«Менің экспо жайындағы ойым»



Дата07.07.2016
өлшемі50.13 Kb.
#183202
«Менің ЭКСПО жайындағы ойым»

...Табандылық, жігерлік, қайсарлық кез келген қамалды бұзып, кез келген мақсат-армандарға қол жеткізудің негізгі қайнар көзі. Бұндай қасиеттерге ие болған әрбір адамның жоспарының жүзеге асуы сөзсіз айғақ. Біздің мемлекетіміз бір адамдай осындай қасиеттер мен болашаққа деген сенімділіктің арқасында 20 жыл ішінде Қазақстан деген Республиканы бар әлемге танытып, тұғырығы терең көшбасшы мемлекет екенін барша адамзатқа мойындатты. Бұндай жеңістің негізгі себебі өмір жолында қадамдылыққа, ынтымақ-бірлікке жетелеген астарлы тарихымыз, кең- байтақ жерімізді туған анасындай қадірлеп өткен ата- бабаларымыздың арманы, халқымыздың зор болашаққа талпынысы, Елбасымыздың халқына адал қызмет етуі мен жеңіске жету еріктілігі деп ойлаймын. Мемлекетіміз көптеген тарихи жағдайлардың куәгері, жеңімпазы, кей жағдайларда тарих салған сынақтардың мойынсынушысы болды. Бұл әрине кез келген мемлекет үшін сабақ. Тәуелсіздігімізді сыйға тартқан ата-бабаларымыз біз үшін жеке бір тұлға, үлгі. Олар үш жүзді бір жұдырықтай жұмылдырған Абылай, Қасым, Тәуке хандар; ақыл-санаға жетелеген Тәттімбет, Бұқар жыраулар; жауға жүрегін тосып, найзасын көздеген Наурызбай, Бөгенбай, Кенесары батырлар; әділетті сүйгіш ақсақалдар; бірлік пен ел келешегін жырлаған Абай, Мағжан, Мұхтарлар; Отан үшін отқа түскен Бауыржан ағалар; жүрегі елдеп соққан Желтоқсан жастары емес пе еді?! Егер олардың кез келгені қазіргі еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын бір көз қиығымен көрген жағдайда гүлденген болашақтың жай елес еместігіне көз жеткізер еді.

Қазақстан Республикасы-қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Кез келген мемлекеттің даму бағыты бар. Еліміз үшін қазіргі таңда инновациялық бағытта дамуы- негізгі қозқалтқыш күш. Инновациялық бағыттың іске асырылуына көптеген жобалар құрылып, бүгінгі таңда осы жобалардың нәтижелерінің куәгері болып отырмыз. Елбасымыздың алдағы жылдарға есептеліп, ұсынылған жобалары және Жолдауларымен қатар «ОБСЕ -2010», «Азиада», «Мұсылмандар қауымдастығы», «Еуразиялық экономика», «Транзиттік жолдар» сияқты алып іс – шаралардан бастау алған келешегіміз «болашақ» атты мұхит бетінде еркін жүзіп келеді.

Қазіргі кездегі мемлекеттер арасындағы әлемдік саудадағы басшылыққа талпыныс пен өз позициясын сақтап қалу мәселелері кез келген салаларды қамтыған глобализациялану процесінің қарқынды дамуының нәтижесі екенін көреміз. Сондықтан мемлекетіміздің бұндай жағдайдағы белсенділігі мен даму дәрежесі әлемдегі алатын орнымен тығыз байланысты. Осыдан еліміздің саясаты әлем аренасындағы Қазақстан мемлекетінің толыққұқылы алып державаға айналдыруы болып табылады.Бәсеке түсе алатын құрылымдық идеялар мен жоғарғы технологиялар оңды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2017 жылы аталып өтетін EXPO- 2017 көрмесі Республикамыздың саясат, экономика, әлеумет, экология салалардағы алға қойылған жоспарларды жүзеге асыруға кең көлемде септігін тигізуіне Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы ретінде толыққанды сенемін. Неліктен деген сұрақ туындауы тіптен ғажап емес.

EXPO- индустриалдық даму деңгейін, адамзат баласының техника және технология саларындағы жетістіктерді, мәдениет пен экономиканың ұштасқан шыңын айқындаушы халықаралық көрме. Бұл көрме алғаш рет 1851 жылы Лондон қаласынан бастау алған. ХХ ғасырдан бері келе жатқан көрменің негізгі мақсаты- ғылым мен техниканың адам сенгісіз нәтижелерін паш еткізіп, әр мемлекеттің өзіндік даму стратегияларын айқындау. Яғни, көрмеде кез келген салалардағы жетістіктер, айта кетсек тамақ өнеркәсібі, музыка және өнер, машиналар мен двигательдер, компьютер әлемі, архитектуралық проектердің жаңа бастауы жүзеге асырылады. EXPO көрмесін тек көрме ретінде қабылдау дұрыс емес, EXPO халықаралық көрмемен қоса, шараны ұйымдастырушы мемлекеттердің пайдаға кеңелуі мен әлемдік рынокқа өз тауарларын шығаруға мүмкіндік беретін экономикалық сипатқа ие. Бұған дәлел алғашқы рет көрмеде ұсынылған Филадельфия телефоны, тигельді баспа машинасы; Париждің мегафоны мен фонографы, махаббат сезімінің символына айналған Эйфель мұнарасы; Чикагоның неондық лампасы, фастфуд өнімдері, дыбысты фильмдер; Нью- Йорктың нейлоны мен түрлі түсті фотосуреттердің бір ғасырдан кейін де өз құны мен сұранысын жоғалтпауы болып саналады. Сонымен қатар, сәулет өнерінде қайталанбас туындылардың дүниеге келуіне негізгі себепкер- EXPO.

Әр заманның талабына сай EXPO көрмесінің бейнесі өзгеріп отырады. Соңғы оңжылдықта «адам- табиғат» байланысы, экология –экономика- энергетика жүйесі негізгі мәселелер болғандықтан көрменің қозғаушы тақырыптары мен жүзеге асырылатын проектердің глобалды сипатта жүргізіледі. Мысалы Лиссабонда өткен көрме тақырыбы «Мұхиттар- болашаққа мұра», Ганноверде «Адам, табиғат, технология», Япония мемлекетінің «Табиғат кемеңгері», Испанияда «Су және теңдестірілген даму», Шанхай қаласындағы «Ең жақсы қала- ең жақсы өмір» деген тақырыптарда адмазат проблемалары қарастырылды.

2017 жылы Астана қаласында өтетін «Болашақтың күш- қуаты» атты тақырыпта өтетін EXPO көрмесі адамзат үшін де, ең бастысы Қазақстан Республикасына кезекті жеңіс әкелуі сөзсіз. Себебі энергия көзі болып табылатын мұнай, газ, көмір қорларының тауысу қаупі және осы қорларды пайдаланудағы экономикалық шығындар, экологиялық зардаптарды басынан кешкен бар ғаламның қазіргі кездегі негізгі әлемдік жаһанданудың мақсаты мен болашаққа деген жоспарлары жаңа қуатты энергия көздерін ойлап табу болып табылады. Адам баласының сапалы әрі қауіпсіз өмір сүру арманы технологияның аз зерттелген немесе мүлдем зерттелмеген жақтарын талқылау мен жетілдіруіне толассыз аз уақыт ішінде дамып келеді. Елімізде өткізілетін көрме осы мәселелердің басын толыққандай ашып, дамуына өзіндік көзқарастар мен идеяларын ұсынады.

Жалпы мемлекетіміз «EXPO 2017» көрмесін өткізуге сұранымды 2011 жылдың 10 маусымында Халықаралық көрмелер бюросына берілген болатын. 161 мемлекеттердің уәкілеттері арасындағы дауыс беру нәтижесінде 103 мемлекеттің қолдауын 2012 жылдың 22 қарашасында алғанбыз. Осы күннен бастап мемлекетіміз бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде дайындық жұмыстарымен айналысуда. Бұл көрменің елімізге кез келген салалардан алып қарасақ әкелетін табысы- еліміздің қарқынды даму мемлекеттік статусын тағы бір биік шыңға көтереді. Ең алдымен, ол мемлекетіміздің экономикалық,энергетикалық, әлеуметтік жағдайлардың дәрежесін, мәдениет пен өнердің сапасын, білім мен техникамыздың жүйелі түрдегі өзгерісіне алып келеді. Қазіргі кездегі дайындық жұмыстарының өздерінде архитектура саласында нанотехнологияларды араластыра отырып, жоғарғы технологиялық, күн сәулесі, су мен желді энергия көзі ретінде қолданатын зәулім ғимараттардың бой көтеруі кезінде халқымыздың көптеген бөлігінің жұмыспен қамтылуы, жастарымыздың қазіргі заманға сай идеяларының жүзеге асу жұмыстары, экономикамыздағы инновациялық проектердің туындауы мен іске асырылуы, халқымыздың Отанға деген патриоттық сезімдердің ұшталуы сияқты біршама жетістіктеріміз мақтан тұтарлық жайт.

Елімізге бұл көрме нәтижесінде сырттан келетін пайдасын да атап кеткен дұрыс. Ең алдымен мемлекетіміз тәжірибелер жинап, өзге елдермен ақпараттық, дипломаттық, бейбітшілік қатынастардың құру, туризм мәселерінің бірқатар шешімін табу, инвистициалық компанияларды қарату, мәдениет пен өнердің алмасулары және ең бастысы Қазақстан Республикасының алып державаға айналуын халқымызға да, әлемге де сезіндіртіп мойындату болып табылады.

Бұл жұмысымның соңын Елбасымыздың сөздерімен аяқтағым келеді: «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін». Мен де елімнің еңсесі биік болашағына сенемін! Біз жеңгенбіз, әлі де жеңеміз...

Аскарова Анаргуль Бейбутовна

1993/01/24

г. Алматы

КазНУ имени Аль Фараби (факультет химии и химической технологии) 3- курс

Askarova.anargul@mail.ru

8(727)2 73 81 93



8778 601 92 45

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет