Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



бет3/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#131083
1   2   3   4

5-параграф. Электр депосы

314. Жылжымалы құрамды тоқтату, техникалық қызмет көрсету, орташа және жоспардан тыс жөнду электр депосында жүзеге асырылады.

315. Электр депосының аймағына әкімшілік және өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, алаң ішіндегі инженерлік желілер, парк жолдары, өртте өту жолдары және желі мен электр депосының ілгерінді дамуы есепке алына отырып, қалалық жолдармен біріктірілген төсеудің жетілдірілген түрлері бар жолдар орналастырылады.

Электр депосының аймағы абаттандырылады, күзеттік жарықтандырумен жабдықталған, биіктігі кемінде 2,5 м болатын жарықтандыруы және қоршауы болады. Қоршаудың бойында сыртқы жағынан санитарлық қорғау аймағы, жасыл отырғызулар және автомашиналар тұрағы үшін алаң қарастырылады.

316. Электр депосының ғимараттары радиоландырылады, телефондалады, электрлік сағаттармен, өрт қауіпсіздігі және күзет дабылқаққыштары жүйелерімен жабдықталады.

317. Парк жолдарының құрамында маневрлік және сақтандырғыш ретінде қолданылатын екі созу жолы және жаттықтырып жүргізу жолы қарастырылады.

Әр созу жолының пайдалы ұзындығы кемінде пойыз ұзындығының максималды есептігіне, жаттықтырып жүргізу жолынан-600-800 м дейін. Созу жолының біреуін жаттықтырып жүргізу жолының бөлігі ретінде қолдануға болады.

318. Электрлендірілген және электрлендірілмеген рельс жолдары 4-кестеге сәйкес пойыз қозғалысының есептік салмағы және жылдамдығы бойынша қарастырылады.


4-кесте


Жолдар

Жолаушылар вагоны шүлдігінен рельстерге статикалық салмақ, Ск (тс)

Пойыздар қозғалысының жылдамдығы, км/с, артық емес

Парк

78 (8

15

Депо

78 (8

10

319. Электрлендірілген жолдардың рельстері жылжымалы құрамды электрмен жабдықтау желілеріне, пойыздар жылдамдығын басқару қондырғыларында және рельс тізбектерінің амандығын бақылауда электрлік сымдар ретінде қолданылады.

320. Электрлендірілген парк жолдары және депо жолы құрамдардың салқындату камерасында төменгі токтан ажыратқышы бар ұласқан рельспен жабдықталады.

Ұласқан рельс қорғайтын электр оқшаулағыш қораппен жабылады.

321. Парк жолдары бағыттарды электрлік орталықтандыру қондырғыларымен, жартылай автоматты қызметтегі бағдаршамдармен (жеке бағдаршамдарда шақыру белгілері және маршрутты көрсеткіштері бар) және бір тізбекті рельс тізбектерімен жабдықталады.

Көрсеткіштер мен бағдаршамдарды басқару электрлік орталықтандыру бекетінен жүзеге асырылады.

322. Электр депосында желілік және деполық жедел-технологиялық байланыстар (бұдан әрі-ЖТБ) қарастырылады.

Желілік ЖТБ құрамына пойыз қозғалысының диспетчерлік байланысы және электрмен жабдықтау, тоннельдік байланыс пен жалпы қолданыстағы телефон байланысы кіреді.

Депо ЖТБ құрамына электр депосы бойынша кезекшінің байланысы, бағыттық, тура байланыс, пойыздық маневрлеу және жөндеу-жедел радиобайланысы, дыбыс зорайтқыш байланысы мен хабарлағыш кіреді.

8-тарау. Техникалық жабдықтар мен қондырғылар

1-параграф. Жалпы талаптар
323. Метрополитеннің құрылыстары, жабдықтары мен құрылымдары персонал мен жолаушылардың қауіпсіздігін, технологиялық регламентте белгіленген белгіленген жылдамдықтағы пойыздарды өткізу және құрылымдардың жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруды және жабдықтауды қамтамасыз ететін ақаусыз күйде ұсталады.

324. Метрополитеннің техникалық жабдықтары мен қондырғылары:

1) туннельдерді, станцияларды, касса залдарын, қызметтік үй-жайлар мен станциялар арасындағы коридорларды осы жағдайда жобалау құжаттамасында белгіленген нормаларға сәйкес ауаның қажетті параметрлерін ұстай отырып желдетуді;

2) келетін ауаның бағытын өзгерту үшін туннельдік желдеткіш қондырғыларын реверстеуді;

3) жер асты, атмосфералық және өндірістік ағынды суларды жасанды құрылыстардан қалалық сутөкпе желісіне ағызу;

4) санузелдерден фекалдық сұйықтықты қалалық канализациялық желіге шығаруды;

5) станциялар мен туннельдерді сумен үздіксіз қамтамасыз етуді;

6) вестибюльдерді, қызметтік үй-жайлар мен станцияларды жылыту және ыстық сумен қамсыздандыруды қамтамасыз етеді.

325. Туннельдік желдету жүйелері, су құбырларының сутөкпе және канализациялық станциялық сорғы қондырғылары, ауа-жылу перделері, сутоған ұңғымалары, магистралды желілері автоматикамен, дистанциялық дабылққыштармен және станция бойынша кезекшінің үй-жайы мен диспетчерлер бекетінің телебасқаруымен жабдықталады.

2-параграф. Желдеткіш
326. Метрополитеннің жер асты құрылыстары жасанды тоннель және жергілікті ағынды-сорғы желдеткіш жүйелерімен жабдықталады.

Тоннелді желдеткіш жер асты және жер үсті жабық станцияларының жолаушылар үй-жайларын, станциялар арасындағы отырғызу дәліздерін, аралық және тұйық тоннельдерді, тоннелдердің қосқыш тармақтарын, сондай-ақ желілердің жер асты жабық учаскелерін желдету үшін қарастырылады.

Жергілікті желдеткіш жер үсті және жер асты өндірістік, тұрмыстық және өзге де үй-жайларды желдету үшін қарастырылады.

327. Желдеткіш жүйесі жобалау құжаттамасымен нормаланатын ауа алмасуды және құрылыстар мен үй-жайларда ауа қозғалысы жылдамдығын қамтамасыз етеді.

328. Желілердің жер асты және жер үсті учаскелері ауа өлшемдерін телеметрлік бақылау жүйесімен жабдықталады.

329. Ауа өлшемдерін бақылау орындарында телеметрлік аппаратура арқылы диспетчерге физикалық өлшем бірліктерін көрсететін цифрлы аспапқа белгі беретін ауа температурасы мен ылғалдылығын бергіштер орнатылады.

330. Тоннелдер мен станциялардағы зиянды заттардың қоспалары ауа қабылдау құрылғылары орналасқан орындарда осы заттардың сыртқы қосылымын ескере отырып, шекті рұқсат етілген қосылымнан артық болмайды.

Ауа жинау орындарында зиянды заттардың шекті рұқсат қосылымы артық болған кезде зиянды заттардың қосылымын нормаланатын шамаға дейін төмендету шаралары жүзеге асырылады.

331. Тозаң жинауға қабілетті желдеткіш қондырғылардың құрылымы (ауа өткізгіштердің, камералардың, сүзгіштердің және тағы басқалардың) ішкі қабаттарды тозаңнан, микро ағзалардан және оларды қызмет көрсетілетін үй-жайларға таралуынан тазалауға арналған құрылғылармен жабдықталады.

Желдеткіш жүйелерді тазалау жылына кемінде екі рет жүргізіледі. Желдеткіш жүйесін тазалау туралы белгі арнайы журналда жазылады.

332. Желдеткіш камералары мен жер үсті желдеткіш дүңгіршектерінің есіктері үнемі құлыпқа салынады. Олардың қосалқы кілттері станция диспетчерінде авариялық тақтада сақталады.

333. Ауа жинау дүңгіршектері жер бетінде шахталардың оқпандарында ауада зиянды заттар мен тозаң қосылымы аз болатын орындарда, мүмкіндігінше қолданыстағы немесе арнайы құрылған жасыл желектер аймағында орналастырылады.

334. Тоннель желдеткіші қондырғыларының (бұдан әрі-ТЖҚ) жер үсті желдеткіш дүңгіршектерінен бастап магистралдық көшелер мен жолдарға, ашық және жабық автокөлік тұрақтарына, сауда орындары мен ғимараттар мен құрылыстардың терезелеріне дейінгі қашықтық 25 м кем емес, авто жанармай құю станцияларына, мұнай қоймалары мен мұнай өнімдері, жанғыш газдардың қоймаларына, ағаш материалдарға, газ және мұнай құбырларына, мұнай өңдеу және химиялық өнеркәсіптік объектілеріне дейін 100 м кем емес болады.

Қаладағы құрылыстар тығыз орналасқан жағдайда тұрақты пайдалану режимінде лақтырындыға жұмыс істейтін желдеткіш қондырғылардың дүңгіршектерін жолдың жүріп өтетін жағынан бастап 25 м кем емес қашықтықта орналастыруға болады.

335. Желдеткіш дүңгіршектердің құрылысы дүңгіршектердің ішіне адамдардың, жануарлар мен бөгде заттардың рұқсатсыз кіруне жол берілмейді.

336. Дүңгіршектердің ауа жинау және ауа шығару тесіктеріндегі торлардың құрылымы атмосфералық жауынның ішке өтуін болдырмайды.

Дүңгүршектердің торларының ішкі жағынан 20x20 мм ұяшықтары бар металл тор орнатылады.

337. Желдеткіш дүңгіршектер есіктердің күзету дабылымен және байланыс құралдарымен жабдықталады.

338. Тоннелдік желдеткіш жүйесі желдеткіш камераларында орнатылған шүлдікті реверсив желдеткіштермен жабдықталады. Желдеткіштер жер асты құрылыстарына ауа беру үшін де, ауа шығару үшін де қолданылады.

339. ТЖҚ станцияларында, аралық тоннелдер мен тұйық жерлерде кемінде екі желдеткіш, қосқыш тоннелдер мен дара жолды тұйықтарда бір желдеткіш қарастырылады.

Әрбір желдеткіштің өнімділігі желдеткіштің қолданылатын сызбасына байланысты ТЖҚ қажетті 50 % немесе 100 % құрайды.

340. Тоннелдік желдеткіштің ауа қозғалысының жылдамдығы төмендегі шамалардан артық болмайды:

1) пайдаланылатын тоннелдерде-8 м/с;

2) экскалаторлық тоннелдердің желдеткіш-кабелдерінде-15 м/с;

3) желдеткіш дүңгіршектердің торлары арқылы-5 м/с.

341. Тоннелдік желдеткіштердің жүйелері түтін жоюды және адамдарды көшіру жолдарын тиімді түрде түтіннен қорғауды қамтамасыз етеді.

Тоннелдік желдеткіш жұмыс істеген кезде экскалаторлық тоннелдің түтінденбеу жағдайын жасау мүмкін болмаған жағдайда станция вестибюлінде авариялық арынды желдеткішті орнатуды қарастыруға немесе ауаның күрделі жылдамдығын арттырудың өзге де әдістерін пайдалануға болады.

342. Ауа ағысы бағытын өзгерту қажет болған жағдайда (жер асты құрылыстарында өрт, түтіндеу болған жағдайда) желдеткіштің жұмыс дөңгелегі күректерінің желдеткіш роторын немесе автоматты бұрғышының айналу бағытын өзгерту жолымен тоннель желдеткішін реверстеуді жүзеге асырады.

343. Тоннелдік желдеткіш жүйесінің жұмыс істеу тәртібі мен кестесі технологиялық регламентте белгіленеді. Ерекше жағдайларда пойыз дичпетчерінің немесе электр механикалық қызмет диспетчерінің талабы бойынша олардың жұмысының режимін уақытша өзгертуге болады.

344. Вестибюлдер мен станциялардың платформа залдарында ауа ортасының нормаланатын өлшемдерін қамтамасыз ету үшін жылдың қысқы мезгілінде станциялардағы кіру және шығу жолдары ауа-жылытқыш бүркемелерімен жабдықталады.

345. Станциялардың үй-жайларында жылдың суық және ауыспалы маусымында жылу беру немесе ағынды ауаны қыздыру, ал жылдың жылы маусымында, қажет болған жағдайда ағындды ауаны салқындату қарастырылады.

346. Сыртқы ауа беру қарастырылатын, адамдар тұрақты жиналатын үй-жайлар үшін жылдың қысқы уақытында ауа жылытқыштармен ауаны қыздыру немесе ыстық маусымда ауа баптағыштармен салқындататын желдеткіш құрылғылары орнатылады.

347. ШТС машина үй-жайларының желдеткіш қондырғылары кемінде екі ағынды және екі сорғы желдеткіштерімен жабдықталады; олардың әрқайсысының өнімділігі қондырғының есептік өнімділігінен 50 % кем емес болады.

348. Медициналық бекеттердің, дәретханалардың, канализация қондырғыларының, ЖЖМ қоймаларының үй-жайлары жеке сорғы қондырғыларымен жабдықталады.

349. Экскалаторлардың машина залдары желдеткіштің ағынды-сорғы жүйелерімен жабдықталады, оған ауа тікелей жоғарыдан келіп түседі.

350. Жер асты станциялардағы адамдар тұрақты жиналатын өндірістік, әкімшілік және басқа да үй-жайлардың желдеткіш қондырғылары кемінде екі ағынды, кемінде екі сорғы желдеткіштерімен жабдықталады, олардың әрқайсысының өнімділігі қондырғының есептік өнімділігінен 50 % кем емес болады.

351. Ағынды ауаның (сыртқы немесе сыртқы және рециркуляциялық қоспаның) мөлшері нормаланатын метеорологиялық шарттарды және ауа алмасудың жиілігін қамтамасыз ету негізіндегі есеппен анықталады.

3-параграф. Сутөкпе
352. Метрополитеннің әрбір станциясы үшін жобада жер асты құрылыстарынан жер бетіне сутөкпе (қотару) құралдары мен тәсілдері қарастырылады.

Метрополитеннен келіп түсетін суды механикалық қотаруды жүзеге асыру кезінде негізгі, транзиттік және жергілікті тұрақты сорғы сутөкпе қондырғы орнатылады.

353. Негізгі сутөкпе қондырғылары желі трассаларының төменгі орындарында орналастырылады.

Транзиттік сутөкпе қондырғылары олардың құбырлар мен науалары арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, барлық жиналған суды бұру үшін өткізе алмаған жағдайда негізгі қондырғылар арасында орнатылады. Транзиттік құрылғылар су бөлігін ұстау және оны жоғары қотарып шығару үшін қызмет етеді.

Жергілікті сутөкпе қондырғылары су өздігінен өтіп кете алмайтын станциялар мен тоннель жанындағы құрылыстардың төменгі орындарында орналастырылады.

354. Сутөкпе қондырғылары камераларда орналастырылады және тоннелдермен қосқыш желілермен қосылады.

355. Негізгі сутөкпе қондырғысы кемінде екі және бір резервтік сорғымен жабдықталады, тарнзиттік және жергілікті-бір жұмыс және бір резервтік. Әрбір сорғының өнімділігі 50 м3/сағ кем емес.

356. Сутөкпе қондырғыларында су жинағыштар болады. Қондырғылардағы су жинағыштардың көлемі ең жоғарғы су ағысы негізінде есеп бойынша жобада анықталады.

357. Сорғыларды іске қосу және ажырату су жинағыштардағы судың деңгейіне байланысты автоматты болады.

358. Негізгі және транзиттік сутөкпе қондырғыларындағы су жинағыштарда үш бөлімшесі (оның ішінде біреуі тұндырма), жергіліктісінде екі (біреуі тұндырма) болады.

Әрбір бөлімшеде байқау люктері, сатылар мен көпіршелер, түсіру клапандары мен далдаларда құю терезелері, қалдықтарды шығаруға арналған құрылғылар болады. Сорғылардың сорғы желілерінің қабылдау клапандарының астынан тереңдігі 200 мм ойықтар орнатылады. Ойықтарға су жинағыш түбінің ылдиы кемінде 2+ қабылданады.

Су жинағыштарда су деңгейінің дабылы орнатылады.

359. Су жинағыштағы судың жоғарғы деңгейі құю құбырынан немесе науасынан кемінде 100 см төмен, ал төменгісі сорғының сорғыш торының фланецінен 200 см жоғары болады.

360. Сутөкпе қондырғылары үшін екі тегеурінді құбырдан қарастырылады.

Тегеурінді және өздігінен ағатын құбырлар сыйымдылығы 2 м3 кем емес тұндырғыштар арқылы қалалық жауын немесе жалпы балқыма канализациясы желісіне қосылады.

Құбырларда шығарылатын судың көлемін қашықтықтан есепке алуға арналған аспаптар қарастырылады.

Бұру құбырларын қалалық жауын немесе жалпы балқыма канализациясы желісіне қосатын орындардағы тұндырма құдықтар оларды механикалық тазалау үшін қол жеткілікті орындарда орналастырылады.

361. Көшедегі өту жолдарынан, станциялар арасындағы дәліздерден, желдеткіш және кабель тоннелдерінен, жол және станциялық тоннелдерден ағынды суды жинау және оларды су жинағыштарға немесе жолдың шүлдігі бойымен тоннелдегі трассаның табиғи төменгі нүктелеріне (қос жолды тоннелдерде жол арасындағы шүлдік бойымен) бұру үшін науалар орнатылады.

Станциялар мен тоннелдерде бұл науаларда 3 % кем емес бойлық және 2-3 % кем емес көлденең еңіс болады. Науалардың жолдарының құрылымына байланысты алмалы-салмалы темір бетон плиталарымен жабуға немесе әрбір 20-25 м сайын тазалайтын құдықтардың құрылғысы бар асбоцемент құбырлары түрінде орындауға болады.

4-параграф. Канализация
362. Станцияларда жиналып қалған ағын суларды ағызу үшін канализация қарастырылады.

363. Станция залдары мен платформаларын шайып кеткенде су трап-дренаждарға, ал содан кейін шойын құбырлар бойымен платформа астындағы дренажды қайықтарға ағып кетеді.

364. Жердің жоғарғы бетінен төмен жиналған құрылыстардан ағын суларды ағызу үшін канализациялық сорғылық қондырғылар қарастырылады.

365. Канализациялық сорғылық қондырғылардың екі көлденең сорғысы (жұмыстық және резервтік) және люгі бар қабылдау резервуары болады.

366. Сорғыларды қосу және сөндіру су жинағыштардағы судың немесе резервуарлардағы сұйықтықтардың деңгейіне байланысты автоматты болады.

367. Барлық сутөкпе және канализациялық қондырғылар судың немесе сұйықтықтың авариялық деңгейін хабарлайтын дабылқаққышпен жабдықталады.

368. Әрбір канализациялық сорғы үшін сорғыға кемінде 0,5+ көтергіші бар жеке сору құбырлары қарастырылады. Әрбір сорғының сору және қысымды құбырлары сырма, қысымды құбырға одан басқа-кері қақпақша орнатылады.

369. Сутөкпе желісіне қоқыстың, қышқылдар мен жанар-жағармайларды түсіруге болмайды.



9-тарау. Станцияның техникалық жұмысын ұйымдастыру

1-параграф. Жалпы талаптар
370. Станцияның техникалық құралдарын пайдаланудың тәртібі станция бойынша пойыздарды қауіпсіз және үздіксіз қабылдауды, жіберу мен кезегін және маневрлеу жұмыстарының қауіпсіздігін регламенттейтін техникалық-басқарушылық кесімде белгіленеді. Техникалық-басқарушылық кесіммен белгіленген тәртіп метрополитеннің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

371. Станцияның шекарасы жолаушылар платформасында орналасқан, автоматты және жартылай автоматты қызметтегі кіру және шығу бағдаршамдары болып табылады, ал шығу бағдаршамдары болмағанда-жолаушылар платформасының бөлігі.

372. Станциялардағы барлық жол, бағыт көрсеткіші және бағыт бекеті нөмірленеді. Жолдарға, бағыт көрсеткіштеріне және бағыт бекеттеріне бірдей нөмірлер беруге болмайды.

2-параграф. Бағыт көрсеткіштерін басқару
373. Бағыт көрсеткіштері станция бастығының қарауында болады. Станция мен тиісті бөлімшелердің бастықтары олардың қарамағындағы бағыт көрсеткіштері мен бағыт белгілерінің таза және ақаусыз болуын қамтамасыз етеді.

374. Бағыттардың тұратын орны қозғалыс бағытымен анықталады және тура жол бойынша қозғалыс үшін плюспен, ауытқу жолына немесе ауытқыған жолдан минуспен көрсетіледі.

Басты жолдарда орналасқан бағыттар қозғалыс үшін басты жолдарда, ал сақтандыратын тұйық жолдарға апаратын бағыттар-осы жолдарға қарай бағытта тұрады.

375. Маневрлеу қозғалыстары болмаған кезде орталықтандырылмаған бағыттардың тұратын орнын қозғалыс қызметінің бастығы анықтайды және станцияның техникалық-басқарушылық кесімінде көрсетіледі.

Бағыттың плюстік қалпы орталықтандырылған бағыттың электр өткізгішінің корпусында және бағыттарды плюстік қалыпқа ауыстырған кезде ұштықтар қозғалысының бағытын көрсететін орталықтандырылмаған бағыттың станинасында «+» белгісімен және бағыт сызығымен көрсетіледі.

376. Бағыттарды:

1) пойыздарды қабылдау және жіберуге арналған маршруттарды дайындаған кезде;

2) маневрлеу жұмысы кезінде;

3) станция жолдарындағы жұмыстарды тоқтату немесе жүргізу орындарын қоршау қажеттілігі кезінде;

4) бағыттарды тазарту, тексеру және жөндеу кезінде ауыстыруға болады.

377. Бағыттар мен белгілерді басқарудың әрбір бекеті бағыттарды ауыстыруды жүзеге асыратын, белгілерді басқаратын және қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бір жұмысшының басқаруында болады.

378. Орталықтандырған бағытты бағыт көрсеткіші жылжымалы құраммен бос болмаған кезде ауыстыруға болады.

379. Орталықтандырылған бағытты ауыстыру алдында оған қызмет көрсететін жұмысшы жарықтық табло бойынша және бағыт көрсеткішінің жылжымалы құрамыан бостығын жеке тексереді.

Тексерудің нәтижелері туралы жұмысшы орталықтандыру бекеті және пойыз диспетчері арқылы кезекшіге баяндайды.

380. Орталықтандырылған бағыттарды басқаруды автоматты, маршруттық, жеке және қол бағыттарын бағыт қолмен ауыстырылғанда тұтқа саптың (курбельдің) ықпалымен ауыстыруға болады.

381. Орталықтандырылған бағыттардың электр өткізгіштерінің курбельдері орталықтандыру бекеті бойынша бағыт көрсеткіштерінің ауданында орналасқан аппараттарда бұғатталып, пломба қойылған жәшіктерде сақталады. Курбельдің саңылауына плома қойылады.

Орталықтандыру бекетінде курбель пломба қойылған жәшікте сақталады.

382. Орталықтандырылған көрсеткіштерден қолмен басқаруға көшкен кезде оларды ауыстыру және бекітіп тастауды метрополитен басшылығының бұйрығымен тағайындалған тек бір жұмысшы жүргізеді.

383. Маршрутты дайындағаннан кейін бағыттарды ауыстырған жұмысшы нұсқау берген тұлғаға осы жөнінде баяндайды және курбельді орталықтандыру бекетіне қайтарады немесе курбельді блоктау аппаратына салады, осы жөнінде орталықтандыру бекеті бойынша кезекші Тексеру журналына жазады.

384. Орталықтандырылған бағыттарды ауыстыру немесе бекітіп тастауды орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің бағыт байланысы немесе радиобайланыс бойынша жеке немесе телефон арқылы берген нұсқауымен бағыттау бекетінің кезекшісі жүргізеді.

Орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің бағыттарды ауыстыру туралы нұсқауын оны қабылдаған жұмысшы қайталайды, нұсқауды орындағаннан кейін осы жұмысшы нұсқауды берген тұлғаға осы жөнінде дереу баяндайды.

385. Бағыттар электрлік орталықтандыру жүйесіне қосылады.

Бағыттардағы ұштықтарды ауыстыру үшін аппараттағы электрлік тұтқа саптар немесе кнопкалармен жалғастырылған электрлік өткізгіштер орнатылады. Бағыттар мен белгілердің тұратын орны және жол мен бағыттық рельс тізбектерінің жұмыспен қамтылуы бекет үй-жайындағы жарық таблодан бақыланады. Маршруттағы бағыттар мен белгілердің өзара тұйықталуы және қарсы маршруттарды болдырмау релелік үй-жайда орналасқан реленің көмегімен жүзеге асырылады.

Маршрутқа шығатын көрсеткіштер ашық белгі кезінде тұйықталады және олардың бірін ауыстыруды немесе қарсы маршрут белгісін ашуды электрлік орталықтандыру қондырғысы болдырмайды.

386. Электрленбеген парк және басқа станциялық жолдарда станция жұмысшылары мен локомативтік бригадаларға бағыттардың тұратын орны мен дайындалған маршруттың дұрыстығын бақылауға мүмкіндік беретін, бағыт көрсеткіштерімен жабдықталған орталықтандырылмаған бағыттарды төсеуге болады.

387. Бағыт көрсеткіштерін комиссия:

1) құрамында ДОБ жол шебері мен аға электр механигі бар станция бастығының төрағалығымен тоқсанына екі рет;

2) құрамында жол қашықтығының бастығы, дабылқаққыш қашықтығының бастығы немесе олардың орынбасарлары және станция бастығы бар қозғалыс қашықтығы бастығының төрағалығымен тоқсанына бір рет қарайды.

Бағыт көрсеткіштерін тексеруге басқа қызмет қызметкерлерінің қатысуының қажеттілігі технолгиялық регламентте белгіленеді.

3-параграф. Маневрлік жұмыс
388. Станция жолдарындағы маневрлер тек бір жұмысшының-маневрлер басшысының: орталықтандыру бекетінің кезекшісі немесе пойыз диспетчері жүргізеді.

Орталықтандырылмаған бағыттары бар парк немесе басқа жолдарда маневрлерді басқаруды станцияның техникалық-басқарушылық кесімінде көрсетілген жұмысшы жүзеге асырады.

389. Метрополитеннің басқа жолдарындағы маневрлер пойыз қозғалысының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

390. Парк немесе басқа жолдарда маневрлер бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші кезінде жүргізіледі, ал бағдаршамның тыйым салатын көрсеткіші (қызыл от, сөнген оттар, түсініксіз көрсетулер) кезінде-шақыру белгісі бойынша.

Шақыру белгісі бұзылып тұрған немесе ол болмаған кезде осы маршрут бойынша мынадай маневрлер жүргізіледі:

1) орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің маневрлік радиобайланыс, пойыз диспетчері немесе бағыт байланысы арқылы машиниске берген нұсқауы бойынша;

2) орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің белгісі бойынша;

3) орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің нұсқауы негізінде берілген бағыт бекеті кезекшісінің, орталықтандыру бекеті операторының белгісі бойынша.

391. Қарсы маршрут бойынша келе жатпаған жағдайда екеуден аспайтын құрам бір уақытта маневрлеуі мүмкін.

392. Маневрлік қозғалыстар жасар алдында электр депосы бойынша кезекші қозғалыс жоспары және барар маршрутпен таныстырады.

393. Маневрлік радиобайланыс маневрлік қозғалыстарды орындау туралы тапсырманы берудің негізгі құралы болып табылады. Радиобайланыс бойынша берілген қозғалысқа арналған команданы машинист дыбыстық дабылмен қайталайды.

Егер машинист команданы немесе белгінің орындалуының дұрыстығына сенімсіз болса, ол жылжымалы құрамды тоқтатады және жағдайды анықтайды.

394. Парк және басқа жолдарда:

1) белгіні және маневр басшысының нұсқауын алмайынша;

2) басты кабинадан басқарған және қозғалыс барысы бойынша басты вагонның торцында машинистің көмекшісі болмаған кезде маневрлік құрамды қозғалысқа келтіруге болмайды.

395. Электр жылжымалы құрамның маневрлік қозғалыс жасау кезіндегі жылдамдығы пойыздардың қозғалысы және маневрлік жұмыс бойынша технологиялық регламентте белгіленеді.

396. Электр жылжымалы құрамның маневрі мынадай жылдамдықта жүргізіледі:

35 км/с асырмай:

1) басты кабинадан басқару және бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіштері және басқару кабинасында АЛД кезінде, ал желіде ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіштері кезінде;

20 км/с асырмай:

1) шақыру белгісі, ауызша нұсқау, қол және дыбыстық белгі бойынша басты кабинадан басқару кезінде;

2) бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіштері бойынша басты емес кабинадан басқару кезінде;

3) басқару кабинасында ЖАР «О», «ЖЖ» (ОЧ) белгілік көрсеткіштері және бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіштері кезінде;

15 км/с аспайтын:

1) парк және басқа жолдарында басты кабинадан басқару кезінде:

10 км/с аспайтын:

1) басты емес кабинадан басқару кезінде: шақыру белгісі, ауызша нұсқау, қол және дыбыстық белгі бойынша, ал парк және басқа жолдарда және бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіштері кезінде;

2) электр депосына кірер кезде;

5 км/с асырмай:

1) жылжымалы құрамға, тұйықтық тірекке немесе басқа кедергіге 10 м қашықтықта жақындаған кезде;

2) ұласқан рельстің (қармақты) киілген жылжымалы кабелімен қозғалысы кезінде.

397. Сол бір жолдың екі жағынан бір уақытта маневр жасауға болмайды.

398. Станцияның жұмыспен қамтылған жолына маневрлік қозғалыс жылжымалы құрамды станцияның техникалық-басқарушылық кесімінде көрсетілген тәртіпте түнгі тоқтатуға қойған кезде жүргізіледі.

399. Жұмыспен қамтылған жолдағы маневрлер туралы машинисті маневрлер басшысы ескертеді.

400. Жұмыспен қамтылған парк немесе басқа жолдардағы маневрлік қозғалыс шақыру белгісі бойынша, ал ол бұзылған жағдайларда-орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің ауызша нұсқауы немесе орталықтандыру бекеті бойынша кезекші нұсқауының негізінде берілетін жол мантерінің қол немесе дыбыстық белгісі бойынша.

Маневрлік қозғалыстың жылдамдығы 15 км/с аспайды, ал басты емес кабинадан басқару кезінде-10 км/с аспайды.

401. Маневрлер басталғанға дейін барлық тежеу таратқыштар, тежеу және қысым магистралдары іске қосылады және пневматикалық тежеуіштер жұмысына тексеріс жүргізіледі.

402. Станциялық жолдардағы жылжымалы құрам шекті рейкалармен және бағандармен белгіленген шекара шегінде белгіленеді.

Маневр жүргізілмейтін жолдарда тоқтап тұрған жылжымалы құрам кетіп қалудан аялдамалақ тежеуіштер немесе тежегіш табандықтар арқылы бекітіледі.

403. Ұзаққа тоқтатылған пойыздарды орналастыру пойыздық талонға аялдаманың орны, дыбыстық белгісінің нөмірі, келу уақыты, пойыздың нөмірі және тоқтаудан кейінгі кету уақыты көрсетіле отырып, станцияның тұйық жолдарында жүргізіледі.

404. Локомотивтерді және арнайы жылжымалы құрамды тоқтатуды парк жолдарында жүргізуге болады. Тоқтауға рұқсат етілетін орындар станцияның техникалық-басқарушылық кесімінде көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет