«Мен кіммін» әдістемесі



бет1/3
Дата04.04.2024
өлшемі19.88 Kb.
#497731
  1   2   3
9. Мен кіммін


«Мен кіммін» әдістемесі
Мен кіммін әдістемесі өзіндік бағалаудың стандартты емес нұсқасы түріндегі тұлғалық сұрақтама және тұлғаны зерттеудің проективті әдістемеге жақын түрі. Т. Мак-Партланд пен М. Кун ұсынған.
Тест стандартты емес өзіндік сипаттауды пайдалануға негізделген контент-талдау арқылы сипатталады. Зерттелуші «Мен кіммін» деген сұраққа түрлі жауап беруі тиіс. Тест М. Куннің «»Мен-концепциясына» негізделген. Әдістеменің теориялық неізі ретінде әлеуметтік ролдер мен ролдік жүріс-тұрыс жатыр, осы негізде адамның әртүрлі ролдердегі өзін-өзі қабылдау әдістері жүзеге асады. Өзін-өзі қабылдау зерттелушінің өзін сипаттауынан көрініс табады. Әлеуметтік өмірде ғана емес жалпы жалпы өмірде де өз орнын түсіну , өзінің психологилық сипаттарын саналау (рефлексировать) әр адамға тән қасиет. Сондықтан да, әдістеме ролдік аспектілерді ғана емес, адамның өз тұлғасы туралы, өз «Мен-і» туралы түсініктерінің барлық салаларын қамтиды. Зерттелуші жауаптарын талдау үшін көбінесе бірнеше топтама категориялары пайдаланылады: қандай топ мүшесі, негізгі әрекеттері, мінез ерекшеліктері, ұмтылыстары, қарым-қатынас стилі т.б.
«Мен-бейненің» мазмұны әдетте түрлі категориялар жүйесі - өз жеке өмірінің түрлі қырлары, салалары туралы түсініктері тобынан, яғни категориялар жүйесі арқылы сипатталады.
М. Кун мен Т. Мак-Партланд сұарқтама жауаптарын обЪективті және субъективті деп екі категорияға жіктеуді ұсынады. Объективтіге мысал ретінде студент, бойжеткен, ер адам, қыз бала сияты теңеулер жатады. Субъективті жіктелуге - бақытты, шаршаңқы сүйкімді, көңілді ....сияқты жауаптары мысал болады. Объекивті категориялар «кім» деген сұраққа, субъективті – қандай деген сұраққа жауап сөздер арқылы белгіленеді. Зерттеуге қатысушылардың көпшілігі объективті категорияны таңдайды.
Нұсқау: 12минут ішінде сізге қатысты бір ғана «Мен кіммін» деген сұраққа мейілінше көп жауап беру керек. Әр жаңа жауап жаңа жолдан басталады. Сізге қалай ыңғайлы болса, солай жауап беріңіз, ойыңызға келген жауаптың барлығын жазыңыз. Бұл тапсырмада дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап жоқ.
Зерттеу кезіндегі тапсырманы орындау барысында туындаған эмоциялық реакцияларға көңіл аударыңыз, сұраққа жауап беру қаншалықты қиын немесе оңай болғанына мән беріңіз.
Клиент тапсырманы орындап болғанда нәтижені өңдеудің бірінші кезеңі – сапалық талдау тапсырылады. «Әрбір жауап-сипаттаманы нөмірлеңіз. Әр жауаптың сол жағына реттік нөмір қойыңыз. Енді әрбір жеке сипаттаманы төрт белгілі жүйе бойынша бағалаңыз»:
«+» - «қосу» белгісі егер сізге дәл осы сипаттама ұнаса;
«-» - «алу» белгісі, егер сізге бұл сипаттама ұнамаса;
«+-» - «қосу-алу» белгісі, егер берілген сипаттама бір мезгілде ұнаса және ұнамаса;
«?» - «сұрақ белгісі», егер осы сәтте сіз берілген сипаттамаға қалай қарайтыныңызды білмей тұрсаңыз, әзірге нақты бағалауыңыз жоқ болса.
Барлық сипаттамаларды бағалап болсаңыз, нәтижесін шығарыңыз:
1.Барлығы қанша жауап болды
2. Әр белгіде қанша жауаптан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет