«Мен жастарға сенемін» Мағжан Жұмабаевтың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби кеш сценарийі. жүргізуші



Дата30.01.2024
өлшемі20.91 Kb.
#490206
түріСценарий
«Мен жастарға сенемін» Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби кеш сценарийі.


«Мен жастарға сенемін» Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби кеш сценарийі.
1 - жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ұлы күн
бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа
арналады.
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты
« Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін әдеби кешімізге « Қош
келдіңіздер!».
1 - жүргізуші:
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
Деректі фильмнен үзінді(Мағжан жұмабаев туралы естеліктер)
2 - жүргізуші: 10 «Ә» сынып оқушылары Шошанова Айнұр, Байтұрсынова Тахмина. Презентация. Өмірбаяны.
1 - жүргізуші:
Қойылым. Сыныптың іші. Бір топ бала, бала Мағжан:
(Байназар Алдияр, Бибатырова Ділназ, Нүркеев Ербол)

2 - жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов.

1 - жүргізуші: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.

2 - жүргізуші: Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”
Нүркеев Ербол «Мен кім?»

1 - жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.

2 - жүргізуші:
«Би»күйі. Орындайтын : -Бибатырова Дина

1 - жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
2- жүргізуші: 7 «А» сынып оқушысы Тайкешева Ділназ «Сүйемін» өлеңі.

1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.
7 «А» сынып оқушысы Ихсанова Алина, «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын мәнерлеп оқу.
2 - жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.
5 «А» сынып оқушысы Бибатырова Ділназ «Мен жастарға сенемін» өлеңі.

1 - жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
7 «А» сынып оқушысы Ихсанова Алина «Жан сөзі»


2 - жүргізуші: Ақын жаратылыстың сұлу заттары, яки өнерінің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз. адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”.
11 «а» сынып оқушысы Елекеева Назгүл «Сен сұлу»


1 - жүргізуші: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп - жұмыр жауһар дүние»
7 «А» сынып оқушысы Баймұханова Гүлден «Домбыра» қарасөзбен жазылған өлең.

2 - жүргізуші: 10 «А» сынып оқушысы Шағаев Шыңғыс «Ерке сылқым» күйі.
1 - жүргізуші:
Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!

2 - жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет