Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы
А.Қ. Тұрышев
Мәшһүр-Жүсіп ШығармаларыНДАҒЫ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕР
4 Том
Павлодар
2008
ӘӨЖ 81:39 (574)
ББК 81. 2. Каз-923
Т 84
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған
Пікір жазғандар:
Е. Жанпейісов – А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.
С. Негимов – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Т. 84 Тұрышев А.Қ.
«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы метрологиялық терминдер» : Монография. – 4 том. – Павлодар : Кереку, 2008. – 112 б.
ISBN
«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы метрологиялық терминдер» – атты монография жоғары оқу орындарының студенттеріне, бакалаврларына, магистрларына, этнолингвистика, этимология ғылымына қызығушылық танытқан зерттеушілерге арналған.
ISBN
ӘӨЖ 81:39 (574)
ББК 81. 2. Каз-923
© Тұрышев А.Қ., 2008
© С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, 2008
Кіріспе
Ќазаќстан Республикасы егемендігін алып, іштей ќайта т‰леп, жањѓыру кезењін басынан µткеруде. Этностыњ м±ндай бетб±рысын оныњ тілін, єсіресе, таным ќ±ралы ретінде, ќ±жаттыњ мєњгілігі жаѓынан алып ќараѓан мањыздыраќ. Себебі, ќай ±лттыњ да µзіндік этномєдениеті ќашанда тілінде тањбаланады. Бұл қасиет ерекше тілдік тұлғалардың шығармашылық тілінде айшықты түрде көрініс табады. Сондай тұлғалардың бірі – артында мол әдеби, тілдік, мәдени, этнографиялық, философиялық т.б. мол мұра қалдырған М-Ж. Көпеев.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өмір сүрген дәуір, ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алдыңғы қырық-отыз жылы. Бұл кезең әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қандай қайшылықты, оның шығармашылық жолы да сондай көп иірімді, күрделі болды. Ғұлама шешен М-Ж. Көпеевтің мұрасын жинап жариялау, зерттеп ғылыми айналымға ендіру, сөйтіп, халық игілігіне айналдыру жұмыстары еліміз егемендік алған соң ғана шындап қолға алынды. Біздің ойымызша, бұл мәселе Мемлекеттік «Мєдени м±ра» атты баѓдарламаның асырылуға тиіс ұлттың мәдениетін, сипатын бағдарламаның негізгі өзегі халықтың бай мәдени мұрасын, соның ішінде ұлттың ежелгі мәдениетін, фольклорын, салт-дәстүрін зерттеудің біртұтас жүйесін жасау сондықтан, бай әдеби мұрасы Дулат, Абай, Шәкәрім шығармашылығымен тақырыптас, өзектес, ең бастысы рухтас және адами тағдыр-таласты, дәуірімен де тұстас Мәшһүр-Жүсіп тілінің идиоэтникалық негіздерін зерттеу осы игілікті көкейкесті елдік мәселемен сабақтас мәселе ретінде, арнайы зерттеуді қажет етеді. Демек, тақырыпқа осы аталған елдік мәселе тұрғысынан келгенде өзектілігінде күман жоқ деуге болады. Ал этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады [1, б.18-22].
Біз Мәшһүр-Жүсіп қолданысындағы ескіліктердің барлығының түп-төркінін, мән-мазмұнын жан-жақты ашып тастамасақ та, белгілі бір жағдайда толықтай мәлімет алуға, көне түркі сөздерінің қолданыс аясын, оның о бастағы түбір тұлғасының Мәшһүр-Жүсіп қолданысында қандай сипат алғаны туралы әжептәуір мәліметтерге қол жеткізгенімізді айтуға болады. Шынында да Орта Азия мен Қазақстан халықтары өзінің ұзақ этникалық және мәдени дамуында небір күрделі тарихи процестерді бастарынан өткерді. Олардың тілдік көріністері халқымыздың бай ауыз әдебиеті үлгілерінде, ақын-жыраулардың өлеңдерінде әсіресе, ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында сақталып, бүгінгі заманға жетті. Сондықтан зерттеу объектімізге қатысты жинақталған нақты тілдік деректерді ежелгі, Орталық Азия, Оңтүстік Сібір тұрғындарының ғана емес, Орал-Алтай тілдерінің де материалдарымен сабақтастыра талдау ғылыми да, маңызды деп ойлаймыз. Әдетте, мұндай құрылымды зерттеудің жеке бір идиоэтникалық лексикасын анықтауға ғана емес, мұның сыртында жалпы тарихи лексикология үшін де маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілін зерттеумен, оның ішінде этномәдени лексикасының қайнар көзін анықтаумен айқындалады. Бұл мәселелерді шешу этномәдени бірліктердің бүгінде күңгірт көне мағынасын қалпына келтіру, түбір тұлғаның этимологиясын анықтау т.б. тығыз байланыста қарастырумен, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы этнолексиканың мән-мазмұнын, қолданыс аясын анықтауға мүмкіндік береді осымен байланысты. Жұмыста М-Ж. Көпеев шығармалары тілінің идиоэтникалық семантикасы көне түркі тілдері жазба ескерткіштерінің деректерімен мүмкін болғанша салыстырмалы түрде қарастырылады. ХIХ ғасырдағы ескіліктер, негізінен «Абай жолы» эпопеясы арқылы, М. Әуезовтің 20 томдық шығармалары арқылы ғана белгілі болатын. Ал, осы дәуірде өмір сүрген Мәшһүр-Жүсіптің тілі қаншалықты бай, онда қаншалықты ескілікті сөздер бар екендігі, оның айырмашылығы, және оны айқындаудың өзектілігі анықталмаған еді. Өзектеуде мүмкін болғанша осы жағына жете көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде, жоғарыда көрсетілгендей, тілдегі деректердің мағынасын қалпына келтіру, кей тұстарда этимологиялық ізденістердің нәтижесінде қазақ тілі тарихына да өзіндік нақты дәйектер ұсынады. Атап айтқанда, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы этномәдени лексиканың тілдік табиғатын, идиоэтникалық бірліктердің нақты көлемін анықтау, ғылыми айналымға түсіру осы – тақырыптың өзектілігіне жатады. Тақырыптың зерттелуі ХIХ ғасыр ішіндегі Абайдан соң зерттеле бастаған ірі-ақынның бірі – Мәшһүр-Жүсіптің шығармашылық лабораториясын анықтауға да септігін тигізбек. Сол жағынан да тақырып өзекті болып табылады. Көптеген ұмыт болған көне сөздердің бастапқы мағынасы қалпына келтірілуі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты басқа мағыналық сипат белең алып кеткен сөздер сөздік қорымызға жанама қосылған мағыналарынан аршылып, өзінің түп-тұлғалық мағынасына ие болып, қайтып оралды.
М-Ж. Көпеевтің шығармалар жинағы, салыстырмалы мәліметтер сипаттауға фольклорлық мәтін деректері, ХV-ХIХ ғасырлардағы қазақтың ақын-жырау шығармаларынан, қазақтың жазушыларының шығармаларынан, көрші Орта Азия республикаларының эпостарынан алынған мысалдарды зерттеу арқылы М-Ж. Көпеев шығармаларында қолданылған тілдік деректердің этномәдени негіздерін анықтау зерттеу жұмысының нысаны болып табылады.
Мәшһүр-Жүсіп қолжазбалары: ҒА. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Сирек қолжазбалар қоры»; ҰҒА. Орталық кітапханасындағы «Қолжазбалар қоры»; Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығындағы 10 папка көлеміндегі Мәшһүр-Жүсіп, жиені – Жолмұраттың, кенже ұлы – Фазылдың қолжазбалары, немересі – Қуандық Жүсіп қолындағы «Әулеттік» мұрағаттар т.б., М-Ж. Көпеев «Хал-ахуал» Казань. Книжный магазинъ. Н.въ. Хусаиновыхъ. Типо-литогарфія Императорского Университета. 1907 г; «Хал-ахуал» Частной русской типографія Б.Л. Домбровского. 1912 г; М-Ж. Көпеев «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» Казанъ, электро-типографія шарафъ. 1907 г; Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы (Екі томдық шығармалар жинағы) – Алматы, Ғылым: 1990; Мәшһүр-Жүсіп Көпеев (Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері) – Алматы, Ғылым: 1992; Мәшһүр-Жүсіп «Қазақ шежіресі» – Алматы, Жазушы: 1993; Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 4 томдығы (2003, 2004); С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті дайындап шығарған. Және баспаға дайындалған 1-11 томдарының қолжазбалары, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы көп томдық шығармалар жинағы (3 томдығы. – Алматы, «Алаш» баспасы 2003, 2004).
Жұмыстың негізгі мақсаты Мәшһүр-Жүсіптің көркем шығармашылық лабораториясына дендеп ену арқылы Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығының қалыптасу арналарын анықтау, этномәдени сипаттағы тілдік мұрасын бір жүйеге түсіру, оның этногенезисін көне тілдік тарихи салыстырмалы зерттеулер арқылы анықтау. Бұл мақсат төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
– Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына ауыз әдебиетінің, фольклорының жалпы қазақ мәдениеті мен тарихының әсерін, сабақтастығын көрсету;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармалар тілінің қазақ әдебиеті көркем тілінің тарихындағы орнын дәлелдеу;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің ежелгі байтақ шығыс әдебиетімен үндестігін дәйектеу;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығының негізгі тілдік арналарындағы орыс (еуропа) мәдениетінің тоғысында және бір заманда қалыптасқан Дулат-Абай-Шәкәрім-Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени лексикасы арасындағы ортақ тұстарын, желілестігін айқындау; Осы этномәдени лексиканың М-Ж. Көпеев қолданысының басқа ақындардан айырмашылығы қандай екендігіне назар аудару;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармаларынан жиналған этномәдени бірліктерді белгілі бір ғылыми жүйеге түсіру, олардың мифологиялық дүниетаныммен байланыстыларын, рухани мәдениеттің тілдік көріністері болып табылатындарын және заттық мәдениетке қатыстыларын – осылай үлкен үш топқа бөліп, қарастыру;
– Бұлардың әрқайсысын өз кезегінде іштей тағы бірнеше тақырыпқа жіктеу арқылы монографияның ішкі құрылымы болып табылатын тілдік материалдарды жеке тұрғандағы түбір тұлғасының мағынасын анықтау арқылы оның келесі тілдік дерекпен байланыстылығын, сабақтастығы барлығын айқындау;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ескілікті сөздер тілдің ұзақ жылғы даму барысында қандай мағыналық өзгерістерге түскендігін анықтау, оның бастапқы түбір тұлғалы мағынасын қалпына келтіру;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы тілдік көріністердің ішінен мифтік мағынадағыларын жеке өз алдына бөліп шығару; бұларды іштей тақырыптық құрамына қарай топтап алып, әрқайсысына тілдік, тарихтық, салыстырмалы деректер негізінде, кең көлемді этномәдени контексте талдау жасау;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармалар тіліндегі исламдық мәдениетпен байланысты лексикалық қабаты өз ішінде екіге (кереметтер лексикасы мен демонологиялық лексикаға) бөлінетінін негізге ала отырып, араб-иран тілдерінің деректері арқылы олардың морфологиялық құрылымын, семантикасындағы кейбір «жылжуды» сипаттау;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасына байланысты тілдік деректердің кейбірі тек қана материалды затқа негізделетін уәжден тұратынын, әрбір тілдік аталымдардың шығу тегінің негізсіз емес екендігін, белгілі бір табан тірер тиянақ, тірегі барлығын көне түркі тілдері материалдары негізінде анықтау;
– Кірме сөздердің кейбірінің мән-мазмұны, мағынасы біздің төл сөзіміз екендігін этномәдени лексикаға қатысты олардың қолданыс уәжін айқындау арқылы және тарихи-салыстырмалы талдау арқылы ашып беру;
– Изоглостық (лексикалық құбылыстардың анық көрінуі) және изопрагм (этнографиялық құбылыстардың көрінуі) мәселелерін қарастыру; сондай-ақ қазақ тілінің этномәдени мәнді жеке сөздерін, тұрақты тіркестерін өзге түрік тілдерінде бар ортақ сөздерді семантикалық топтастыру және ұқсас параллельдермен салыстыру.
Зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы ретінде ең алдымен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің артында қалған мол мұрасын этнолингвистикалық тұрғыдан игеріп, тілдік деректерін белгілі бір жүйеге түсіріп, арнайы тілдік тұрғыдан талданып, зерттеу нысанына ілінуін айтар едік. Сол арқылы ХIХ ғасырдағы этномәдени дерек ретінде тілде сақталған ескіліктердің нақты қолданысы, жеке шығармашылық қолданысы ортақ этномәдени арнаға қалай қосылатыны зерттеліп, этномәдени мұрамызды анықтауға өзіндік үлесін қосады. Зерттеуде тұңғыш рет жүйелі түрде көне түркі ескіліктері ХIХ және ХХ ғасыр аралығындағы өзгерістерімен салыстырмалы тұрғыда алғаш зерттеліп отыр. Сондай-ақ, зерттеудің ғылыми жаңалығы қатарына мыналарды жатқызамыз:
– Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының өзіндік қалыптасу арналары және қазақ әдебиеті көркем тілі тарихындағы орны анықталды;
– Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің әдеби тіл тарихындағы алатын орны Дулат, Абай шығармалары тілімен, Шәкәріммен рухани үндестігі, әсіресе, діни тақырыптағы жазған шығармаларындағы сабақтастық, желілестік және шығыс дәстүрі мен орыс (еуропа) мәдениетімен байланыстылығы т.б. нақты дәлелденді;
– Мифологиялық лексиканы үлкен екі бөлімге (тәңірлік пен исламдық) бөліп, оны іштей тақырыптарға, яғни кереметтер және демонология деп бөліп, әрқайсысын өзіндік мифтік мәні жағынан жақындығын айырып, түйіндеп отыруды (шаманизм, зороастризм, хормузд, спиритуализм, анимизм, магия, тотемизм, дуализм, фетешизм т.б.) жаңалығы ретінде ұсынылды;
– Рухани мәдениет лексикасын: отбасылық, календарлық, өлік жөнелту, метрология сияқты тақырыптарға бөліп, әр тілдік фактілерге тарихи, этимологиялық талдау жасап, олардың кейбірінің бір-бірімен мағыналық жағынан байланысты және түркі, монғол, араб-парсы сөздерімен де тектестігін, сондай-ақ түбір тұлғасына қарай да ажыратып айқындалды;
– Заттық мәдениет лексикасына байланысты алынған сан алуан тілдік деректердің, аталымдардың уәждік сипаты, рухани негізі арқылы, сол этномәдени бірліктің беймәлім болып келген мәні мен мазмұны ашылды;
– Миф пен рухани мәдениет лексикасы араласып, тұтасып кеткен тұстарын ғылыми тұжырымдарға сүйеніп, нақты зерттеу нысаны негізінде дәлелденуін (наурыз, алас, жаурыншы, құмалақшы, балгер, дуа, жады, тасаттық т.б.) жұмыстың жаңалығы ретінде сипатталды;
– Мифологиялық лексиканың, рухани мәдениет лексикасының ортақ тұстары көне әдет-ғұрып, салт-сана мифтік көріністер т.б. арқылы (бата аяқ, наурыз, алас, шілдехана, қынаменде, көкпар, намаздігер, ақшам т.б.) және таза қазақтың өз ішінде қалыптасып шыққан ұлттық дәстүрлер (қыз ұзатқанда берілетін: сеп, жасау, қалың, қалың мал т.б.) арқылы негізделді;
– Мифтік дүниетанымға қатысты терминдер бір негізді (түбір+қосымшадан), екі негізді (абжылан, қазықұрт, ит ала қаз т.б.), үш негізді өте сирек, төрт негізден тұратыны одан да аз (Ғайып ерен қырық шілтен, Бабай Түкті Шашты Әзиз т.б.) анықталды;
– Зерттеу нысанына сәйкес қазақтардың этникалық және тарихи мәдени деректерін саралау, салыстыра қарау нәтижесінде қазақ тілінің алтай бірлестігі және ирандық тілдермен өзара байланысын айғақтайтын, ежелгі түрлі ұлыс-тайпалардың өзара ұзақ экономикалық, мәдени байланысын бейнелейтін көптеген әр текті лексикалық бірліктер, бірсыпыра түркі монғолдық параллельдер анықталды.
Тақырыптың теориялық маңызы осы зерттеудің өзектілігінен көрінеді. Зерттеудің нәтижесінде алынған тұжырымдар ең бірінші осындай зерттелімдердің этнолингвистикалық методологияның дұрыс қалыптасу сипатын айқындайды. Қазақ ұғымындағы қолданыстағы көптеген көне этномәдени лексиканың мән-мазмұнын мақсат еткен зерттеудің тұжырымдары қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасып келе жатқан антропоцентристік бағыттағы этнолингвистика, лингво-мәдениеттану салаларына өзіндік тұрғысынан теориялық үлес қосады. Зерттеу барысындағы тілдік зерттеудің тарихи-салыстырмалы, этимологиялық ізденістері қазақ тілі тарихына байланысты нақты дәйектік толықтырулар енгізеді.
Еңбектің қорытынды нәтижелерін жалпы білім беретін, орта мектептерде, лицей, колледждерде, арнайы, орта оқу орындарында, жоғарғы оқу орындарының (Павлодар институттары мен университеттерінде, арнаулы курс, тәжірибешілік) бірқыдыру ғылыми теориялық пәндердің тәжірибешілік сабақтарында «Мәшһүртану» бағдарламасына орай республика көлеміндегі оқу құралын жасауға қолдануға болады. («Мәшһүртану» курсы кейбір мектептерде арнайы жүруде). Зерттеу еңбектің нәтижелері лексикографиялық тәжірибеде пайдалануға болады. Зерттеудің көптеген деректі және қисындық жадығаттары, олардан алынған негізгі нәтижелер тарихи грамматика, түркітану, әдеби тіл тарихы сияқты ғылыми курстардан дәріс оқығанда қолданыла алады.
Монографияда диахрондық-синхрондық, сипаттамалы, салыстырмалы, семасиологиялық, этимологиялық және этнолингвистикалық зерттеу әдістері қолданылды. Монографияның ішкі әрбір жүйелік құрылымы жиналған тілдік деректерді жоғарғы әдістер мен тәсілдерді қолданып, талдаудың негізінде ғана белгілі болды; Жалпы, осы – құрылымдық жүйе қазақ тіліндегі басқа зерттеулерден ажыратып тұратын этнолингвистикалық зерттеудің негізгі методологиялық ерекшелігі болып табылады;
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылған тұжырымдар мынадай:
1) М-Ж. Көпеев шығармашылығының қалыптасу және этномәдени көздердің негізгі бастау бұлақтары, арналары – мифологиялық, рухани, заттық этномәдениет, шығыстық дәстүр Дулат, Абай, Шәкәрім т.б. қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларымен рухани үндестігі, сабақтастығы т.б. анықталды;
2) М-Ж. Көпеев шығармалары тілінің ХIХ ғасыр емес белгілі дәрежеде халқымыздың одан көп бұрынғы ескіліктерін де қамтиды;
3) «Әрбір халықтың өзіндік рухы, рухани дамуы қашанда оның тілінде көрініс табады» – деген қағидаға сәйкес М-Ж. Көпеевтің поэзиялық және прозалық шығармалары негізінде анықталған тілі ұлтымыздың ежелгі дүниетанымдық жүйесіне, лингвоэтнографиялық, этнопедагогикалық, салттық дағдыларына, құқықтық және қоғамдық нормаларына, өмір тәжірибелеріне қатысты;
4) М-Ж. Көпеев шығармасындағы этномәдени негізін анықтау – түрлі өзге туыс тілдер мен көне жазба ескерткіштердің деректерімен салыстырылып, кешенді этномәдени контексте қарастырылып, жекелеген тілдік фактілерді зерттеу арқылы мағыналары ашылып, белгілі бір мағыналық жүйеге топтау арқылы іске асатын кешенді шара;
5) М-Ж. Көпеев шығармаларындағы этномәдени лексикаға тиіс материалдардың және бұлармен байланысты түрлі лингвистикалық, этнологиялық, тарихи деректердің көлемін анықтау, арнайы зерттеп, біріншіден белгілі дәрежеде тіліміздің идиоэтникалық семантикасының эволюциясынан ақпарат береді, екінші жағынан әр кезеңдегі түрлі этносаралық, тіларалық қарым-қатынастан да мол мағлұматтар береді;
6) Кірме элементтердің дыбыстық тұрпаты, семантикасы кейін келе ішінара қазақтық бітім-мән алып, жай көзге тіпті танығысыз боп қалыптасуы зерттеуімізде мүмкін болғанша реконструкция жолымен өзінің нақты, бастапқы этимондық қалпына келтіріліп, нақты қаралуы М-Ж. Көпеев тілінің этномәдени лексикасының негізгі қалыптасу арналары, мысалы таза қазақтық, жалпы түркілік, араб-ирандық, монғолдық, ішін-ара кейбір орыс тілінің кірме элементтерінің де кездесетініне көз жеткізді;
7) Жүйелі түрдегі лексиканың бұл – бөлігіндегі материалдарды екшеу және осыған байланысты лингвоэтнографиялық мәліметтерді келтіру бізге нақты түрде мифологиялық, материалды және рухани мәдениеттің жүріп өткен ізін тап басуға, ең басты оның қағидасы – көне алғашқы құрылымның қандай болғандығы жөніндегі белгілі бір мәліметке көз жеткізуі бір жағы болса, екінші жағынан тарих қойнауына кеткен тарихи-мәдени байланысын, түркі тілдер әлемімен ғана емес, монғол тілдерімен және иран тілдерімен этникалық байланысын анықтау болып табылатыны мәлім болды.
1 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының қалыптасу арналары
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ақын-жазушылардың ішінде Абайдан кейінгі, Шәкәріммен үзеңгілес, иықтас тұрған ол – дау жоқ Мәшһүр-Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп те Шәкәрім сияқты Абайды рухани ұстазы ретінде қатты құрмет тұтқан, өзіне үлгі санаған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ерте кезден-ақ Абайдың ел ішінде таралған өлеңдерін жаттап, жинап жүрген. Олардың тұтынған рухани азығы да, өскен ортасы, заманы, дәуірі де бір.
Демек, үшеуі қазақ мәдениеті шеңберіндегі ислам мәдениеті мен шығыс мәдениетін және орыс (еуропа) мәдениетін тел еміп өсті. Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп бір мектептің адамдары. Шыққан шекпендері де бір. Сондықтан да олардың ескілік дүниелерін бір контексте, бір ұғымның төңірегінде байланысты қарастырған дұрыс болар еді. Бұл арада Дулат өлеңдерінің тілін де қоса айтқанды жөн санадық. Өйткені, олардың өмір сүрген ортасы, көбірек тұтынған этномәдени лексикасының негізгі өзек-аймағы да бір. Бұл арада Дулат өмір сүрген дәуірдегі әлеуметтік билік, ақын-жырау шығармаларындағы көтерген идея сәл де болса өзгеше болғандығы да еске алынды.
Дегенмен, олардың шығармаларының идеясы да жең ұшынан байланысып жатыр. Қазақстанның бір белдеуінде жатқан бұл – төртеуінің өмірі тағдырлас, өзектес, көтерген идеясы да бір болды. Сондықтан да қолданған ескілік сөздері де бір-біріне өте ұқсас болып келгенімен, қолданыс тәсілі мен стильдік мақсаты, қолданылу ерекшелігі жағынан әр тарапты болып келеді.
Қазақтың байырғы тіл байлығынан, олардың шығармаларында ортақ тұстары көп кездеседі. Айталық, көне этнографиялық сөздер, тұрақты тіркестер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт пен әдет-ғұрып нормасына сай лексемалар тобы жиі ұшырасады. Көне шығыс дәстүрлері, ауыз әдебиетінің үлгілері, қазақтың тұрмысынан, шаруашылығынан елес беретін тілдік дереккөздер төртеуінде де молынан кездеседі. Сондықтан да бұл – төртеуі өз дәуіріндегі қазақ әдебиетінің төрт тағаны іспетті. Өмір сүріп отырған орта бір болғанымен әлеуметтік билік саласы, онымен бірге келген рухани үгіт-насихат саласы әртүрлі болды. Мысалы, қазақтар өз елінде еркін өмір сүре алмады, өз ана тілінде еркін сөйлесуге де, оқу-білім алуға да, дінге сенуге де құқы шектеулі болды. Еркін ойлау, еркін жүру құқығы аяқ асты етілді. Олар – қазақты оянуға, ғылым, білімге шақырып, орыс империясының уысынан тек қана білім ғана құтқарады деп ұқты. Надан халыққа жандары ашыды. Сондықтан да халық туралы, олардың мұңы мен тағдыры туралы өлеңдер, дастандар туды. Шығыс елінің қазақ рухына жақын қиссалары қазақ дүние танымына лайықталып, қайта өңделді. Қазақтың жалқаулығы, надандығы қатты ашындырды. Заман бұларды ерте оятты.
М-Ж. Көпеевтің шығармашылығына әсер еткен, оның өмір сүрген дәуіріндегі барлық басылып шыққан, әдебиеттер мен түрлі дереккөздер негізгі арнасы болып табылады. М-Ж. Көпеев солардан мейлінше сусындап, мейірін қандырған. Олардың басты-бастылары мыналар:
Халықтың ауыз әдебиетін 5 жасынан жаттап өсті, көптеген жырларды ауызша жырлаған. Шорманның Мұсасы өзі арнайы ат жіберіп алдырып, тыңдаған. Ауыз әдебиетін жинауға құштарлығы оянып, артына мол мұра қалдырды. Мәшһүр-Жүсіптің жырлауындағы «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» жырының варианты бар. «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Сайын батыр», «Нәрік ұлы Шора батыр» да сүйікті жырлары болған. Ә. Марғұлан жазбасында: «Сүйіндік: Олжабай батыр» ертегісін «Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсіп Көпеев» – деген мәлімет бар. Бұл кезде ақын 7- ақ жаста. М-Ж. Көпеев өзі түсірген үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мысалы: «Ғылым, білім» кітабы-129 сахифадан; «Абылай», «Кенесары», «Наурызбай» әңгімесі – 50; «Бұхар, Қоқан» – 21; «Қазақ билері» – 90 сахифадан барлығы 461 сахифадан тұратынын М-Ж. Көпеев өзі жазып көрсеткен [2].
М-Ж. Көпеевтің фольклоршылық еңбегін ерекше атап өтуге болады. Ол – Ш. Уәлихановтан кейінгі қазақ арасынан шыққан тұңғыш фольклорист – ғалым. Ф.ғ.д., профессор Н.Қ. Жүсіпов М-Ж. Көпеевтің фольклоршыл әдебиетінен жинаған үлгілерін зерттей келіп: «Соның бір көрінісі – қазақ фольклорын ең көп жинаған көлемі 15-20 томдай… – дейді [3, б.5]. М-Ж. Көпеев жинаған фольклор үлгілері басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Аңыздар жер-су аттарына байланысты «Ой түндік белеңде деген қай жерде т.б.»; әулиелер: «Шайқы Бұрқы әулие», «Талмас ата әулие», «Болған ана мен Белең ата» т.б.; тарихи адамдар «Асан Қайғы»; пайғамбарлар: «Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа», «Сүлеймен пайғамбар мен Байғыз», «Нұх пайғамбар мен бір кемпір» т.б. болып келеді. Сүлеймен пайғамбарға байланысты хикаялар туралы С. Қасқабасов ел арасында негізінде үш сюжет төңірегінде құрылатынын, тәрбиелік мәнінде екендігіне жете көңіл бөледі [4, б.206-207]. М-Ж. Көпеев аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысы т.б. жинағаны белгілі. Н. Жүсіптің авторефератында [5, б.14]: М-Ж. Көпеев ел арасынан «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Сайын батыр», «Нәрік ұлы Шора батыр» т.б. тәрізді батырлар жырларын [5, б.148-173, 225-289, 165-208]; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» лиро-эпосын [5, б.321-340, 358]. Мысалы, «Қыз Жібек» жырының желісі негізінде «Гүлшат-Шеризат» дастанын жазғанын аңғарамыз. Ал, «Бозторғай» – 460 жолдан, «Дін үйренетұғын» – 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін тұңғыш қағазға түсірген В.В. Радлов екендігін де М-Ж. Көпеев көрсетіп кеткендігі [5, б.358] айтылады. М-Ж. Көпеевтің жинаған ертегілерін, ақындар айтысы үлгілерін, хандар, билер, батырлар туралы тарихи әңгімелерін тізіп бермей-ақ осымен тоқталамыз. Оның барлығы ғылыми мұрағаттарда сақталған. Осы аталған еңбектер М-Ж. Көпеев мұрағаттарының қаншалықты ауқымды екендігін көрсетеді. Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына әсер еткен төмендегі арналарды көрсетуге болады:
Түркі дәуір әдебиеті: «Орхон-Енесей», «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» т.б.
Ислам дәуір әдебиеті. М-Ж. Көпеев бұл дәуір әдебиетіне ерекше ден қойған, үлгі алған. Қожа Ахмет Иассауиді ұстаз тұтқан. Махмут Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иассауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани т.б. Оның ішінде: «Ақыр заман кітабы», «Нұх ‘алайһи с-салам хикаялары», «Сүлеймен алайһи с-салам хикаялары» т.б. баса назар аударды. Рабғұзи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтіп, Сейф Сарай шығармаларына көңіл аударған.
Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін аудармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жырлаған туындылар: «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», «Фархат-Шырын», «Ескендір», «Мұңлық-Зарлық», «Сейфілмәлік», «Боз Жігіт», «Шахмаран», «Шәкір-Шәкірат» т.б.
М-Ж. Көпеев қос мәдениетті қатар меңгерген – ақын, ойшыл – ғалым десек қателеспейміз. Ол – қазақ әдебиетін де, ислам діни әдебиетін де өте жақсы білген және насихаттаған. Ислам дінін қазақ мәдениетінің құрамдас бір бөлігі деп қараған. Діни лексика Мәшһүр-Жүсіп үшін кәсіби лексика болған жоқ. Мәшһүр-Жүсіп қазақ тілі мен дінді бірлікте қарастырды. Ислам мәдениетін қазақ мәдениетінің шеңберінде жырлады. Ұстазы Қожа Ахмет Иассауиден қазақ мәдениетіне лайық діни уағыздарды таңдап алды. Бұл – идея Дулат, Абай, Шәкәрім шығармаларында жалғасын тапты. М-Ж. Көпеев діни ұғымдағы – әпсене, қисса, дастандар, аңыз-әңгімелерде айтылатын оқиғалар мен мағыналарды шынайы өмірде болатын ақиқат құбылыс деп қарады. Жалпы адамзат өмірін дүниеден тыс қарамай, біртұтас материяның бөлшегі сияқты ұқты. Ислам идеясындағы жазылған шығармалары жағынан М-Ж. Көпеев өзі тұстастарынан оқ бойы озық тұр. Оның шығармаларына: «Салсал», «Зарқұм», «Жұм-Жұма», «Кербаланың шөлі», «Мұхаммет пайғамбардың Миғражға шыққаны», «Мұхамметханафия», «Мәлікаждар» т.б. әсер етті. В.В. Радловтан: «Киік», «Шарияр», «Қубас», «Бозторғай», «Заман ақыр», «Құсайын қиссасы» т.б. оқып танысты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармашылығына ықпал еткен медицина, биология саласындағы ғылыми ізденіс дами бастады. «Афат яки холера әңгімесі», перевод орысшадан қазақшаға етуші Казанский ветеринарный институтының студенті Файзолла Иманбаев, Қазан, 1905; «Қышыманың турасында» (О чесотке), русшадан тәржіме Жаманмұрынов, Орынбор, 1906; «Шешектің һәм шешек егудің жайларынан», орысшадан тәржімә Уалишев, Орынбор, 1906; «Адамның чумасы турасында», Қазақ тілінде, Орысшадан перевод етуші Садық Бейсалиев, Орынбор, 1911; «Обадан қалай сақтану?» Орысшадан перевод етуші Садық Бейсалиев, Орынбор, 1911; «Малда болатын жұқпалы аурулардың һәм оларға қарсы қалай ғамал қолдану хақында», Орысшадан тәржіме қылған Сейдғали Меңдеш оғлы, Уральск, 1911; «Арақ у яки арақтың зарары» Қазан, 1907; Самрұғ., «Оба жайында қазақша әңгіме», Қазан, 1897; «Біздің үйлеріміздің хақында» орысшадан қазақ тіліне аударған Балтабаев һәм Муминов, Орынбор, 1906; «Чума сырқатынан өзін һәм ғайриларын Аман сақламақ хақында насихат наме», Орынбор, 1908; «Чичек еккендегі бірнече ақыл», Орынбор, 1914; «Құрт мерез ауруы турасында», орысшадан қазақ тіліне аударған Қосудаков пен Бәкенов, Орынбор, 1906; «Мерез ауруы жайында» (сифилис), Орынбор, 1903; «Жамандату қойдүрғу турасында» (Сибирская язва), Орынбор, 1902, т.б. Шығармалары әсер етті.
Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Үмбетей жырау, Ақтанберді жырау, Тәттіқара ақын, Бұқар жырау, Көтеш ақын, Шал ақын, Жанақ ақын, Есет би, Абыл ақын, Жанкісі би, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Қобылан Бөрібайұлы, Түбек Байқошқарұлы, Өске Торқаұлы, Шернияз Жарылқасұлы, Арыстанбай Тобылбайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Күдеріқожа Көшекұлы, Алмажан Азаматқызы, Қашқынбай Қожамбетұлы т.б.
Қазақтың тарихи көркем әдебиетін жетілдіріп, поэзия үлгісін жаңа сапаға көтерген, мазмұны мен тақырыбы жағынан жаңа қасиетке ие болған солардың басты өкілдері: Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай Кертағыұлы (Бертағыұлы болып жүр), Сүйінбай Аронұлы, Бұдабай Қабылұлы, Ақмолла Мұқаметиярұлы, Мәделіқожа Жүсіпқожаұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Кемпірбай Бөгенбайұлы, Базар жырау Оңдасұлы Өтемісов, Ақан сері Қорамсаұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев, тағы басқаларының ақындық дәстүрін жалғастырып, одан әрі Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Көкбай Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Сара Тастанбекқызы, Мұхаметжан Сералин, Мұқаметсәлім Кәшімов, Сұлтанмахмұт Торайғыров т.б. ақындар шығармашылығына ұласып отырды. Ал, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Дулат Бабатайұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтердің қазақ әдеби тілін жаңа үлгіде жаңғырта жырлауда алатын орындары бөлек еді.
Салт-әдет айтысы, қазақтың әдет-ғұрпы: бәдік, жар-жар, қыз бен жігіт, Ақбала мен Боздақ, наурыз жыры, төрт түлік мал туралы, аңшылық, егіншілік т.б.
Ақындар айтысы: Жанақ-Түбек, Шөже-Кемпірбай, Түбек-Тезек, Орынбай-Серәлі қожа т.б. М-Ж. Көпеев жинаған үлгілердің ішінде: «Ұлбике қыз бен Күдері Қожа айтысы», «Қалдыбай қожа мен Соқыр Шөже айтысы», «Соқыр Шөже мен Қаракесек Балта айтысы», «Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман Түбек айтысы», «Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы» т.б. сақталған. Би-шешендердің сөзінен тәлім-тәрбие алған.
Абай, Ыбырай, Шоқан т.б. орыс әдебиетінің үлгілерінің де әсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |