Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы 2 Том


Рухани мәдениет лексикасы



бет16/18
Дата20.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#149122
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Түйіндеп айтқанда монографияның қорытындысына: Рухани мәдениет лексикасы отбасалық мейрамдардың тілдік парадигмасы: бата аяқ, неке қияр, талақ, киіт кигізу, сеп, жасау, қалың, қалың мал, жиырма, ілу, тоғыз, шілдехана, қынаменде, қыз ойнақ, көрімдік, сүйінші, сауға, сауғат, сабағат. Календарлық мейрамдардың тілдік көріністері: мүшел, мешін, наурыз, алас, сөрел, еру, ереу, ерулік, ереулі, көкпар, жад, дуа, жаурын, құмалақшы, балгер, аса таяқ, тасаттық. Өлікті жөнелту салтының терминологиялық жүйесі: ақ сүйек, қара сүйек, қара тігу, ас, қонақ ас, қара шаңырақ, сеп, жыртыс, хан талапай, телім сұрау, тұл, тұлым, талақ, тұлға, тұла бойы, тұлан тұту, тұлым, айдар, қарабауыр, олжа, жесір, жетім, құма, кішілік, алапа, құн, күн, айбана, құныкер алынды.

Зерттеудің нәтижесі мынаны көрсетті:

1) Бата. Батаның түрлері бірнешеу. Бата магиялық дінге жатады. Неке қиярда да бата береді. Молда неке суын іштіріп, некені бекітеді. Бата осы жол-жоралғысы жағынан екі мәдениетке де ортақ дәстүр болып табылады. Мәшһүр-Жүсіп ақ бата – деп дуа сияқты мағынада қолданған;


2) Талаќ – біз байќаѓандай `уаќытша ажырасу`, `м‰лдем ажырасу`-деген маѓынаны береді екен. Жалпы талақ сөзі мен тұл сөзінің шығу тегі бір сияқты. Тұл бөлімін қараңыз. Неке қияр, талақ, ғида, мүддетін ислам дінінің келуімен кейбір ережелері бекіген сияқты. Бата беруі магияға жатса, неке суын іштіру рәсімі фетешизмнің белгісі сияқты. Талақ сөзі қазақ тіліне шариғатпен қоса кірген элемент (Р. Сыздық. 2004: 172). Үйлену, от басылық мәдениетпен тығыз байланысты дәстүр ол – киіт кигізу;

3) М±ныњ ішінде: ки+іт; киит, кии, кийит, кит т.б. `киіммен сый`, `киімдерді кию`, `кµйлек, киім`, киіну`, `ки` бар. Т‰бір т±лѓа ки «киін» – деп ќарастыру да жоќ емес. Ки > киім > киіт. Киіт кигізу дәстүрі барлық пен байлықтың кепілі. Материалды жағдайдан шыққан дәстүр. Дінмен қатысы жоқ. Адамдардың өзі ойлап тапқан, қанаудың белгісінен шыққан дәстүр. Киіт кигізу мен сеп тығыз байланысты;

4) Қазақ тіліндегі септеу көмек көрсету сөзінің де байланысы бар сияқты. Сөйтіп септің қыздың жасауы, өлік жөнелту деген мағынасынан басқа да ыдыс, өткір құрал деген мағынасы да болған сияқты. Бұлар да алдыңғы лексикамен мағынасы жағынан тығыз байланысты. Қазақ, қырғыздарда сеп сияқты нимаурынъ деген де дәстүр болған. С. Аманжолов: кемпір өлді (уст): өлтірі, қыз ұзатқанда күйеуден алатын кәде (название взятки, которую женщины берут от жениха). СсЖО (1959: 384). Қазақстанның кейбір жерінде күні – бүгінге дейін «өлі-тірісі» жасау есебінде жұмсалады. Негізінде кемпір қалыңдықтың бөлмесінің алдында өтірік өліп жатып алған ғой. Сеп адамды жерлегенде көмек ретінде қолданады. Сеп > жасау;

5) Расында қыз ұзату, өлік жөнелту сияқты салт-дәстүрлерде өзара ұқсас атаулар кездесіп жатқанымен жол-жоралғысы мүлдем басқа екендігін байқаймыз. Сеп > жасау > жыртыс > ілу > қарғы бау өз ара мағыналас-мәндес сөздер сияқты. Жасау мен қалың мал алдыңғы айтылғандармен мәні мен мағынасы бір ұқсас ұғымдар. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Жалпы қызға берілетін қалыңның түрлері;

6) М-Ж. Көпеевте қалыңның екі: қалың да, қалың мал түрі де қолданылған. Қалың (толстый) атауы қызға берілетін ақшаның мөлшерін анықтаған да қалым аталған. Қалың (толстый) қалың малдың атына да ауысқан. Былайша айтқанда алғашқының атын қабылдап алған. Қалың (метрологияға жатады) таза байлықтың, қанаудың әсерінен шыққан. Кейіннен халықтың дәстүріне айналған. Қалың мал жиырма, ілу (елу – деп жүр – А.Қ.), тоғыз сияқты сандармен де байланысты;

7) Қыздың жасауына берілетін кәделердің түрлері жиырма, ілу (кейде елу деп жүр), тоғыз, қырық жеті бұлар бір-бірімен мағынасы жағынан да, әдет-ғұрып, ішкі заңдылығы жағынан да тығыз байланыстылығы көрінеді. Жиырма қазақ ұғымында онша қасиетті санға жатпайды. Ал, неге жиырма санына тоқталғаны белгісіз. Жалпы алатын қалыңның санын көбейту мақсатында дөңгелектей салған болулары керек. Қалың мен қалым фонетикалық алмасуға түскен түбірлес сөздер. Ң үнді дыбысына тілдері келмегеннен кейін орыс жұртының м үнді дыбысына алмастырып айтқанынан қалыптасып кеткен сөз сияқты. Ілу иыққа қымбат ішік ілуден шыққан сөз сияқты. Ілу жалпы бір нәрсе алу мақсатындағы ишарадан (номекать) туған сияқты. Ілу мен қарғы бау қызға жіп тағу сияқты алғашқы қалыңның түрлері сияқты. Жиырма санына қараған да қазақ ұғымында тоғыз саны анағұрлым қасиетті сан деп есептеледі. Осы орайда Г. Смағұлованың кейбір сан есімдер фразеологиялық вариант жасауда ұғымның өлшем есебі және саны ретінде жұмсалады – деген пікірін келтіргенді жөн санадық (Фразеологизмдердің варианттылығы. -Алматы: Санат. 1996. 55 б.);

8) Тоғыз саны тотемдік киелі санға жатады. Тоғыз саны отбасы лексикасындағы тұрмыста: қыз жасауын бергенде, құн, айып төлегенде, өлік жөнелткенде де қолданылады. Мәшһүр-Жүсіп тоғыз санын қазақтың тұрмысына қатысты кеңінен қолданған. Қыз жасауымен тоғыз саны байланысты болса, келінге берілетін көрімдіктің де мөлшері болған. Әркім қалтасына қарай көсілген. То > топ //тоќ // тоѓ > тоѓыз. Тоғыз саны ертеде көптік мағына берген сияқты.Тоғыз қасиетті санның бойында фетешизмнің белгісі мен тотемизмнің белгісі бар деп ойлаймыз. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тоғыз киелі санын этномәдениеттің көзі ретінде жиі қолданған. Тоғыз бен қырық (шілде) мағыналық байланысы барлығы көрінеді. Екеуі де қасиетті, киелі сандардың қатарына жатады. Тоғыз>шілде (қырық). Тоғыз > құн;

9) Шілдехана лексикасы тотемизммен байланысты. Шілде лексикасы Ғайып ерен қырық шілтенмен семантикасы тығыз байланысты. Мифологиялық лексика бөлімінен оқуға болады. Хормуздық жоғары құдыреттіліктің де белгісі бар. Шідехана жас сәби дүниеге келгенде жасалатын той болса, қынаменде ұлттық ойынның бір түрі. Екеуінің де ұрпақ алдындағы жауапкершілігі өте зор;

10) Қынаменде кеші – қыздың алғашқы түнгі жатар мезгілдегі дайындығы (орны, ләззат ойыны). Екінші сөзбен айтқанда, `абыройын аймандай` ету. Қынаменде > ұмаймен де тығыз байланысты болуы мүмкін. Сау ұрпақтың дүниеге келуіне апыл-ғұпыл асығыстың қатерлі екенін ата-баба білген. Қынаменде сексуальды тәрбиенің бір түрі болған. Түріктің төл сөзі. Осы ойынмен мағыналас қыз ойнақ. Жастардың бір-бірімен жақын танысуының ортасы болған;

11) Ойнас лексикасы да о баста осы ойынмен төркіндес болған болуы керек. Мысалы: Бермеді ұрлық, ойнас ебін маған, Бұ жалған жаңылмады кегін маған (Мәшһүр-Жүсіп). Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Ойнас лексикасын секс сөзінің баламасы қылып алуға болатын сияқты;

12) Жас келін түскенде берілетін ақшаның, малдың түрі көрімдік деп аталған. Көрімдікті бергенде байлар барлығын көрсеткен. Көрімдікті кім көрінгенде бере бермеген, есебіне есесін беріп отырған. Көрімдік сияқты қазақтар бәсіре, еншісін де берген. Бәсірең деп жүз серке, Бөліп берді өзіне (Алпамыс, 214); Ақ отау тігіп басыңа, Төрт түлік малдан еншіңді ал (Дулат Бабатайұлы, 79). Көрімдік пен сүйіншінің, байғазы, кемпір өлді (алу) мағынасы бір сияқты;

13) Көрімдік сұрап алынады, не хақ иесінің өз көңілімен беріледі. Көбіне өз еркімен беріледі. Сүйінші – жақсы хабар үшін берілетін сыйдың бір түрі. Сүйінші көбіне хабарлы, сұраулы сөйлемнен тұрады. Қайнаға-ау, сіз көріпсіз бір перзентті, Сүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз? (ҚКБС); Сүйінші сұрап алынады. Сүйінші мен сауға мағынасы жағынан сұрау сияқты болғанымен, айырмашылықтары бар;

14) Сау түбір тұлғасынан сауға, сауғат мен сауын лексемалары пайда болған. Сауға (сау+ға+т) түбір мен қосымшадан тұрады. -т архайкалық жұрнақ. Сауын – бөлімін қараңыз. Сауғаның сүйіншіден айырмашылығы бар дедік. Сауға – аңнан қайтқан аңшыдан аш адамның тамақ сұрауынан келіп туған сияқты. Кейіннен мағынасы кеңейіп, адамды да басына төнген қатерден сұрап алуды да «сауға» деген. Сыралғы сұрау, сарқыт сұрау мағыналары әр түрлі болған. Сауға жан сауғалаған адамға сұралған. Сыралғы аңға қатысты айтылған. Сарқыттың мағыналық негізіне тотема белгісі әсер еткен: үлкеннің жасын берсін, тілегін берсін сияқты т.б.;

15) Мүш (алмүш – алты он, жетмүш – жеті он) деген сан есімнің құрамындағы - он. Ал «ел» халық, бүтін – дегенді, немесе мемлекет дегенді білдірген – ел деп ойлаймыз. Мүшел мен жылдық маусымдық сияқты мағыналық жағынан мешін жылы байланысты. Мәшһүр-Жүсіп мүшелмен туған жылын анықтаған;

16) Наурызға ислам дінінің ықпалы зор болған. Оның әсерін бүгін де байқауға болады: қазақтар наурызды ата-бабасының аруағымен байланыстырады, құран хатым шығарады, құрбандық шалады, өлген ата-анасының, туған-туыстарының басына барып, құран оқиды т.б. Мәшһүр-Жүсіп наурыз бүкіл шығыстың жаңа жылы, жыл басы дейді. «Наурыз» – деген өлеңі де бар. Наурыз > ұлттық мейрам. Наурыз бен алас тығыз байланысты болған кейіннен алас өзінің ту бастағы мағынасынан сәл де болса айрылып, отбасылық мейрамға дейін төмендеген. Наурыз бен тәңір, ұмай мифтік жағынан тығыз байланысты;

17) Алас наурыздың құрамдас бөлігі. Кейіннен отбасылық мейрам дәрежесіне дейін төмендеген. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев аластың халас вариантын құлдықтан азат болу, аластау, алыстау сияқты мағынада қолданған. Ал, отпен аластау сияқты дәстүр аясында қолданбағанмен сайып келгенде айтылып отырған мәселе аласпен семантикалық мағынасы жағынан байланысты. Отпен аластау, от ана, отаѓа сияќты ±ѓымда𠫦май» бµлімінде айтылды. Демек, алас (ал+ас) ќ±ралѓан. Ал, от (ќызыл) Албасты – қараңыз. ас (аттау) деген маѓына беретіні байќалады. Шаман (шам~от, -ан қосымша (өрт+ең) мен алас байланысты сияқты. Шаман~өртең~алас <`от` түбірінен өрбіген сияқты. Өртең мен шаман лексемасының жасалу құрылысы да бір. Академик Ә. Қайдар: өртең (от слова өрт «пожар»+аффикс -ен) пасбища с молодой зеленой травой, которая появляется после пала весной – дейді [241, б.163]. Аластың бойында зороастризмнің отқа табыну сияқты белгісі де бар. Алас>дуа. Календарлық мейрамға мағыналық жағынан бір табан жақын лексикалар: еру мен ерулік. Ерудің мағынасы аялдау, тоқтау жағынан метрологияға да жатады;

18) Еру отырған ел, еруге қамқа киіп бару тіркестері той қамымен отырған ел екендігін көрсетеді. Жаңа қонысқа көшіп кеп жайғасып жатқан, мәре-сәре той жасауға қам жасап жатқан елді айтады. Абайдың «Жаз» өлеңін еске түсіріңіз. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еру отырған ел деп, той-думан, қам-қарекетімен отырған елді айтады. Демек, еру, ерулік маусымдық көшпен байланысты. Біздің ойымызша еру мен ерулік сөздері түбірлес әрі мағыналас сөздер сияқты;

19) Мәшһүр-Жүсіп ерулік лексикасын қонаққа шақыру мағынасында қолданған. Негізінде: көрші көшіп-қонып жатқан ауылдарға бұрын келгендердің дәм татыруын ерулік деп атаған. Еру+лік түбір мен қосымшадан тұрады;

20) М-Ж. Көпеев ќолданысындаѓы ереу: `б±лќыныс, едірењдеу, елењдеу, еліру` сияќты ±ѓымды береді. Ереулі ат тіркесі `б±лќынысты, жаугершілікке дайын`, `соѓыс аты`; Ереулі мен ереу т‰бірлес сµздер екені байқалады. Өр (өріс) > өру > еру > ерулік > ереу > ереулі. Өр > қозғалыс мұнымен де аяқталмайды, оның мәні тереңге тәңір мен ұмай жаққа кетеді;

21) Біздің ойымызша, еруден-ерулі, ереуден-ереуіл сөздері туындаған сияқты, негізінде екі сөз де түбірлес қолданылады. Ерулі // ереуіл // ерулік // еру түбірлес сөздер сияқты. Еру, ерулік сияқты маусымдық мейрамның бір түрі ол – көкпар;

22) Көкпар ұлттық календарлық ойынның бір түрі. Көкпар > көк бөрі екі сөзден құралған. Көк пен бөрі екі діни мифтің қосылысы. Кейіннен ойынның атауына ауысқан. Көк, бөрі тотеммен тікелей байланысты. Бұлар тәңірмен де байланысты сияқты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев көкпарды ұлттық ойын ретінде қолданған. Көк пен бөрі (көкпар) ойын түріне айналғаннан кейін өзінің мифтік құдіретін жойды. Бөрінің өзі көкке табынған. Құрғақшылық жұттың бір түрі. Оның құтылу жолы көкке табынып, жадылау арқылы жаңбыр шақыру деп түсінді;

23) Жады мен дуа мағынасы жағынан жуық мәндес сөздер. Былайша айтқанда синоним. Жады мен дуаның о бастағы іс-әрекеттері тең болған сияқты. Жады көбіне сыртқы дүниеге байланысты болып келеді де дуаның адамға қатысты жағы басым болып келеді. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жад сөзін екі мағынада қолданған. 1. Жад (память); 2. Жат – құдайды медет тұту. Ауыз әдебиетінде бабасына, ата-анасына, Аллаға мәнажат етіп «жадқа» табынып, жәрдем сұрау ежелден келе жатқан ислам дінінен келіп енген құбылыс. Мәшһүр-Жүсіп осы ізбен «құдайды» жат қылып, жәрдем сұрайды. Жадының бойында ең алғаш спиритуализмнің нышаны болған (материядан тәуелсіз бір күш бар). Кейіннен ислам діні ықпалымен Алла, құдай т.б. араласып кеткен. Жады <> дуа;

24) Жад пен дуа бірге айтылған сияқты. Келе-келе дуа өз алдына дербес бөлініп шыққан. Дуашы мен жаурыншы, құмалақшы, балгер, жұлдызшы ұғымы жағынан, жасаған іс-әрекеті жағынан бір-біріне жуық келеді. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев дуа лексикасын әлемнен тыс бір күш әсер еткен деген мағынада қолданған;

25) Жаурыншы > балгер > бақсы > шаман бір-бірімен тығыз байланысты болуы мүмкін. Жаурыншы, жұлдызшы мен құмалақшының атқаратын қызметтері де бір сияқты. Мәшһүр-Жүсіп дуашы, жаурыншы, құмалақшы, балгерді магиялық күш иесі бар, сырттан келген жандар есебінде қолданған. Бұлар фетешизмнің құт әкеледі деген белгісімен қаруланған. Фетешизмнің құтты таяғы бұл – абыздың аса таяғы;

26) Жаурын, құмалақ, аса таяқ – фетешизмге жатқан себебі олар – жеке затқа мінажат етіп, табынған, қолдарындағы заттың сиқыры бар, магиялық күші бар осылар арқылы адам санасына түсініксіз құбылыстарды игеруге тырысқан. Олардың ойында адамдарға қалай жақсылық жасасам екен деген ниеттері болған. Тығырықтан шығу жолын жансыз заттардан іздеген және тапқан. Жалпы, жады мен тасаттық бір ұғымдар. Жадының заттай көрінісі ол - тасаттық. Былайша айтқанда жадының суреті деуге болады;

27) Демек, тасаттық > тасқақ (тас, тегіс жер, мал соятын жер) дегенмен байланысты да болуы мүмкін. Тасаттық > малды құрмалдыққа шалатын жер (тегіс тас, жалпақ тас) > тасты дуалау арқылы аспаннан жаңбыр шақыру деген ұғым береді. Тасаттық (тас+ат+тық) = құрмалдық (құр+мал+дық) ат+мал -тық//-дық (тас>құр) (құрсақ, құрық т.б.) орын – жай дегенді білдіреді. Қараңыз: құрық, күрке т.б. Тасаттық//құрмалдық синоним параллельдер. Жады мен дуа көк пен жердің елшісі. Адам дәнекер. Ә. Нұрмағамбетов тас қараңғы дегендегі «тас» сөзі «таудың тасы» деген тіркестегі «таспен» үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтады (Сөз сырына саяхат. – Алматы: Жалын, 1990. 112 б). Біздің де осы тасқа қатысты «тас» (таудың тасы) дегенде ғана қолданылатын «тас» дегенге күдігіміз бар. Оған себепші болған: абақан (қан-су); жауқазын (жау-май); албасты (ал-қызыл); тал бойы (тал-тұл);Талас (тал-су); әскер (су); үй, ав т.б. көне аттары барлығы. Демек, тас бұлақ, су тасыды, тұл...өр, еру т.б. терең мәнді мифпен байланысы > өмір, тіршілік, қозғалыс т.б. Әрине, бұл – әлі піспеген болжам ғана, зерттеуді қажет қылады;

28) Ақ сүйек пен қара сүйектер қазақтың ішкі праволық-әлеуметтік тұрмыс-салтына қатты әсер етті. Өлікті жерлеу дәстүрінде де әлеуметтік бөліністің нышаны білініп тұрды. Бұл жайттар жоғарыдағы осыған қатысты бөлімдерді зерттегенде анық байқалды. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында да ақ сүйек пен қара сүйек деген көрініс тапты. Қара тігу өлген адамның ақ сүйек, қара сүйек шығу тегіне байланысты тігілді;

29) Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара тігудің түріне найза шаншуды атайды, ол өлген адамның ел мен ер бастаған батыр екендігін көрсетеді. Найзаны сындырсын деп отырғаны жылы толғаны. Ас беруге дайындық жасалсын дегені. Тігілген қараны алып тастау мәртебесі де кім көрінгеннің еншісіне бұйырмаған. Оған сый-сияпат ат берген, шапан жапқан. *Сеп өлікке қатысты да жиналған;

30) Өлген кісіге ас берген оның: керез ас, қырық ас, ұлы ас, қонақ ас түрлері болған. Өлген ата-бабасының үйін қара шаңырақ деген. Шаңырақтың қара болуы сын есіммен байланысы шамалы, өз алдына көк сияқты ұғым болғаны байқалады. О баста айтылып отырған өлікке қатысты қаралы үй дегенмен байланысты болған да келе-келе қара шаңырақ үлкен үй, кенженің үйі, өздерінің шыққан үйі сияқты басқа мағына алған. Қара шаңырақтың иесі әр қашан да ең кенже баласы болған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара шаңырақ этнографизімін кімге тиеселі, кім оның иесі сияқты мағынада қолданған. Қараның да көк сияқты бірнеше мағынасы болған;

31) Сеп < қаралы үйде де, қыздың ұзату тойында да болатын дәстүрдің атауы. Сеп пен септесу түбірлес сөздер, көмек дегенді білдіреді. Сеп пен жыртыс та өлік жөнелтудегі дәстүрлердің бірі болып табылады;

32) Қазіргі кезде туған-туыстары өлген кісінің үйіне костюм-шалбар, плащ, куртка, пальто, байлауыш сияқты бұйымдар апарады. Павлодар облысында кісі өлген күні көңіл айтады да, жабдығында (жетісі, қырқы, жылы) бата жасайды (қалтасына байланысты ақша береді). Ал, өлген үйдің иесі қолы жеткендері өлік үстінен ет жақын туыстарына, жолдастарына, қызметтес адамдарына киім, түрлі мата таратады. Ал, жерлеуге барғандарға қол орамал тарататын әдет кірді. Өлік жөнелту кей жерде тойдан бір кем өтпейтін дәрежеге, бәсекеге айналған сыңайлы. Жыртыс > адамның өлер алдындағы соңғы тынысы, ауа жетпей жанталасып киімін жыртуынан шыққан;

33) Мәшһүр-Жүсіп тұл лексемасын өлген адамға қатысты дара, жалғыз қалған деген мағынада қолданған. Осы тұлдың да мағынасы өте тереңге кетеді. Өлген адаммен аяқтап тұйыққа тірелген сияқты қоя салуға да болар еді. Бірақ, мына жайттар болмаса: тұл > тал (тасаттықтың мағынасында өмір сүру, күн көру идеясы жатыр). Будагов тұл сөзіне тағы мынандай түсінік береді тулъ – длина, долгота, долгота жизни, первый меридіанъ, въ длину, ширину и глубину бұл – біздің мына жазғанымызға түрткі беріп, ойымызға ой қосады. Қараңыз Будагов: 751 бетті. Ал осы жазылған жайттар өмір қысқа, шолақ дегенге келеді де ұрық, ұрпақ дегенге жалғасады. Тіршілік, өмір «қозғалыс» арқылы жалғасып адам өзін қайта табады. Адам өзінің шыққан жеріне айналып қайтып келеді. Өлген адам ұрпағымен мың жасайды – деген осы. Жер өз өсін айнала отырып күнді айналып жүреді. Бұл құбылыс Тәңір мен Ұмай, Адам ата мен Хауа ана, Аталық пен Аналық арқылы реттелген сияқты. Тұл > тұлып;

34) Демек, тұлып // талаќ // т±л маѓыналас бір т‰бірден шыќќан сµз деуге толыќ негіз бар. Ќазаќтыњ талаќ ќатын `ажырасќан` сµз тіркесімен т±л ќатын `жесір` семантикалыќ маѓынасы бір. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тұлып лексемасын теріден тігілген тон сияқты мағынада қолданған. Жалғыздықты өлген төлді (тұлыпты) айтқаны дәлел бола алады. Тұл > тұлып > талақ > тулақ. Талақ туралы отбасылық лексикаға да қатысты айтқанбыз-қараңыз;

35) Мәшһүр-Жүсіп тұлға лексемасын дара, ешкімге ұқсамайды деген сияқты қолданған. Тұл + ға (түбір мен қосымшадан) тұрады. Бұл сөздің жасалуына негіз болған тұл түбір тұлғасы сияқты. Тұлға < тұл < тұла бойы // тал бойы;

36) Мәшһүр-Жүсіп тұлға лексемасын дара, ешкімге ұқсамайды деген сияқты қолданған. Тұл + ға (түбір мен қосымшадан) тұрады. Бұл сөздің жасалуына негіз болған тұл түбір тұлғасы сияқты. Тұлға < тұл < тұла бойы // тал бойы;

37) Демек, тұлан тұту өлген кісіні жоқтау, шашын жұлу, бетін тырнау, тұл қалды деген ұғыммен мағынасы жақындасатын сияқты. Мәшһүр-Жүсіп өкіну, жоқтау, жылау мағынасында дұрыс қолданған. Тұлан > тұл. Өлген адамның мінген атын асына сою үшін тұлдап жіберген, балаларын да тұлдаған, тұлым қойған сияқты;

38) Л. Будаговтың жазғаны бойынша тұлым ер балаға да, қыз балаға да қойылған сияқты. Ал, айдар тек қана ер балаға қойылған. Тұлым > тұл. Өлікке қатысты айтылатын қара сөзі қарабауыр сөзінің құрамындағы қарамен тығыз байланысты;

39) Мәшһүр-Жүсіп қарабауыр сөзін басы байлы біреуге берілген мал не адамды айтады. Малды – шөпкіндікті, адамды – еткіндікті деген. Қарабауыр, күндебау, қарғыбау, жыртыс, жасау бәрінің мағынасы беру, алуға байланысты. Тұл > қарабауыр > қарғыбау > тасбауыр > күндебау > жесір > олжа бәрі де мағыналас сөздер сияқты. Қарғы таққан адам сияқты еншілеп, олжаға да адам алған не берген;

40) Мәшһүр-Жүсіп олжа лексемасын тұтқынға түскен сияқты мағынада қолданған. Олжа > жесір <> құл (күң);

41) Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жесір сөзін күйеуі өлген қатын деген мағынада қолданған. Демек, тоқал (жесір) соғыстан түскен олжа. Тоқал > жесір >құма> жетім > олжа;

42) Мәшһүр-Жүсіп жасаумен қоса берілген бес жетім немесе бас жетім лексикаларын қолданған. Олжа < > жесір > жетім > құн. Құн мұның алдында айтылған ақ сүйек, қара сүйек әлеуметтік бөлініске байланысты да бөлінген. Ақ сүйекті өлтірсе қанға-қан жұмсалған, қолданылған жаза қатты болған т.б.;

43) Тоғыз тек қана үйлену салтына қатысты емес, айып-құн дәстүріне де байланысты айтылады. Тоғыз > құн. Тоғыз – деген бөлімді қараңыз. Сонымен, ќ±н > ќан деген сµзден ќалыптасќан деп т‰йіндеуге болады. Мәшһүр-Жүсіп құнның бірнеше түрін: ұста құны, өнер құны, сүйек құны, қатын құны, жарқын құн, жеті ердің құны, үш құн, екі құн, тоқал құн, жақсы құн, қара құн, ақ боз аттың құны, мергеннің құны т.б. атайды. Құн > тоғыз. «Құн» сөзінен құндыкер сөзінің тууы заңдылық сияқты;

44) Құныкер құн сөзінен шыққанында дау жоқ. Кейіннен тарихи оқиғаға айналған сөздің бірі. Мәшһүр-Жүсіп «Құндыкер Құбан жұрты» – деп қолданған. Құныкер > құн.

«Өлік жөнелту этномәдени лексикалары» белгілі бір қағидаға сүйеніп, жүйе бойынша дамитыны белгілі болды. Әр тақырыпшаның өзінің мән-мазмұны бар, келесі тақырыпшамен әншейін құр ғана байланыса салмайды, ұзақ жылғы зерттеудің нәтижесінде ғана бұл байланысу мүмкін болды. Жалпы, әр тараудың ішіндегі тақырыпшалар осындай сарылып зерттеудің нәтижесінде ғана топ-топқа түсіп, бір-бірімен байланысы ара-жігі айқындалды. Одан кейін ғана жекелеген тілдік деректерді (этномәдени) сипаты бар сөздерді талдауға мүмкіндік тиді. Мысалы, тоғыз өз басының мағынасына қатысты айтылады және үйлену салтына, өлік жөнелту, құн мәселесіне қатысты да айтылады. Мұндай мысалдар өте көп, ал оларды реттеп жүйеге түсіру үшін тақырыптардың өзін жеке -жеке алып зерттеуге тура келеді.

Бұдан шығатын түйін: әр тарау белгілі бір мағыналық жағынан тығыз байланысқан желіден тұрады. Бата аяқ ислам элементін жамаған фетешизмнің анық белгісі де бар. Ол келіп неке қияр дәстүрімен байланысады. Өйткені, неке қияр мен талақ бойында аздаған фетешизмнің нышаны барлығы сезілді. От басылық дәстүрге: киіт кигізу, сыйыт беру, сеп, қалың, қалың мал, жасау, жыртыс, қарғы бау сияқты этномәдени лексикалар жатқандықтан, олар бір-бірімен мағыналық жағынан байланысты болатыны айтпаса да белгілі. Бұл салт-дәстүрлер таза қазақи ұлттық әдет-ғұрып негізінде туғанмен, кейбір түрлеріне діни элементтер араласа бастаған. Ал, бұл аталған әр тілдік деректер өз ішінде қилы лингвистикалық талдауға түсіп, өзінің о бастағы түбір тұлғасын, мағынасын тауып, нақты дәлелденді.

«Календарлық мейрамдардың» барлығы да бірі-бірімен тығыз байланысты мағыналық өзегі бар жүйеден тұратыны анықталды. Және де әр тілдік фактіні талдау нәтижесі бізді себеп пен салдарға жетелейді. Біріншіден, себепсіз жерде сөз болмайды. Екіншіден, себептің салдары ұғым мен мағына. Ал, олар атаусыз болмайды. Зерттеу сол тілдік атаулардың әр қайсысының этимологиясын ашып берді. Көптеген ұмыт болған көне сөздердің о бастағы түбір тұлғасы анықталды, о бастағы мағынасы мен қазіргі мағынасы ашылды. Календарлық мейрамдар қазақтың өмірімен тығыз байланысты, кейіннен діни элементтер еніп отырған. Біржағы рухани, тіпті, мифпен де байланысып келеді. Календерлық мейрамдар да ішкі дүние мен сыртқы дүние тығыз араласып отырады. Олар – белгілі бір циклға түсіп реттеледі. Мысалы, өртең (жерді өртеу, дайындау). Адамдардың тұрмыс-тіршілігі маусыммен есептеліп, реттеледі: жайлау, күзеу, қыстау, көктеу т.б. Ішкі бірлік, танысу, білісу сияқты: ереу, ерулік т.б. арқылы жүзеге асып отырған. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы календарлық этномәдени лексикалардың қолданыс ерекшеліктері анықталды. Жалпы, осы мәселелердің бәрі де қазақ мәдениетін дамытуға үлкен әсері болған.



А Қосымша

(Нақты)
Терминдер мен түсініктер
Этнос – тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық – тайпа, халық, ұлт.

Этно – күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады. Этнонимдер – ру-тайпа аттарының о бастағы шығу негізі, белгілі бір сөздің шығуы туралы тілдік единицалар.

Этногенез – халықтардың пайда болуы. Этногенетикалық.

Будун – орданың жұрты. Түркі бектері мен халық, қара халық.

Демос – этнос мағынасында емес – будун. «Аl» мемлекетке дейінгі ұсақ құрылым болар. Л. Гумилевті – қараңыз.

Этнолингвистика – халықтың тілінде сақталған (заттық, рухани, метрологиялық) айғақтары арқылы оның мәдениетін зерттеп тану.

Этимология – Тіл білімінің бір саласы. Сөздің шығуын зерттейді. Грек тілінің etymologia > etymon – «шындық», «сөздің негізгі мағынасы» logos – «сөз», «ілім» деген сөздерінен жасалған термин.

Этномәдениет – халықтың заттық, рухани, метрология саласын тілдік материалдар негізінде зерттейтін ғылым, этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады.

Этнография – белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (латынның graрho – жазамын) екі түбірдің қосындысынан жасалған термин.

Мәдениет – сөзі «культура» – латын тілінде «жерді өңдеу», «табыну» деген ұғымды берген.

Культ – табиғаттың құпия тылсым сырларына, ерекше күш иелеріне табыну. Ол – тұрмыс-салт, әдет-ғұрып сияқты халық дәстүрімен де астасып жатады.

Мәдениет – араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» – «қала тұрғыны» деген ұғымды береді.

Семасиология – грек тілінің semasia «белгі» logos «ілім» деген сөздерінен құралған.

Ономосиология – грек тілінің «ат, есім, атау» деген мағынада onoma деген сөзі мен «сөз, білім» деген мағынадағы logos деген сөздерден құралған.

Ономатика – грек тілінің onoma – «ат, атау» деген сөзінен алынған. Ономастика // ономотология терминдері синонимдер.

Антропоним – грек тілінің anthroрos – «кісі, адам» деген сөзінен алынған.

Топонимика – географиялық атауларды зерттейді.

Ойконимдер, эргонимдер – саяси – саяси-әлеуметтік және мәдени нысандар, қалалар, селолар, поселкелер.

Гидронимдер – өзен, көлдер, бұлақтар, құдықтар, көлшік, батпақтар.

Некронимдер – молалар, бейіттер, ескерткіштер, тарихи құндылықтар.

Дрогонимдер – жол, шоссе, темір жол.

Космонимика – аспан әлемі, жұлдыз планеталар.

Зоонимия – мал – аң, балық нуменативі.

Фитономия – өсімдіктер әлемі.

Диссертация – ғылыми жұмыс, ғылыми дәреже алу үшін автордың Ғылыми кеңестерде қорғалатын зерттеу еңбегі (кандидаттық, докторлық).

Қоѓамдыќ формация – қоғамның белгілі бір даму дәрежесі, қоғамдық құрылым.

Сигнификация – атаулардыњ маѓынасын осылайша айыруды айтады (Қ. Жұбанов).

Номинация – тілдіњ б±дан басќа таѓы да ат ќою м‰мкіншілігін айтады. Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні іс-әрекет пен қимылды және т.б. атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметі-номинативті (атау болу) қызметі дейді.

Уәж – Затты тануға себеп болған ішкі және сыртқы факторлар заттың айрықша қызметін өзгелерден ерекшелендіреді. Зат содан кейін ғана атауға ие болады. Затты тануға себеп болған осындай белгілері – деп, танылып жүр.

Номенативтер – атау, ат.

Нумерация затты санмен белгілеу, рет саны, ретімен. Қазақ тіл білімінде нумеративтер халықтық өлшем ретінде термин болып қалыптасты. Е. Жанпейісов көбіне метрологияны (нумеративы) – деп жазған. Бұл – термин, өлшем бірлігінің аты, атау орнына жүрген. Нуменатив пен номинативтер екі түрлі термин (Ожегов пен Щведованы қараңыз. 421, 423 беттер. 1999 жылғы басылым).

Дискурс – тілдік коммуникация түрі. «Дискурс» – қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиеселі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл.

Полисте (қала) өмір сүру қағидасымен тәрбиелеген адамдардың бір бөлігі.

Пайдейя – гректердің (рais бала) деген. Демек, «пайдейя» тәрбие, оқу, үйрену, кең ұғымда білім алу, білімді, мәдениетті дегенді білдірген.

Полистің толық қанды мүшесі «техне» «саяси техне» дегенде мәні ашыла түскен.

Палеолит көне заман тас дәуірі: (грек тілінде рalaios – көне және litos – тас). Мезолит (орта тас дәуірі).

Неолит (жаңа тас дәуірі). Тас дәуірінің хронологиялық шекарасы шамамен 2 миллионнан – 6 мың жыл бұрын қамтиды. Палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі (ертелі), орта және жоғарғы (кеш дамыған кезең).

Homo Sahiens – қабілеті жетілген адам.

Қазақ - көнетүркілердің саяси және мәдени нәтижеге жеткен бірден – бір мұрагері болып табылатын – өзінің атымен аталатын тарихи Отанында өмір сүріп жатқан этнос.

Материалды мәдениет – өзіне әр түрлі типтегі артефактіні қабылдайды, оның табиғи нысаны трансформаланғаны соншалықты нысан затқа айналып кетті. Демек, зат, оның қасиеті және берілген мінездемесі адамның шығармашылық қабілетімен өңделген. Сондықтан, ол өте нақты, толықтай «homo saрiens» ретінде адам қажетін қанағаттанарлықтай болуы керек. Академик М.С. Каган бұл арада адамның «хомо сапиенстан» (қабілетті адам), «хомо фабер» (жетілдіруші) және т.б. – ал «хомо агенс» (әркет етуші адам) деп алмастыруды ұсынды.

Қоғамның көптеген мүшелері мәдениеттің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан, ол – «доминантты мәдениет» – деп, аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін-өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай кіші мәдениет әлемі – «субмәдениет» – деп аталады. Мораль – адамдармен қарым-қатынас жасаудың, әдет-дәстүрінің нормалары, адамгершілік.

Эстетика– (грек - ощущение) – Көркемдік шығармашылықтың негізі және формалары туралы, табиғатта және тіршілікте қоғамдық саясаттың ең маңызды түрі өнер туралы философиялық оқу.

Этика – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті.

Нормалар – әдет-ғұрып нормаларына (шама, өлшем, ереже) іс-әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс-әрекеттің параметірін қамтиды. Ол мінез-құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан және күрделенуінен тұрады.

Құндылықтар – құндылықтар нормалардан кейін жүрсе де, олардан бір айырмашылығы жоғары деңгейде нысандардың хал-жағдайын, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтарды шартты түрде: Витальдық құндылықтар; Әлеуметтік құндылықтар; Саяси құндылықтар; Моральдық құндылықтар; Діни құндылықтар; Эстетикалық құндылықтар болып бөлінеді.

Қола дәуіріндегі тұрақтар мен петроглифтер (грек. рetros – тас және giрһе ойып салу) тасқа салынған алғашқы жазулар, суреттер, таңбалар ерекше орын алады.

Тас қамал, тұрақтар, мегалиттар – (грек – megas (үлкен) lithos (тас).

Дольмендар – (Бретон. dol – стол, men – тас ) «Ор мәдениеті» кейін «орда» болды (энолит заманы III – басы 2 – жартысы мен б.д.д. II мың ) көне ғасырдың мәдениетінің жемісі.

Суреттер – идеографиялық (грек. idea – идея, grafho – бітікші) – ребустарға айналды.

Клинопись – Тасқа, сазға, ағашқа жазылғандықтан, бұл – «клинопись жазуы» – деп аталды.

Семиотика – Белгі, таңба системасы туралы ғылым.

Этнолингвизм – халықтың тілі (тіл білімінің терминіне айналды).

Шығармашылық – жаңаны ойлап табу, ол сондай жаңа болуы керек ескіні ұмытпайтын және жоймайтын, ол туралы әрқашан еске алатын, оны өзінде сақтай білетін, оны әр сәтте өзінің тарихы сияқты іске қосатын, өзінің болашағы сияқты сезінетін адамның ойлау әрекеті.

Синкрет – (грек. synkretismos – біріктіру) – әртүрлі көзқарастардың тоғысы. Бұл терминді ғылыми айналымға ағылшындық этнолог Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) енгізген. Ерте қоғамдағы адамның жеке өзіндік құнның сенімі, сыртқы дүние әсерінің тылсым сырларымен астасып жатты. Алғашқы мифологиялық көзқарастармен тығыз байланысты болды.

Анемизм (лат. anima – аруақ, жан) адамдардың табиғи сипаттарымен, сапасымен айқындалады.

Магия – діннің неғұрлым көне түрі. Магия (грек. megeia – волшебство) кейбір символикалық іс-әрекеттер мен дәстүрлер, сиқырлау және салт-дәстүрлер жатады.

Фетешизм – (франц. fetihe – тұмар, амулет, идол) ерекше күш иесі сипатты жансыз заттарға табыну. Фетешизмнің табыну нысаны: тас, ағаш, т.б. заттар болуы мүмкін.

Амулет – (араб. гамала – алып жүру) алғашқы кезеңдегі фетешизм мен магияға апарады.

Тотемизм – (солтүс. Үнді ототем – оның табы) дегенді білдіреді. Тотемизм – ру мен өсімдіктер және жан-жануарлар (көбіне табиғат құбылысына байланысты) қандық байланысын, сенімді жатқызады.

Фратриалдық (грек. фратрия-ағайындар), топтық, жыныстық және жеке тотемизм.

Календарь – латынның «калео» яғни әйгілеу және «календариум» сөзінен шыққан. Қазақ тілінде «халықтық күнтізбе» – делініп жүр.

Метрология (грек «метрон» – «өлшем» және «логос» - «сөз», «ой», «түсінік») деген сөздерінен алынған. Халықтық метрология (нуменативтер) – деп, аталып жүр.

Номадизм – кеңістіктегі адамдар тобының көшіп-қонуы.

Конформизм – (көне латынның Соformis – сол сияқты, соған ұқсайды) – тілін таба қояды, өмір сүріп жатқан тәртіпті пассивті қабылдау, үстем пікірде болуы, өзінің тиянақты позициясының болмауы.


Әдебиеттер
1 Тимошенко В. Культурология / В. Тимошенко. – Алматы; 2001. – С. 101.

2 Ахметьянов Р. Г. Сравнительное исследование татарского и чувашского языков / Р. Г. Ахметьянов. – М. : Наука, 1978. – С.184-185, 170.

3 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері / Ә. Қайдар –Алматы: Ана тілі, 1998. – Б. 13.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет