«Металл кескіш станоктар» №1 басылым 03. 09. 2012 ПӘндердің ОҚУ Әдістемелік кешені



Дата13.06.2016
өлшемі120 Kb.
#132946



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК



ОӘК 042-14-1- 02.1. 20.172/01 - 2012

ПОӘК

Пәннің оқу әдістемелік материалдары

«Металл кескіш станоктар»



№1 басылым 03.09.2012




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Металл кескіш станоктар» пәнінен

«050712» - «Машинажасау» мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей 2012



М А З М Ұ Н Ы




1

Глоссарий




2

Дәріс қысқаша конспект




3

Практикалық және зертханалық жұмыстар




4

Студенттердің өздік жұмысы




5

Әдебиеттер






2 Дәріс қысқаша конспект



Тақырыбы 1:Кіріспе. Курстың мәні мен рөлі.

Пәннің себебі. Шетелдік және отандық станок жасаудың жаңа түрлері оларды тарихи шоу. Берілген пәнді оқудың әдісі және оларды басқа ғылымдармен өзара байланысы. Машина жасаудағы технологиялық жабдықтардың рөлі және өндірістегі автоматтандыру процессі. Техника экономикалық көрсеткіштері. Бағалау тиімділігі.
Металлкескіш станоктарын қасиеттер реті бойынша ажыратуға болады. Әмбебаптылық деңгейі бойынша оларды әмбебап, арнайыландырылған және арнайы деп бөледі. Әмбебап станоктар өлшемдері кең ауқымды өзгеретін конфигурациясы бойынша ұқсас бөлшектерді өңдеу үшін арналған. Сонымен қоса, оларда әр түрлі операциялар жүргізіледі. Мысалы, әмбебап токарлы станогында сыртқы және ішкі цилиндрлік, конустық, фасондық және бүйір беттерінің өңделуін, ойма салу, тесікті бұрғылау, зенкерлеу және ұңғылауды жүргізуге болады.

Арнайыландырылған станоктар тари ауқымды операциялар орындауға арналған. Мысалы, шлицті фрезерлеу (шлицфрезерлеу станоктары), буаттарды фрезерлеу (буатты фрезерлеу станоктары).

Арнайы станоктарда бір типті өлшемді бөлшектер өңделеді. Бұл станоктарға тісті рейкаларды кесуге арналған станоктар және т.б. жатады.

өздерінің жабдықтары бойынша металлкескіш станоктары автоматты және жартылай автоматты болып бөлінеді.

Автоматты станок (автомат) деп – жүктеп өңделген бөлшекті қайта беруді қоса, өңдеудің технологиялық циклін орындауға қажетті бүкіл негізгі ижәне қосалқы қозғалыстары автоматтандырылған станокты айтамыз. Автоматты қамсыздандыру периодты түрде наладкаға, материалдың станокқа берілуіне және өңделетін бөлшектердің бақылауынаәкеліп соғады.

Жартылай автоматты (жартылай автомат) станок деп – қозғалыстарының бір бөлігі автоматтандырылмаған автоматты станокты айтамыз. Көп жағдайларда бұл қозғалыстар дайындаманы жүктеу мен өңделген бөлшекті шешуге қатысты.

ЧПУ бар металлкескіш станоктары деп – бөлшекті өңдеуге керекті барлық анықтамалар (өңдеудің бірізділігі, жұмыс органының орын ауыстыру ауқымы, өңдеу режимі және т.с.с.) енгізілген басқару программасындағы есептеуіш құрылғысымен басқарылатын станокты айтамыз. Белгіленген басқару программасына сәйкес станок бөлшекті өңдеудің берілген технологиялық процессін орындауға арналған жұмыс органының барлық жұмыс және қосымша қозғалыстарын іске асырады.

өндірістік робот (программалық басқарылуы бар автоматты манипулятор) бірнеше қозғалыс деңгейі бар манипулятор түріндегі орындаушы құрылғыдан және өндірістік процессте қозғалыс және басқару функцияларын орындайтын программалық басқарудың қайта программаланатын құрылғысынан тұратын автоматты машина (стационарлы немесе қозғалмалы) болып табылады.

Икемді өндірістік жүйе (ИөЖ) – ЧПУ бар құрылғының, роботталған технологиялық комплекстердің, икемді өндірістік модельдердің, технологиялық жабдықтардың бөлек бірлігінің және орнатылған шек сипаттамасындағы еркін номенклатуралы бұйым өндірісінде (өндірістің сериялығына және басқа факторларға байланысты) автоматты қайта наладкалау қасиетіне ие («адамсыз технологияны» жүзеге асыру мүмкіндігі) белгіленген уақыт аралығында автоматты режимде функциялануының қамсыздандыру жүйесінің (бірдей мөлшердегі) қосындысы.

Икемді өндірістік модуль басқару программасының автоматты құрылғысымен және автономды функциялаушы, көпретті циклды жүзеге асырушы және жоғары деңгейдегі жүйеге енгізу мүмкіндігіне ие технологиялық процессті автоматтандыру құралдарымен жабдықталған технологиялық жабдықтың бірлігінен тұратын икемді өндірістік жүйе болып табылады.

Роботталған технологиялық комплекс – технологиялық жабдық бірлігінің, өндірістік роботының және автономды функциялаушы және көпретті циклды жүзеге асырушы жабдықтау құралдарының қосындысы. Көрсетілген техникалық құралдар базасында икемді өндірістік жүйелер жүзеге асуы мүмкін.

Икемді өндірістік жүйелер ұйымдастырушылық сипаттамаларға сәйкес икемді автоматтандырылған бөлімшелер және икемді автоматтандырылған цехтар болып ажыратылады. Көбінесе назар технологиялық жабдықты қолдану бірізділігінің өзгеру мүмкіндігі қарастырылған технологиялық маршрутпен функциялаушы автоматтандырылған басқару жүйесімен қосылған бірнеше икемді өндірісітк модульден тұратын икемді өндірістік жүйе болып табылатын икемді автоматтандырылған бөлімшелерге бөлінеді.

«Адамсыз» (программаланатын) өндіріс – өндірістік процессте адамның қатысуынсыз және көбінесе өндірістік роботтар мен автоматты жабдықтардың болуымен сипатталатын өндірістің жаңа түрі болып табылады. Бұл өндірістің автоматизация коэффициенті Kа→1. Kа дегеніміз өндірістің автоматты жүйесімен өңделетін және алынатын ақпарат көлемінің технологиялық процессті іске асыруға керекті толық ақпарат көлеміне қатынасы. «Адамсыз» өндірісті ұзақ уақыт бойына, мысалы ауысымға, функциялау үшін, адаптацияланатын технологиялық және роботталған жүйелер керек, сонымен қатар диагностикалық операциялар және басқару жүйесі мен жабдықтың жұмыс істеуі жоғары сенімді болуы керек. Қазір квазибезлюдный атты өндірістің пайда болуы туралы ақпарат бар, ондағы жұмысшылар саны әдеттегі өндіріспен салыстырғанда 10-15 есеге азайған.


Тақырыбы 2: Металкескіш станоктар туралы жалпы мағлұмат және олардың кинематикасы.

Металкескіш станоктардың жіктелуі және кинематикалық негіздері.

Беттің түлері. Беттің түзілуінің геометриясы. Станокта бет түзілуінің негізгі қозғалысы. Әр түрлі жинақталған станоктардың көмегімен орындаушы қозғалыстардың таралуы. Металкескіш станоктардың функциялық сүлбесі және қозғалысының жіктелуі. Станоктарді күйге келтірудің кинематикалық негіздері және кинематикалық байланысы.

Кинематикалық тізбектің механизмдері және негізгі сипатты түзгілері. Станоктардың өлшемдік қатарлары және негізгі өлщемдері. Өңдеу әдісімен әмбебаптылығы бойынша өңдеу түрлері мен технологиялық белгіленуі бойынша жабдықтардың жіктелуі.
Кез келген бетті бір түзудің (түзуші) екіншіге (бағыттаушы) түскен қозғалыс ізі сияқты елестетуге болады. Бұл екі түзуді де өндіруші деп атайды, сонымен қатар түзуші бағыттаушы бола алады, және керісінше. Сонда, геометриялық көзқараспен қарағанда беттің пайда болу процесі бір өндіруші түзудің екіншіге қатысты қозғалуы болып табылады. өндіруші түзулер станокта материалды нүктелер арқылы түзіледі, және құрал мен дайындаманың белгіленген қозғалысы арқасында құралдың кескіш жиектерінің түзулері болып табылады. Ескеретін жайт, станоктағы барлық өндіруші түзулер беттің түзілуі кезінде үзіліссіз түзіледі. Екі өндіруші түзудің үзіліссіз түзілу процессі кезінде керекті бет кесу көмегі арқылы жасалады. Станоктағы өндіруші функция атқаруға арналған барлық дерлік қозғалыстар орындаушы болып табылады.

Орындаушы қозғалысының траекториясы қарапайым (түзу сызық немесе шеңбер) және күрделі. Осыған сәйкес орындаушы қозғалыстарды қарапайым және күрделі деп бөледі.

Күрделі қозғалыс траекториясын өзара байланысқан қарапайым қозғалыстардың сәйкестенуі арқылы алады.

Нәтижесінде күрделі орындаушы қозғалыстар алынатын қозғалыстар элементар деп аталады.

Қарапайым орындаушы қозғалысты элементар қозғалыстан қалай ажыратуға болады?

Орындаушы қозғалыстың жылдамдығы өзгергенде оның траекториясы сақталады; элементар қозғалыс жылдамдығы өзгергенде орындаушы қозғалыстың траекториясы өзгеріске ұшырайды. Элементар қозғалыс екі қасиетке ие: элементар қозғалыс параметрлері әрдайым орындаушы қозғалыстың траекториясын анықтайтын тәуелділікпен байланысты. Элементар қозғалыстар әрқашан бірдей уақытта басталып және әрқашан ұзақтылығы бойынша бірдей.

Барлық орындаушы қозғалыстарды екі элементар топқа бөлуге болады:

Дайындама мен құралдың орын ауыстыруына қатысты анықтайтын қозғалыстар.

Мұнда:

  1. - Ф. – пішін түзуші қозғалыстар; қозғалыстың технологиялық тағайындалуы Фv, Фs. Фv- кесудің пішін түзуші қозғалыстары, Фs- берілістің пішін түзуші қозғалыстары.

Фv –үлкен жылдамдықты және жоғары қуаттылықтағы қозғалыс (кесу қозғалысы).

Фs – аз жалдамдықтағы және төмен қуаттылықтағы қозғалыс (беріліс қозғалысы).

Пішін түзуші қозғалыстар бірнеше болса, онда олардың біреуі Фv, ал қалғаны Фs.

2. - Д- бөлу қозғалысы.

3. - У – орнату қозғалысы.

4. -Вр – кесуші қозғалысы.

5. –Всп – қосалқы қозғалысы.

Егер орнату қозғалысы кезінде кесу болса, онда қозғалыс кесу қозғалысы болады.

Әрбір орындаушы қозғалыс станокта кинематикалық топ арқылы жүзеге асады, ол қозғалысы көзінің, орындаушы органының (органдарының), кинематикалық байланыстардың және қозғалыстың қажетті параметрлерін қамтамасыз ететін жөндеу органдарының қосындысы. Кинематикалық топтың аталуы одан туындайтын орындаушы қозғалыс атауына сәйкес. Мысалы, пішін түзуші қозғалысты тудыратын топты пішін түзуші топ деп атайды және т.с.с. Кинематикалық топ құрылымы әр түрлі болуы мүмкін және ол туындайтын қозғалыс сипаттамасына, орындаушы орган санына, қозғалыс параметрлерін реттеу керектігіне тәуелді.

Орындаушы органдар дегеніміз орнындаушы қозғалыс траекториясының пайда болуына қатысатын кинематикалық топтың қозғалмалы аяғындағы буындар. Пішін түзу процесінде орындаушы органдар кескіш құралдың немесе дайындаманың абсолютті немесе қатысты қозғалысын орындаса, онда олар жұмысшы болады. Мысалы, станоктың жұмысшы органдары үстел, шпиндель, суппорт, тиек және т.с.с. буындары болып табылады.

Станоктың кинематикалық құрылымы кинематикалық топтардың қосындысы болып табылады. Топтар өзара әр түрлі әдістермен байланысуы мүмкін; олардың байланысуы көптеген факторларға тәуелді. Көбінесе кинематикалық топтардың байланысуына олардың орындаушы органдары мен қозғалыс көздерінің жалпылығы, сонымен қатар топтар туындататын қозғалыс уақыттарының координациясы үлкен рөл атқарады.

Екі кинематикалық топтрадың барлық қосылыстары арнайы қосымша құрылғылармен, яғни, суммалаушы механизмі, реверстер, муфталар және т.б. іске асады.

Кез келген станоктың кинематикалық құрылымының басты және анықтаушы бөлігі оның пішін түзуші топтар сипаттамасын және жалпы санын, сонымен қатар олардың кинематикалық қосылысын құрайтын пішін түзуші бөлігі болып табылады. Осы қасиеттеріне байланысты металл кескіш станоктардың барлық көптүрлі кинематикалық құрылымын үш классқа бөлуге болады.


Тақырыбы 3: Айналған денені өңдейтін станоктар. Токарлы станоктар. Токарлы станоктардың технологиялық әдістері. Станоктардың құрылымдық кинематикалық сүлбелері. Кинематикалық байланысы және мүмкіндіктері және беттерді түзу олардың таралуы. Токарлы станоктардың негізгі және қосымша қозғалыстары. Жалпылай арналған токарлы станоктардың негізгі тораптары және жинақталуы. Токарлы станоктардың құрылымының ерекшеліктері. Токарлы – бұранда кескіш станоктардың кинематикалық теңдестігінің теңдеуі. Станокта бұранда кесуді күйге келтіру. Токарлы – револьверлі станоктар. Токарлы – револьверлі станокта беттерді түзу әдісі.
Станоктардың жұмыс қозғалысы, негізгі тораптары және тағайындалуы.

Токарлық, токарлық – винткесу және токарлық – алдыңғы (лобовое) станоктар ЭНИМС (модель индексіндегі екінші сан) классификациясы бойынша станоктың бірінші тобының алтыншы типіне жатқызылады. Мысалы, 1А616, 1К62, 1М63, 1А680, 16К20, 1Н692 және басқа станоктар. Әдетте токарлық станоктар токарлық-винкесу станоктарынан кескішпен оймаларды кесуге арналған винт жүрісінің жоқтығымен ажыратылады.

Токарлық-винткесу станогы кез келген машина жасау конструктивті материалынан жасалған дайындаманың әр түрлі сыртқы және ішкі беттерін өңдеуге мүмкіндік береді.

Тағайындалуы, классификациясы және қолдану аймағы. Токарлық топтардың басқа станоктарына ұқсас, револьверлік (немесе, толықтай, токарлық-револьверлік) станоктар өңделетін дайындамаға берілетін кесудің айналмалы қозғалысына және кескіш құралына берілетін ілгерлемелі немесе айналмалы қозғалысына ие.

Револьверлі станоктарды сериялы өндіріс шарттарында құймадан, штамптаудан және ковкадан немесе қимасы домалақ, алтыбұрышты немесе квадратты даналық дайындамалардан фланец, барабан, шкивтар, қақпақтар, поршеньдер және т.б. сияқты бөлшектерді өңдеу үшін қолданады.

Револьверлі станоктар бірінші (токарлық) топтың станоктың үшінші типіне жатқызылады, ол модельдің индексінде көрінеді: 1П371, 1365, 1Н318, 1А340, 1Н325 және т.б. Ақырғы 2 сан өңделетін домалақ прутоктың ең үлкен диаметрін білдіруі мүмкін. Мысалы, келтірілген модельдарда 18, 25, 40 және 65 мм.
Тағайындалуы, классификациясы және қолдану аймағы. Бұл станоктарда кескіштің айналмалы қозғалысы дайындамаға беріледі, ал кескіш радиус немесе түзілген цилиндр немесе конус бойынша беріліс алады.

Каруселді станоктар токарлық топтың бесінші типі болып келеді (1Д502, 1Б502, 1508, 1512 және т.б. моделдер), ал алдыңғы – алтыншы типті (1Н692 және т.б. модельдер). Каруселды станоктардың өлшемдері тік өске қатысты айналатын үстелдің (планшайба) диаметрімен сипатталады, ал алдыңғы станоктар – дайындаманың үлкен диаметрімен.

Каруселды станоктар бірстойкалы және екістойкалы болып ажыратылады. Каруселды станоктар сыртқы қасиетінің сипатына байланысты дайындамамен үстелдің (планшайба, карусель) тік өсіне қатысты айналатын болып келеді.

Алдыңғы станоктарды жоғары емес дәлдікті салмағы бойынша үлкен емес дайындамаларды өңдеу үшін бірлік және ұсақ сериялы өндірісте қолданады.


Тақырыбы 4: Дайындамаларға арналған жабдық. Пруток және тілік материалдарды кесуге арналған жабдық.



Тақырыбы 5: Бұрғылайтын топтағы станоктар.

Бұрғылайтын біліктердегі беттерді түзу әдістері. Станоктардың құрылымдық – кинематикалық сүлбелері. Бұрғылайтын станоктардың негізгі және қосымша жүрістері. Бұрандаойғыштарды, ұңғыларды бекітуге арналған айлабұйымдар. Көпайналдырықты бұрғылайтын бастиектер. Жалпылай қолданылатын бұрғылайтын станоктардың кинематикалық сүлбесі. СББ бұрғылайтын станоктардың құрылымының ерекшелігі. Координата бойынша ойықты тесу. Автоматтандырылған түрде кескіш құралдарды ауыстыру құрылғысы


Тақырыбы 6: Призматикалық бөлшектерді өлшейтін станоктар.

Станоктың негізгі топтары, компоновкасы, беттердің пішінін түзілеу әдістері. Станоктардың классификациясы және кинематикалық схемалар.



Тақырыбы 7: Фрезерлеу станоктар. Фрезеолеу станоктарда бет түзетін әдістері. Станоктардың құрылымды – кинематикалық сүлбесі. Фрезерлейтін станоктардың түрлері, сәйкес орналастыру және негізгі түзілуші. Жалпы қолданылатын консольды – жонатын кинематикалық сүлбесі. СББ жонатын станоктардың кинематикасы және құрылымының ерекшелігі.

Жалпы қолданылатын жонатын білдіктерде қолданылатын айлабұйымдар. Станоктардың айналдырығына жонғышты бекіту тәсілдері. Бөлгіш бастиектің көмегімен жонғылау білдегінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту.


Тақырыбы 8: Сүргілйтін тартажонатын станоктар.

Көлденең сүргілейтін, бойлай- сүргілейтін және қашайтын станоктар, оларды сәйкес орналастыру және технологиялық мүмкіншіліктері.Сүргілейтін білдіктерде беттүзу әдістері. Станоктардың құрылымды кинематикалық сүлбесі. Станоктардың негізгі түзілімі және механизмдердің жұмыс істеу принципі.


Тақырыбы 9: Қажақпен өңдейтін станоктар.

Қажақты құралдармен өңдеудің ерекшелігі. Ажарлайтын станоктардың жіктелуі.

Дөңгелек ажарлайтын станоктар. Сыртпішін түзетін жүріс және станоктардың кинематикалық сүлбелері. Негізгі және қосымша жүріс. Сәйкес орналастыру және білдік түзілімі құрылымының ерекшелігі. Дөңгелек ажарлайтын білдіктің өңдеу дәлдігін жоғарылататын құрылғы. Ішкі бетті ажарлайтын станоктардың түзілімдерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ішкі бетті ажарлайтын станоктарда қолданылатын айлабұйымдар.

Жазық ажарлаушы сатаноктар, тік бұрышты өңдеу және дөңгелек үстелді жазық ажарлаушы станоктардың негізгі түзімдері мен олардың құрылымдық ерекшеліктері. Негізгі және қосымша жүрістер. Жазық ажарлаушы станоктарда өңдеу дәлдігін жоғарлататын құрылғылар. Жазық ажарлаушы станоктардың қолданлатын айлабұйымдар. Жазық ажарлаушы станоктардың кинематикасы.

Орталықсыз ажарлайтын станоктар. Сыртпішін түзу және күштік сүлбе. Орталықсыз ажарлау станоктарын сәйкес орналастыру және негізгі түзілімдердің құрылымдық ерекшеліктері.Жазық ажарлаушы станоктардағы негізгі және қосымша қозғалыстар.Станоктардың кинематикасы.


Тақырыбы 10: Тіс өңдейтін станоктар.

Осы топтардағы білдектерді талдау әдісі. Сыртқы пішін құру, бөлу және іркесу қозғалыстарын көмекші қозғалыстарды және басқару қозғалыстарын қамтамасыз ететін кинематикалық топ туралы түсінік. Кинематикалық топтарды біріктіру тәсілі. Қосынды механизмдер мен қозғалмайтын керіқимылды механизмдер. Станоктардың кинематикалық тізбектерін күйге келтіру әдістері. Тіс жоіғылайтын станоктар. Құрылымдық сүлбесі мен сыртқы пішін түзетін тәсілдері. Тіс жоңғылайтын станоктардың кинематикасы мен негізгі түзілімдері. Тісті доңғалақты өңдегенде кинематикалық тізбектерін күйге келтіру. Тіс қашайтын станоктар. Осы білдектің сыртқы пішін түзуі және құрылымды кинематикалық сүлбесі. Тіс қашайтын білдектің негізгі түзілімдері. Тіс қашайтын станоктардың кинематикалық сүлбесі, оны талдау,өңдеудегі станоктардың тізбегін күйге келтіру. Конусты түзу және дөңгелек тістерді өңдеуге арналған станоктар. Станокта сырт пішін түзу және құрылымды – кинематикалық сүлбесі. Конусты жалпақ дөңгелекті құрылым жасау. Конусты дөңгелекті өңдегенде станоктардың кинематикалық сүлбесі оларды талдау және күйге келтіру. Конусты дөңгелекті өңдеуде жіберілген станоктардағы білдектегі қателік. Пайда болған кинематикалық қателік, тізбектің соңғы буынын күйге келтіргенде жіберілген кемшіліктердің есебі, кинематикалық қателіктерге жол бермейтін құрылғы . Тіс ажарлайтын станоктар. Станоктардың сыртпішін түзетін жүрісі және құрылымды кинематикалық сүлбелері. Станоктардың сыртпішін түзетін тізбектерін күйге келтіру ерекшеліктері мен кинематикасы. Шүйделі станоктар. Станоктардың сыртпішін түзетін жүрісі мен кинематикалық сүлбелері. Шүйделі станоктардың негізгі түзілімдері. Станоктардың кинематикалық сүлбесі, оларды талдау және негізгі күйге келтіру тізбектері.


Тақырыбы 11: Көпоперациялы станоктар. Жоңғыш, жошылай – бұрғылайтын, жонатын топтағы станоктар базасындағы негізгі түзілімдердің орындалуы. Негізгі және қосымша жүріс. Кескіш құралды ауыстыратын құрылғы, олардың білдектерде орналасуы. Кескіш құралдардың магазиннен білдек айналдырығына берілу мен кері қайтуы және бекіту тәсілдері. Дайындаманы механикалық және автоматтандырылған түрде жүктейтін құрылғы. Әр түрлі станоктардың кинематикалық сүлбесі.


Тақырыбы 12: Санды бағдарламалы металкесетін станоктар. СББ жонатын, бұрғылайтын, жоңғылайтын станоктар және олардың құрылымының ерекшеліктері. Станоктардың жіктелуі мен белгіленуі. Бағдарлама құру және дайындау тәртібі.


Тақырыбы 13: Агрегатталған станоктар.

Агрегаттық станоктардың белгіленуі мен жұмыс істеу принциптері. Агрегаттау принципінің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Агрегаттық білдектерде орындалатын іс-амалдар. Агрегаттық станоктардың негізгі түзілім құрылымының ерекшеліктері мен сәйкес орналастырылуы СББ агрегатты станоктарында қолданылуының негізгі бағыты.


Тақырыбы 14: Автоматтандырылған линиялар.

Белгіленуі. Жабдықтарлік типтерін транспорттың орналасуына, байланыс түріне қарай жіктеледі. Автоматтандырылған тізбектер жабдығы: Құрылымдылық ерекшеліктері бұл транспорт механизмдерінің байланысынын қатан, иілгіш және аралас болып келуі. Тлеу құрылғысы механизмдердің бағдарының өзгеруі, жинақтау құрылғылары және оның құрылым ерекшеліктері. Агрегатты және арнайы станоктарында автоматтандырылған тізбектердің орналасу тәртібі.


Тақырыбы 15: СББ станоктар базасындағы автоматтандырылған бөлімдер мен өндірістер. СББ станоктар базасындағы икемді автоматтандырылған өндірістер мен желілер туралы түсінік. Дөңгелек, модульді принципті,көпкатпарлы желілі технологиялық бөлім бойынша жіктелу. ИАӨ және біріккен автоматтандырылған бөлімдер, білдек модулі туралы түсінік. Механикалық өңдеуде құрылымдық ұяшық үш модульден тұрады. Жоңғыш станоктардағы роботталған секциялардың мысалы үштік роботқа, сонымен қатар құрылымдық бөлімдерге біріктірілген роботталынған сексилар кіреді. Мұнда АСВ типті бөлімдер қолдану тиімді икемді өндірістік жүйе (ИОЖ). ИОЖ –нің жіктелуі.Деталь мен дайындаманың тасымалдық- жинақ жүйесі, құралдардың автоматтандырылған жинақ жүйесі, өлшеп бақылайтын құрылғылар. Икемді өндірістік жүйе (ИОЖ): еркін операциялық тәртібі және құрылымы.



5. ӘДЕБИЕТТЕР
1 Негізгі әдебиеттер

1.1 Металлорежущие станки./Ред Колева Н.С. – М., 1980

1.2. Кочергин А.И. Конструктирование и расчет металлорежущих станков и станочных комплексов. Курсовое проектирование : Учеб.пос. для вузов – Мн: Высш.шк., 1991. – 381с

1.3 Кучер И.М. Металлорежущие станки. Основы конструктирования и расчета. – Л., 1972
2. Қосымша әдебиеттер:

2.1. Металлорежущие станки: Учебник для машиностроительных втузов/Под ред. В.Э.Пуша. – М.: Машиностроение, 1985. – 256с., ил.

2.2. Черпаков Б.И. Металлорежущие станки: Учебник для начального проф. Образования/ Б.И. Черпаков, Г.А. Альперович. – М.: Издательский центр <<Академия>>, 2003. – 368с., ил.

2.3. Д.Н.Решетов, Детали и механизмы металлорежущих станков. Т.2. М., «Машиностроение», 1972, стр.520.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет