Шығыс халықтарының ішінде ең бай, ең көне әдебиет парсы-тәжік әдебиеті. XX-XV ғ.ғ. арасы Иран мәдениеті, әдебиеті үшін алтын ғасырлар санатына жатады



Дата10.09.2023
өлшемі13.43 Kb.
#477054
шығыс әдебиеті


1-топ
Шығыс халықтарының ішінде ең бай, ең көне әдебиет – парсы-тәжік әдебиеті. XX-XV ғ.ғ. арасы – Иран мәдениеті, әдебиеті үшін алтын ғасырлар санатына жатады. Ежелгі заманда Орта Азия мен Иран халықтарының түп-төркіні, тарихы бір болған, бірге дамыған, сондықтан да парсы поэзиясының биіктері мен шыңдары тәжік халқының да ортақ мұрасы болып саналады.
XIX ғасырдан бастап Иран поэзиясы – зерттеуші ғалымдар мен жазушылардың назарына іліне бастады. Фирдоуси, Хафиз есімдері, Омар Хайям, Сағди есімдері – Гомер, Данте, Петрарка, Шекспир, Пушкин есімерімен қатар тұрады. Бұл әдебиет – кезінде Пушкин, Фет, Гейнеге ықпал етті.
Ирандықтар жазбаша әдебиет белгісі – XII ғасырда, ал кітап басу – XIX ғасырда пайда болды, есте сақтап қалу және қолжазба әдісі – әдеби жәдігерлерді түгел сақтап қала алмады. Иран әдебиетінде атам заманнан бері белгілі бір дәстүрлер қалыптасқан. Сол дәстүрлер бойынша қайсыбір үлкен шығарма болсын, прозалық немесе поэтикалық туынды болсын – белгілі бір адресатқа, яғни, шахқа, әкімге, сұлтанға арналып отырған. Мысалы, иран поэзиясының атақты шығармасы Фирдоусидің «Шахнамасы» Иран жерін билеген Сұлтан Махмұдқа бағышталған.
2-топ
«Авеста» – еуропа тіліне XVIII ғасырда бірінші рет аударылды. Иран әдебиетінің тарихын Еуропада, Ресейде зерттеу XIX ғ. басталды. Алғашында поэтикалық шығармалар аударылды, оларда ортағасыр антологияларының сюжеттері қайталанды, ал онда ақындар туралы мәліметтер нақты емес еді. «Авеста» кітабында табиғаттың түрлі құбылыстарының ішінен судың қасиетін ерекше бөліп, асқақтата жырлайды. Бұл кітапта екі нәрсе бар: жамандық пен жақсылықтың күресі, зұлымдық пен игіліктің айқасы. Соеың бәрінде де «жақсылық, игілік иесі – адам» жеңіп отыыруға тиісті. Пенде баласы дүниеге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін қолынан келгенше жақсылық жасауға тиіс.
«Шахнама» - X ғасырда Иран халықтарының сана-сезімінің көтеріліп, араб халифатына қарсы көтеріле бастаған кезінде туған еді. «Шахнамада» әңгіме болатын жайлар одан бұрынғы сасанидтер дәуірінде қалыптаса бастаған Рүстем, Ысфандияр, Сиявуш, Кейкысыраулардан бері тартылады. «Шахнаманы» танып, зерттеуде Еуропа ориенталистерінің еңбектері ерекше. Бұл зерттеулер Еуропада 1777 жылдан басталады. «Шахнама» тараулары, бөлімдері ең алғаш ағылын, француз, неміс, италиян және басқа да тілдерге аударылып басылады. Ал, араб тіліне біздің дәуірімізге дейінгі 1218 жылы, түрік тіліне 1846 жылы аударылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет