Мұғалім Ярметова Дилноза. Қазақ елі – менің отаным. Мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі43 Kb.
#178426
Мұғалім Ярметова Дилноза.

Қазақ елі – менің отаным.
Мақсаты: Оқушыларды саяси сапалылыққы тәрбиелеу. Елін, жерін, әдет – ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық баулу.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

1-жүргізуші:

Отан – адамның түп – тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны танып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Қай елдің адамы болсын, өз Отаныны дүніедегі нң қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасынан бөлейді.

2-жүргізуші:

Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар. Оның біріншісі – Ана да, екіншісі – Отан. Өйткені бұлар жайлы сөз қозғағанда сөнермейтін, елжіремейтін жүрек болмайды. Нәресте кезінен өмірінің ақырына дейін, адамдар ардақты, абзал анасын қадірлеп өтеді. Ал Отан деген қадірі мол, қасиетті сезім. Сондықтан біз Ана мен Отанды бірге қрсып, Отан – Ана дейміз.

1-оқушы:

Әуелі Отан – Ана алды; отанның басы,

Ауыл алды, аунаған шөптың қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді ,

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз өсірген жерімізді,

Отан дейміз туған жер атамекен.

Биік тау, орман – тоғай, көлімізді,

Отан дейміз кең – байтақ астананы.


Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады,

1-жүргізуші:

Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен. Шығысында Қытай халық Республикасымен, онтүстігінде Қырғыз, Өзбек, Түркімен елмен, ал батысында Әзербайжан Республикаларымен шектеседі.

2-оқушы:


Байтақ елім – Қазақстан – Гүлістан,

Жұлдыздары жарқыраған Шығыстан.

Бар әлемге дастархан боп жайылған,

Барлық ұлттың тілін тауып ұғысқан.

Таулары бар аспанымен тілдескен,

Айдарынан салықн самал жел ескен,

Қайың, терек, тал – қарағай сырласар.

Құрбылардай кішкентайдан бірге өскен,

Суларың бар дария боп тасынған.

Алқабында жайқалып тұр асыл дән,

Қайда жүрсем,туған елім өзіңді.

Сағыныштан бір көріге асығам,

Сондықтанда мақтан тұтам өзіңді.

Қастерлеймін салт – дәстүрін, сөзіңді.

Қазақстан – туған елім, Отаным,

Түсінерсің мендік іңкәр сезімді.


Ән: «Атамекен» өлеңі: Ш. Сариев, әні: Ж. Тұяқбаев.

3-оқушы:


Қасиетті де қастерлі Тәуелсіздікті сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өтті. Ендеше қолымыз жеткен сол егемендікті ешкімге тәуелді етпей, өркениетті өмірге қадам басуға тиспіз.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасын тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады. Міне сондан бері егемен еліміз.

2-жүргізуші: Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Талай жылға дейін патшалы Ресейдің отары, ал соңғы жылда Кеңес мемлекетінің құрамында болып, дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты. Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт. Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынын өткірген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама.

4-оқушы:


Әйнегі – күн, шатыры – аспан,

Кең дала...Той талқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан – Республикам менің.


Кемуді білмес кентті өмір,

Құрлығы құтты сахара дейін.

Перзентті болат, қорғасын, көмір,

Қазақстан – Республикам менің.


Өрісте малын әндетіп баққан,

Ертістің от қып толқынын жаққан.

Доп қып аққан жұлдызды қаққан

Қазақстан – Республикам менің.

5-оқушы:

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметті досым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиорд құйған,

Қазақстан – Республикам менің.
Өлеңі – жыры фантандай атқан,

Жеңістің кілтін достықтан тапқан.

Күнде бір көктем көгіреп шыққан,

Қазақстан – Республикам менің.


1-жүргізуші:

Міне, осындай кең байтақ республикамыздың кең егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кеңге байтақ өірі, малға тола өрісі Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешеказаматтары сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін Қазақстанда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігі нығайып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшынып өту керек.



Ән: «Елім менің», сөзі Н. Назарбаевтікі

2-жүргізуші:

Балалар, Отан туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?


  • Отан отбасынан басталады.

  • Туған жер- алтын бесік.

  • Туған жердің топырағында ыстық.

  • Опасызда Отан жоқ, Отанда оған орын жоқ.

  • Отан- әр кімнің ары, ожданы.

  • Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.

  • Батыр- елдің сәулеті.

  1. жүргізуші.

Егеменді еліміз жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, туы мен жолауын белгілеп, осы бір қасиетті бнлгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

4- оқушы:

Қазақстанның Елтаңбасында жарқын күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген.

5- оқушы:



Көк аспан- кеңшілік, тыныштық, биіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ қазақтың қара шаңырақ деген қасиетті сөзінен алыны, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп түр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет