Әл-Фараби атындағы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.02.2024
өлшемі1.36 Mb.
#491217
түріРеферат
  1   2
ОНИ Суюнбек Анеля



ОҚУ-ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ: 
РЕФЕРАТ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
(КУРСТЫҚ ЖОБА)
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті


ЖОСПАР:

Кіріспе

Оқу-зерттеу жұмыстарының нысандарын сипаттау

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің
ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері

Реферат - алғашқы ғылыми жұмыс

Дипломдық жұмыс

Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу ережелері

Дипломдық жұмысты (жобаны) рәсімдеу ережелері

Магистрлік жұмыс

Курстық жұмыс

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері

Пайдаланылған әдебиеттер



Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол 
жеткен білімдерді кеңейту және жаңа 
білімдер алу, ғылыми топшылауларды 
тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс 
табатын 
заңдылықтарды 
анықтау, 
жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап 
қорытындылау, 
ғылымды 
негіздеу 
мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер 
жүргізумен, 
ғылыми 
ізденістермен 
байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, 
талдамалар.



Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы – 
алынған 
білімдерді, 
біліктер 
мен 
дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға 
қабілетті, 
жоғары 
білімді 
мамандар 
даярлау сапасын арттырудың маңызды 
құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми-
зерттеу 
жұмысына 
тарту 
олардың 
шығармашылық және интеллектуалдық 
әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті 
міндеттерін шешу үшін пайдалануға 
мүмкіндік береді.


Ғылыми баяндамалар
Рефераттық жұмыстар
Зертханалық және практикалық тапсырмалар
Эксперимент жүргізу
Курстық жұмыстар
Дипломдық жұмыстар
Жоғары және орта арнаулы оқу 
орындарында студенттердің 
ғылыми зерттеу жұмыстарының 
түрлеріне:



Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 бағытта жүргізіледі:
1. Оқу үдерісіне енгізілген ҒЗЖ;
2. Оқу үдерісінен тыс ҒЗЖ.
Студенттердің 
оку 
үдерісіне 
енгізілген 
ғылыми-зерттеу жұмыстарына төмендегілер 
жатады:
-
рефераттар дайындау;
-
семинарларда рефераттарды хабарлау;
-
өндірістік тәжірибе бойынша есептер 
дайындау;
-
курстық және дипломдық жұмыстар 
орындау;
-
магистрлік ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
дайындау.
Студенттердің оқу үдерісінен тыс жүргізілетін 
ғылыми-зерттеу жұмыстарына төмендегілер 
жатады:
-
кафедралардың 
келісімшартпен 
орындайтын 
ғылыми 
жұмыстарына 
қатысу;
-
студенттердің 
ғылыми 
конференцияларында баяндамалар жасау.


Реферат - алғашқы ғылыми жұмыс

Реферат - студенттердің ғылыми әдебиетпен өз бетінше жұмысы кезінде алған білімдерін бекіту 
мақсатында оқытушы тапсырған тақырып бойынша әдеби материалдарға қысқаша талдау жасауы

Сондай-ак, реферат немесе аннотация деп кітаптың, макаланың, монографияның, диссертациялык 
жұмыстың (автореферат) кысқаша мазмұнын да атайды
Студенттер орындаған рефератта төмендегілер болуы тиіс:
Мұқаба бет.
Мазмұны.
Kipicne.
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.



Дипломдық жұмыс - студенттердің жоғарғы оқу орнын
бітіру сатысында орындайтын біліктілік бойынша ғылыми
зерттеу жұмысы. Ол ЖОО студентінің соңғы оқу жылында
орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми
зерттеу қызметінің нәтижесі ретінде дербес жазбаша жұмыс
болып табылады.

Дипломдық
жұмыстың
тақырыптарын
бітірушілерді
даярлайтын кафедра әзірлейді. Дипломдық жұмыстын
тақырыптары студенттердің болашақтағы мамандығына
сәйкес болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай
болуы керек.

Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін
таңдауға құқылары бар. Көпшілік жағдайда дипломдық
жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа да ғылыми
зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ 
(ЖОБАНЫ) ӘЗІРЛЕУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ
-
Дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарын
анықтау кезінде өндіріс, білім, ғылым және
мәдениеттің нақты мәселелерін ескеру қажет.
-
Дипломдық
жұмыстар
(жобалардың)
тақырыптары
мамандыққа
және
маман
дайындауының
салаларына сәйкес болуы
керек.
-
Дипломдық
жұмыстар
(жобалардың)
тақырыптарын кафедра анықтап, факультеттің
ғылыми кеңесінде қарастырылыпбекітіледі.
-
Дипломдық
жұмыстардың
(жобалардың)
жалпы тізімі жыл сайын кемінде 30%-ға
жаңартылып отыруы керек.



Дипломдық жұмыстың (жобаның) 
құрылымдық элементтері:
- мұқаба;
- титул парағы;
- реферат;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.



Дипломдық жұмысты (жобаны) рәсімдеу ережелері 

Дипломдық жұмыс (жоба) компьютер мен принтер арқылы А4 қағазының 
бір жақ бетінде бір интервал арқылы басылып шығарылады. Қаріп – Times 
New Roman, қалыпты, 14 кегль. Дипломдық жұмыс (жоба) мәтінін шығару 
кезінде парақ шеттері келесідегідей болу керек: сол жақ – 30мм, жоғарғысы 
– 20мм, оң жақ – 10мм және төменгісі – 25мм. Терминдер, формулалар, 
теоремаларға көңіл аудару мақсатымен әртүрлі қаріптерді қолдану арқылы 
компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

Дипломдық жұмысты (жобаны) басып шығару әдісіне қарамастан жазылған 
мәтіннің, иллюстрациялардың, кестелердің, суреттердің сапасы олардың 
анық жазылуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу барысында кеткен қателіктер, 
жаңылыстар және графикалық дәлсіздіктерді тазалап немесе ақ түсті 
бояумен бояп, машиналық немесе жазбаша әдіспен (қара сиямен) түзетілген 
мәтінді қайта жазуға болады.

Фамилиялар, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың, өнімдердің аттары 
және т.б. жалқы есімдер өз тілінде жазылу керек. Жалқы есімдер мен 
ұйымдардың атын транслитерация арқылы дипломдық жұмыс (жоба) тілінде 
келтіруге рұқсат етіледі.

Дипломдық жұмыс (жоба) құрылымдық элементтерінің атаулары: 
«Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен 
қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» 
осы элементтердің аты болып көрсетіледі.



Магистратура
«Магистр» сөзі - латын сөзінен шыққа ол «тәрбиеші», 
«оқытушы», «жетекші» деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі 
аудармасында ол «өз ісінің шебері» дегенді білдіреді.

Магистр дәрежесі ғылыми–зерттеу немес ғылыми–педагогикалық 
әрекетке бағытталған.

Магистрлік жұмысы және таңдалған тақырыптың нәтижесін 
көрсетуші. 
Магистрлік 
жұмыста 
алынған 
нәтижелердің 
жиынтығы оның авторының таңдаулы кәсіптік әрекетінде 
бастапқы ғылыми дағдыларының бар екендігін көрсетуі қажет.

Магистірлік 
жұмыс 
кандидаттық 
және 
докторлық 
диссертациялармен бірнеше белгілеріне қарай ұқсас, бірақ толық 
мағынасында ғылыми туынды деп атауға келмейді, дегенмен 
магистірлік дайындық - бұл аспирантурағатүсуге, ары қарай 
кандидаттық диссертацияға дайындауға апаратын ғылыми - 
зерттеу әркетенің бірінші баспалдағы.



Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін 
танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу 
дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – 
студенттердің 
логикалық 
ойлау, 
шығармашылық 
қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-
зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен 
ұштастыра 
білу 
мүмкіндігін 
практикада 
қолданып, 
қалыптастыру. Студенттердің университетте орындайтын ең 
негізгі ғылыми жұмысының бірі – курстық жұмыс. Курстық 
жұмысқа жетекші пән бойынша сабақ беретін оқытушылардан 
тағайындалады. Ғылыми жетекші курстық жұмыстың 
тақырыбын, кеңес беру кестесін, жұмысты орындаудың 
күнтізбелік жоспарын, қорғау күнін бекітеді; жұмыстың 
орындалу барысын қадағалайды, бақылайды.



Курстық жұмыстың орындалуы оны 
жазудың өзара байланысты кезеңдерінен 
құралады:
1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және 
бекіту
2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
3. 
Курстық жұмыстың мазмұны мен 
рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
4. 
Курстық 
жұмыс мәтінін 
рәсімдеу 
ережелері
5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын 
рәсімдеу
6. Курстық жұмысты рецензиялау.
7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау 
тәртібі.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ:
1. бет парағы (мұқаба);
2. мазмұны;
3. кіріспе;
4. негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);
5. қорытынды;
6. қолданылған әдебиеттер тізімі.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЯРЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Курстық жұмысты даярлау сыртқы бетті толтырудан басталады. 
Курстық жұмыс стандарт А4 форматында жазылады. Жұмыс таза, 
ұқыпты, ешқандай қысқартусыз, әрбір айтылайын деген жаңа ой 
жаңа жолдан басталады. Әріптер мен белгілер жұмыстың барлық 
бетінде бірдей және талапты сақтап жазылуы керек. Жұмыс 
форматтың бір жақ бетіне орналасады: сол жақ – 3 см, оң жақ 1 
см, жоғары және төменгі жағы – 2 см болуы тиіс. Барлық беттер 
нөмірленеді және әр беттің төменгі жағының ортасына нүкте 
қойылмай жазылады. Сыртқы бетке нөмір қойылмайды. Курстық 
жұмыстың мазмұндылығы, жеке беттегі кестелер мен графиктер 
оның беттерінің жалпы санына кіреді. Курстық жұмыстың 
бөлімдері немесе тараулары араб санымен азат жолдан соңына 
нүкте қойылмай жазылады. Курстық жұмыстың көлемі 
қолжазбамен 40-45 бет, компьютерлік теріліммен 25-30 бет болуы 
керек. Кіріспе – 2-3 бет, қорытынды 1-2 бет, пайдаланылған 
әдебиеттер тізімі 2-3 бет. Жұмыстың ең көп бөлігі негізгі бөлімге 
беріледі.


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТАЛДАУ ЖА
САЙ ОТЫРЫП, МЫНАДАЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУҒА
БОЛАДЫ:

студенттің теориялық білім деңгейін арттырады;

теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын 
бекітеді;

студенттің 
өз 
бетінше 
зерттеу 
біліктерін 
қалыптастырады;

оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының 
қалыптасуына әсер етеді;

зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;

озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді;

талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге 
үйретеді;

мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын 
оятады;

студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу 
мәдениетін дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет