Мұғалімнің шығармашылық іс әрекетін ынталандыру мәселелері



Дата05.12.2023
өлшемі17.45 Kb.
#485539
Мұғалімнің шығармашылық іс әрекетін ын


Мұғалімнің шығармашылық іс әрекетін ынталандыру мәселелері
Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық — жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык.Шығармашылық процесс — әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.Шығармашылық тұлға — әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын
 «Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);
көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);
техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);
педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.)
Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.
Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.
Педагогикалық шығармашылық — өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.Педагогикалық шыгармашылық — мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек.Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады.
Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді:
ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы;
әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста болу идеясы;
тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;
қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;
тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы,
оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы,
оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;
ірі блоктар идеясы;
қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы.
Шығармашылыққа үйрену жолдары. Шығармашыл педагог болу — қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері — ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі.
Өз шығармашылығы арқылы педагог әр сабақта оқушыларды да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа біліммен таныстырудың өзі шығармашылық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім оқушыларға дайын білімді баяндап бере салса, балалардың шығармашылығы дамымайды. Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері бір мәселенің шешімін ойластырып табуға жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың шығармашылығын дамытуға негіз қаланады. Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін үнемі жоғарлатып отырулары қажет.
Көптеген диагностикалық тесттер арқылы әр болашақ маман өзінің шығармашылық әлеуетін анықтап, сол бағытта қабілеттерін дамыту жұмыстарымен шұғылданса, ертеңгі кәсіби іс-әрекетте жетістіктерге жетуі ықтимал. Бүгінгі мектептегі мұғалімді де, оқушыны да, жоғары оқу орнындағы студенттерді де шығармашылыққа баулудың бір жолы — оларды шығармашылық позицияға қоятын педагогикалык процестің элементарлық бірлігі болып табылатын псдагогикалық ситуация. Әр педатогикалык ситуация білім алушының толыққанды дамуына, шығармашылыққа ынталандыруға ықпал беруі қажет.
Болашақ мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық сипатын алдын ала сезінуі кажет. Өз ісіне шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық қазынамен танысып оны игерудің өзіндік жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды жииақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық практика кезінде, немесе алғашкы мұғалімдік қызметінде жақсы септІгін тигізеді. Біртіндеп мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа педагогикалық кітаптар, білім беру саласына катысты Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар жинақталып өзінің жеке педагогикалық кітапханасы қалыптаса бастайды.
Болашақ ұстаздардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға олардың ғылыми әдебиет көздерін, мерзімді педагогикалық басылымдарды өз беттерінше зерттеп, жаңашылдықты іздестірулері, құнды деректерді жинақтаулары, өздерінің педагогикалық қорын байытулары жақсы ықпал етеді жэне олардың кәсіби табысты нәтижеге жетулеріне мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар үздіксіз педагогикалық практика кезінде студенттерге нақты мектептің педагогикалық процесі жағдайында мұғалім міндеттсрінің сан алуан түрлерімен танысып, оларды шығармашылықпен шешіп көруіне, өзіндік шағын эксперименттер жүргізуге, өздерінің педагогикалық шеберліктерін сынап көруге, «ұстаз-шәкірт» қарым-қатынас жүйесінде өздерінің жетекшілік ролдерін сезінуге мүмкіндіктер жеткілікті. Ең маңыздысы осындай мүмкіидіктерді дұрыс пайдалана алу, болашақ мамандықтарының қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет