Зертханалық сабақтар: Қылмыстық идентификация



Дата09.06.2016
өлшемі39.38 Kb.
#124009
Зертханалық сабақтар:

Қылмыстық идентификация № 1- зертханалық жұмыс.

Қылмыстық фото,видео түсірілім № 2- зертханалық жұмыс.

Іздердің трасологиялық зерттелуі № 3- зертханалық жұмыс.

Қарудың зерттелуі мен қылмыстық баллистикасы № 4- зертханалық жұмыс.

Құжаттардың қылмыстық зерттелуі № 5- зертханалық жұмыс.

Адамның сыртқы келбетінің қылмыстық зерттелуі (габитоскопия)

№ 6- зертханалық жұмыс.



Қылмыстық тіркеу № 7- зертханалық жұмыс.

Оқиға орнын тінту тактикасы № 8- зертханалық жұмыс.

Тінтудің тактикасы № 9- зертханалық жұмыс.

Тергеудің тактикасы мен бетпе-бет кездесу № 10- зертханалық жұмыс.

Тергеулік тәжірибе мен жауапты орнында тексеру тактикасы

№ 11- зертханалық жұмыс.



Өлімді тергеу № 12- зертханалық жұмыс.

Зорлауды тергеу № 13- зертханалық жұмыс.

Ұрлық пен тонаушылықты тергеу № 14- зертханалық жұмыс.

Салықтық қылмысты тергеу № 15- зертханалық жұмыс.

Компьютерлік ақпараттың таралу саласындағы қылмыстық тергеулер

№ 16- зертханалық жұмыс.



Зертханалық сабақтың мақсаты:

Мамандықтың оқу жоспарына және жұмыс оқу жоспары сәйкес өткізілген зертханалық жұмыстар өзінің құрамында зертханалық практикумды құрайды.

Зертханалық практикумның мақсаты - осы пәннің теориялық жағынан эксперименттеп ашу. Студенттерге оқытылған заңдарды және олардың түрлерін терең түсінуін қамтамасыздандыру, мамандардың оқыған объектілердің және зертханалық құралдардың, эксперименттелген басқа да құралдардың практикалық дағдыларын қолдануын жинақтау.

Зертханалық сабақтың жалпы теориалық ережесі:


  • теория мен практиканың байланысын жүзеге асыруға әсер ету;

  • студенттерді экспериметті ғылымның даму жолдарымен таныстыру;

  • студенттерді түтікшілердің құрылымы мен принциптерімен таныстыру.

  • кеден ісінде қолданылатын басқа да кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен құрастыру;

  • студенттермен ғылыми-зерттеулік жұмыстардың дағдыларын иемденуін қамтамасыз ету.

  • өзінділігін дамыту, білімді игерту.

  • студенттердің шығармашылық қызметін белсендендіруге әсер ету.

  • Кіріспе сабақта (бірінші) сабақта оқу зертханасында міндетті түрде ҚТ мен ЕҚ ережелерінің инстукциясы өткізіледі, өткізілгені туралы ҚТ мен ЕҚ журналдарында жазылады.

Зертханалық сабақты техникалық жабдықтау;

Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері

Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.

Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.

Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.



Іздердің суреті

а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.

Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.

Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді.

Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.

ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.

Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.

Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.

Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;

б) бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.

Алдымен мұндай іздерді, олардың орнын анықтау үшін тораптық фотосурет ережелері бойынша түсіреді. Іздердің өзін масштабты түсіру әдісімен түсіреді және максималды масштабта түсіруге тырысады.

Іздің формасына және із қалдырған құралдың ерекшеліктері мен нысандары туралы болжауға мүмкіндік беретін, оның ерекше белгілеріне аса көңіл бөлінеді. Бұл белгілерді анық түсіру үшін аралас жарық түсіру тәсілін, яғни тура және жанынан түсірген жарық қолданылады.

Боялған бет-бедер іздерді түсірген кезде жарық фильтрі қолданылады.

Мәйітті фотоға түсіру

Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.



Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану және фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу

Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.

Бейнетаспаға жазу-киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады.

Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады. Ол динамикадағы, оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және құрастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді.

Тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері және жағдайдағы мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.

Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып (атағын, қызметін, фамилиясын атайды) өтеді, содан кейін бейнежазуды пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің жүруін түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әрекетіне қатысушыларды жеке атап өтеді (ірі жобамен түсіріледі), түсірілген күнді, мерзімді, орынды және түсіруші тұлғаны атайды.

Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті өте көп:

а) өрт, көліктік апаттар болған жайында оқиға туралы барынша ақпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;

ә) бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;

б) тергеуші тәжірибе-сапалы әрекеттер мен олардың салдарын бекіткенде;

в) сұрақ-жауап алу, аудармашылардың қатысуымен жүргізілетін беттестіруде.

Фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу

Фото-кино-бейнетехника, дыбысжазу аппаратураларының кең таралуына байланысты оларды пайдалану нәтижелері (аппаратураның өзі де) қылмысты тергеу барысында жиі заттай дәлелдеме ретінде қарастырылады.

Фотосуреттер, бейнеленталар және бейнепленкалар: әр түрлі объектілердің материалдық бекітілген бейнелері болып табылады. Сезіктілерден алынған тергеу кезінде жасалған бұл құжаттар қылмыс оқиғасына байланысты немесе тергеу процесіне қатысты (тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелерін жазу) мәліметтерді қамтиды. Аталған құжаттарды көп жағдайда оқиғаға қатысушыларды анықтау үшін оның сипаты мен даму сатыларын (қоғамдық тәртіпсіздік, өрт кезінде құжаттық немесе жедел түсіру) анықтау үшін зерттейді. Кейде құжат, кино-пленка, бейнепленка мазмұнының өзгеріске түскенін, мәселен, фотосуретті қайта түсіріп монтаждағанын анықтау қажеттілігі туындайды.

Фотомонтаж белгілеріне бейненің жеке бөліктерінің-бас дене, киім шеттерінің аса боялуы жатады.

Жалған бейнепленкалар мен киноленталарды жасау кезінде олардың бөліктерін қиып алып тастайды немесе қосымша желімдейді. Мұндай әрекеттердің белгілері бейнелердің, жапсырылған орындардың кенет өзгеруінен көрінеді. Жасалған қылмыстың мән-жайын анықтауға фонограмма қамтитын ақпараттың маңызы зор. Фонограммалар қылмыс жасау құралы (мәселен, қорқыту және шошыту үшін, қорқытып алу мақсатында пайдаланылған), оларды жалған жасау кезіндегі қылмыстық қолсұғушылық заттары және тергеу әрекетінің барысын немесе қылмысты ашу процесінде жүзеге асырылатын жедел-іздестіру шараларын бекіту нәтижелері болуы мүмкін.

Аталған жағдайларда зерттеу объектілері ретінде магнитті ленталар, сымдар, дискілер және басқа ақпарат тасушылар болады. Олар іздердің екі тобын, механикалық және электроакустикалық әсер ету іздерін қамтиды. Механикалық іздер лента-созу тетігі мен дыбысжазу құралынан пайда болады. Ол іздер лентаның дыбыс жазылатын жағында шағын және ірі жолдар түрінде қалады. Оларды сәйкестендіру мақсатында пайдалануға болады.

Лентаның магниттік қабаты мен жазатын басының өзара әрекеттестігі нәтижесінде электроакустикалық іздер пайда болады. Олар ғана емес, сонымен бірге магнитофонның да белгілерін: дыбыс жолдары саны мен олардың көлемін, лентаның жылжу жылдамдығын, лентасозу тетігінің шуын, жазуды қосумен, тоқтауын, т.б. сипаттайды. Аталған объектілер мен іздер тобын зерттеу арқылы магниттік лентаны монтаждау белгілерін, яғни жазудың сүйемелдеуге сәйкессіздігін, электрлік соғу сипатының әр түрлілігін, магниттік лента бөлшектері сапасының әр түрлілігін, желімдеген жерлерінің болуын және т.б. анықтауға болады.

Фото-кино-бейнеқұжаттарды криминалистік зерттеу барысында түсіретін және зертханалық аппаратура, позитивтер бойынша негативтер, фотосуреттерде бейнеленген заттар, құрылыстар, жергілікті учаскелер, сәулесезгіш материалдар мен химиялық реактивтер, бейне және аудиожазба, құралдары, фонограммада жазылған адам дауыстары және басқа объектілер сәйкестендірілуі мүмкін.

Ішкі істер органдарында қылмысты тергеу және ашу міндеттерін орындау үшін құрамына бір қатар құжаттар енетін белгілі объектілердің криминалистік есебі ұйымдастырылған. Құжаттарды криминалистік есепке алудың негізгі міндеті жалған құжаттарды табу және оларды пайдаланушы тұлғалардың қылмыстық әрекетін тоқтатудан, кейбір жалған құжаттарды жасаумен айналасушы тұлғаларды анықтаудан және қылмысты тергеумен байланысты басқа да міндеттерді орындаудан тұрады.

Зертханалық сабақтың өткізілу әдісі мен тәртібі:


  • бастапқы кезең - оқытушы студенттің зертханалық жұмысты орындауға дайындығын тексеріп, сабаққа жіберуі. Теориялық дайындығының деңгейі, жұмыстың маңыздылығын тексеру, жазбаша материалдарының барлығын тексеру;

  • студенттермен экспериментальды жинақ пен тәжірибені өткізу;

  • студенттермен есептерді жинақтап, эксперименттерді жасау;

  • оқытушыға жұмыс туралы есепті тапсыру. Кейбір жағдайларда студенттер осы сабақта есепті тапсыра алмайды, өйткені эксперименттеу жақсылап жинақтауды талап етеді. Сондықтан есеп беру келесі сабақта не белгіленген уақытта өткізіледі.

  • Зертханалық жұмыстардың нәтижесі бойынша бірінші және екінші рейтингті жасау.

Зертханалық жұмыс бойынша студенттің есебі жазбаша түрде кесте, мөлшерлеу, құрастырылған график не диаграмма, хема және басқа да графикалық бейнелерден тұрады. Есеп тиянақты жасалуы қажет. Түзетулер, жазуды сызу, басқа да қтелер болмауы қажет.

Оқытушыға тапсыру жұмыс туралы жазбаша есептен және оны ауызша қорғаудан, яғни оқытушының есепті тексергенде студенттің білімін тексеру үшін қойған сұрағына жауап беру.

Зертханалық жұмысты тапсырғанда жұмысты орындау барысындағы теориялық сұрақтар бойынша білімін тексеру, жұмысқа арналған әдістемелік нұсқауларда бар бақылау сұрақтары.

Лабораториялық жұмыс егер студент экспериметті дұрыс жүргізіп, қанағаттанарлық тәжірибе алса, оқыған нәрселерінің мәнін түсініп білсе, жұмыстың орындалу тәртібі ұстап, есепті дұрыс, тиянақты жасаса, оқытушының барлық сұрақтарына жауап берсе тапсырылды деп есептеледі.



Зертханалық жұмысқа дайындалуға арналған тапсырмалар

Тақырып 1 Қылмыстық идентификация

1-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Қылмыстық идентификацияның деңгейімен, сатысымен, кезеңдерімен танысудың әдісін атаңыз?

  2. Қылмыстық идентификациясының сатыларын, деңгейін, кезеңін анықтаңыз?

3 Іздестірмелі идентификациялық істе іздестірмелі объекті анықтаңыз?

Тақырып 2 Қылмыстық фото,видео түсірілім

2-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Фотоаппаратты қолданудың ережесін айтыңыз?

  2. Бөлмеде, далада фотосуретке түсіруді көрсетіңіз?

  3. Әртүрлі жағдайлардың фотосуреті.

  4. Мәйіттің фотосуреті.

  5. Масштабтық, үлкен масштабтық, танытқыш фотосуреттер.

6. Видеокамераны тану, видеофильмдердің көрсетілімін көрсетіңіз?

Тақырып 3 Іздердің трасологиялық зерттелуі

3-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Қол іздерін зерттеу, алу, тіркеу, табыңыз?

  2. Химиялық әдістерді қолдана отырып қол іздерін алу.

  3. Аяқ іздерін алу, тіркеу, зерттеу

4. Бақылау сұрақтарына жауап.

5. Бұзу қаруларынның іздері зерттеу.

6 Көліктің іздерін алу, тіркеу, зерттеу

Тақырып 4 Қарудың зерттелуі мен қылмыстық баллистикасы

4-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:


  1. . Кафедрада бар қарудың үлгілерімен танысу, оларға тергеу өткізу.

  2. . Атылған оқтар мен гильзаларды қарау және суреттеу.

  3. . Атылған оқ пен гильза бойынша қарумен идентификациялық тәжірибе жүргізу.

  4. Атылған оқ, гильза, пыжкалары бойынша қарудың тобын анықтау.

5 )ылмысқа қару ретінде пайдйланылатын заттарды көріп, танысу.

Тақырып5 Құжаттардың қылмыстық зерттелуі

5-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Жазу және оның идентификациялық белгілері жайлы білімді бекіту.

  2. Жазулардың салыстырмалы зерттелуі.

  3. Жазудың зерттелуін тағайындау, өткізу оны бағалау.

Жазудың қасиеті және оның идентификациялық белгілері.

4 Құжаттардың тергеулік тінтілуі.

5 Құжаттардың тінтілуі мен зерттелуі.

6 Өзгертілген тексті бар құжаттарды тінту және зерттеу; ластанған текст, нашар көрінетін текст.



Тақырып 6 Адамның сыртқы келбетінің қылмыстық зерттелуі (габитоскопия)

6-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап.

  2. Фотосуреттен ,тірідей сөздік портрет жасау

3 Фотосурет арқылы адамның сыртқы келбетін суреттеу.

Тақырып 7 Қылмыстық тіркеу

7-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Тіркелетін құжаттарды толтыру және оқу.

  2. Дактилоскопиялық техниканы меңгеру.

  3. Негізгі, қосымша, дактилоскопиялық формаларды толтыру үшін папилярлық өрнектің түрлерін меңгеру.



Тақырып 8 Оқиға орнын тінту тактикасы

8-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  2. Оқиға орнының масштабтық жоспарын жасау.

  3. Оқиға орнына ұқсас жерді тінту(өзіне өзі қол жұмсау).

  4. Оқиға орнын тінту, протокол жасау.


Тақырып 9 Тінтудің тактикасы

9-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап.

  2. Тінту өткізуге қаулы құру және жобасын жасау.

  3. Оқулық тінтудің өткізілуі және оның нәтижесі.

Тақырып 10 Тергеудің тактикасы мен бетпе-бет кездесу

10-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап.

  2. Студенттердің қатысуымен оқулық тергеу жүргізу:

      1. Күдікті мен айыптыны тергеудің тактикасының әдісі.

4. өзіне-өзі жала жабудын алдын-алу тактикасы.

Тақырып 11 Тергеулік тәжірибе мен жауапты орнында тексеру тактикасы

11-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап.

  2. Тергеулік тәжірибе өткізудің жоспары.

  3. Жауапты орнында тексерудің жоспары.

Тақырып 12 Өлімді тергеу

12-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап.

  2. Өлімді тергеу кезіндегі типтік есепті шығарудың тактикасын талдау.

Тақырып 13 Зорлауды тергеу

13-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Қылмыстық іс ашу шешімі, бастапқы мәліметті саралау.

  2. Айыптыны табуға әртүрлі іздестіру шараларын ұйымдастыру.

3. Зорлауды тергеу кезіндегі типтік есептерді шешу әдісі.

Тақырып 14 Ұрлық пен тонаушылықты тергеу

14-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап.

  2. Тонаушылықпен жасалған ұрлықты тергеу кезінде типтік есептерді шығару әдісінің жіктелуі..

3 Алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарын құру.

Тақырып 15 Салықтық қылмысты тергеу.

15-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап және есептерді шешу..

  2. Болжамдарды ұсыну , тергеуді жоспарлау және бағалау.

Тақырып 16 Компьютерлік ақпараттың таралу саласындағы қылмыстық тергеулер.

16-Зертханалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Тергеудің бірінші сатысында пайда болатын типтік ессптерді шығару(ұсынылған жағдай бойынша).

2 . Қылмыс жасаудың ерекшелігі. Компьютерлік техниканы тінту мен тексеру.



Негізгі Әдебиет:


1.Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері Алматы: Жеті жарғы, 2004.

  1. Криминалистика под ред. Белкина Р.С. Академия МВД РФ, 1995.

  1. Криминалистика под ред. Смагоринского Б.П. Волгоград ВСШ МВД РФ, 1994.

  2. Криминалистика. Учебник для ВУЗов МВД СССР под ред. Р.С. Белкина.-М., Академия МВД СССР, 1978.

  3. Криминалистика под ред. Волынского А.Ф., Филиппова А.Г.-М., 1995.

  4. Криминалистика под ред. Герасимова И.Ф., Драпкина Л.Я.-М., Высшая школа, 1994.

  5. Криминалистика под ред. Н.П. Яблокова-М., БЕК, 1995.

Қосымша әдебиет:

  1. Дулов А.В. Судебная фотография. Минск, 1978.

  2. Кустанович С.Д. Судебная баллистика. М., 1956.

  3. Грановский Г.Л. Основы трасологии. М., 1974.

  4. Васильев А.Н. Следственная тактика. М., 1974.

  5. Белкин Р.С. Тактика следственных действий. М., 1997.

  6. Криминалистическая энциклопедия под ред. Р.С. Белкина. М., 1997.

  7. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3-х томах. М., 1997.

Яковлев Я.М. Расследование убийств. Душанбе, 1960.

Нормативтік


1. Конституция РК от 30 августа 1995 г. С изменениями и дополнениями, внесенными Законом РК от 7 октября 1998 года.-Алматы: Юрист, 1995.

2. Конституционный закон РК «О выборах в РК» от 28 сентября 1995 г. С изменениями и дополнениями от 6.11.1998 г, 6.05.1999 г.

3. Указ Президента РК, имеющий силу конституционного закона «О судах и статусе судей в РК» от 20 декабря 1995 г.

4. Закон РК «О местных представительных и исполнительных органах РК» от 23 января 2001 г.

5. Закон «О борьбе с коррупцией», от 2 июля 1998 г.

6. Закон РК «О нормативно-правовых актах» от 24 марта 1998г.

7. Закон РК «Об охране окружающей среды» от 15 июля 1997 г

8. Закон РК «О государственной службе» от 23 июля 1999 г.

9. Закон РК «О браке и семье» от 17 декабря 1998 г.

10. Закон РК «О труде в РК» от 10 декабря 1999 г.

11. Закон РК «О гражданстве РК» от 12 декабря 1991 г.

12. Закон РК «О свободе вероисповедания и религиозных объединениях» от 15 января 1992 г.

13.Закон РК « О противодействии экстремизму» от 18 февраля 2005г.

14.Закон РК« О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам противодействия экстремизму» от23февраля2005г.

15. Гражданский Кодекс РК, от 27 декабря 1994г. (общая часть), от 1 июля 1999г. Особенная часть.

16. Уголовный Кодекс РК от 16 июля 1997 г.



17. Уголовно-процессуальный кодекс РК, от 13 декабря 1997 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет