Меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау қағидаларын және меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау актiсiнiң нысанын бекiту туралы



Дата22.02.2016
өлшемі49.09 Kb.
#1054
Меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау қағидаларын және меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау актiсiнiң нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1278 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары);
      2) меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау актiсiнiң нысаны бекiтiлсiн.
      2. «Қазақстан Республикасында құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 1018 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы қаулының 2-тармағын және Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасы 2012 жылғы 31 қаңтарға дейiн қолданылады.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1278 қаулысымен
бекiтiлген 

Меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрленген және меншiк иесiнiң салынған объектiлердi пайдалануға өз бетiнше қабылдау тәртiбiн белгiлейдi.


      2. Осы қағидалардың қолданысы Заңның 74-бабының 1-тармағында көрсетiлген объектiлерге қатысты болады.

2. Меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау тәртiбi

      3. Меншiк иесi салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етiледi:


      1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат;
      2) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмi;
      3) тиiстi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары;
      4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама не нобай (жобаның нобайы).
      4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаған кезде меншiк иесi мердiгерден объектiнiң дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн (егер объект мердiгерлiк тәсiлмен салынса) оны қабылдау рәсiмiне кiрiседi.
      5. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдаған кезде меншiк иесi:
      1) меншiк иесiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау актiсiн ресiмдей отырып, Заңның 74-бабының 1-тармағында көзделген объектiнi пайдалануға қабылдайды;
      2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың не нобайдың (жобаның нобайы), объектiлердi жобалау үшiн берiлген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексередi;
      3) егер объект мердiгерлiк тәсiлмен салынған жағдайда орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға немесе нобайға (жобаның нобайына), сондай-ақ мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестiгiн тексередi.
      5. Актiге қол қойылған күн меншiк иесi қабылдаған объектiнiң пайдалануға қосылған күнi деп есептеледi.
      6. Акт дайын құрылыс өнiмiне меншiк құқығын тiркеген кезде айрықша бастапқы құжат болып табылады.
      7. Актiге қол қойған кезде меншiк иесi актiнiң көшiрмесiн сәулет және қала құрылыс салысындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органға жiбередi.

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 2 қарашадағы
№ 1278 қаулысымен 
бекiтiлген 

Нысан


Меншiк иесiнiң объектiнi пайдалануға
өз бетiнше қабылдау актiсi

___________________            20 ___ жылғы «__» _____________
 (қала, кент, село)

      Құрылыстың меншiк иесi ______________________________________


___________________________________________________________________
        (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрақты мекенжайы)
 
және мердiгер (егер объект мердiгерлiк тәсiлмен салынса) __________
___________________________________________________________________
(құрылысты жүзеге асырған ұйымның атауы, адамның тегi, аты, әкесiнiң
                        аты, мекенжайы, телефоны,
____________________________________________________________________
(лицензияның №, алған күнi, адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы)

      АНЫҚТАДЫ:

      1. ___________________________________________________________
              (объектiнiң атауы, орналасқан жерi немесе мекенжайы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
объектiнi салуды/тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк
жүйелерi мен жабдықтарының өзгеруiне, сондай-ақ үй-жайлардың
функционалдық мақсатының өзгеруiне байланысы жоқ қолданыстағы
ғимаратты қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды)
меншiк иесi өзi ____________________________________________________
____________________________________________________________________
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)
және/немесе ол тартқан мердiгерлiк ұйым ____________________________
____________________________________________________________________
(объектiнi салуды (үй-жайды қайта жаңғыртуды) жүзеге асырған, қайта
      жоспарлау ұйымның атауы, адамның тегi, аты әкесiнiң аты)
 
ұйым жүзеге асырған.

      2. ____________________________________________________________


                           (жұмыстар түрлерi)
_____________________________________________________________________
________________________________________________________ орындалған.
      3. Объектiнi салу/тiреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлiк жүйелерi мен жабдықтарының өзгеруiне, сондай-ақ үй-жайдың
функционалдық мақсатының өзгеруiне байланысы жоқ қолданыстағы
ғимаратты қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау):
___________________________________________________________________
      (шешiм шығарған органның атауы, шешiм № және күнi)
___________________________________________________________________;
 
негiзiнде жүргiзiлген.

      4. Құрылыс____________________________________________________


____________________________________________________________________
(жобаны (жобалау-сметалық құжаттаманы) не нобайды (нобайлық жобаны)
                      әзiрлеген ұйымның атауы)
____________________________________________________________________
   жобаны (жобалау-сметалық) құжаттаманы, нобайды (нобайлық жобаны)
               қараған және келiсiм берген ұйымның атауы)

келiсiлген жоба (жобалау-сметалық)/құжаттама нобай (нобайлық жоба)


бойынша жүзеге асырылды.

      5. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзiмде жүзеге асырылды:


      жұмыстың басталуы____________________________________________;
                                      (айы және жылы)

      жұмыстың аяқталуы____________________________________________;


                                      (айы және жылы)

      6. Пайдалануға қабылданатын объектiнiң мынадай көрсеткiштерi


бар: ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
  (жалпы алаңы, тұрғын алаңы, қабаттар саны, құрылыстың көлемi,
ұзындығы, негiзгi материалдар мен конструкциялар бойынша қысқаша
              техникалық сипаттама және с.с.с.)

      7. Жарылыс қауiпсiздiгiн, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету,


қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар _________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                  (орындалғаны туралы мәлiметтер)

      8. Құрылысы аяқталған объектiнiң/қайта жаңартылған (қайта


жоспарланған, қайта жабдықталған) қолданыстағы ғимараттың
үй-жайларының мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтiк талаптарға,
сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келiсiлген жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасына/нобайға (нобайлық жобаға) сәйкестiгiн растау негiзiнде
жеке меншiк иесi:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                           (объектiнiң атауы)
пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шештi.

      9. Салынған объектiнiң нормативтiк талаптарға, сәулет-жоспарлау


тапсырмасына, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына/нобайға
(нобайлық жобаға) сәйкестiгiн растаймын.

      Құрылыстың меншiк иесi ________________________________________


_____________________________________________________________________
       (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұратын мекенжайы, қолы, күнi)

      және мердiгер (егер объект мердiгерлiк тәсiлмен салынса) ______


_____________________________________________________________________
         (ұйымның атауы, тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, күнi)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет