Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу білу



бет1/8
Дата27.05.2024
өлшемі29.09 Kb.
#501931
  1   2   3   4   5   6   7   8
171190792846 3


10-сынып
1)Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу білу
1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)
2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)
Спорт –адамның досы
Спорт адам баласының дамуындағы ең маңызды бір бөлігі. Ол адам организмін жақсы дамуына және ұзақ жылдар бойы денсаулықты жақсы күйде ұстауға игі әсер етеді. Бірақ қазіргі кезде оның маңыздылығын көпшіліктен оның маңыздылығын ескермей келе жатыр.Өйткені қазіргі адамдардың одан да маңызды - жұмыс,интернет деген тірлігі бар. Олар өздерінің қазіргі дамыған технология жетістіктері арқылы орасан зор іс бітіріп жатқанына сенімді және ақыл-ой жұмысын спорттан артығырақ санайтыны ешкім жоққа шығара қоймас. Бірақ бұл екеуі тығыз байланысты екенін бәрі түсінсе де ол екеуін қатар алып жүруге көп ешкімнің құлқы жоқ. Қазіргі кезде жас адамдарда да,орта жастағылар арасында да физикалық белсенділік өте төмен, сол себепті артық салмақпен түрлі ауруға бейімділігі өте жоғары болып тұрғанын өздеріде біле бермейді.Егер адам физикалық түрде белсенді болса, жиі ауырмайды және ұзағырақ өмір сүреді сонымен бірге психикалық күйі де бірден жақсарады.Жаттығу жасамай ақ, күнделікті жаяу жүргеннің өзін ғана әдет еткен адамның қан қысымы жақсара түседі.Егер оған жүзумен велосипед тебуді қосса жүрек жұмысы түгелдей жақсарады.Ал мүлде уақыты жетпейтін адамдар- аптасына екі рет спортзалға барып немесе фитнеске қатысса соның өзі ақ,дене бітімін формада ұстауға көп әсерін тигізеді.
Құрметті халқым,біздің заманымызда нашар экологиялық тіршілік көздерімен қатар құрамы күмәнді және ГМО аралас тамақ ішіп жүрген замандастарым,егер- отбасыңыз емі табылмас неше алуан ауру түрлерімен және аллергия сияқты туа біте жабысатын емі жоқ ауруларға қарсы тұрып, иммунитетімді көтеріп,денсаулығымды күшейтем десеңіз. Алла берген жасымды аурусыз өткізіп,қартайғанша өз аяғыммен жүріп-тұрам десеңіз. Бірін емдесе, екінші ағзаңызды улайтын,қымбат әрі уақытша ғана әсер ететін түрлі дәрі-дәрмектен аулақ болып өмір сүрем десеңіз- спортпен айналысыңыз дер едім.
Спорт-адамның досы. Адам баласы үшін –спорттан артық демалыс та, шипа да, ем де жоқ! Олай болса,халық болып, спортқа ден қояйық! Спорт –өмірдің сәні де мәні де екенін естен шығармайық!Баршаңызды жаппай спортпен айналысуға шақырамын!

1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)


2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)



Мәтіннің негізгі ойы

Көтерілген мәселе

Көтерілген мәселеге баға беріңіз












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет