Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі.
Заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын мемлекетіміз де, біздің оқу орнымыз да басты орынға қойып отыр.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді. Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т. б.).Иллюстрация — демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Педагогикадағы саналылық және белсенділік принципі.
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; окушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принциін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсінуі саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән~мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
- Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен тәжірибесін негізге алу.
- Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау.
- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлұматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.
- Өз бетімен оқуды үйрету, таным әрекетінің тиімді әдістерімен таныстыру.
- Бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.
- Оқушыларды ойлауға үйретіу, "неге" сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.
- Әрбір оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пәнін игеретін субъект ретінде қалыптастыру.
- Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі.
Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы баланың өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс - тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Баланың өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану балалардың оқу - танымдық белсенділігін арттырып, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде баланың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін - өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері, заңдылықтары мен формалары.
Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен- жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері — оныңсаналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс — әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс — әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т.б.). Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады. Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Оқыту процесі және оның негізгі міндеттері.
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі — оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту — оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
В.С.Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы» еңбегіне сипаттама.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.
Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”.
Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты.
Білім – педагогикалық процесс (үдеріс).
Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
— ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
— тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
— дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
— аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
— əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).
Достарыңызбен бөлісу: |