Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар



Дата23.02.2016
өлшемі41 Kb.
#3674
Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жемқорлыққа қарсы шараларды белсендіру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде.

2015 жылғы маусым айында Мәртөк ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылғы арналған кешенді әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жоспарды және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттарды орындау үшін жауапты қызметкер болып бөлім басшысының орынбасары Ж.Кауменова бекітілді.

Маусым айындағы «Начни с себя-Өзінен баста» атты республикалық акцияға бөлім басшысы Г.Алматбаева қатысып, 2015 жылғы маусымдағы хатымен өзінің және зайыбының жеке табыстарын, мүліктерін газет бетінде және аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында жарялауға ұсынды.

Маусым айында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Жемқорлықпен күрес туралы» қолданыстағы заңдары туралы мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселесі бойынша бөлімде кеңес өткізілді. Сонымен қатар, 2015 жылғы 5 мамырдағы № 9 хаттамамен, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 10 хаттамамен, 2015 жылғы 9 маусымдағы № 12 хаттамамен, 2015 жылғы 29 маусымдағы № 13 хаттамамен, 14 шілдедегі № 14 хаттамамен, 10 тамыздағы № 15 хаттамамен, 14 тамыздағы № 16 хаттамамен, 03 қыркүйектегі №17 хаттамамен, 09 қыркүйектегі №18 хаттамамен, 12 қыркүйектегі №19 хаттамамен, 19 қазандағы №20 хаттамамен, 06 қарашадағы №21 хаттамамен, 16 қарашадағы №22 хаттамам, 23 қарашадағы №23 хаттамамен, 26 қарашадағы №24 хаттамамен, 04 желтоқсандағы № 25 хаттамамен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бөлім қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, қызметкерлерге қол қою арқылы таныстырылды.

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдау уақыты регламентпен бекітілген, оған сәйкес ақпараттық тақта ілінген.

Бөлім қызметкерлерімен және бөлім жаңындағы бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен жыл бойы жүргізілген жұмыстары «Мәртөк тынысы» газетінде және martuk.gov.kz интернет-ресурсында жарияланып тұрады.


Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыстар.

Есепті мерзімге бөліммен 4703 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 2480 қызмет, «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы 812 қызмет, 1411 қызмет бөлім арқылы көрсетілді.

Баламалы негізінде көрсетілетін 8 қызмет түрінен, барлығы 2480, орындалуы 100%. «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін 6 қызмет түрінен 2023 қызмет көрсетілді, оның ішінде 812 қызмет веб портал арқылы, 1211 қызмет бөліммен көрсетілді, бұл «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін қызметтің 40,1 %-ын құрайды. Талап бойынша 60%-дан кем болмау керектігін ескерсек, оған келесі түсініктеме беріледі. Көрсетуге жататын «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдесдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызмет (осы жылда 1102 қызмет көрсетілді) Е-ГОВ қызметінде белсенді емес түрінде, яғни бөліммен порталмен көрсету объективті себептерге байланысты мүмкін емес.

Егер есептік мәліметтен жоғарыда көрсетілген қызметті алып тасталса, онда нақты көрсеткіш 88,2%-ға орындалғанын көрсетеді.


Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер.

Есепті кезеңге бөлімге жеке және заңды тұлғалардан жыл басынан 18 өтініштер түсті, 17 жеке және 1 заңды тұлғалардан. Олардың 8 - і қанағаттандырылды, 10-ына түсіндірме беру арқылы жауап берілді. Мерзімдерін бөзу фактілері болған жоқ. Өтініштер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Айқын» арнайы дерекқорына енгізіледі. Жыл басында өтініштерді талон беріп тіркеу кезінде номерлерін дұрыс көрсетпеу қателігі орын алды, ол үшін өтініштерді тіркеуге жауапты бөлім басшысының орынбасары ескерту беріліп, жұмыс талапқа сәйкес қойылды, бөлім мамандарымен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.


Қаржы игеру жұмыстары.

Бөлім бюджет бағдарламалары бойынша 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларына 151 883,9 млн. теңге нақтыланып, бекітілді. Жылдың аяғына дейін барлық қаржы, заңнамалық тәртіппен игерілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет