«Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасы
Салыстырмалы талдау
Тақырыбы: Көшбасшылық пен жетекшілік
Дайындаған: Балғабай Назым
Группа: ФҚБ 01-23
Қабылдаған: Ибраимова Ақмарал
Жоспары:
Ⅰ.Қарым-қатынас түсінігі.Түрлері,формалары,қызметтері
Ⅱ.Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми білімнің пәні ретінде
Ⅲ.Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары
Ⅳ.Тұлғааралық коммуникация,өзараәрекеттесу,тұлғааралық қабылдау түсініктері
Ⅴ.Тұлғааралық,топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері
Ⅵ.Қарым-қатынас стильдері.Көшбасшылық және жетекшілік
Ⅶ.Қорытынды
Қарым-қатынас –психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі.Адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып,байланыс орнататын күрделі процесс;екі немесе оданда көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоцианалды ақпарат тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу.Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді.
Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Қарым-қатынас құралы ақпарат алмасу кезіндегі операция.Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
Вербалды,вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл,сөйлеу арқылы жүзеге асады.Тіл-сөз жүйесі,сөздерді дұрыс құрастыру,ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы.
Вербалды емес қарым-қатынас – дене тілі, ым-ишара тілі деген ұғымдармен байланысты.Бұл қарым-қатынас құралына-поза,ым-ишара,мимика,визуалды қатынас,тұлға аралық дистанция.Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат вербалды, 38% дыбыс құралдары арқылы, ал 55% ақпарат алмасудың вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді.Осыдан Публиций: Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз деген.
Формасы мен түрі жағынан қарым-қатынас алуан түрлі. Психологтар тікелей және тікелей емес, тура және жанама, вербалды (сөзбен) және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді.
Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі 5 функциясын бөліп көрсетуге болады :
1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді.
3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.
5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады.
Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.
Манипуляциялық қарым-қатынас-партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес,іскерлік қарым-қатынаста көп қолданылады.
Императивті қарым-қатынас-авторитарлы форма, партнердің мінез-құлқын,ойын, пікірін бақылау,қатынастағы оны белгілі бір әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырылады.
Диалогты қарым-қатынас-біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субьекті өзара әрекет. Өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген.
Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз– оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады. Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.
Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.
Тұлғааралық коммуникация – бірнеше адамдар арасындағы тілдік, тілдік емес құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттестік, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсушілер арасында психологиялық контакт және белгілі бір қатынас орнайды.
Тұлғааралық коммуникацияның пәндік облысын анықтауға «қарым-қатынас» сөзі көмек береді. Тұлғааралық коммуникация қызметі немесе функциялары:
- Қарым-қатынастық функция – ақпарат алмасу үшін, ақпарат қабылдау үшін қарым-қатынас,контакт орнату
-Ақпараттық–хабар,ой,шешім,пікір алмасу.
- Қозғаушы, түрткі болатын функциясы – белгілі бір әрекет жасауға деген партнердің стимуляциясы
- Үйлесімділік – бірлескен әрекетті ұйымдастыруда өзара келісім мен түсіністік
- Түсінісу – көңіл-күйді, абыржуды, ниетті адекватты түрде дұрыс қабылдау
- Эмотивті – серіктесте керекті эмоциялық күй ояту, сонымен қоса абыржуды өзгерту
- Қарым-қатынас орнату – индивид әрекет ететән рөлдік, дәрежелік, іскерлік жүйеде өз орнын түсіну.
- Әсер ету – серіктестің жеке ойлау құрылымында күйді, қылықты өзгерту .
Өзара әрекеттесу-бұл жеке адамдардың бір-біріне бағытталған әрекеттері.Мұндай әрекетті тұлғаның белгілі бір мақсаттарға жету-практикалық мәселелерді шешу немесе құндылықтарды жүзеге асыру үшін қолданатын әдістерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Әлеуметтік өзара әрекеттесуде зерттеудің екі негізгі деңгейі бар:микродеңгей және макродеңгей.
Адамдардың бір-бірімен,жұптық, шағын топтардағы қарым-қатынасы немесе тұлғааралық қарым-қатынасы зерттеледі микродеңгейде.
Өзара әрекеттесудің макродеңгейіне ірі әлеуметтік құрылымдар,қоғамның негізгі институттары: дін,отбасы,экономика жатады.
Көшбасшылық және жетекшілік туралы әртүрлі түсініктер кез келген ұйымда қарым-қатынастың екі түрінің болуына байланысты-формальды және формальды емес.Жетекшілік бұл адамдарға әсер ету процесі,жүйелі формальды емес қарым-қатынастың жемісі.Ал көшбасшылық ең алдымен нақты құрылымдық формальды қарым-қатынастың бар болуын меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |