«Менің елім Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрмесі



Дата25.02.2016
өлшемі29 Kb.
#24177
«Менің елім – Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрмесі
2015 жылдың 20 ақпанында сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «Менің елім – Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрменің тұсаукесері, сонымен қатар дөңгелек үстел өткізілді.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Ассамблея азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың ұлтына қарамастан мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ететін, барлық этникалық топтардың мүдделерін біріктіретін, еліміздің саяси жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

Ассамблеяны құрудың негізгі идеясы 1992 жылы Қазақстан халықтарының бірінші форумында Президентпен айтылған болатын. 1995 жылы 1 наурызда Елбасының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган құрылды. Содан бері 20 жыл уақыт өтті. Осы кезең ішінде Ассамблея конституциялық органға ауысып, қоғамдық-саяси мәртебеге, берік құқықтық тірекке ие болды.

Ассамблея жұмысының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, ұлты мен дініне қарамастан әрбір азамат Конституция кепілдік ететін азаматтық құқық пен бостандықты толығымен пайдалана алатын сенімнің, ынтымақтастықтың және өзара түсінушіліктің ерекше атмосферасы қалыптасты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын атап өту аясында  Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты «Менің елім – Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрме өткізді. Көрменің басты тақырыбы осы бірегей ұйымды құру мен дамытудағы, қазақстан қоғамында әлем мен ұлтаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі болып табылды.

Көрмеде ҚР Президенті Мұрағатының қорынан Ассамблея құрылуының тарихы, оның алғашқы қадамдары, осы институтты қалыптастырудағы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі, оның Қазақстан халықтарының форумдарында және Ассамблея сессияларында сөйлеген сөздері және анықтамалар, хаттар, жазбалар, ақпараттар көрсетіледі. Сонымен қатар қонақтардың назарына Алматы қаласының ұлттық-мәдени орталықтарының халықтық қолөнер экспонаттары (ұлттық киім, атрибуттар, ыдыстар, әшекейлер) ұсынылды.

Дөнгелек үстел қатысушылары қоғамның қоғамдық-саяси өміріндегі Ассамблеяның алатын рөлі жайлы пікіралмасты, яғни осы кезеңге дейін қандай жұмыстар атқарылды, қандай мәселелер шешімін күтуде және оған этно-мәдени орталықтардың көмегі қандай деген секілді. Қатысушылардың барлығы Ассамблеяны әлемде аналогы жоқ кең өкілетті, бірегей орган екендігіне ниет білдірді. Алайда, жетістіктермен қатар аса зейінді зерделеуді талап ететін мәселелер де бар. Мысалы, ұлттық-мәдени орталықтардың және басқа да ұйымдардың қызметінде мемлекеттік тілдің кеңінен пайдаланылуы туралы. Осы айтылған мәселелердің барлығын келер жылдар бойы шешуге тура келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған көрменің тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының ұлттық-мәдени орталықтарының басшылары, ғалымдар, тарихшылар, мұрағат, мұражай, кітапхана қызметтерінің басшылары және т.б. қатысты.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет