Орындаған: Шәкен Э. Д



Дата14.09.2023
өлшемі2.03 Mb.
#477481
1.ЕСЕКЖЕМ Шакен Э. слайд

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті Тақырыбы: ЕСЕКЖЕМ

Орындаған: Шәкен Э.Д

Тобы: жм19-029

Қабылдаған: Меирманова Г.Б

Жоспары

  • Анықтамасы
  • Классификациясы
  • Патогенезі
  • Клиникалық көрінісі
  • Зерттеу әдістері
  • Емі
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Есекжем

  • теріде (сілемейлі қабықтарда сирек) шектелген эритемалы немесе әртүрлі мөлшер мен нысандағы, ақ, қышитын, күлдіреуікті, кеткеннен кейін өзінің орнында қышитын із қалдырмайтын бөртпелердің (күлдіреуіктердің) пайда болуымен сипатталатын тері ауруы. Есекжем кезінде ангионевротикалық ісіну болуы мүмкін.

Классификациясы

.Клиникалық жіктемесі:

Есекжемнің клиникалық жіктемесі [1,2,3]:

Ағымы бойынша:

 жіті (6 аптаға дейін);

 созылмалы.

Бейімділігі бойынша:

 тұқым қуалайтын;

 жүре пайда болған.

Жасы бойынша:

 балалар;

 ересектер есекжемі.

Этиологиялық факторы бойынша:

физикалық;

 идиопатиялық;

 есекжемнің басқа түрлері.

Клиникалық-патогенетикалық нұсқалар бойынша:

 аллергиялық нұсқа;

 жалған аллергиялық нұсқа.

Патогенезі

Жедел есекжем

Жедел түрінде – ауру кенеттен басталып бірнеше сағаттан бірнеше кунге дейін болады. Кейін ауру белгілері тез жойылып кетеді.

Созылмалы есекжем

Созылмалы түрі – мезгіл сайын қайталайтын кейде бірнеше айға немесе 20-30жылға созылатын ауру. Анық ағымы толқын тәрізді болады. Мұндай кезде ауру кенеттен басталып дененің әр түрлі жерінде көлемі мен пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болып қышиды. Науқастың дене қызуы көтеріліп басы ауырады.

Шағымдар:

  • біртексіз пішінді ірі түйіндақтарға бірігетін, терінің деңгейінен көтеріңкі тұратын, ісінген ашық қызыл түсті күлдіреуіктер түріндегі бөртулердің күтпеген жерден пайда болуы, элементтердің бір бөлігі шектеулі болып қала береді (жіті есекжем кезінде);
  • ізсіз кетіп қалатын күлдіреуіктер (кейде бірнеше минуттан кейін);
  • папулалар (созылмалы есекжем кезінде);
  • кенеттен тері мен тері асты шелмайының шектеулі ісігінің пайда болуы (Квинке ісігі);
  • күтпеген жерден қышудың, ашып ауырудың, қалтыраудың немесе қызыну сезімінің, тұншығудың пайда болуы;
  • жалпы жай-күйінің бұзылуы: қызба (есекжем қызбасы);
  • дауыстың қарлығуы, демікпе.

Физикалық зерттеп-қарау:

Құбылмалы экссудаттық жолақсыз элементтер/күлдіреуіктер:

  • ісінген, тығыз, ашық қызыл түсті;
  • тері деңгейінен көтеріңкі тұратын;
  • әртүрлі өлшемдегі (диаметрі 0,5 см-ден 10-15 см-ге дейін);
  • әрқилы кесіндегі (дөңгелек, ірі фестондық және т.б.);
  • ортасының ақтаңдақ болуы жиі кездеседі. Терінің шектеулі ісігі (алып есекжем, жіті шектеулі Квинке ісігі):
  • сілемейлі қабықтардың (тіл, көмей, көздің коньюктивтері,мұрын жұтқыншақ), беттің (ерін, ұрт, қабақ және т.б.) және/немесе жыныс мүшелерінің;
  • субъективті сезінулердің болмауымен бірге, тері мен сілемейлі қабықтар тығыз серпінді консистенцияда, ақ, сиректеу – қызғылт түсті болады.

Жалпы қан талдауы: эозинофилдердің көбеюі (эозинофилия).

Жалпы қан талдауы: эозинофилдердің көбеюі (эозинофилия).

Қан ИФА: қан сарысуында себептік-маңызды аллергендерге телімді IgE және жалпы IgE деңгейінің көтеріңкі болуын айқындау.

Аспаптық зерттеулер: Аллергендермен сызаттаушы (скарификациялаушы) сынамалар: белгілі бір аллергендерге оң нәтижелер.

Емі

Дәрі-дәрмексіз емдеу: Режим: Жалпы.

Этиотропты ем Гипоаллергендік емдәм: №7 үстел (облигатты тағамдық аллергендерді, сығып алынған заттарды, ішімдікті рационнан және т.б.). Элиминациялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету: түрлі аллергендермен жанасуды болдырмау мақсатымен үй-жайларды дымқыл жиыстыру. Дәрі-дәрмекпен емдеу [9, 10, 11,12,13] 2-буындағы антигистаминдік H1 бөгеушілері Айқын аллергияға қарсы, қышынуға қарсы, қабынуға қарсы және антиэкссудаттық әрекеттерді қамтамасыз ету үшін:

Емі

Глюкокортикоидтар. Үдерістің ауыр өтуі кезінде мөлшері мен қайталау реттілігі әр пациентке жеке анықталады: · Бетаметазон (дәлелділік деңгейі – D) бұлшықет ішіне, 7-10 күн ішінде 1 рет жамбас бұлшықетіне терең енгізілетін инъекцияға арналған суспензия: ересектерге (4-8 мг) 1-2 мл; Дексаметазон (дәлелділік деңгейі – D) вена ішіне тәулігіне 3-4 рет немесе ішкізу арқылы, тәуліктік мөлшерді 2-3 қабылдауға бөліп, тамақтан кейін қабылдау

Преднизолон (дәлелділік деңгейі – С) ішкізу арқылы, тәуліктік мөлшерді 2-3 қабылдауға бөліп, тамақтан кейін қабылдау, № 5 күн: ересектерге күніне 40-60 мг; балаларға 1 мг/кг/күн.

Алдын алу

Аллергиялық ісіну өмір үшін қауіпті аллергиялық серпіннің бірінші белгісі болуы мүмкін (анафилаксияның), бұл шұғыл көмекті қажет етеді. Анафилаксия көмейдің ісінуін туындатып, тыныс алудың едәуір қиындауына – тұншығуға апаруы мүмкін. Анафилаксияға күмән болса, шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыру қажет. Алдын алу. аллергияны туындататын дәрілерден, өнімдер мен заттектерден алшақ болу қажет. Ыстық ванна қабылдаудан, қысатын киім киюден алшақ болуға тырысу қажет, себебі, олар есекжемнің симптомдарының қайталануына ықпал етуі мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • https://diseases.medelement.com/disease/есекжем/14587
  • Клинические рекомендации. Дерматовенерология // Под ред. А.Кубановой.-М.: ДЭКС-Пресс.- 2007.- С.21-35.
  • https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/esekzhem-kuldirektenu-terinin-allergiyalyk-serpini
  • Кожные и венерические болезни: Рук-во для врачей/Под ред. Ю.К.Скрипкина, В.Н.Мордовцева. – М.: Медицина, 1999. – Т.2.- 878 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет