Менің болашақ кәсіби қызметімдегі психологияның рөлі
Қандай мамандық болсын, әр кәсіби қызметке психологияның рөлі орасан зор орын алады. Мейлі сен жәй ғана сатушы болсаңда, мейлі сен дәрігер болсаңда әр мамандық үшін психологияның өзіндік рөлі бар. Қандайда бір сала болсын психологиялық тұрғыдан дайындық керек. Жалпы психология әр адамға қажетті жүйе болып табылады. Ол болашақ жастардың кәсіби қызметінде және қарапайым өмірін жетілдіру бойынша көмектеседі. Психологияның мәні қызметтің барлық түрлерінде үлкен көрініс табады. Біз болашақ маман ретінде адамдармен күнделікті қарым-қатынасқа түсеміз, ол бізге үлкен көмегін тигізеді. Психологияны білу жас адамның адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін қажет. Психология өз-өзімізді жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады және кез-келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі.
Менің мамандығыма психологияның әсері қандай? Менің мамандығым азық-түлік өнімдерінің өндірісі. Бұл мамандықты көбісі қарапайым мамандық ретінде көреді. Ал менің ойым мүлде басқаша. Бұл мамандықта біз тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, сапасын бақылаумен, зерттеумен және әзірлеумен айналысатын тамақтану саласы. Сондай- ақ ағза тіршілігіндегі жекелеген тағамдық заттардың рөлі қарастырылған және өндірістік шығындарды қысқарту үшін екінші реттік материалды ресурыстарды ұтымды пайдалануға көңіл бөлеміз. Әр сала өз қиындықтары мен өзіндік бір бағыттары мен ерекшеленеді.
Психология маған болашақ маман ретінде психикалық өмірді түсінуге, өзімізді түсінуге, өзініміздің күшті және әлсіз жақтарымызды кемшіліктерімізді түсінуге көмектеседі. Психологияны білу арқылы ақыл-ой қызметін жетілдіріп, өзіндік арман-мақсаттарға жетуімізге ықпал етеді. Адам өз араман жолында түрлі қиындықтара кезігуі мүмкін. Міне сол қиындықтардан өзіміздің күш-жігеріміз арқылы, психологиямыздың мықтылығының арқасында, өз-өзімізді алып шыға аламыз, кез-келген сынақтарға бой алдырмай өз мақсатымызға жетуге тырысамыз.
Психология біздің қоғамдағы барлық кәсіптердің ажырамас бөлігі деп санауға болады.Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері өте көп. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.
Мен өз ойымды қорытындылай келе, психология ол тек қана жеке адамның өміріне ғана емес жалпы адамзатқа керек жеке сала деп қарастырғанды жөн көремін. Психология ол адамның жан тыныштығы, ерекше ойлау мен болып түрлі жағдаяттарды психологиялық түрде қабылдау. Өмірде әр түрлі қиындықтар кездеседі. Олар жеке баста, отбасыда, қоғам мен қарым-қатныста, жұмыста болатын уақытша немесе өтпелі қиындықтар. Бұл қиындықтарда өзіміздің жүрегімізді тыңдап, дұрыс шешім қабылдау үшін психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз қажет. Сол себептіден мен, менің болашақ кәсіби қызметіндегі психологияның рөлі орасан зор деп есептеймін. Қандай да бір мамандық таңдамас бұрын ең алдымен өзіңнің қандай салаға жақын екеніңді біліп алу қажет. Біздің болашақ мамандығымыз, біздің болашақта жететін жетістіктеріміздің бірі болуы қажет деп санаймын. Бірақ кейбір жағдайларда мамандықтан бөлек, жақсы көретін хоббиін табыс көзіне айналдырып отырған қатарластарымыз көп кездеседі. Ең бастысы дұрыс армандай біліп, сол арман жолында мақсаттарға жетіуге талпынуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |