Сабақтың тақырыбы : «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы



Дата11.07.2016
өлшемі43.5 Kb.
#190273
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

19-сабақ Сыныбы -9 Пәні - Абайтану

Сабақтың тақырыбы: «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы ақын шығармаларының аталған қарасөзінің негізгі идеясын өз бетінше игертіп ұғындыру.

2. Топтық жұмыс жасау арқылы ақын қарасөзінің өзіндік құндылығын анықтай отырып, оқушылардың белсенділігін, сөздік қорын дамыту.

3. Оқушылардың жетістігін назарға ала отырып, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу, бір-бірімен сыйластықта жұмыс жасай білуге баулу.

Табыстылық критерийлері: ақын еңбегінің құндылығын түсінеді, шығармаларын қызыға оқуға қалыптасады.

Сабақтың әдісі: дарынды оқушылармен жұмыс, топтық жұмыс, постер қорғау, мәнерлеп оқу, «Болжау» стратегиясы, пікірталас, талдау, «6 неліктен?», кері байланыс

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Ресурстар: оқулық, стикерлер, «Абай» энциклопедиясы, үлестірме парақшалар, флипчарт

Сабақтың барысы:





Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, «Бес асыл іс», «Бес дұшпан», Абай нақылдары арқылы оқушыларды топқа бөлу. Болашақ мамандарды өз орындықтарына отырғызу.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, топқа бөлінеді.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

13 минут

  1. Абай жастарды оқу, ғылымға неге шақырады?

  2. Абай насихатының құндылығы неде?

  3. ХХІ ғасырда Абай қарасөздерінің маңыздылығы қандай?

Жоғары деңгейдегі ой айтады, өздерінше ізденіп, тың идеялармен бөліседі, өзінше дайындықпен келеді.

ІІІ

Қызғушылықты ояту

2 минут

Сабақтың критерийлерін жасау:

-Қарасөздің идеясын жете түсіну;

-Өзіндік пікір, идея айту;

-Бір-бірінің әрекетіне кері байланыс айта алу.




Критерий құруға ат салысады.





Жаңа сабақ

5 минут

Оқушыларға флипчарт ұсыну, оныншы қарасөзді 3 бөлікке бөліп, тарату, негізгі идеяны флипчартқа түсіру

Жаңа ақпаратты меңгереді, тың идеялар ұсынады, философиялық ой айтады, сөздік қоры молаяды.


ІҮ

Жаңа сабақты меңгерту

10 минут

Пікірталас

«Бес асыл» тобы «Біз кімбіз? Қалай тәрбиеленудеміз?»

«Бес дұшпан» тобы. Бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілікті ата-ана өз міндетіне алуы тиіс пе немесе баланың тәрбиесіз болып өсуі кімге байланысты?»

«Нақыл сөз» тобы. «Қоғамда болып жатқан келеңсіздіктер: қоғам, ата-ана, мектеп»
«Болжау» стратегиясы. «Боз орамал» бейнероликтен үзінді көрсетіледі. Ойды ары қарай жалғастыру.
Мамандарға сөз. Тақырып: «Бала тәрбиесіне сіздің көзқарасыңыз...»

Мұғалім, дәрігер, психолог, заңгер, ата-ана

Әр топта белсенділік көрсетіп, криативті ойлар айта алады.


Ү

Сабақты бекіту

5 минут

«Ескерткіш» орнату

Абайға арнап өлең, эссе, ойтолғау жазу


«6 НЕЛІКТЕН?» стратегиясы

  1. Абай неліктен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айтады?

  2. Неліктен біз Абай сөзіне құлақ түрмейміз, Абайды неліктен тыңдамаймыз?

  3. Неліктен кейбір балалар «Көзі бар соқыр, шоқымасты шоқыр» болып кеткен деп ойлайсыңдар?

  4. Неліктен ата-анаға деген махаббатымызды ұялы телефон немесе ғаламтор ауыстырған?

  5. Неліктен халық даналығына деген сенім жоғалуда?

  6. Неліктен көркем шығарманы қызығып оқу арқылы өз-өзімізді тәрбиелеуді қолға алмаймыз?

Дарынды оқушылар жауап береді.

Жоғары дәрежелі сұрақтар сапалы жауап қайрады.




ҮІІ

Үйге тапсырма:

2 минут

«Бала тәрбиесі – баршаның ісі» эссе жазу

Оқушылар тапсырманы түсініп, белгілеп алады.

ҮІІІ

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"



5 минут

Оқушыларға сабақтағы әрекеттерге баға беруді сұрайды.

Сабақтағы оқушылардың әрекетіне талдау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет