ПОӘК 042-14-3-01.1.20.31/03-2012
|
Басылым №2.26.09.2012
|
-бет беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14-3-01.
1.20.31/03-2012
|
«Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№2- басылым
26.09.2012
|
«САЛАЛАРДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
| Мазмұны |
|
|
|
|
|
1
|
Глоссарий
|
4
|
2
|
Лекциялар
|
4
|
3
|
Тәжірибелік сабақтар
|
4
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
5
|
|
3
4
41
44
|
-
ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын
міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржылық есеп берушілік - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді.
Баланс валютасы - баланс активті мен пассивінің жиыны.
Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.
Синтетикалық шоттар - қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.
Талдамалы шоттар - синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды.
Шоттар жоспары - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады.
Есеп регистрлері - есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар .
Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан).
Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.
Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады.
Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы
Чек - -шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары.
Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.
Негізгі құралдар - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді
Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.
2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1.Тақырып: Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп.
Дәріс сұрақтары:
1.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері.
2.Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.
3.Тауарларды бағалау.
4.Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1.Сауда сферасында тауар айырбасы, тауарларды сату-сатып алу, осы процестер негізінде сатып алушыларға қызметтер көрсету, сонымен қатар тауарларды жеткізу, сақтау және оларды сатуға дайындау жүзеге асырылады.
Тауарларды сатумен үш сауда зонасы айналысады: көтерме, бөлшек және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.
Барлық сауда кәсіпорындарында есептің басты объекті тауар болып табылады. Тауарлардың қозғалысы бойынша операциялар есебі үшін шоттардың Бас жоспарының 1330 «Тауарлар» шоты қарастырылған. Бұл шоттың дебеті бойынша алынған тауарлардың құны, ал кредиті бойынша тиелген немесе жөнелтілген тауарлар құны көрсетіледі. Тауарлардың синтетикалық есебі, кәсіпорындар қалауы бойынша әр түрлі бағдарламалық өнімдердің электронды кестелерінде, немесе бухгалтерлік есептің регистрлерінде жүзеге асырылады. Тауар қозғалысы бойынша операцияларды жалпылау үшін №6 журнал -ордер, №7 журнал –ордер,. №9 журнал-ордер, №11 журнал-ордер қолданылады.
Сату процесінде келесідей түсініктер қолданылады: түсім (пайда), сауда үстемесі, тауар айналымы, сатып алу бағасы, лицензия, сату бойынша шығындар.
Сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тауарлық операциялар есебінің жалпы және спецификалық принциптерін таратуға бағытталуы керек, ол келесідей позицияларды қосады:
-
Әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша есепті ұйымдастыру (бригада)
-
Әрбір нақты ұйым жұмысының ең біртұтас жағдайында тауарлар есебінің сызбасын таңдау (жеке, табиғи-құндық, құндық).
-
Тауарларды кірістеуде және шығаруда бағалаудың бірлігі.
-
Тауарлар бары және қозғалысы туралы есепті ұсыну мерзімі және кезеңділігі.
-
Тауарлардың іс жүзіндегі қалдығына түгендеу жүргізу жолымен кезеңдік тексеру және бағалықтардың сақтығын қажет етуі тексеру үшін бухгалтерлік есеп мәліметтері мен оларды салыстыру.
2. Сауда кәсіпорындары тауарларды әртүрлі жағдайларда алады: Жабдықтаушы қоймаларында, темір жол бекетінен, аэропорттан немесе материалды-жауапты тұлға қабылдайтын өзінің сауда үйінде.
Жабдықтаушы қоймасынан тауарларды қабылдауды материалды-жауапты тқлға жүзеге асырады.
Жабдықтаушы қоймасынан тауар алғанда материалды-жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Материалды-жауапты тұлға сенімхатты келесі күні бухгалтеряға тапсырады.
Жабдықтаушымен тауарларды бөлшектеп босатуда әрбір босатуға накладной 3 данада номері мен беру күнін көрсете отырып толтырады. 1-данасын тауар алушыға, 2-сі жөнелтушіде қалып, 3-бухгалтерияға жіберіледі.
Жабдықтаушы автокөлігімен сатып алушы қоймасына тауарды жеткізуде сатып алушы материалды-жауапты тұлға жабдықтаушы экспедиторынан тауарды орын саны және брутто салмағы бойынша қабылдайжы және тауарлы транс.накл мәліметтерімен слыстырады. Салыстыруда ауытқулар айқындалса акт жасалады. Актте айқындалған ауытқулары бар тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Темір жол транспортымен тауарларды жеткізуде тауарларды қабылдау вагондарды түсіру орнында немесе темір жол қоймаларында жүргізіледі. Тауарлар ере жүретін құжаттарға сәйкес қабылданады. Алдымен вагонның тұтастығы, бүтіндігі, пломбанаң барлығы, вагонды пломбалаған ұйым мөрінің нақтылығы қаралады. Бар тауар және есепті құны көрсетіледі.
Сонымен қатар сауда кәсіпорындары тауарларды тұрғындардан да сатып ала алады. Мұндай жағдайда кәсіпорын сатып алушының материалды жауапты тұлғасы сатып алу актін жасайды, онда аты-жөні, РНН, тауар аты және жалпы сома көрсетіледі.
Кәсіпорын балансына тауарларды кірістеу ережеге сәйкес жабдықтаушы құжаттары негізінде жүзеге асырылады:
-
шот-фактура,
-
тауарлы көліктік накладнойлар,
-
накладной және т.б.
3. Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.
4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.
5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Баға – ол айырбас барысында белгілі тауарға ие болу мақсатында тұтынушы қиюға дайын ақшаның саны, немесе игіліктердің, құндылықтардың қосындысы. Фирмалардың көпшілігі бағаны есептегенде өз тауарларының құндылығын сезінуден бастағанды дұрыс деп санауда. Олар баға тағайындаудың негізгі факторы сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды. Сатып алушылардың ұғымында тауардың құндылығын құрастыру үшін олар өздерінің маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек.
4. Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады.
Бөлшек сауданың тарихы 20-жылдары өндіріс шығарған барлық заттарды табуға болатын жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек арнайы дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды. Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап сататын автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек сауданың сан алуан цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.
Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:
1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;
2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;
3. Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарлайды.
Бөлшек сауда түрлері меншік нысандары бойынша – мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне – өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша – ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,) және орналастыру ыңғайына байланысты болады.
Бөлшек дүкендер типтері
1. Өткізетін өнімдердің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын болып бөлінеді.
ІІ. Тауарлық ассортимені бойынша дүкендердің мынадай типтері бар(14;36);
1. Супермаркеттер – үстеме бағасы жоғары емес, алуан түрлі тауар ассортименті бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін үлкен дүкендер. Олар орта есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның ішінде азық-түлікпен қатар, күнделікті өмірге қажет заттар да бар. Супермаркеттің ауданы400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін.
2. Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5мың шаршы метрге дейін жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге қарағанда 2 есе көп. Көлемі жағынан орташа супермаркеттен 2 есе үлкен, көптеген қызмет, түрлерін көрсетеді. Олардың асортиментінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бар.
3. Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50 мыңға дейін шаршы етірге жетеді. Супермаркеттің көпшілік тауар дүкендерінің, көтерме сауданың негізгі қағидаларын ұстанады. Ол азық-түліктің көптеген түрлерін, азық-түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін (шаруашылық тауарларын, киім және тағы басқалары) ұсынады. Оларда мейрамхана, ойын бөлмелері, балаларға арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан бағамен сатады. Мысалы: АҚШ-тағы «Wal-Mart» Алматыдағы «Рамстор – Бутя» дүкендер жүйесі.
4. Cash&Carry дүкендері. Ауданы – 400 шаршы м. жоғары. Жұмыс күшін үнемдеу арқылы тауарларын ұсынады.
5. Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтпрын алуан түрлі ассортиментін ұсынатын дүкендер (киім - кешек, аяқ-киім, және т.б.).
6. Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады.
7. Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен арнайы дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті тауарларды ұсынады. Мысалы, АҚШ-тағы Kmart магазині.
8. Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен жұмыс істейтін, тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар бағасы жоғары болады.
ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады.
1. Дисконтты дүкендер («Tagret»). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін, бағасы төмен, сан түрлі ассортиментті тауарлардыұсынады.
2. Қойма клубтары. Қоймаға ұқсас ғимарата орналасқан, қызметтер ықшамдалған дисконтты дүкендер. Тұтынушылар клуб мүшелері болғандықтан, мүшелік жарна төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады.
3. Қойма-дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас. Бағасы біршама арзан (кемітіп сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны.
ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар:
1. Пошта арқылы сату («Директ-мейл»);
2. Автоматтар;
3. Тапсырыстар қызметі;
4. Шығарып сату саудасы.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Тауарлар есебінің негізгі қағидалары қандай?
2.Саудада баға қалай қалыптасады?
3.Бөлшек саудада тауарлық операциялар қалай рәсімделеді?
4.Көтерме сауданың негізгі қағидалары қандай
2 тақырып. Сыртқы экономикалық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Дәріс сұрақтары:
1.Экспорттық операциялар есебі.
2.Импорттық операциялар есебі.
1. Нарық категориясын тереңірек ұғыну үшін оның шаруашылық (экономикалық) іс-әрекетіндегі орнын анықтауымыз қажет. Экономикалық іс-әрекеттің 4 сферасын атап кетуге болады:
1. Өндіріс.
2. Тарату.
3. Айырбас.
4. Тұтыну.
Экономиканың жалпы, әрі қарапайым мақсаты – тұтыну болып табылады. Ал экономиканың ең маңызды саласы - өндіріс. Оның әсерінсіз ешқандай нарық болуы мүмкін емес, тек өнерәсіп қана қажетті тауар массасын өндіреді. Өндірістік сфераны өзгерту – басқа да экономикалық салаларды өзгерудің кілті болады. Ол нарықтық қатынастардың, олардың жоқ жерде құрылуы үшін аса маңызды фактор болып табылады. Егер бастапқыда ешқандай өндірістік нәтиже болмаса, онда нарықтың болуы мүмкін емес. Бірақ өндіріс пен тұтыну арасында басқа да салалар болады, өнеркәсіптен кейінгі тарату жүйесі өндіріс өнімін кімге бұйыратынын, өндірілген тауардың иесін анықтайды. Тарату жүйесі адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың құрылуында маңызы зор.
Тарату жүйесі өндірістің нәтижесі ғана емес. Өнеркәсіп процесінің тиімділігі еңбек өнімінің таратылуы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Айырбас экономика иерархиясы саласында үшінші орынға иеленсе де, оның өндіріске тигізетін әсері таратумен де тепе-тең болады. Қалай болса да нарық фукнцияларын қарастырғанда оның тиімділігі айқын көрінеді. Айырбас сферасы барлық қоғамдық шаруашылықтың жүйесінде ең 13 маңызды рөлге ие. Сондықтан, тауар айырбасы жиынтығы ретіндегі нарық дамуы аса маңызды тарихи рөлге ие болған.
Экспорт – отандық не бұрын шетелден әкелінген және оларды сыртқы нарықта өткізу үшін қайта өңдеуге ұшыраған тауарларды елден әкету. Кері экспорт – шетелден әкелінген тауарларды қайта өңдемей елден әкету.
Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі – күннің талабы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын, республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестіндіре білу қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін, оған тән ерекшеліктерді байқап бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі – ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
2. Таза экспорт тауарлар мен көрсетілген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашылығына тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда жалпы ұлттық өнім ішкі шығындар жиынтығына тең болады. Бірақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы» ретінде қатысамыз, сонда жалпы ұлттық өнім ішкі шығын көлемін жоғарылатады. Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа «нетто-импортершы» ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады.
Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнім қолданылады, одан кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады.
Таза ұлттық өнімді алу үшін, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз.
Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар жалпы ұлттық өнім дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, оны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ жалпы ұлттық өнім дефляторында көрсетілмейді.
Сыртқы сауда келісімдерін жүргізу кезіндегі құжаттық аккредитивті қолданумен жасалатын есеп схемасы: 1. экспортер импортерге шот жазады; 2. импортер өз банкіне экспортер атына аккредитив ашуды сұрайды; 3. импортер банкі аккредитив ашып, экспортер банкіне хабарлайды және экспоретрді құлаққағыс қылады; 4. экспортер импортерге тауар жібереді; 5. экспортер өз банкіне тауарды бөлу туралы құжаттарын жібереді; 6. экспортер банкі экспортерге төлем жасайды;7. экспортер банкі құжаттарды импортер банкіне жібереді; 8. импортер банкі экспортер банкіне төлем жасайды;9.импортер тауар құжаттарын алғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін өз банкіне төлем жасайды;10. импортер банкі импортерге тауар бөлу құжаттарын береді, жүк келген кезде импортер оны алады.
Достарыңызбен бөлісу: |