Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы
Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.
Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді.
Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогты әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайыттарды бөліп көрсетуге болады.
Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл
жақсы көрем.Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе солай тыңдай біледі.”
Сенім Педагогтық әдеп білімгерлерге сенім арта білу қабілетінде қамтиды. Сенім арту тәлім -тәрбие жұмысы принціптерінің бірі болып есептеледі.Білімгерлерді өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу яғни сенімін қолдап күшейту отыру керек.Сенім дегеніміз істеген істің көрінісі.
Әділдік Әділ мұғалімнің – оқушылар кейбір ресімшілдігін тіпті жаман қасиеттерін де кешіре алады. Әділ болғанмен бірге әдебі мол көңілі жайдарлы болса,беделді болады.Тек әділ қарап қоймай сонымен бірге өз ісінің дұрыстығына сендіре білуі керекӘділетсіздік болған жағдайда көңілдері қалып, аралары салқындай түседі.
Шамалы уақыт ішінде білімгер екірет сабаққа дайындықсыз келді.Ұстаз: сен еш нәрсегеде қабілетті емессін т.б.
Мұнда әдеп мәселесіне әділетсіздікке жол берді. Әділдік көбінесе бақылау, тест т.б. жұмыстарында орын алып жатады. Себебі бір – бірінен көшіру жағдайлары болады. Сондықтан
бағаның дұрыс болғаны қажет кей жағдайда қателік болады. Сол кезде не істеуге болады?
Төзім және сабыр сақтау Қиын жағдайда ұзтазға ықпал ететін жақсы тәсіл сабыр мен төзімділік. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды әр – бір баланың жас шамасына денсаулық ерекшеліктеріне ерекше мән беру қажет.
Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествасы.
Өзін –өзі ұстай білушілік қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы керек. Жас мұғалімдер кейде ыңғайсыз жағдайда қалады .Ондай жағдайда асығыс шешім қабылдамау үшін: “мен сенімен жеке әнгімелесем, сабақтан соң қал т.б.”
Педагогтық талант . “Талант” деген сөздің мағынасы шексіз кез –келген адамға шынайы көмек көрсетсе және ол өз тарапынан ынта ықылас білдіріп беріле жұмыс істесе нағыз шебер бола алады.
күйлерін қабақтарынан әр – қайсысының мінез құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі олардың тілін табуға, сезімдері мен ойларына
өзіндей қуанып,күйініп қабылдауына мүмкіндік береді.
Соңғы партада білімгер сізді тыңдамай терезеге қарап ойланып қалған делік. Сіз не істер едіңіз?
Ұқыпты сабақты жақсы оқитын қыз бала бірінші рет үй тапсырмасын орындамай келді.Сіз …
Ілтипаттылық Дауыс қөтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға, өтініштер жүрдім- бардым тындасада оқушылардың көңіліне келеді Сондықтан өзіне назар аудару үшін әдейі тәртіп бұзуы мүмкін, қандайда болмасын оқытушылар тарапынан білімгерлерге ілтипат болмаса араларында түсінбестік болады.
Білімгерлерден алынған сауалнамалардан мынадай жауаптар көп болды “Әнгімелескенде сені жан тәнімен тыңдайды, оны сол үшін
Мұғалім шеберлігі дегеніміз өз пәнін, оқыту методикасын, инновацилық жаңа техналогияларды терең меңгерген, саяси сауатты, идея жағынан сенімді, мәдениеті жоғары, жапсарлас ғылымдарының деректерін, күнделікті ақпараттарды, әдебиет пен өнерді жақсы меңгерген, педагогтық әдепті және педагогтық техниканы сақтауын айтамыз.
Педагогикалық техникаға дауысты ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері т.б.Сонымен бірге эстетика жағынан көрікті яғни киімі,тазалығы т.б.
Қорыта келгенде ұлы гуманист Ибн Синаның адам бойынан мынандай қасиеттердің болуын оқу тәрбиеден іздейді. Бұл оның ағартушылық көзқарасын танытады.
Адалдық,ақылдылық,адамшылық,
Қайырымдық, мейірімді жанашырлық.
Тәрбие, оқу,сана – білімдарлық
Үшеуі лұлағатқа жол ашарлық.
Достарыңызбен бөлісу: |