7.5 Металдың мәңгілігі
Металдың мәңгілігі оның қажуын, жылжып сырғымалығын, ұзақ беріктігін, тозуын, коррозиялануын анықтаумен және басқа да тәсілдер арқылы анықталады.
Металға түскен айнымалы кернеудің әсерінен жарықтың туындап, дамуына себепкер зақымдар жиынтығы қажу деп аталады, ал қажуға қарсылық көрсетер металдың қабілеті- төзімділік деп аталады. Төзімділік сипаттамасы қирау алдындағы үлгіге түсіретін циклдер саны арқылы қажудың мәңгілігін анықтайды.
Қажуға сынау металға циклді (айнымалы-қайталанатын) жүктемелердің әсерін анықтау арқылы жүргізіледі. Сынау нәтижесін төмендегі 36-суреттен көруге болады.
Қажып қирау үш кезеңнен тұрады: 1) қирау ошағы - қираудың басталған көзі; 2 ) жарықтың бірқалыпты дамуы; 3) жіңішкерген қиманың шапшаң қирау зонасы.
Қирау ошағы, әдетте, беткі қабатқа жақын орналасады.
а) б)
1- қирау ошағы 2 - бірқалыпты жарықтың даму зонасы 3 – қирауға ұшыраған зона; 4- қажу жолдары; 5 – жарықтың басталу кезеңі; 6- магистральді жарық.
36 – сурет. Қажу омырағы (а) және қажу жарығының даму сұлбасы (б).
Қажу сипаттамаларын жұмыр үлгіні айналдырып ию арқылы сынаумен анықтайды. Металдың бетіне түскен күш үстем болып келетіндіктен, онда микродеформация туындайды да, тойтарылған зонадағы беттің астында жарық пайда болады (36,б - сурет). Жарықтың дамуына жарамдысы (магистральды жарық) тік қырлы және ұзаққа созылып орналасуы керек. Жарық баяу дамиды. Жарықтың өсуі металдың қимасының жіңішкергеніне дейін жалғасады да, соңынан қирауға әкеліп соғады.
8. ТЕМІР ЖӘНЕ ТЕМІР НЕГІЗДІ ҚОРЫТПАЛАР
Темір негізді қорытпаларды пайдалану өндірісте кеңінен таралған. Олардың қатарына болат пен шойын жатады.Болат пен шойынның құрамына легірлеуші элементтер енгізіліп, олардың қасиеті талапқа сай қалыптастырылады. Темір мен көміртегі қорытпасының құрылысы мен фазалық өзгерістерін және темір мен легірлеуші элементтерден тұратын қорытпаның фазаларын қарастыралық.
Достарыңызбен бөлісу: |