5) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысты өзге де мәселелерді талқылайды;

6) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді пайдалану жөнінде қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады.
4. Сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Сараптама кеңесі төрағадан, хатшыдан және сараптама кеңесінің мүшелерінен, мемлекеттік орган өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен геральдика, тарих, юриспруденция, бейнелеу өнері, өлкетану салаларындағы ғалымдар мен сарапшылардан құралады.

7. Сараптама кеңесінің төрағасы:

1) сараптама кеңесінің жұмысына басшылық етеді және бақылау жүргізеді;

2) сараптама кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;

3) сараптама кеңесініңотырыстарын өткізеді және хаттамаларына қол қояды.

8. Сараптама кеңесінің шешiмдерi хаттама нысанында рәсімделіп, ұсынымдық сипатта болады.

9. Сараптама кеңесінің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін сараптама кеңесінің қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда сараптама кеңесінің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Сараптама кеңесінің шешімімен келіспеген жағдайда сараптама кеңесінің мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және сараптама кеңесінің отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар.

10. Сараптама кеңесінің қызметін қамтамасыз етудіҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

11. Ұйымдастыру жұмыстарын, тиісті құжаттар мен материалдарды, оның ішінде хаттаманыәзірлеуді сараптама кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы «10» желтоқсандағы

№ 380 бұйрығына

2-қосымша



Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы




Әзілханов

Марат Алмасұлы



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, төраға;




Порубаймех

Василий Валерьевич



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, кеңес хатшысы;




Асылов

Қуаныш Жұмабекұлы



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы,кеңес мүшесі;




Баубекова

Альбина Маратқызы



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Бисикеев

Амангелді Молдағалиұлы



Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің бас сарапшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Цхай

Евгений


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сараптама бөлімінің басшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Алин

Меңдібай Қойшыбайұлы



суретші-дизайнер, кеңес мүшесі (келісім бойынша);



Аяған

Бүркітбай Ғелманұлы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Ауанасова

Алима Мусировна



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты индустриалды-инновациялық даму және этно әлеуметтік үрдістер тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Габдуллина

Анар Женисовна



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының ғалым хатшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Есім

Ғарифолла



философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Мәлібеков

Жандарбек Мәлібекұлы



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Мұратаев

Құрман Қалиұлы



өнертанушы, профессор, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Өмірбеков

Байтұрсын Есжанұлы



Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Сқақов

Әнуарбек Әділбекұлы



Қазақстан заңгерлер лигасының басқарушы әріптесі, заңгер, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Сүлейменов

Тимур Бимашұлы



Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);




Сүлейменов

Төлеутай Сқақұлы



Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының «Сыртқы саясат» кафедрасының профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);



Сыдықназаров

Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, Phd докторы, саясаттанушы, кеңес мүшесі (келісім бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет