Методические указания Форма
ФСО ПГУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
050119 – Шет тілі: екі шет тілі
мамандығы бойынша оқитын студенттерге
«Педагогика тарихы» пәнінен
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
|
Лист утверждения Форма
к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.2/05
БЕКІТЕМІН
Филология, журналистика және өнер факультетінің деканы
________________ Ж.Т. Сарбалаев
«___»_____________200__ж.
Құрастырушы: аға оқытушы Казбекова М.Е. ________________
Психология және педагогика кафедрасы
«Педагогика тарихы» пәні бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
050119 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығының студенттеріне арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “_____ ” __________200__ж. Хаттама № ___
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М.
Филология,журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“____ ” ____________200__ж. Хаттама № _____
ОӘК Төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н.
Кіріспе
Педагогикалық білімінің ең бір маңызды мәселесінің бірі – білім саласындағы болашақ мамандарды тәрбиелеу және оқыту тәжірибесін дамыту, педагогикалық әрекетінің әдісі мен ұйымдастыру арқылы біліммен қамтамасыз ету. «Педагогика тарихының» жоғары оқу орнында оқу пәні ретіндегі қызметі осы мәселені шешуіне жағдай жасау.
«Педагогиканың тарихын» оқу болашақ мұғалімдерге педагогикалық категориялармен ойлауға үйретуге тиіс, оның генезисін өздері анық түсінуге ықпал жасайды. Сондықтан да осы оқу пәннің мазмұнында мектеп тәжірибесін және педагогикалық ойдың дамуын сапалы ашуға бағыттау қажеттілігі көрсетілген.
«Педагогиканың тарихын» оқыту үрдісінде студенттер барлық тарихи даму дәуірлерде мектеп және педагогикалық ой қоғамдық прогресстің қажеттілігін бейнелегені, ғылыми білімнің дамуы, тәрбиенің теориясына және практикасына, жаңа педагогикалық идеялар мектеп тәжірибесіне, сонымен бірге мектепте педагогикалық көзқарастың дамуына әсер еткенін жете түсіну керек.
Студенттердің «Педагогика тарихы» пәні бойынша жұмысының негізіне нақты тарихи жағдайларда мектептің дамығаны, әр түрлі педагогикалық концепциялар жаратылуының есебімен түпдеректерді өзіндік оқуы болу керек.
Жалпы айтқанда, педагогиканың тарихын оқуы бірнеше қатар ғылыми-теориялық және әлеуметтік-тәжірибелік мәселелерді шешуіне арналған:
-
жалпы адамдық және қоғамдық құбылыстардың заңдылығын зерттеу, қоғамның қажеттілігінен өзгеретін оның тәуелділігі (зависимость), мақсаттардың, мазмұндардың, қоғамның экономикалық даму деңгейімен тәрбиені ұйымдастырудың байланысын ашу;
-
қоғамдық прогресспен тәрбиенің демократизациялануы өзара байланысын және жеке тұлғаның психофизикалық дамуының ерекшелігіне, тәрбиенің сәйкестігінің қажеттілігін сезген прогрессивтік педагогтардың жасаған рационалдық және гуманистік бейімделген педагогикалық құралдарды анықтау;
-
педагогикалық ғылымның даму жолдарын, педагогикалық теория мен тәжірибе өзара қозғалысының мінезін ашу, алдыңғы тарихи дәуірде жиналған жақсы әдістемелерді талдап қорыту;
-
әлеуметтік-тарихи дамуының әр сатысындағы әлемдік және өз еліміздің мектебінің және педагогиканың тарихи дұрыс жағдайын білу;
тарихи-педагогикалық білім беруінің арығарай жетілдіруіне жағдай жасап, барлық деңгейдегі педагогтардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруға әсер ету керек.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі: -
Всемирный историко-педагогический процесс. Концепции. Модели. Историография. –М., 1996
-
История педагогики как учебный предмет. –М., 1996
-
Современные проблемы истории образования и педагогической науки - В 3-х томах, 1994.
-
Джуринский Л.Н. История зарубежной педагогики. -М., 1996.
-
Европейская педагогика от античности до нового времени. Исследования и материалы в 3-х томах. –М., 1993
-
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –А., 1994
-
Школа и педагогическая мысль средних веков, возрождения и начала нового времени.- М.,1991.
-
Тлашев Х.Х. Общепедагогические идеи и опыт уч(ных-энциклопедистов Ближнего и Среднего Востока эпохи средневековья. –Ташкент, 1985
-
Западноевропейская средневековая школа и педагогическая мысль. –М., 1989-1990
-
Дербісәлиев С. Қазақ даласының жұлдыздары. –А., 1995
-
Омаров Ә. Қазақстандағы ағарту ісі және парша өкіметінің отарлық саясаты. –А., 1997
-
Жарикбаев К.Б. Из истории развития педагогической мысли в дореволюционном Казахстане.- А., 1978.
-
Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана, А., 1998.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
-
Бес ғасыр жырлайды. М.Мағауи, М.Байділдаев. –А., 1989
-
Тәжибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века. –А., 1965
-
Джуринский А.Н. Зарубежная школа: современное состояние и тенденции развития. — М., 1993.
-
Джуринский А.Н. Развитие образования в современном мире. — М., 1999
-
Кунантаева К.К. Развитие народного образования в Казахстане (1917-1991).-А, 1997
-
Реформы образования в современном мире. –М., 1995
-
Педагогика народов мира. История и современность. –М., 2000
Теориялық курстың мазмұны
І бөлім. Педагогика тарихының теориялық негіздері.
1 тақырып. Педагогика тарихы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.
Ғылым және оқу пәні ретіндегі педагогика тарихының пәні, міндеттері мен әдістері.
Тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мәселелері. Өркениеттік көзқарас тарихи-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдіснамалық шарты ретінде. Түрлі тарихи дәуірдегі педагогикалық процестер және оларды әлемдәк тарихтың бөлімдерімен сәйкестігін салыстыра зерттеу (оқу). Қазақстандық педагогика және мектеп ісі тәрбие мен білмнің жалпы әлемдік процестерінің негізгі құрамы ретінде және қайталанбас тұтас мәдени құбылыс.
ІІ бөлім. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие. Ежелгі әлемдегі тәрбие мен оқыту.
2 тақырып. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие.
Қоғамның тарихи дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиенің сипаты. Тәрбиенің шығуы туралы концепциялар. Тәрбие мен оқытудың ұйымдастырылған формалары. Салт-дәстүрлер және инициация. Отбасының шығуы. Баланы отбасында тәрбиелеу. Педагогикалық ойдың шығуы. Халық педагогикасы тәжірибелері.
3 тақырып. Ежелгі Шығыс елдеріндегі және антика әлеміндегі тәрбие және мектеп.
Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту (Египет, Месопотамия, Қытай, Үндістан т.б.). Діни ілімдер мен жазба ескерткіштеріндегі педагогикалық идеялар. (Египет папирустары, сына жазулар және т.б).
Ежелгі Қазақстандағы тәрбие мен оқыту. Ежелгі Қазақстан халықтарының отбасы тәрбиесі дәстүрлері және жазудың шығуы. Қазақстан халықтарының ертедегі тәрбиесі жөніндегі тарихи деректемелер.
Тәрбиелеу мен оқытудың спартандық және афиналық жүйелері. Ежелгі Грециядағы педагогикалық ой-пікір (Демокрит, Платон, Аристотель және т.б.). Ежелгі Римдегі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері. Рим ойшылдарының идеялары мен мектеп ісінің алдыңғы эллиндік дәуір дәстүрлерімен сабақтастығы (Сенека, Цицерон, Квинтиллиан және т.б).
ІІІ бөлім. Орта ғасырлардағы тәрбие мен мектеп ісі (V-XVII ғғ.)
4 тақырып. Византиядағы және Батыс Еуропадағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой.
Византиялық білім беру ісі генезисінің ерекшеліктері. Христиан дінінің адамға және оны тәрбиелеуге деген қөзқарасы. Педагогикалық ойдың дамуы (В.Кесарийский, И.Дамаскин, И.Златоуст, Кирилл, Мефодий және т.б.). Білім беру және тәрбиелеу жүйесі. Педагогикалық ой-пікір мен ағарту ісіне Византияның тигізген әсері.
Батыс Еуропа елдеріндегі тәрбие мен оқыту. Діни мектептер, олардың типологиясы және гильдейлік мектептер. Университеттік білім берудің дамуы. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірлер (Т.Мор, Т.Кампанелла, В.Рабле, Х.Вивес, М.Монтень және т.б.).
5 тақырып. Орта ғасырлар дәуіріндегі Шығыс елдеріндегі және Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой.
Орта ғасырлық Қытайдағы мектеп ісінің дамуы. Конфуций ілімін қайта жаңғыртушылар. Орта ғасырлық Үндістандағы тәрбиелеу мен оқыту. Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі тәрбие мен ағарту ісі. Парсы, Осман Империясы, мұсылмандық Испания, Орта Азиядағы иламдық білім берудің ерекшеліктері. Шығыстың энциклопедист-ғалымдарының педагогикалық идеялары және олардың әлмдік педагогикалық ойлардың дамуына тигізген әсері. (Әл-Беруни, Ибн Сина, Ибн Исхак Кинди, Әл-Газали және т.б.).
Түрік Қағанаты дәуріндегі тәрбие және оқыту. Орхон-Енисей ескерткіштері, «Қорқыт ата кітабындағы» педагогикалық идеялар. Мектептер мен медреселердің пайда болуы. Түркі ғұламалары (Әл-Фараби, Ж.Баласағун, М.Қашғари, А.Жүйнеки, А.Иасауи және т.б.) еңбектеріндегі тәрбие мен оқыту мәселелері. «Кодекс куманикус», «Мулхакат ас-сурах», «Махаббатнаме» шығармалары – XII – XIV ғғ. қазақ тәлімдік ой-пікірлерінің ескерткіштері ретінде.
6 тақырып. Киев Русі және орталықтанған орыс мемлекетіндегі мектеп және педагогикалық ой-пікір (XVII ғасырға дейін).
Русьтегі діни мектептер, олардың типологиясы және оқу жұмысының ерекшеліктері. Ежелгі орыс әдеби ескерткіштерінің («Владимир Мономахтың балаларға өсиеті», «Домострой»және т.б.) педагогикалық идеялары. Алғашқы әліппелер және азбуковниктер. Славян-грек-латын мектептері, олардың жұмыс ерекшеліктері. Киев академиясы және оның ағарту ішіндегі маңызы. Орыс орталықтандырылған мемлекетіндегі ағарту ісі және мектеп. Оқулықтар және педагогикалық әдебиеттер. С.Полоцкий, Е.Славиницкий және т.б. педагогикалық идеялары мен қызметтері.
7 тақырып. Қазақ хандығы тұсындағы тәрбие және педагогикалық ой (XV-XVIIIғғ.)
Қазақ қоғамындағы тәрбие идеалдары, оның мазмұны және құралдары. Ақын, жыраулардың педагогикалық идеялары (Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз). М.Х.Дулати, К.Қосымұлы еңбектеріндегі тәрбие және оқыту мәселелері.
Қазақ хандығы дәуіріндегі тәлім-тәрбиелік идеялардың педагогикалық ойдың дамуына тигізген ықпалы.
IV бөлім. Еуропа, АҚШ, Ресей және Қазақстандағы мектеп пен педагогика (ХХғ. басына дейін)
8 тақырып. АҚШ және Батыс Еуропа елдеріндегі мектеп және педагогика.
Мектептік білім берудің дамуы. Жаңа типті мектептердің пайда болуы (Германиядағы гимназиялар, Франциядағы колледждер, Англиядағы грамматикалық мектептер және т.б.). К.А.Гельвеций мен Д.Дидро, Ж.Ж.Руссо еңбектеріндегі тәрбие мәселелері. Француз революция кезіндегі халықтық білім беру ісін реформалау жобалары. Педагог-филантропистердің идеялары және практикалық қызметі (И.Б.Базедов, Х.Зальцман). И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Ф.В.Дистервег және т.б. педагогикалық идеялары. АҚШ-тағы мектеп және педагогикалық ой. ХІХ ғасырдың соңындағы мектеп және педагогика. Мектептік білім беруге сыни көзқарас. Реформаторлық педагогика.
9 тақырып. Ресейдегі мектеп және педагогикалық ой.
XVIII ғасырдағы мектеп және педагогикалық ой. Мектептердің түрлері. Ғылым Академиясы, гимназиялар және университеттер. М.В.Ломоносов және Ресейдегі ағарту ісінің дамуы. ХІХ ғасырдағы білім берудің дамуы. 30-40 жылдардағы жалпы және кәсіптік білім беру. Университеттер жанындағы педагогикалық институттар. 60-шы жылдардағы мектеп реформалары. Бастауыш гимназия мектебі. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі педагогикалық ой дамуының негізгі бағыттары.
10 тақырып. XVIII ғ. – ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстандағы педагогикалық ой және мектеп.
Педагогикалық ойдыңдамуы (Ақтамберді, Бұхар жырау, Шал ақын). Ресейдің орыс емес халықтарға білім беру реформасының жобасы (1768). Түрлі типтегі оқу орындарының ашылуы (Омск аудармашылар мектебі 1788ж., Шекаралық комисия жанындағы Орынбор мектебі 1850ж.,) және т.б. М.Өтемісұлы, Д.Бабатайұлы және т.б. педагогикалық көзқарастары.
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой. Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары. Мектеп пен педагогиканың дамуына Ы.Алтынсариннің қосқан үлесі.
Қазақстандағы ХХ ғ. бас кезіндегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Жаңа әдісті мектептер мен медреселердің бағдарламалары және жұмыс нәтижелері. Баспасөз берінде білім беру мәселелерінің көтерілуі. М.Ж.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, М.Сералин, С.Торайғыров және т.б. педагогикалық көзқарастары.
V бөлім. ХХ ғасырдағы мектеп және педагогика.
11 тақырып. Шет елдердегі мектеп пен педагогикалық дамуы.
ХХ ғ. бас кезіндегі мектептік білім берудің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі. Білім берудің жаңа концепциялары. Мектептердің түрлері. ХХ ғ. екінші жартысындағы әлемдік білім беру процесі дамуының жетекші бағыттары. Білім беру бағдарларын өзгерту қажеттілігінің туындауы. Білім беруді ұйымдастыру, оқыту мазмұны, формалары мен әдістері. Оқыту формаларының жаңартылуы.
12 тақырып. Кеңестік кезеңдегі мектеп және педагогика.
Кеңестік мектеп жүйесін құрудың жаңа принциптері (30-ж.д.). Жалпы білім беретін мектеп түрлері (ШКМ, ФЗС, ФЗУ және т.б.). Оқу және тәрбие жұмыстары. Оқытуды ұйымдастыру және әдістері. С.Т.Шацкийдің педагогикалық қызметі. 30-90 жылдардағы мектеп және педагогика. А.С.Макаренко теориясының негізгі қағидалары. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық теориясы. Педагогика ғылымының дамуы.
Қазақстандағы мектептердің түрлері, олардағы оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметтері. Мектеп жүйесінің 1940-1980 жж. проблемалары мен жетістіктері. Кәсіби және жоғары білім беру мәселелері. Педагогика ғылымының дамуы. (Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, А.И.Сембаев, А.Ситдыков, М.Мұқанов және т.б.).
13 тақырып. ҚР білім беру жүйесі: қазіргі жағдайы және даму бағыттары.
Білім беру жүйесін реформалау принциптері. ҚР «Білім туралы заңы» (1999). Қазіргі білім беру жүйесі. Білім беру бағдарламалары. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Білім берудің жалпыға міндетті стандарттары. Мектептік жүйе. Тәрбие бағдарламалары. Қазақстандағы педагогика ғылымының міндеттері және негізгі проблемалары.
Достарыңызбен бөлісу: |