Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді пайдалануға қолайсыздық тудыруда
Халықаралық Бизнес Академиясының Оқу ісі жөніндегі проректоры Ж.Нүсеновке ҚЭФ, 2 курс студенті А. Ахметовадан АРЫЗ Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді пайдалануға қолайсыздық тудыруда. Осы мәселеге байланысты сабақ кестесін оңтайлы құруға көмектесуіңізді сұраймын. 22 мамыр, 2010 жыл. (қолы)
,
2-үлгі: Шағым түрі
Халықаралық Бизнес Академиясының Жалпы мәселелер жөніндегі проректоры Е.Т. Жарлықасымовқа ҚЭФ, 2 курс студенті А. Әділханұлынан АРЫЗ Менің сізге арыз беру себебім, уақытымның басым бөлігі университет- те өтуіне байланысты асханадан тамақтануыма тура келеді. Бірақ №1 асхананың қызмет көрсету дәрежесі төмен, тамақтарының сапасы на- шар, бағасына сай емес, аспаздар өз қызметін дұрыс атқармайды. Асха- на басшысына ауызша және жазбаша түрде де шағымдандық. Бірақ еш нәтиже болмады. Осы мәселелерді ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймыз. 28 қаңтар, 2009 жыл.
Орынғазы Әбутәліп ,
3-үлгі. Шағым түрі
Алматы қаласы, «Меруерт» дүкенінің директоры Б.А. Мұратоваға Алматы қаласы, Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543) Құралай Мақсатқызынан АРЫЗ Менің сізге арыз жазу себебім, 2010 жылдың 18 қаңтар күні сағат 14.00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Меруерт» дүкенінен 1 литрлік «Айналайын» сүтін (майлылығы 6%, бағасы 250 теңге, қолданылу мерзімі: 01.01.11, сериясы: 56297532, чек бар) сатып алған болатынмын. Оның сапасы төмен, жарамсыз болып шықты. Қолымдағы чекпен сатушыға (Б.С. Жоламановаға) келіп сүтті ауыстырып беруін немесе ақшасын қайтаруды талап еттім. Бірақ менің талабым қанағаттандырылмады. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын. 19.01.10. (Қолы) — — — — — — — — — — — —
Өтініш
Арыз
Анықтамасы
Өтініш дегеніміз – азаматтар- дың жеке құқықтары мен мүдде- лерінің жүзеге асырылуы мазмұн- далатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға
бағытталған ресми құжат.
Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы.
Есік гуманитаолыө экономикалық колледжінің 2 курс студенті : АРЫЗ ___.____ 20___ (қолы)
,
Асхана тамағының сапасының төмендігі туралы арыз жазыңыз.
сүт зауытының директоры Т.С. Пірімбетовтің атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты арыз үлгісін жазыңыз.