Методикалық нұсқаулар Ф СО ПГУ 7.18.2/06
формасы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
Методикалық нұсқаулар
Студенттердің тәжірибелік жұмыстарына арналған
«Жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен
050120 «Кәсіптік білім» мамандығы студенттеріне арналған
Павлодар
|
|
Ф СО ПГУ 7.18.1/06
БЕКІТЕМІН
Сәулет құрылыс
факультетінің деканы
Кудерин М.К.
« » 200
|
Құрастырғандар: м.ғ.д. профессор Рустемова К.Р _____________
ӨО Мастері Мажимова М.Б. _____________
«Азық түлік өнімдерінің технологиясы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
Методикалық нұсқаулар
Студенттердің тәжірибелік жұмыстарына арналған
«Жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен
050120 «Кәсіптік білім» мамандығы студенттеріне арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған « 25 » август 2008 г.
№ 1 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі ________________ К. Ш. Арынгазин
Сәулет – құрылыс факультетінің методикалық кеңесінде мақұлданан
« » 200 ж. № хаттамасы
МК СҚФ орынбасары Козионов В.А.
Кіріспе
Жасқа сай физиология және гигиена пөні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің жөне мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мүның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жүмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бүл пәнде негізгі назар мүғалімдер мен тәрбиешілер еңбегіне іс жүзінде қажет болатын физиология мен гигиена ғылымдарының ілімдері мен қағидаларына аударылады. Мүндай мөселелерге ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Организмнің қүрылысы мен қызметі біріне-бірі өзара әсер ететін болғандықтан, бүл оқулықта балалар мен жас оспірімдердің анатомиясының көптеген сүрақтары қамтылады.
Бүл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас үрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сүлу етіп есірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дүрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды үсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бүл жолда ол жоғарыда аталған ғылымдардың зерттеу әдістерін мол пайдаланады.
Бүл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дүрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.
Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажеттісі балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандьшықтары туралы дүрыс түсінік қалыптастыру.
Оқыту және тәрбиелеу жүмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
Сезім, қабыддау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөй-леу, көңіл-күй (эмоция) іспетті функциялардың физиоло-гиялық негіздерін түсіндіру.
Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас рекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена-сының маңызы - еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сүлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дүрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту. Сондықтан да бүл мүғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғана емес, болашақ ата-аналар үшін де маңызы үлкен оқулық.
Студенттердің тәжірибелік жұмыстарының мақсаты мен міндеттері:
- белгілі тақырыптар бойынша әдебиет көздерімен өздігінен тәжірибелік жұмыстарды істей білу;
- пән бөлімдерінің дәріс материалының құрамына кірмеген тақырыптарды тереңдетіп оқуы;
- оқылған материалды өздігінен талдап, жеткізе білу. Студенттердің тәжірибелік жұмыстарының құрамына дәріс материалының құрамына кірмеген тақырыптармен қосымша жұмыс кіреді. 050120 «Кәсіптік білім» мамандығының топтарына «Жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен жұмыс бағдарламасының тематикалық жоспарына сәйкес өздік жұмыстарды атқару ұсынылады.
3 Тақырып. Жоғары жүйке әрекеті
1. Жоғары жүйке әрекеті туралы түсініктің пайда болуы Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке орекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.
Тапсырмалар:
1 Жоғары жүйке әрекетін түсіндір
2 Семинар сұрақтарына жауап бер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, Абай атындағы АлМУ.1985ж.
2 Дүйсембин Қ.Д. Орталық жүйке жүйесі және жоғарры жүйке әрекетінің физиологиясы. Алматы, 2001.
3 Билич Г.М., Назарова Л.В. Основы валеологи. С-Пт. 1998ж.
4 Брехман И.И. Валеология наука о здоровье. М. 1990ж.
4 Тақырып. Талдағыштардың физиологиясы.
Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дөм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық талдағыштар 3 бөлімнен түрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) откізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Тапсырмалар:
1 Талдағыштардың түрлеріне тірек сұлба құрастыр
2 Семинар сұрақтарына жауап бер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері. Алматы, РБК. 1993ж.
2 Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. 1997ж.
3 Исмағұлова Ф.А., Төленбек И.М. Адам физиологиясы, Алматы, 1985ж.
4 Төленбеков И.М. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Алматы. 1992ж.
5 Төленбеков И.М. Қозыш құрылымдар физиологиясы. Алматы. 1990ж.
6 Тақырып. Тірек - қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері.
Баланың тірек-кимыл жүйесінің маңызы, күрылысы, кызметі.
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бүлшық еттері жатады. Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден түратын адамның негізгі қатты түлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бүлшық еттер бекітілген.
Тапсырмалар:
1 Баланың тірек-кимыл жүйесінің түрлі қалыптарын қарастырып, суретпен бейнеле
2 Семинар сұрақтарына жауап бер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Исмағұлова Ф.А., Төленбек И.М. Адам физиологиясы, Алматы, 1985ж.
2 Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы, Алматы, 2000 ж.
3 Сәтбаева Х.Қ. Валеология денсаулық туралы ғылым. Ғылым, 1999ж.
4 Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. 1997ж.
5 Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы, Алматы, 2000 ж.
6 Сапин М.Р., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М.: Академ, 2002ж.
7 Тақырып. Қанның жас ерекшеліктері. Қан айналу органдары.
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ қүрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесіңде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нөтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар т. с. с. улы заттар пайда болады.
Тапсырмалар:
1 Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері жайлы баянда
2 Семинар сұрақтарына жауап бер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Румянцев Т.И. Гигиена. Москва: Медицина, 2001ж.
2 Сәтбаева Х.Қ. Валеология денсаулық туралы ғылым. Ғылым, 1999ж.
3 Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б. Валеология. Оқу - әдістемелік құрал – Алматы. Ғылым, 1999ж.
4 Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология наука о здоровье. Алматы, 1999ж.
5 Исмағұлова Ф.А., Төленбек И.М. Адам физиологиясы, Алматы, 1985ж
6 Матюшонок М.Т., Турик Г.Г., А.А. Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы./ Аудармашылар: Тәжин О. және т.б. Алматы: Мектеп, 1986ж.
9 Тақырып. Ас қорыту органдары, олардың жас ерекшеліктері, зат және энергия алмасу.
Ауыз қуысыңдагы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мүнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сүйық тамақ бірден жүтылады, ал қою тамақ шайналып үсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың өрі қарай қорытылуы оның шайналу дөрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онда оның қүрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мүқият үзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай молшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, үсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан томенгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегіңде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.
Тапсырмалар:
1 Зат және энергия алмасуды көрнекі түрде түсіндір. Ас қорыту органдарының мүшелерін талда
2 Семинар сұрақтарына жауап бер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Абеуова О.А. Биологическое действие некоторых микроэлементов на организм человека и животных. Караганда, 2000ж.
2 Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, Абай атындағы АлМУ.1985ж.
3 Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері. Алматы, РБК. 1993ж.
Колбанов В.В. Валеология. С-Пт. 2001ж.
4 Кураев Т.А. Половое воспитание. Ростов – на Дону. 2001ж.
5 Вайнер Э.Н. Общая валеология. Липецк, 1998ж.
6 Вайнер Э.Н. Валеология. М.: Наука, 2001ж.
Колбанов В.В. Валеология. С-Пт. 2001ж.
10 Тақырып. Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері.
Зат алмасуыныц қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы нөтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық жөне минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз қалдық заттары клеткадан, үлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы окпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір түздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген түздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты түрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.
Тапсырмалар:
1 Жас ерекшеліктеріне қарай сыртқа шығару органдарын талдап, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жаз, бір кетеге толтыр.
2 Семинар сұрақтарына жауап бер
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Абеуова О.А. Биологическое действие некоторых микроэлементов на организм человека и животных. Караганда, 2000ж.
2 Апанасенко Н.М. Физическое развитие детей и подростков. Киев, 1998ж.
3 Билич Г.М., Назарова Л.В. Основы валеологи. С-Пт. 1998ж.
4 Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М.: Просвещение, 1990ж.
5 Любимова З.В., Маринонова К.В., Никитина А.А. и др. Возрастная физиология., учебник в 2-х т.- М.: Владос, 1999ж.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1 Абеуова О.А. Биологическое действие некоторых микроэлементов на организм человека и животных. Караганда, 2000ж.
2 Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, Абай атындағы АлМУ.1985ж.
3 Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері. Алматы, РБК. 1993ж.
4 Апанасенко Н.М. Физическое развитие детей и подростков. Киев, 1998ж.
5 Билич Г.М., Назарова Л.В. Основы валеологи. С-Пт. 1998ж.
6 Брехман И.И. Валеология наука о здоровье. М. 1990ж.
7 Брехман И.И. Введение в валеологию. М. 1987ж.
8 Вайнер Э.Н. Общая валеология. Липецк, 1998ж.
9 Вайнер Э.Н. Валеология. М.: Наука, 2001ж.
10 Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М.: Просвещение, 1990ж.
11 Дүйсембин Қ.Д. Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. Алматы, 2001.
11 Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. Учебное пособие для студентов педагогических ВУЗ-ов,1985ж.
13 Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелік физиологиясы. 1997ж.
14 Исмағұлова Ф.А., Төленбек И.М. Адам физиологиясы, Алматы, 1985ж.
15 Любимова З.В., Маринонова К.В., Никитина А.А. и др. Возрастная физиология., учебник в 2-х т.- М.: Владос, 1999ж.
16 Матюшонок М.Т., Турик Г.Г., А.А. Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы./ Аудармашылар: Тәжин О. және т.б. Алматы: Мектеп, 1986ж.
17 Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы, Алматы, 2000 ж.
18 Сапин М.Р., Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков. М.: Академ, 2002ж.
19 Хрипкова А.Г., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. М.: Просвещение, 1990ж.
Қосалқы әдебиеттер:
1 Азартных Т.Д., Тырышников И.М. психическое здоровье. М. 1999ж.
2 Апанасенко Г.Л., Попова Л.А. Медицинская валеология. Киев: Здоровье, 2000ж.
3 Колбанов В.В. Валеология. С-Пт. 2001ж.
4 Кураев Т.А. Половое воспитание. Ростов – на Дону. 2001ж.
5 Мустафина Т. Спорттық медицина. Алматы. 1997ж.
6 Румянцев Т.И. Гигиена. Москва: Медицина, 2001ж.
7 Сәтбаева Х.Қ. Валеология денсаулық туралы ғылым. Ғылым, 1999ж.
8 Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б. Валеология. Оқу - әдістемелік құрал – Алматы. Ғылым, 1999ж.
9 Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология наука о здоровье. Алматы, 1999ж.
10 Татарникова Л.Г. Педагогическая валеология. С-Пт.1995ж.
11 Тнимова Г.Т. Биохимические механизмы напряженной мышечной деятельности. Караганда, 2002ж.
12 Төленбеков И.М. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Алматы. 1992ж.
13 Төленбеков И.М. Қозыш құрылымдар физиологиясы. Алматы. 1990ж.
14 Төленбеков И.М. Сенсорлық жүйелер физиологиясы. Алматы. 1994ж.
Достарыңызбен бөлісу: |