Метаболизмнің түрлері



Дата22.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463244
Метобализмнің түрлері

Метаболизмнің түрлері

Орындаған: Сарсембай Меруерт, Хавидан Дариға, Бекпаева Милана

Метаболизм – бұл қоршаған орта мен ағза арасындағы заттарды қабылдау және шығарудың тұрақты үдерісі. Метаболизм – пластикалық және энергетикалық алмасудан тұрады. Пластикалық алмасу анаболизм немесе ассимиляция деп аталады. Бұл үдеріс кезінде қарапайым заттардан күрделі заттар түзіледі және жинақталады. Осылайша, анаболизм немесе ассимиляция деп ағзаның тағамның химиялық құрамбөліктерінен өзіне қажетті заттарды синтездеуіне және жинақтауына бағытталған реакцияларды айтады. Энергетикалық алмасу үдерісін катаболизм немесе диссимиляция деп атайды. Бұл түсінік ағзаның энергия алу және оны тіршілік әрекетіне жұмсау үдерістерін біріктіреді.

Тірі жүйеге энергия әртүрлі жолдармен түседі: 1. нәруыздар, майлар және көмірсулар сияқты қоректік заттардың химиялық энергиясы; 2. күн энергиясы; 3. бейорганикалық заттар химиялық энергиясы түрінде.

Қоректік заттардың химиялық энергиясы. Бейорганикалық заттар,яғни көмірқышқыл газы,су және азотты қосылыстардан органикалық заттарды,яғни нәруыздар,көмірсулар және майларды синтездеу барлық ағзаларға тән емес. Сондықтан табиғаттағы балық ағзаларды автотрофтар мен гетеротрофтар деп екі үкен топқа бөледі. Автотрофтар(грек. аутос - өзім және трофэ – қоректенемін)-дайын органиклық заттары қажет етпейтін ағзалар. Олар өздігінен жай бейорганикалық заттардан нәруыздер, майлар және көмірсулар түзеді. Органикалық заттарды түзуге пайдаланатын энергия түріне қарай фототрофтар және хемотрофтар болып екі топқа бөлінеді.

Фототрофтар немесе фотосинтетиктер, фотосинтез кезінде күн энергиясы пайдаланады. Бұларға (паразиттерден басқа) барлық жасыл өсімдіктер және көк-жасыл балдырлар – цианобактериялар жатады. Хемотрофтар немесе хемосинтетиктер, хемосинтез кезінде бейорганикалық заттардың тотығы реакциялары кезінде бөлінген химиялық энергияны пайдаланады. Бұларға хемосинтездеуші бактериялар жатады. Хемосинтез – энергияны химиялық қосылыстардан ала жүретін үдеріс, демек, бейорганикалық заттардың тотығуы кезінде түзілген энергияны пайдаланады.

Гетеротрофтар – (грек. гетерос – басқа, әртүрлі және трофэ – қоректену) – бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездей алмайтын ағзалар. Олар энергияны және өзінің қоректік заттарын синтездеуде дайын органикалық заттар – нәруыздар, майлар және көмірсуларды пайдаланады. Гетеротрофтарға барлық саңырауқұлақтар және жануарлар, мысалы, ауру тудыратын, шіріткіш және паразитті тіршілік ететін бактериялар жатады. Гетеротрофтар мен хемосинтетиктерді хемогетеротроптарға химиялық энергияны пайдаланатын ағзалар тобына жатқызуға болады. Жануарлар, саңырауқұлақтар, сапрофитті және паразитті бактериялар энергияны органикалық заттардан алады. Демек, олар басқа ағзаларды қорек етеді немесе олардың қалдықтарымен және ыдырау өнімдерімен қоректенеді. Ал хемосинтездеуші бактериялар энергияны бейорганикалық заттардан алады және басқа тірі ағзаларға тәуелді болмайды. Гетеротрофты ағзалар қоректік заттармен бірге түскен дайын органикалық заттардың оттек қатынасында көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырауы нәтижесінде түзілген энергияны паразиттер және жыртқыштар, сапрофиттер және өсімдікқоректілер деп екіге бөледі.

Өсімдікқоректілер – паразиттік тіршілік етпейтін, өсімдіктермен қоректенетін ағзалар. Оларға барлық тұяқтылар, көптеген кемірушілер және т.б. жатады. Жыртқыштартірі ағзаларды аулап, олармен қоректенеді. Бұларға негізінен жануарлар, сонымен қатар саңырауқұлақтар мен кейбір бунақденеқоректілер жатады. Паразиттер дегеніміз – тірі ағзалардың дайын органикалық заттарымен қоректенетін, бірақ та оладың тіршілігін бірден жоймайтын ағзалар. Бұларға барлық ауру тудыратын микроағзалар, паразит құрттар, масалар, кенелер, биттер, өсімдектерде және жануарларда ауру тудыратын саңырауқұлақтар (тат, қастауыш, ақұнтақ, қаракүйе және т.б.), паразит өсімдіктер (арамсояу) жатады. Сапрофиттер немесе сапротрофтар дегеніміз – тірі жануарлардың қалдықтары мен олардан бөлінген заттармен (қарашірік, шіріген органикалық заттар, топырақтағы қалдықтар) қоректеніп, органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар. Сапрофиттерге зейн саңырауқұлақтары, топырақ және шіріткіш бактериялары, қиқоңыздар, шұбалшаңдар, жыртқыш құстар, қарсақтар және т.б. жатады.

Энергияны алудың әртүрлі жолдарына қарамастан барлық тірі ағзалар оны тіршілік әрекеттеріне жұмсайды. Энергия көзі неғұрлым көп болса, ағзалар арасында бәсекелестік соғұрлым аз және эволюциялық ұзақ уакыт тіршілігін сақтап қалу мүмкіндігі болады. Ғаламшарымызда фотосинтездеуші және хемосинтездеуші бактериялар шамамен 3,5 млрд жылдан бері тіршілік етіп келеді.

Тақырып бойынша қорытынды: 1. Барлық тірі ағзалар қоршаған ортадан өздеріне қажетті химиялық заттар мен энергия алады. Қоршаған орта мен ағза арасындағы зат алмасу метаболизм деп аталады. 2. Қоректік заттарды қолданып, өздерінің қажетті заттарын синтездеу және жинақтау пластикалық алмасу (анаболизм немесе ассимиляция) деп аталады. Энергия алу және оны пайдалану мақсатында заттардың ыдырауы энергетикалық алмасу (катаболизм немесе диссимиляция) деп аталады. 3. Автотрофтар – бейорганикалық заттардан нәруыздар, майлар және көмірсуларды өз бетінше синтездей алатын ағзалар. Олар энергияны фотосинтез (күн энергиясын), не хемосинтез (бейорганикалық заттардан) үдерістерінен алады. 4. Дайын органикалық заттармен қоректенетін барлық тірі ағзалар гетеротрофтар деп аталады. Олар өздігінен бейорганикалық затардан органикалық заттарды синтездей алмайды және нәруыздар, майлар мен көмірсуларды өз денесінің құрылыс материалы әрі энергия көзі ретінде пайдаланады. Оларға фотосинтез бен хемосинтезге қабілетті емес жануарлар, саңырауқұлақтар және бактериялар жатады. Гетеротрофтар сапрофиттер, паразиттер, жыртқыштар және өсімдікқоректілер деп бөлінеді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет