Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылымға арналған бақылау парағы
Жазуға көшпес бұрын алдыңғы бірлескен және/немесе мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым бойынша сабақты еске түсіріп, оны негіз ретінде пайдаланған жөн. Бұл оқушыларды қолдауды, өз ойларын рөлдік ойын немесе қойылым арқылы білдіруін қамтуы мүмкін. Бірлескен жазылым бойынша сабақты әзірлеу және қайта қарау, жоспарлау үдерісін қайта модельдеу пайдалы болуы мүмкін. Тілдік дағдылары нашар дамыған оқушылар үшін үдерісті ауызша нысанда қайталау пайдалы болмақ.
Жазылым барысында топтарға қолдау көрсетіледі. Мысалы, мәтінді түсіндіре отырып, бірінші немесе келесі абзацты жазыңыз және оны топқа дауыстап оқыңыз. Мұғалім ретінде оқушыларды келесі міндеттерге ынталандыруыңыз қажет:
Анықтық енгізу үшін қайта оқу;
Балама сөздік қорды пайдалану;
Асқан дәлдікпен сөйлеңіз – сөз тіркестерін таңдау, күрделі сөйлемдер құрастыру;
Өзара байланыс анық болсын – біріктіретін элементтерін, етістіктің шақтарының қиысуын, жақты және жақсыз сөйлемдерді және т.б. пайдалану
Жазылымның мақсаттарын естен шығармаңыз және жұмысты табыс критерийлеріне сәйкес тексеруде қолдау көрсетіңіз.
Жазылымнан кейін – оқушылар жазылым бойынша жеке жұмыстарын орындап болған соң, олардың жазғандарын бағалауға мүмкіндік беру керек – бұл жерде өзара қолдауды (мысалы, сыныптастарына қолдау көрсету) пайдалану пайдалы болмақ. Сонымен бірге оқушыларға табыс критерийлері бойынша өздерінің жұмыстарын тексеруде, өзгертуде, қателерін түзеу және мазмұнын жақсартуда қолдау көрсетуіңіз керек, ілгерілеуді және мақсатқа қаншалықты қол жеткізілгенін қарастырып, жазылым бойынша кейінгі қадамдарды талқылаңыз және қажет болған жағдайда жаңа міндет қойыңыз.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым сабақтарынан кейін оқушылар жазбаларды тағы да қайта қарастыруы керек. Оқушыларға тапсырманы тез жалғастыруды ұсына аласыз. Сабақты ой елегінен өткізіп, оқытудың/топқа бөлудің тиімділігі жайлы ойланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |