Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы 2 Том


Олжа сµзіне Ж. Манкеева да біршама кµњіл бµлгені байќалады: «Олжа



бет15/18
Дата20.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#149122
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Олжа сµзіне Ж. Манкеева да біршама кµњіл бµлгені байќалады: «Олжа: соѓыста ќолѓа т‰скен пайда, табыс немесе т±тќын» [272, б.17]. Б.С. Ќараѓ±лова: «Тарихи жырлар лексикасы» – деген зерттеуінде «жесір» сµзі «ќ±л, т±тќынѓа т‰скен» деген маѓынада ќолданылѓанын айтады: жесір, олжа жєне жетім лексемалары маѓыналарыныњ кµнелік, тарихи сипаты, семантикасы жаѓынан µзара тыѓыз байланысты [229, б.10-11]. А. Кайдар: Құл, күң купленные или взятые в плен, рассматривались как часть имущества рабовладельца, переходящая по наследству от отца к сыну и следующим потомкам. Они имели право не только распоряжаться ими, как хотели, но и наказывать вплоть до отрезания им уха, носа. Обычай отрезания рабу уха как наказание в древние времена выполнялся при совершении побега от хозяина, причем при первом побеге – отрезали одно ухо, при повторном – второе ухо. (Құлақ кесті құл) [233, б.229]; (Е. Бекмаханов Казахстан в 20-40 года XIX века. 1992: 104 б). Л. Будагов даг. جغار невольникъ, военноплнный (такъ называется въ Дагестан, вм. قول -Торнау, стр. 358) (1869: 437). Тур. каз. шолақ (о) однорукій, безрукій, сухорукій (п. шл (шол - А.Қ); прокаженный, ад. калка, хромой, тур. мет. скряга, тат. мет. неспособный къ длу, работ (въ отношеніи физическомъ), шолақ қатын женщина неспособная къ хозяйству; кир. шонақ, шолақ, безтолковый, уродливый, шонақ құл جونلق قول уродливый невольникъ (въ Кузы - кÿрпячь), جونلق كونك шұнақ күң уродливая неовльница,شونلق بيسبت шұнақ бишбет камзол безъ рукововъ, у Вамб. Шонақ животное съ притянутыми ушами и рогами, шолақлық слабость въ рукахъ, паралитическое состояніе ихъ (а. акшажа Кам.). Араб графикасынан аударған, транслитерациясын жасаған – А.Қ. (1869: 498). Алапа (тат) олжа, пайда, пара, взятка, подачка, подарок - дейді (С. Аманжолов, 1959: 355).

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп олжа лексемасын тұтқынға түскен сияқты мағынада қолданған. Олжа > жесір <> құл (күң).

Жесір. Сол қаланың әйелі Бәрі де жесір, тұл қалады (Қобыланды, 72); – Жаһуттың еркектерін өлтір! деді, Қатын мен жесір, жетім қыл балаларын! (М-Ж., 44); Жесір ќалѓан келінін Ќодар алып, Ќылмайтын істі ќылѓан ќ±дай ќ±лы (Шєкєрім, 133); Жанайды дєл б‰гін к‰н босатпасањ, Болады ертењ жесір ќатын – балањ (М-Ж., 69);

Л.З. Будагов: а. іесиръ (простон.) = асир (жесір – А.Қ.) – плнникъ, тур. иеир ағжа – алмаджа, бганье въ запуски (игра), кир. жесір қатын яшыр ќатын вдова, жесір бала яшыр бала сирота [210, б.355]. Жесір а. [йасыр: 1. малый, незначительный; 2. легкий; 3. пленные, рабы] – вдова. Жетім а. [йәтим: 1. сирота; 2. единственный в своем роде, уникум] – сирота. Жетім-жесір а. [см.: жетім + жесір ] – досл. Сирота и вдова; беспомощные (Рүстемов, 11-112).

Ќ±рбанѓали Халид: Ќазаќта жесір «єсир» деген сµз арабша «т±тќын» деген сµзден алынѓан. Ері жоќ єйел басы бос болѓанымен ќазаќта µз ыќтиярымен ерге бара алмай, ерініњ жаќындарыныњ бірімен некеде т±руы керек. Б±л ‰лкен зањ, халыќ дєст‰рі. Ќайын, ќайынаѓа, ємењгер т‰ркі-парсы сµздері, ол саќтаушы, µз ыќпалында басќалардан ќорѓаушы деген маѓынаны береді [207, б.90]. Жесір – қазаќша жесір – тєуелді адам. Ќазаќтар ќалыњы тµленген ќалыњдыќты немесе єйелін, к‰йеуініњ меншігі деген маѓынада, жесір – деп атаѓан (Л. Будаговтыњ аныќтамасы) (Оњдасынов, 218). Р. Сыздыќова: Жесір-т±тќын жєне т±тќынѓа т‰скен – деген маѓынадаѓы арабтыњ есир деген сµзініњ ќазаќшаланѓан т±лѓасы. Б±рыныраќ ќазаќ тілінде б±л сµз соѓыста ќолѓа т‰скен т±тќын – ќ±л дегеннен гµрі, жалпы «т±тќын» маѓынасында жиірек ќолданылѓан – деген сµзініњ жаны бар [248, б.62-63].

С. Е. Толыбеков: В то же время экзогамный род считал, что если девушка из другого рода засватана кем-нибуд из данного рода, то она оказывалась невестой – жесыр (в ХVIII в. – ясыр – пленница. – С.Т.) этого рода. Если почему-либо засватавший девушку жених не мог на ней жениться (полоумие и т. п. или смерть), то ее должен взять в жены один из его братьев, если их не было, то кто-нибуть из ближайших родственников по отцовской линии, если и их не было, то кто-нибуть изданного рода. Упускать из рода засватанную девушку считалось величайшим позором для всего рода – деген пікірін «жесір» лексемасына қатысты қайтадан толық қолданғанды жөн көрдік [270, б.292-293]. Жесірді қыздың жасауына қосып берген тұстары да болған. Имеется в виду богатое приданное Жибек. В него, кроме новый юрты и большого количества добра, ковров, халатов, шуб, утвари и.тп., для которого понадобился караван верблюдов, были включены еще пять сирот – рабов. О том, что в старину рабы входили в состав приданого, многократно упоминается в исторических источниках (См. «материалы по казахскому обычному праву», т. I. Алма-Ата, 1948). (ҚЖ, 292). Осы орайда, C. Толыбеков қызық мәлімет келтіреді: Буквальный перевод слова «тохал» – куцая. Например, безрогую козу называют «тоқал ешкі». Мы пологаем, что происхождение этого слова связано с тем обстоятельством, что почти все младшие жены казахских полуфеодалов доставались как военная добыча «жесыр» или «ясыр» (это то же самое, что и раб) или брались из бедных семей, по этому они не имели приданного. Первым признаком бедности было отсутствие на голове невесты конусообразной формы головного убора из бархата или парчи с насечками из драгоценных металлов и камней, украшенного красивыми перьями филина – саукеле. Отсутсвие саукеле на голове невесты давало повод сравнивать ее с безрогой козой, ибо большинство образов как положительных, так и отрицательных у дореволюционных казахов связывалось с различными видами скота [270, б.290]. Тоқал бөлімін қараңыз. Жесір, тоқал сияқты тұтқынға түскен әйелді құма – деген. Дж. тат. қма, ғма, ғұма, құма мн. п. қмған, қмаиан кума - наложница, въ кир. младшая жена, тур. құмеғұрт такъ называютъ другъ друга жены одного и того же мужа қмалық держать наложницу дейді (транслитерациясын жасаған – А. Қ.) (Будагов, 64). Және қалмақ қумасынан туған Шама төре жалғыз (М-Ж., 9 т. – Б. 109).



Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жесір сөзін күйеуі өлген қатын деген мағынада қолданған. Демек, тоқал (жесір) соғыстан түскен олжа. Тоқал > жесір >құма> жетім > олжа.

Жетім. Сексен нарды толтырып жасау артып, бес жетім, алтын отау берді дейді (ЌЖ, 2695 – жол); Берсем сені күйеуге, Бас жетімің қылғандай! (Қобыланды, 79);

В.В. Радлов: Jänsv – сирота (1905. С. 363.). Жетім // п. يتيم жтим., қыр. جتيم джетимъ сирота (лишенный отца, у поэтовъ – лишенный матери; изъ животныхъ- лишен. метрии); народъ отчаянный, плуть, мошенникъ (и вообще низшій калссълюдей, какъ у Баб. Невольникъ, рабъ въ этомъ занченіи въ каз. и кир. драгоцнный жемчугь (т.е. безподобный осиротть, осиротть вмст съ кмъ, если ты воспитаешъ мальчика невольника, то онъ окровавить теб и ротъ и носъ, если же вскормишь дтеныша животнаго, то онъ умаслить теб и роть и нось (больше пользы сдлаеть чмъ первый) деген мағыналарын көрсетеді (Будагов, 1871: 350); Жетім а. ياتيم[йєтим: 1. сирота; 2. единственный в своем роде, уникум] – сирота. Жетім-жесір а. جاسير [см.: жетім + жесір] – досл. Сирота и вдова; беспомощные (Рустемов, 111-112 ).



М-Ж. Көпеев шаржетім сµзін ќолданады: Аќташы, б±ѓышы, байташы, таѓышы, шаржетім, шаќшаќ десе білмейт±ѓын жан жоќ (15 бет); Шаржетім (шар + жетім) – тµрт ќ±быласы т‰гел емес, демек, єке-шеше, туыс–туѓаны жоќ жетім. Шаранадан шыр етіп жерге түскеннен қалған жетім. Жетім (а) ياتيم (йєтик). 1. Єке-шешесі жоќ панасыз, [Имущество, домашние вещи] (Бекм±хаметов, 73). Жетім – панасыз, єке-шешесіз бала (217). Имеется в виду богатое приданное Жибек. В него, кроме новой юрты и большого количества добра, ковров, халатов, шуб, утвари и.т.п., для которого понадобился караван верблюдов, были включены еще пять сирот рабов. О том, что в старину рабы входили в состав приданого, многократно упоминается в исторических источниках (См. «материалы по казахскому обычному праву», т. I. Алма-Ата, 1948) (ЌЖ, 292 беттегі т‰сінік). Демек, жетім де жесір, құл, тоқал, олжа сияқты біреудіњ иелігіндегі, басы байлы, еркі жоќ адам деген маѓынада ќолданылѓан сияқты. Расында да, б±л сµздердіњ маѓынасы «олжа» сµзініњ маѓынасымен пара-пар болѓан, келе-келе ќолданыс аясына ќарай б±л сµздердіњ маѓынасы солѓындап, кµмескі тартќан да ќазіргі сипаттаѓы маѓынаѓа ие болып ќалѓан. Ж. Манкеева эпостыќ жырлардаѓы маѓынасына орай этнографиялыќ мєнді «олжа» синкретті аталым ќатарында аталып µткен – дейді [273, б.41].

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп жасаумен қоса берілген бес жетім немесе бас жетім лексикаларын қолданған. Олжа < > жесір > жетім > құн. Құн мұның алдында айтылған ақ сүйек, қара сүйек әлеуметтік бөлініске байланысты да бөлінген. Ақ сүйекті өлтірсе қанға-қан жұмсалған, қолданылған жаза қатты болған т.б.

Құн. Б±ќарѓа сыймай жалањ аяќ, жалањ б±т келген сарт, Сарыарќаѓа сыймайын деп ж‰р ме, Ботаќанныњ ќ±нын берсін (М-Ж., ЌШ-68); Абылай «‰ш нєрсе арман болып, ќолымнан келмей, ќ±р ойымда кетті,-деген екен. –Бірі – аќ боз аттыњ ќ±нын ердіњ ќ±ны ќылмадым. Мылтыѓын ќ±ралайдыњ кµзінен µткізет±ѓын мергенніњ ќ±нын екі ердіњ ќ±ны ќылмадым. Бірі етікші мен ±станыњ ќ±нын ќатын ќ±ны болсын деп б±йрыќ ќылмадым...» (М-Ж., ЌШ-70); Т‰ріктер тоѓыз атаѓа шейін хандыѓым ‰зілмей келді деп, киіт те тоѓыз... ќ±н да тоѓыз, осы тоѓыз-тоѓыздан бµлет±ѓын жол-жоба сол Уыз ханнан ќалѓан (М-Ж., ЌШ-13). Сол себепті б±л Сарыарќа біздіњ ќазаќќа атасыныњ ќ±ны болып олжа болып еді. Біреу біреуге соњынан ќалмастай атањныњ ќ±ны бар ма еді дейді ѓой. Сондай-аќ атамныњ ќ±ны болѓаны ‰шін жер судан айрылып, ќањѓып, ќоныссыз ж‰ргеніме ішім к‰йіп ауылым ойымнан кетер емес..., Жете ќадірлі жандарына, жайсањдарына кµп кісі жиылып кµп тас ‰йіледі екен де орта ќадірлісіне µз шамасынша, онан тµменгісіне µзініњ ќ±ны п±лына ќарай жиылѓан кісініњ шамасынша тас ‰йіледі екен. Баѓзы бір ќадірлісіне адам сорты сыќылдандырып сын тас ќояды екен (Сарыарқа кімдікі екендігі?. 1907, 2-4 б.); Матайдан ел жиылып ќ±н с±раѓан (Шєкєрім, 330); Ќатын алсањ, балалы болсањ, сенен туѓан бала меніњ ќ±нымды к‰ндердіњ к‰нінде бір алмай ќоймайды, деп батасын беріп, баласын ќайырып жіберіп µзі ќалды (М-Ж., ЌШ, 36);

Ќ±н туралы этнографиялыќ ‰рдістіњ ќазаќ даласындаѓы µтуін Мәшһүр-Ж‰сіптіњ жазѓанынан толыќ хабардар бола аламыз: ¦лбике – ошаќты, єкесі Жангелді де аќын, шешесі Жањыл да аќын болѓан. ¦лбикеніњ µзін ж‰н жеп жабаѓы тышќан бір байдыњ баласы ќатындыќќа алѓан екен. Ќолына келін болып т‰скен соњ: «µлењ айтсањ кµзіњді жоѓалтамын, ќарашыѓыњды батырамын» деп ќояды. Жаман шірік иті ‰йде жоќ болѓан ќарсањда бір той болып, ауыл аймаѓымен, ќайын аѓалары «сені біз сабатпаймыз», тойѓа алып барып, тойдан ќайтып келсе, иті келіп ќалып «сені ме» деп кіжініп, отырѓан ‰стіне оќтай ±шырып, ќойдыњ бір ќатќан санымен ќаќ бастан періп ќалѓанда, м±рттай ±шып, кете барыпты. Ж±рт жиналып ќалды, тµркіні де аралас-ќ±ралас екен, ќ±н с±рады. Сонда тµркініне тањдау берді. «Бидіњ билігіне бересіњ бе? Пайѓамбардыњ шариѓатына кµнесіњ бе? ‡й іші: Пайѓамбардыњ шариѓатына салдыќ» деді. Сонда шариѓат айтат±ѓын К‰дері ќожа екен. Айтќан шариѓаты: «¤лер ¦лбике µлді, аяр да ас жоќ, тояр да ас жоќ. М±ны сойыњдар, µкпесін алып кµріњдер. ¤кпесіне жазу жоќ болса, онда тойѓа бару, µлењ айту єйел жынысына д±рыс емес, µзі кінєлі, б±ѓан т‰к болмайды. Егер µкпесінде жазу болса, онда ѓ±зыр айтпаса ішін жарып кетеді. ‡ш кісініњ ќ±нын берсін. С‰йек ќ±ны, µнер ќ±ны, ќара ќ±н»*. ¦лбикені сойып, µкпесін алып кµрсе, µкпесі жыбырлап т±рѓан жазу екен. Кµрген ж±рт ботадай боздапты. Кµзімен кµрген ж±рт к‰йгендіктен, Бойтан серіні бас жетімі ‰шін ќ±нына беріпті [274, б.555, 275, б.46, 276, б.70-71].

С‰йек ќ±ны ‰шін елу жылќы, алты жаќсы беріпті. ¤нер ќ±ны ‰шін жєне елу жылќы, алты жаќсы беріпті. Ќара ќ±ны ‰шін «тоќал ќ±н» деп тоѓыз жаќсы беріпті (Ќазаќстан Республикасы Ѓылым академиясы Орталыќ ѓылыми кітапхананыњ сирек кездесетін ќолжазбалар ќорынан (М. Кµпеев материалдары, 1170-папка, – Б.555; Ә. Диваев. – № 251-ші дєптері, – Б.30: Є. Диваев жазбаларында: «¦лбике К‰дерімен айтысып, тойдан ќайтыпты. Байы ашуланып, ќолына айбалтасын алып, шењгелдіњ арасында жол тосып жатќан екен, шыѓа келіп, мањдайынан айбалтамен шауыпты. ¦лбике ‰ш к‰н жатып, айбалтасын с‰ртпей (айбалтаныњ шапќан орныныњ ќаны болса керек А.Ќ.) ‰ш биге сєлем µлењ жолдапты. ‡ш ж‰здіњ ‰ш биі: «Б±л µзі єйел болса да ‰ш ерге арызит±ѓын єйел еді»,-деп жалпы Сіргеліден ‰ш ердіњ ќ±нын алыпты деседі. Ол к‰нде Сіргелілер сансыраѓан екен. Сіргелі-ау, Сіргелі, Жаќсы ж±рт едіњ іргелі; ¦лбикені µлтіріп, Кµр таппадыњ кіргелі, – депті» //. ¦лбикені к‰йеуі Байтан µлтірген, ‰ш ердіњ ќ±ны алынѓаны Мәшһүр-Ж‰сіп жазбасымен дєл болѓандыќтан б±л оќиѓаныњ болѓаны шындыќ дейміз. Сонда, 46-б. Кейбір жєйттар соњын ала ќосылыпты, ќарањыз: М-Ж. Кµпеев. – Алматы: Ѓылым, 1992. – Б. 218). Осыѓан орай, толыќ т‰сінікті болу ‰шін: Абылай заманында Ќ±нѓа кесім айтатын бас биі – К‰лік: Шобалай баласы-Жања батыр бидіњ «‰ш ќ±н» туралы берген аныќтамасын береді: «Б±л кісініњ ќ±лѓа ќылѓан кесімі: ќара ќ±н – ж‰з жылќы, он екі жаќсы, с‰йек ќ±ны – елу жылќы, алты жаќсы; µнер ќ±ны *тоќал болады тоѓыз жаќсы» (*тоқал – олжа есебінде беріледі – А.Қ.), (Қараңыз: Абылай хан. – Алматы: Жазушы, 1993. – Б. 316) аќын одан әрі былай деп түсініктеме береді: «Б±л ‰ш ќ±н еркекте Кµтеш аќынѓа алынѓан, ±рѓашыда ¦лбикеге алынѓан. Єлгі айтылѓан батырлардыњ бірде-бір жауда µлсе, «жеті ердіњ ќ±ны алынсын» деп кесім ќылѓан. Жауѓаш, Биѓаштыњ ќалмаќта µліп, жеті ердіњ ќ±нын алѓан. Жаќсы дегенніњ басы – жетім, ќалы кілем, ќара нар, мылтыќ – сондайымен тоѓыз» (Абылай хан, 1993: 316). Жаз барѓан жолаушы ќысќа килігіп ќалып, ќыс ішінде ±затып алып ќайтќан Ќаратай батыр т‰йесініњ басын жетектеуге Шанышќылыдан Бектек деген бір ќызды алдырып, ќызына жетім ќылып ќосып берген (М-Ж., Олжабай батыр); Кейін бітім бойынша Ботаханныњ ќ±нын береді, мыњ кісініњ жолына жетім бастатќан (Бойтан) серіні береді – ќарањыз жоѓарыда жазылды – А.Ќ.) – тоѓыз, мыњ кісіге т‰йе бастатќан - тоѓыз, мыњ кісіге ат шапан береді – тоғыз (Н. Ж‰сіпов. Мєшћ‰р-Ж‰сіптіњ Абылай туралы жазѓандары // Сарыарќа. – 1997. – № 3. – Б. 4.). Жалпы, М-Ж. Кµпеев ќ±н туралы деректерді µз шыѓармасында µте мол келтірген. М±ныњ сыртында: ер ќ±ны, екі ер ќ±ны, ќатын ќ±н т.б. т‰рлері бар. Б±л с±раќтарѓа жауап беру ‰шін А.И. Левшинніњ жазуы бойынша «Жеті Жарѓының» баптары мынадай:

– ќанѓа ќан (ќ±н – деген сµз б±л туралы жазатын боламыз – А.Ќ.) алу, яѓни біреудіњ кісісі µлтірілсе оѓан ердіњ ќ±нын тµлеу (ер адамѓа – 1000 ќой, єйелге – 500 ќой);

– ±рлыќ, ќараќшылыќ, зорлыќ-зомбылыќќа µлім жазасы кесіледі; жазаны ердіњ ќ±нын тµлеу арќылы жењілдетуге болады;

– денеге заќым келтірсе, соѓан сєйкес ќ±н тµленеді (бас бармаќ – 100 ќой, шынашаќ – 20 ќой);

– тµре мен ќожаныњ ќ±ны ќарашадан 7 есе артыќ тµленеді;

– егер єйелі ерін µлтірсе, µлім жазасына кесіледі (егер аѓайындары кешірім жасаса, ќ±н тµлеумен ѓана ќ±тылады; м±ндай ќылмысты екіќабат єйел жасаса, жазадан босатылады);

– егер ері єйелін µлтірсе, єйел ќ±нын тµлейді;

– ата-анасы µз баласыныњ µлімі ‰шін жауапќа тартылмайды, ал анасы баласын ќасаќана µлтірсе, µлім жазасына кесіледі;

– µзіне-µзі ќол салѓандар бµлек жерленеді;

– егер екіќабат єйелді атты кісі ќаѓып кетіп, одан µлі бала туса: бес айлыќ бала ‰шін – бес ат, 5 айдан 9 айѓа дейінгі балаѓа – єр айына 1 т‰йеден (100 т‰йе – 300 атќа немесе 1000 ќойѓа тењ – М.Ќ.);

– єйел зорлау кісі µлтірумен бірдей ќылмыс болып есептеледі. М±ндай ќылмыс ‰шін еріне немесе ќыздыњ ата-анасына ќ±н тµленуге тиіс, егер жігіт µзі зорлаѓан ќызѓа ќалыњ тµлеп, ‰йленсе жазадан босатылады;

– егер ері єйелінің кµзіне шµп салу ‰стінде ±сталса, µлтіруге хаќылы біраќ, ќылмысты сол сєтінде жария етуге тиіс; єйелінің кµзіне шµп салуѓа күмєнданѓан еркектіњ сµзін 4 сенімді адам теріске шыѓарса, єйел к‰нєсіз деп табылып, жазадан босатылады; біреудіњ єйелін к‰йеуініњ келісімсіз алып ќашќан адам µлімге б±йрылады немесе ердіњ ќ±нын тµлейді; егер єйелдіњ келісімімен єкетсе, к‰йеуіне ќалыњ тµлеп, ќосымшасына ќалыњсыз ќыз беруге тиіс;

– єйелді ренжіткен адам, одан кешірім с±рауѓа тиіс, с±рамаса арсыздыѓы ‰шін айып салынады;

– ќан араластыру µлімге немесе аѓайындар белгілеген жазаѓа б±йырылады;

– ќ±дайѓа тіл тигізген (7 адам куєлік берсе) таспен атып µлтіріледі;

– кєпір болѓан адам мал-м‰лкінен айрылады;

– ќ±л µмірі ќ±нсыз, ол ќожайынныњ билігінде;

– ата-анасына тіл тигізген ±лды мойнына ќ±рым байлаѓан к‰йі ќара сиырѓа теріс мінгізіп, µзін ќамшымен сабап, ауылды айнала шапќылатады, ал ќыз ќол-аяѓы байланып, анасыныњ билігіне беріледі;

– ±рлыќ пен кісі µлтіруді ќоса жасаѓан адам екі бірдей жазаѓа тартылады;

– ерініњ ±рлыѓын біле т±ра хабарламаѓан єйелі мен баласы жазаѓа тартылмайды, µйткені ‰лкенніњ ‰стінен шаѓым айту єбестік саналады;

– µсиет аѓайындар мен молланыњ ќатысуы арќылы жасалады;

– барымтадан ќайтќан мал тµлімен ќайтарылуѓа тиіс;

– дауды шешу билер мен аќсаќалдарѓа ж‰ктеледі;

– куєлікке кемінде екі немесе ‰ш адам ж‰реді;

– билерге билік айтќаны ‰шін кесілген малдыњ оннан бірі тиеселі;

– егер айыпкер айыбын тµлемесе, оны ру басыныњ р±ќсаты арќылы барымтамен алуѓа болады (Мұхтар Ќ±л-М±хамет. // Ќазаќ єдебиеті. 1990. 6-шілде).



М-Ж. Көпеев шыѓармаларында кµзіне шµп салу, ќалыњ тµлеу, ќ±л, ќожайын, жалшы, ќ±рым байлаѓан к‰йі ќара сиырѓа теріс мінгізу, ‰ш тоѓыз, барымта, ру басы т.б. кездеседі.

Құн > қан. М. Ќашќари: ќан – ќан, кун – тартып алу – деген [230, б.159-162]; Л. З. Будагов: ќырѓ. قون ќ±н (кунъ) (пар. خون ќун – ќан), قونون ќ±нын 1) ‘ќанѓа-ќан’, ‘µлім ‰шін’, ‘м‰гедек ќылѓаны ‰шін’; ’кек алу’, ‘µшін алу’ кісі µлімі ‰шін 1000 ќой, (адамныњ дене-м‰шесініњ заќымдануына ќарай). 2) тµлеп алса 2000 ќой (Левшинъ, стр. 315) [8, б.94]. Г. Потанин: Ќ±н п. [хун: кровь] – 1. ист. кун – откуп за убийство или увечье, введенный взамен смертной казни, кровной мести, существовавшей в древности. 2. цена, стоимость; достоинство. 3. экон. стоимость, воплощенная в товаре и овеществленный в ней общественный труд товаропроизводителей. Кун – плата за кровь (Потанин, 304). Ќ±н – хун (ќаны – ќан) (Жеменей, 123); Ќ±н – (п) ескі. Хун. ¤лтірілген кісі ‰шін ќарсы жаќќа тµленетін айыптау тµлемі (Бекм±хаметов, 103). Ќ±ншы, ќ±н с±раушы (п) ескі х±нж±ау (хунхуаћ). ¤лтірілген кісі ‰шін µлтірушіден ќ±н талап етуші, кек алушы (Бекм±хаметов, 103). Ќ±н зат. 2. ¤лтірілген кісі ‰шін ќарсы жаќќа тµленетін айыптау тµлемі, алым (ЌТТС, 89). Б.С. Ќараѓ±лова: ќыса (кек алу) сµзін ќ±н сµзімен салыстыра ќарастырып, тарихи жырларда «ќ±н», «кек», «µш» маѓынасында ќолданылѓанын жазады (Тарихи жырлар лексикасы: филолог. ғылым. кан. дис. автореф. – Алматы, 2000. – Б. 14). Ќ±н дегеніміз адамдардыњ µндірістік ќатыныстары, товар µндірушілердіњ арасындаѓы товар арќылы жасалатын ќатынас. Ќ±н кез келген товар µндірісіне тєн экономикалыќ категория. Капитализм т±сында товар ќ±ны т±раќты капиталдыњ, µзгермелі капиталдыњ ќ±нынан жєне ќосымша ќ±ннан т±рады («Ќ.С.Э.»). (Р‰стемов, 169);

Ќ±рбанѓали Халид: «Хан» – негізінде монѓолша, кейін парсы мен т‰ркі тектес халыќтар бєрі бірдей пайдаланып кеткен дербес патшаѓа ќолданѓан атау. Ќазаќта «ќан» дейді, µйткені Шыњѓыс туѓанда ќан уыстап т‰скен де оѓан «ќан» лаќабы ќойылѓан, кейін балалары м±ны маќтанышќа пайдаланды. Енді б±л нєсілден болмаѓандарѓа да «хан» деу єдетке айналды. Шынында хан болѓандар ќан тµкпей т±рмайды деген т‰сінік бар, кісіні µлтіруге ємірі ж‰рмейтін єкімді «хан» демейді. Алайда «ќан» есімі Шыњѓыстан басталѓанына нануѓа болмайды, б±л атау монѓолда б±рын да болѓандыѓы жайында тарихта жазылѓан (Ќ±рбанѓали Халид. Тауарих хамса. – Алматы: Ќазаќстан, 1992. – Б. 178-179). О.П. Суник: В. Котвичтіњ алтай тілдеріндегі -кан (-хан) -кÿн (-хун) ж±рнаќтарына тоќтала келіп, б±лардыњ барлыѓы т‰ркі-монѓол тілдеріне ортаќ екендігін, ал кµне т‰ркілік тäнри-käн (титул турецкого хана), äрти - käн ‘именно, теперь’ , жања±йѓ. äрти-гäн ‘утром’, эвен. -кÿн (салс. -кã-кÿн) сол сияќты В. Котвич -хун ~ -хон (сахун ‘беловатый’, сохон ‘желтоватый’, монѓ. терекен ‘только этот’, ‘именно этот’, алихан ‘который именно?’ т.б. (О.П. Суник. Существительное в тунгусо-маньжурских языках. В сравнении с другими алтайскими языками. – Ленинград: Наука, 1982. – С. 114-115). Л.З. Будагов: ќантур., тат., ќан канъ, кровъ, ќаны, ќан±, дж. ќаны, ќанайќ, ќаныќ а) съ кровью, кровный, кровавый, тур. даы ќаны (ұдайы қанау – А.Қ.) съ бшеной кровью, т.е. горячій молодой человкъ, весельчакъ, взбалмочный, гуляка, даы ќана±лы (ұдайы қанаулық – А.Қ.) горяшность, взбалмочность, тур. ќаны ќою кровавый колодецъ – родъ подземной темницы, куда бросають тла казненныхъ; b) дж. ќанѓа ќан убійца (по комъ есть месть за кровь), тоть кто убгаеть оть мести за кровъ, месть за кровь: ... ќан баѓасы плата за кровь, за убійство – деп көптеген мағынасын береді-арабшадан аударған және транслитерация жасаған – А.Қ. (Буд., 1871: – С . 26). Қан `кров` құздан қан аққай `пусть из глаз потечет кровь` (выражение из клятвы); қызыл хан ( < қан) `красная кровь`. РСЛ., II, 101. қан `правитель`, `хан`; `божество` (шаманск.) «кан»; қан йамын управление божества` (Малов, ЯЖУ: – Б. 52). Д. Ж‰нісов: Алтай, сібір µлкесіндегі тунгус-манчжур (корей) тілдерінде ќан, кен, ган – «µзен», «су» деген ±ѓым берсе, тєжік, µзбек тілдерінде кан «канал деген маѓынаѓа ие (Д. Ж‰нісов. ¤зен-кµл атаулары. – Алматы: Ќазаќстан, 1991). Ќаѓан > qaan титул главы государства древних тюрков (государства Ту-кюэ на Орхоне, хазар, булгар и проч.). В.Л. Виноградов формы этого слова – кагану, каган, каган, каганом, хаган < коганъ. Этимология слова коган > qaan не вызывает каких-либо затруднений или сомнений, о чем свидетельствует данные П.М. Мелиоранского (1902, с. 289-290); Ф.Е. Корша (1903, с. 138) и С.Е. Малова (1946, с. 138); которые соответствующим образом обосновали также и соответствие о < а в русском заимствованном слове коган < qaan. К. Менгес (1979) приводит несколько вариантов этого слова, встречающегося в форме qaan (qn) – в древнетюркском языке орхонских памятников, в форме хаqаn - у османских турок, ahan – в армянских источниках и ћаћаm – у современных караимов, у последних в значении главы релгии караимов. Предположение некоторых тюркологов об общем происхождении и единстве основ qaan > qaan > qan ~ хan в значении ‘хан’. Г. Рамстед утверждает, что qan и qaan первая из них представляет простую основу, займствованную тюркскими языками из кит. kиаn ‘правитель’, а вторая – сложную, состоящую из двух слов – кит. ke ‘великий’, и kиаn’правитель’ > ke-kиаn’велики хан’ > тюрк. qaan (Ramstedt, 1955; ср.: Doerfer, 1967, I – IV) (Н.А. Баскаков. Тюркская лексика в «Слове о полку Игореве» – Москва: Наука, 1985. – С.154-155) ke-kиаn тіркесі В. Котвичтіњ кã-кÿн ±ќсайды. М. Оразов: Н.А. Баскаков, А.Т. Кайдаровтыњ пікірлеріне орай: казахское хан в Орхоне - енесейских памятниках употреблялось в полной форме ќаѓан. На следующем этапе развития тюркских языков ќаѓан приобрело форму ќаан (хаан) > хан (ќан). Здесь на лицо действие закона вторичной долготы тюркских гласных, а в некоторых тюркских языках (казахский, узбекский, татарский и. др.), в которых отсутсвуют долготы, это слова трансформировалось в кан > хан, т.е. ќаѓан > ќаан > ќан - хан `хан` (М. Оразов. Исторический принцип этимологических исследований в казахском языке // Проблемы этимологии тюркских языков. – Алматы: Ѓылым, 1990. – С. 124-125). Б±л сµздердіњ осындай маѓыналары В.Радловта, К.Юдахин сµздіктерінде кездеседі. Бала кезімізде асыќпен «хан» ойнында «хан» болатын асыќты ќызыл т‰ске бояп ойнайтынбыз (Қараңыз: Соќыр теке. Ауыз єдебиетіндегі балалар ойындарыныњ ‰лгілері. – Алматы: ¤нер, 1990. – Б. 95.). Демек, рухани мєдениет тарихи мєдениетпен ±штасып, «хан» (асыќ) аталым + ќан (сын.е.) = ќан // хан бір-біріне сай келуі тегіннен-тегін емес екен.

ХV-ХVII ѓ. ќазаќ правосында кек алу зањы бірінші орынды алѓан: «ќанѓа ќанмен кек алу» немесе «заќымданѓанѓа заќымдау» болѓан. Мысалы, ±стап алѓан ±рыны 25 тен 60 - ќа дейін ќамшымен д‰ре соѓып жазалаѓан. ¦рлыќ ‰стінде ±сталса, тоѓыз айыбын тµлеген. Тоѓыз айып мыналар: бас тоѓыз немесе т‰йе бастатќан тоѓыз: т‰йе, ќ±лынымен екі бие*, екі-‰ш жастардаѓы тµрт жылќы (жылќы жалпы атауы ќазаќ олай атамайды дµнен* (тµрт жаста), ќ±нан* (‰ш жаста) – дейді – А.Ќ.); орта тоѓыз, немесе ат бастатќан тоѓыз: ‰ш-тµрт жастаѓы, екі жастаѓы ат, екі жастаѓы екі ат, (екі жастаѓы ат болмайды тай не ќ±лын* дейді – А.Ќ.) екі тайынша, тµрт ќой*; аяќ тоѓыз: тµрт жастаѓы µгіз, екі тайынша, ‰ш ќой жєне ‰ш ќозы. Қараңыз: Ќазаќ ССР тарихы. – Алматы: 1957. – Б. 184-145. Дµнен – тµрт жастаѓы ат, ќ±нан – ‰ш жастаѓы ат, Ќазаќ тілінде ќ±нан, дµнен, ќ±нажын, дµнежін сµздері жылќыѓа жєне сиыр малына байланысты жасын (‰ш, тµрт) жєне жынысын білдіреді // Ә. Ќайдаров, М. Оразов. Т‰ркологияѓа кіріспе. -Алматы: Мектеп, 1985. – Б. 78-79; Б. Базилхан. Краткая сравнительная-историческая грамматика монгольского и казахского языков // Доклад на сойскание к.ф.н., – Алма-ата, 1974. – Б. 13; Ш. Жанєбілев. Ќазаќша мал атаулары. – Алматы: Ќайнар, 1982. – Б. 24-31; Мысалы, Л. Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. II. Санктпетербургъ, 1871. – С. 94: куначи-2 жастаѓы б±зау не б±ќашыќ; ќ±нанъ -ќ±лыншаќ 2 жастаѓы, 3 -ші кµктемге аяќ басќан (монѓ. гунунъ) жас ќ±нан; ќырѓ. ќ±нан ешкі 2 жастаѓы, ќ±нан серке 2 жастаѓы; алт. ќ±нан байтал; ќырѓ. ќ±нажын 3 -ші кµктемгі бие; ќ±нан аю; ќ±анан ‰й (ќырѓ. ‰й сиыр, уд - М. Ќашќ. – автор) 3 жасар б±ќашыќ; саулыќ ќой, ќ±наны-3 жасар ќой, бір жыл ‰лкен – дµнен. Таѓы бір жыл – бесті; таѓы бір жыл – алты жасар ќой, тт. Жеті жасар. Б±л аталымдар жылќыѓа да ќатысты.

Кек алу зањы (ХV-ХVII ѓ. Ќазаќтың қылмыстық правосында – А.Қ.) бірінші орынды алѓан: «ќанѓа ќанмен кек алу» немесе «заќымданѓанѓа заќымдау» болѓан. Кісі өлтірген немесе ауыр зақымдаған айыпты адамнан сот үкімі бойынша қанды кек алынатын болған, мұны ру орындайтын. Қанды кекті төлем төлеумен – құн төлеумен ауыстыруға болған [277, б.184].

Е. Бекмаханов: Кун взыскивали за убитого человека взамен кровной мести. В период развития феодальных отношений кун был приспособлен к феодальному строю и стал одним из средств эксплуатации казахов. Размеры куна, взыскиваемого с рядовых казахов и султанов, были разными. Например, полный кун за убийство простого казаха (ќара ќазаќ-автор) состоял из джаулука (женский головной убор) и нескольких халатов, шубы, пояса, шаровар, сапог, оружия и лошади убийцы, или же из 1000 баранов, 40 кобыл и кула (невольника) (бас жетім – А.Ќ.). Иногда кун заменялся 10 верблюдами. За убийство ходжи кун состоял из 3000 баранов, за убийство султанов – 7000 баранов, а кун ханский равнялся куну семи простых казахов. Это основанно было на том, что хан является повелителем семи отделений или семи родов. (91) По казахскому обычаю кун считается – олжа (находка). ... Например, из 1000 баранов взыскиваемого куна, семейство убитого казаха получало от 40 до 100 баранов, в зависмости от имущественного положения убитого. Значительную часть куна получали бии, которые, по данным чиновника Лазаревского, получали а иногда часть иска, а затем ханы и султаны (92).


За кражу верблюда-первый тогуз – 9 верблюдов

второй тогуз – 9 лощадей

третий тогуз – 9 коров

За кражу лощадей первый тогуз – 9 лошадей

второй тогуз – 9 коров

третий тогуз – 9 баранов и.т.д. [278, б.93].


Ќ±н – кісі µлтіргені немесе мертіктіргені ‰шін салынатын айып 1803 жылы поручик Гавердовский, Иванов жєне Богданович Ќазаќстан арќылы Б±хараѓа сапары кезінде ќазаќтыњ т±рмыс-салтына ќызыѓушылыќ танытып, ќ±н туралы да жазѓан болатын. Онда олар айбана – кісі өлтіргені немесе жаралағаны үшін салынатын айып туралы да жазды [279, б.200-201]. Айып-жазаны заттай (малдай) тарту (Р. Сыздық. 2004: 164). С. Толыбеков: Хан получал хандык при взимании штрафа за убийство, хун – за увечье и кражу, а айп (айып-А.Қ.) – за другие преступления, в том числе за примерение враждующих родов с взаимной *барымтой – дейді [270, б.358]. Барымта (баранта) – күш қолданып мал айдап әкету. Барымта және осыған ұқсас сөздердің этимологиясын Б. Қарағұлова өзінің кандидаттық диссертациясында жақсы ашқан (2000: 16). А. Янушкевич жазалы адамныњ ќ±нын (жазасын) µтеудіњ таѓы бір т‰рін жазады: «Казактар тµрт винтовканы басына басын т‰йістіріп, арасына жањаѓы к‰нєкарды отырѓызды. Бір казак ќылышын жалањдатып, айнала ж‰ріп к‰зетті. «Ќазаќтар б±ны «ќара найза астына отыру» деп атайды». Олар б±л жазадан ќатты ќорќады єрі ±ялады» [280, б.151]. Ата-анасына тіл тигізген ±лды мойнына ќ±рым киіз байлаѓан к‰йі ќара сиырѓа теріс мінгізіп, ел аралатып ж‰ргізетін болѓан. Қазақтың бұндай дәстүрі І. Жансүгіровтың «Бадырақ» романында да көрініс тапқан. Ќ±н ислам мєдениетініњ жетістігімен біте ќайнасќан. М±сылман діні µз ерекшелігіне байланысты ќ±нды пайдаланѓан, дала зањына µз ережелері мен ќаѓидаларын енгізіп отырѓан. Ќ±н м±сылман дєуіріне дейін пайда болѓанын жоѓарыдаѓы деректер растайды. «Дала уалаяты» газетінде «Ќ±н турасында ќазаќтардыњ» деген маќала жарыќ кµргенін жоғарыда жаздық. Негізінен Е. Бекмахановтыњ жазѓанымен тура келеді. Егер де кімде-кім µлтірген кісініњ с‰йегін жасырса, онда µз алдына бµлекше ќ±н тµлейді – деген өзгешелігі бар. Б±ѓан ќосымша: «Билердіњ бітімдері, бір ‰лкен съездегі билердіњ ережесі» жарияланды (О. Єлжанов. Билердіњ бітімдері. Бір ‰лкен съездегі билер ережесі – // Дала уалаяты. 1896. № 48, 49, 50). Сол сияќты ќ±нныњ мµлшері жоќтыѓы м±сылман ќаѓидасымен т‰сіндіріледі. Шариѓаттыњ б±лжымас µз зањдары болды. Мысалы: Шариѓат ант беруден бас тартуѓа р±ќсат етпейді. Бас тартса, бір ќ±лѓа азаттыќ єперуі керек, не 10 кедей, аш-жалањашты тойғызып, киіндіруге тиісті. Егер ондай халі болмаса, ‰ш к‰н ораза т±туы ќажет. Уєде мен ант беру рєсімі бір-біріне жаќын. ¤з білгенімен жазалау (та’зир) Ќазыларѓа µз білгенінше кейбір жаза ќолдану. Арабша «та’зир» – «‰кім шыѓарушылыќ» – деп аталѓан [281, б.76-77]. Ќ±ранда: «Жєне біреу, бір м‰мінді ќателесіп µлтірсе, сонда бір м‰мін ќ±л азат етуі єрі µлгенніњ иесіне ќ±н тапсыруы керек. Біраќ, олар кешірім етсе ол басќа. Егер µлтірілген сендермен д±шпан елдегі бір м‰мін болса, (ќ±н тµлемей) бір м‰мін ќ±л азат етуі керек», – деп жазды [282, б.93].

Ќ±ќыќ зањдылыѓыныњ ќатањ ережелерініњ бірі ќ±н, М±хаммет пайѓамбардыњ µмірімен де байланыстырылды. Жалпы, ќ±нныњ шыѓу этнографиясын м±сылман дінімен байланысты ќарау да белењ алды. Оѓан себеп мына оќиѓа болды: «Сондыќтан сєуегей кемпірге жын-перісін шаќырып, µліп-талып зікір салудыњ ќажеті болмады, келесі к‰ні оларды шаќырып алып: ќ±райштардыњ арасында адам ќ±ны ќанша екенін с±рады. Єбді єл-М‰ттєліб (егер де ќастандыќпен µлтірілмеген болса) ќ±райштардаѓы адам ќ±ныныњ баѓасы он т‰йе екенін айтты. Сєуегей: Абдолланыњ µтеуіне осы ќ±нды ±сынып кµріњдер, егер жаратќан оны азсынып ќабыл алмаса, ќабыл алѓанша ќ±рбандыќ т‰йеніњ санын µсіре беріњдер деп аќыл ќосты. Меккеге ќайтып оралысымен, Єбді єл-М‰ттєліб сєуегейдіњ айтќанын б±лжытпай орындады. Ќабылдыњ ќарсы алдына Абдолланы т±рѓызып, шарбаќтыњ ішіне он т‰йені айдап кіргізіп, єдеттегідей жебе суыруѓа кірісті. Он рет тартып еді, он ретте де шек Абдоллаѓа шыќты. Ќ±рбандыќ жолы Абдоллаѓа т‰скен сайын, он т‰йеден айдап єкеліп ќосып отырды, тек т‰йе саны ж‰зге жеткенде, жаратќан адам ќаныныњ µтеуіне осы жарайтынын білдірді. Єбді єл-М‰ттєліб ќателесуден ќорќып, екі рет садаќ суырды, екі ретінде де ќ±рбандыќ жебесі т‰йеге т‰сті. Енді к‰мәнданудыњ негізі жоќ-ты» [283, б.32].

«Жеті жарѓыда» Ќ±н – адам µліміне, не жараќат алса былай белгіленді: Біреудіњ белін сындырѓан толыќ адам ќ±нын тµлейді. Бір кµзін шыѓарса адамныњ жарты ќ±нын тµлейді. ¦рыс – тµбелесте бас бармаќ сынса – 100, шынашаќ сынса 20 ќой тµлейді. Дене заќымынан бала µлі туса: 5 айлыќ бала ‰шін – 5 ат, 5 айдан 9 айѓа дейінгі бала ‰шін єр айѓа 1 т‰йе. Аталѓан зањ негізінде 100 т‰йе 300 атќа немесе 1000 ќойѓа тењестірілген (Аќиќат. 1993. № 6, 43). Жоғарыдағы ањыздан ањѓарѓанымыз «басќа-бас, ќанѓа-ќан, жанѓа-жан» сынды тайпаныњ ішкі зањы µліммен ѓана шектеліп отырмады, аса ‰лкен «ќ±н» тµлеумен де мєселе шешілді. Ж±мыстыњ бас жаѓында айтќанымыздай, М-Ж. Кµпеев шыѓармаларында ќ±н туралы билік, дауды шешу жµнінде кµптеген мєселелер ќозѓалады, соныњ кейбіріне тоќталып, б±л мєселені әрі жалѓастырѓанды жµн кµрдік. Әз Жәнібектен Әз Тәукеге дейінгі қазақ елінің өмірінде талай жайттар өтті. Ұлы Төле би, Қаздауысты Қазбек би [282, б.4-5], Әйтеке би және Әз Тәуке хан бабаларымыздың көрегендігі мен даналығының негізінде «Жеті Жарғы» өмірге келді. «Жеті Жарғы» жазылғанда «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» басшылыққа алынды (Ш. Қаймолдаұлы. «Жеті жарғы» туралы не білеміз? // Қазақстан тарихы. 1993, №3. – Б. 23-25). «Есім ханның ескі жолында» сақталынып келген тәртіп бойынша кісі өлтірілген адамның шаңырағы ортасына түсіріліп, тас-талқан етілетін. Оның үстіне қылмыс жасаған адам өлтірілетін. «Жеті жарғы» бұл заңға өзгеріс енгізіп, қылмыскерге жаза ретінде төлеу жолын бекітті. Қазақ елінің әдет - ғұрпын, дәстүрін зерттеуші ғалым Н.И. Гродеков өзінің 1889 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан «Сырдария облысының қара қырғыздары» деген кітабында: «...Тәуке хан Күлтөбенің баурайында /Сырдария облысы/ сол кездің атақты биі Төле Әлібекұлы бастаған жеті биді жинап алды. Олар Қасым мен Есім хандар ұстанған ежелгі әдеп-ғұрып заңдарының басын құрап, «Жеті Жарғы» дейтін жаңа әдет-ғұрып заңдарының жинағын шығарды» – деп жазды (Д. Бабаев. Қазақстан тарихы. 8-класс. – Алматы: Рауан, 1994. – Б. 105-106).

Қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен тұрған, ғылымға белгілі ең алғашқы заң нұсқасы осы «Жеті Жарғы» болды. «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген атпен белгілі бұл құқылық ережелердің ана тіліміздегі толық нұсқасын жазушы-этнограф Ж. Ахмедиев Түркістан қаласындағы белгілі Ахмет Иассауи мұражайы экспозициясынан 1977 жылы көшіріліп алған.

«Жеті Жарғының» мазмұны мынадай:

1) Халқының ханы, сұлтаны, пірі, хазіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін, жеті кісінің мөлшерінде құн төленсін.

2) Төрелер мен қожалардың жай қатарындағы біреуі өлтірілсе олардың әрқайсысына (ақсүйектің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс.

3) Сырттан келген адам үйге кірерде, мініп келген аты босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе-бүтін құн, ал үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе-тек ат-тон айып берілсін.

4) Егер туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсайтын болса, ата-ана оны өлтірем десе де ерікті, сұраусыз болады.

5) Кәмелетке жеткен баласы тіл тигізсе (қол тигізбей) туған ата-анасы оған дүреден бастап не жаза қолданамын десе де ерікті.

6) Құда түсіп, құйрық-бауыр жескен ақ баталы жесір кетсе, оған төленген қалың мал түгел иесіне қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленеді.

7) Ұры айыр түйеге-нар, атқа-аруана, тайлаққа-атан, тайға-ат, қойға-тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айыптың бірін ретіне қарай және төлеуі керек (Д. Бабаев, 105-106).

«Жеті жарғыдағы» кейбір мәселелері Абай Құнанбайұлы жазған заңда қолданылады. 1885 жылы Семей қаласына қарайтын Зайсан, Өскемен, Кереку (Павлодар), Семей ояздарының Семейден 70 шақырым жерде Шар өзенінің бойында бұл ереже Мүрсейіт ақсақалдың естелігі бойынша 93 баптан болса керек (А. Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. – Б. 651, 498). Абай Құнанбаевтың шығармаларының бір томдық толық жинағы 1961 жылғы, Редакциясын қарап, түсініктерді, жаңа материалды толықтырып баспаға дайындаған Ә. Жиреншин. Ереженің толық барлығы 74-бап бермей, 12-кі бабын ғана келтірген екен. «Ереженің тілі - сол кездегі кеңсе тілі, демек шала қазақ тілімен жазылғандықтан, қазіргі әдеби тілге аударып басылды» – дейді (А. Құнанбаев, 1961: – Б. 499). Ал, біздің қолымыздағы профессор Ж. Дәдебаевтің алғы сөзімен берілген осы ереженің түп нұсқасы бар. «…Ол Семиполат облыстық әскери губернаторы Тупкленскийдің пәрменімен 1886 жылы 14 ақпанында бекітілді» (Ж. Дәдебаев. Билер ережесі // Жас алаш. – 1992. – № 97 (12884) – Б. 3). Билер ережесінің түгел 74 бабы беріліп, (сенімді аударған Асанов… Қазан автор) – деп соңында жазылған [285, б.3]. Өкінішке орай кітаптағы аударма көп жәйтты, тіпті сөздерін өзгертіп жіберген екен. Мысалы: Абай Құнанбаев шығармасындағы 31 – баптың бірінші жолын ғана алайық: «Байға тиген қызды біреу алып қашса, яки қатын өзі қашқан кісімен өз елінің съезд билеріне тура қайтарылады» [286, б.499]. Енді газет бетінде жарық көрген ереженің 31-ші бабын салыстырсақ: «Күйеуі бар әйелді біреу алып қашса, керісінше егер әйелдің өзі қашса, ондай әйел елінің сияз билеріне қайтарылмайды» (Ж. Дәдебаев. Билер ережесі // Жас алаш. 1992. № 97 (12884) – Б. 3). Сонда қай ереже өтірік айтып отыр, бірі – қатын қашса қайтарылады дейді, екіншісі – қайтарылмайды дейді. Газет бетіндегі жадығатта да кей сөздердің өзгергені байқалады. Ол уақытта «әйел» демеген керісінше «қатын» – деп айтқан. Сол сияқты, біз келтірген Ж. Ахмадиевтің жазып алған «Әз Тәукенің «Жеті жарғысымен» (Д. Бабаев. Қазақстан тарихы. 8-класс. – Алматы: Рауан, 1994. – Б. 105-106). Қазақ халқының салт-дәстүрлері» [287, б.210]. Әз Тәукенің заңдары бірдей еместігін айтуға тиістіміз. Өзінің бастауын сонау Түркі қағанатынан алатын (VП ғасыр) кесік-жарлықтар еді. Бұл жарғы кейде «Төленің жеті жарғысы», «Қазыбектің жеті жарғысы», «Әйтекенің жеті-жарғысы» – деп те аталады. Әз Тәукенің (1680-1718) жылдар үстемдік етуімен «Тәукенің жеті жарғысы» делінеді. Кейіннен жарғының баптары қазақ би-шешендерінің сөздерінде көрініс тауып жатты. М-Ж. Көпеев жинаған би-шешендердің сөздерінде қазақтардың, құқын заңды түрде шешетін ережелер, қағидалар, тұтас ғақила сөздер көптеп кездеседі. Мысалы: «Ердің құны есебін тапқан сабазға екі-ауыз сөз деп қай заманда айтылған» – деп Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Ошақты деген ел, орта жүзден Малай, Жәдігер деген таптан шыққан Құлназар дегенді өліріпті. Оның кесімін ақбура Бөрібай ақын айтыпты:


Ошақты Құлназарға құн бермексің,

Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің.

Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермесең,

Тұлымды қыз, айдарлы ұл бермексің,

Құлназар келіп өлді ауылыңа,

Ішім оттай күйеді бауырыма.

Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең,



Есекем таңба болар сауырыңа
Бірақ, Ошақты бұл төрелікке басын да бұрмапты (М-Ж. Көпеев, 65-66). Жылдар өткен соң, ескіріп кеткен дауды он төрт жастағы Едіге би құнын өтеп алыпты. Сол кесімді сөздерде мынадай келелі ойлар айтылыпты: «Жарлық өзіңізден болды, жабдық та өзіңізден», «Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жібереді, төрт атаның ұлы Төртуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жібереді», «Жарқын» – деген құн осы болады деген ол қолынан ұстатып, жалаңаш қыз береді екен. «Алты жақсы» – деген құн жүйрік ат, берен мылтық, жағалы киім, тай тұяқ күміс не алтын, түйе, тазы т.б. түрлері болуы мүмкін. Ал, «алты ат бастатқан тоғыз» не «төрт түйе бастатқан тоғыз» – деген құн айып болады. 1885 жылғы «Билер ережесінде» 57 – ші бапқа енгізілген: Тоғыз аталған айыпты малға шаққанда былай болады. Түйе бастатқан бас тоғыз: 1 – бір түйе, 2 – құлын, 2 – бие, 2 – құнан, 2 – ат; 2 – орташа тоғызымыз – ат бастатқан тоғыз: 1 – семіз ат, 2 – тай, 2 – тайынша, 4 – төрт бойдақ қой; 3 – аяққы тоғыз: 1 – дөнен өгіз, 2 – тайынша, 3 – бойдақ қой, 3 – тоқты (Ж. Дәдебаев. Жас алаш. – 1992. – № 97 (12884); Едіге бидің тағы бір кесімінде: Ұлы Жүз үйсін Тоғас би елінің кісісі төбелесіп, содан бір әйел түсік тастапты Билігін айтқан Едіге: Мұнда бас дейтін бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтұғын қол жоқ, жүретұғын аяқ жоқ, кісі есебінде, адам санатында қосуға болмайды екен депті. «Даушы құр қалмайды, жаншы қор қалмайды» деген бұл төбелеске екі тоғыз айып салу керек деп кесімін айтқан екен (М-Ж. Көпеев, 1902: 77-84). Сондағы біріншісі, түйе бастатқан тоғыз екен де, екіншісі ат бастатқан тоғыз екен. «Қ±нныњ – бірі» жетім бастаѓан тоѓыз. ¦лбикеніњ ќ±нына «бас жетім» алынады.

Түйін. Тоғыз тек қана үйлену салтына қатысты емес, айып-құн дәстүріне де байланысты айтылады. Тоғыз > құн. Тоғыз – деген бөлімді қараңыз. Сонымен, ќ±н > ќан деген сµзден ќалыптасќан деп т‰йіндеуге болады. Мәшһүр-Жүсіп құнның бірнеше түрін: ұста құны, өнер құны, сүйек құны, қатын құны, жарқын құн, жеті ердің құны, үш құн, екі құн, тоқал құн, жақсы құн, қара құн, ақ боз аттың құны, мергеннің құны т.б. атайды. Құн > тоғыз. «Құн» сөзінен құндыкер сөзінің тууы заңдылық сияқты.

Ќ±ндыкер. Сол замандарда Ќ±ндыкер Ќ±бан, Ќотан, Ќоѓам дегендер болыпты (М-Ж., 60); Ќ±ныкер заттық мағынада жұмсалып, құқық ережесінің иесі ретінде танылады. Бұл сөз себеп пен нәтижесі жағынан тарихи деректерге де апарады. М-Ж. Көпеев: Құндыкер елін сонау көне заманға қыпшақ дәуіріне сілтеп отыр. «Нәсілі Сарыбайдың ноғайлы емес, Оның тегі Қондыкер қабаң жұрт деп» («ҚКБС» Абай нұсқасы: 11). Бұл айтылып отырған Қондыкер қабаң мен Құндыкер Құбан бәрі бір адам. Қ. Салғара: «Қондыкер Қабаң жұрты» дегенді сары түркештерге апарып соның іргелі тайпасы болуы мүмкін дейді жєне ел аузында Кубаньді «ќобањ» дейтіні бар, бєлкім «Ќондыкер ќобањ ж±рты» сол Кубаньнан шыќќандар болып ж‰рмесін - дейді (Ќ. Салғара. Ќазаќтыњ қилы тарихы. 1992: – Б. 55-59). Ќ±ныкер (п) ескі х±нѓ±ар (хунхар, хунхор). Кісі µлтіруші, ќан ішер, ќанќ±мар, ќан тµккіш, жендет (Бекм±хаметов, 104). (Ќ±ндыкер) ќ±ныкер ќ±н + ы + кер ) сµзінен шыќќан сияќты. Ќ±ныкер п. [ѓ±н кр (дауысты дыбыс т‰сіп ќалады – А.Ќ.) -гєр: суффикс, образующий имя деятеля] – убийца; виновник за пролитую кровь (Р‰стемов, 170).

Түйін. Құныкер лексемасы құн сөзінен шыққанында дау жоқ. Кейіннен тарихи оқиғаға айналған сөздің бірі. Мәшһүр-Жүсіп «Құндыкер Құбан жұрты» – деп қолданған. Құныкер > құн.

Қорыта келгенде, «Өлік жөнелту этномәдени лексикалары» белгілі бір қағидаға сүйеніп, жүйе бойынша дамитыны белгілі болды. Әр тақырыпшаның өзінің мән-мазмұны бар келесі тақырыпшамен әншейін құр ғана байланыса салмайды, ұзақ жылғы зерттеудің нәтижесінде ғана бұл байланысу мүмкін болатыны байқалды. Жалпы, әр тараудың ішіндегі тақырыпшалар осындай сарылып зерттеудің нәтижесінде ғана топ-топқа түсіп, бір-бірімен байланысы бары және ара-жігі де айқындалды. Одан кейін ғана жекелеген тілдік деректерді (этномәдени) сипаты бар сөздерді талдауға мүмкіндік тиді. Мысалы, тоғыз өз басының мағынасына қатысты айтылады және үйлену салтына, өлік жөнелту, құн мәселесіне қатысты да айтылады. Мұндай мысалдар өте көп ал, оларды реттеп жүйеге түсіру үшін тақырыптардың өзін жеке-жеке алып зерттеуге тура келеді.


Қорытынды
Қазақстан Республикасы «Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің» қатарынан көріну керектігін Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жастарға үміт арта отырып зор сеніммен айтқан болатын. Бұл – мақсатқа жету үшін тек қана білім қажет. Тіпті, «Құранның» өзінде де «Оқы, оқы тағы да оқы, қалам ұста» – деп жазылғанын біреу біліп, біреу білмейді. Мұны айтып, мысал келтіріп жатқаным, оқу мен білімнің қоғамда алатын орнын және адамзатқа ауадай қажет екендігіне, маңызына тағы да бір көңіл аудару еді.

Олай болса, бәсекеге түсу үшін тек қана білім қажет екен. Сондықтан да біздер қазірден бастап білім бәсекесіне дайын болуымыз керектігі түсінікті жай. Халық даналығы «Білегі жуан бірді, білімі жуан мыңды жығады» деген мақалды бекерге айтпаған. Қазіргі заманда не нәрсе білімге ғана келіп тіреледі. Ең бастысы ұлттық патриоттық сана-сезімдері оянды. Ұлан байтақ жеріміз бар, алтынмен өлшенбейтін байлығымыз – қазақ деген халқымыз бар. Жас өрім ұрпақтары бар ел, бақытты ел дер едім. Жалпы білім беру біздің елімізде тегін жүзеге асады. Бұл – көптеген шет ел жастарының мәңгілік арманы. Және қандай бағыттағы білім ордасын таңдаймын десеңіз де өз еріктерінде. Осы оң өзгерістердің бәрі – Елбасының болашақты болжап, алыстан көре алатын көрегендігінің арқасы дер едім.

Президент Н.Ә. Назарбаев біздердің дамыған бәсекелес шет елдіктермен терезесі тең дәрежеде сөйлесе алатындай болу керектігіне барлық жағдай тудыруда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осындай мақсатта жасалды. Бір ғана мысал «Болашақ» бағдарламасымен жылына 3000 жас талапкер шет елдерге білім үшін аттануда. Ал мұндай мысалдарды жүздеп, тіпті мыңдап келтіре беруге болар еді.

Президент Н. Назарбаевтің «Қазақстан халқына жолдауында» (2007) «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» деген болатын. Бұл – ұлағатты сөз әрбір қазақстандықтардың жүрегінің төрінен орын алып, ұлттық сезімін оятуға себі тиері сөзсіз. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде тілді оқытудың TOEFL, DALF/DELF, IELTS, т.б. бірнеше тәсілі бар. Соның ішінде тиімділігімен танылғаны TOEFL ағылшын тілін оқыту жүйесі. Оны айтып жатқаным үш тілді: қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін білу әрбір қазақ азаматтарының Отан алдындағы парызы. Заман соны талап етеді. «Үш тілді білсең, үш жұртты білесің» - деп тегін айтылмаған. Павлодар облысының жас жеткіншектері Халықаралық, Республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері. «Ғылыми жоба» жарысы бойынша қаншама оқушы Республика көлемінде аттары шығып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып жүр. Олар жайында аз айтылып, аз жазылып жатқан жоқ. Павлодарлық жас жеткіншектер ағылшын тілін де жақсы меңгергені қуантады. Басқа ұлт өкілдерінің балаларының да мемлекеттік тілге деген ынтасы, үйренуге деген құлшынысы көрініп жүр. Ал қазақ тілінің жағдайы 1991 жылмен салыстырғанда анағұрлым жақсарды. Барымызды бар, жоғымызды жоқ деп бағалауға жетуіміз керек. Бірақ, істелген іс-шаралармен тоқмейілсімей ары қарай алған бағытымызды жалғастыра беретін боламыз.

Қазақстан Республикасының «Мәдени бағдарламасы» 2007 – 2009 жылға жалғасын табатын болады. Елбасы: «Сондықтан облыстар да қолға алған шараларды жеріне жеткізіп, бастаған істерін жалғастырғандары жөн. Ескерткіш – жәдігерлерді таңдағанда ұсақтамай, еліміз үшін тарихи-мәдени маңызы бар мұраларды ғана іріктеп, бұл іске білікті сарап, сергек талғаммен қараңыздар» деген ұлағатты сөзі Біз бастаған келелі де қыруар істі жалғастыруға үлгі болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет